Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның энергетика саласында 57 мыңнан астам жұмыс орны бар екенін және оның 4500-ден астамы бос тұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ведомствоның мәліметінше, кадр тапшылығы электр энергиясын тасымалдау және өндіру саласында.

"Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесе отырып, энергетика саласындағы кадрларды арттыру және оқыту бойынша Жол картасы әзірленіп, үш мыңға жуық грант бөлінді", — деді Сәтқалиев.

Сондай-ақ ол басқарманың еңбекақыны көтеру бойынша жүйелі жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

"Былтыр электр энергиясын өндіру саласында еңбекақы 18% өсіп, орташа жалақы 425 мың теңге болды. Электр энергиясын тарату және беру саласында жалақы 11% өсті. Ал орташа жалақы – шамамен 280 мың теңге", – деді министр.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның энергетика саласы қызметкерлеріне арналған әлеуметтік пакет жетілдіріліп жатыр. Премьер-министр Әлихан Смайылов төлемақыны кезең-кезеңімен көтеріп, гранттарды көбейтуді тапсырды.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.