Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызының туған күніне қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас ерекше сыйлық берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Өнер иесі сахнаға киетін костюмін продюсердің иығына жапты. 

“Бір күні Қайрат Нұртастың пиджагын өте қымбатқа сатамын. Ал әзірге бұл – гардеробымдағы ең жарқыраған киім болмақ. Рақмет, Қайрош!”, – деп жазды туған күн иесі. 

Желі қолданушылар пікірі екіге жарылып жатыр. Бірі ерекше сыйлық деп бағаласа, енді бірі әйел затына керек дүние сыйлағанды құп көрген. “Аңыз адамның киімі миллионнан асатын шығар”, “Сатамын деп айтқаныңыз біртүрлі екен”, “50жастан естелік болып қалады, өзіңізде тұра берсін”, “Тегін берсе де алмаймын” деп пікір жазып жатқандардың қарасы көп. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.