Жетісу облысында тұрғындар бір жыл бұрын 660 миллион теңгеге жөндеуден өткен мектептің сапасына шағымданды. Айтуыларынша қыруар қаражат кетсе де білім ордасының қабырғалары көгеріп, сылақтары түсіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасы хабарлайды. 

Сурет сюжет кадрларынан скринделген

Алакөл ауданына қарасты Ақжар орта мектебінің алдына ауыл тұрғындары жиналған. Ауыл ақсақалы Керім Сәлімбаев 5 бірдей немересінің осы жерде оқитынын айтады. Мектептің санитарлық-техникалық қондырғылары дұрыс орнатылмаған. Айтуынша бұл оқушылардың денсаулығына зиян келтіреді.

“Мектептің ауа тазартқыш құбыры жоқ. Сондықтан осы ауылдың жартысы анау 3-ші мектепке барады. Сынып іші ыстық ауа кірмейді. Тіпті асханада қалай тамақ пісіретінін білмейміз”, – деді ақсақал.

Жұрт ұл-қыздарымыз спорт залға да кіре алмайды деп күйінеді. Себебі — дене шынықтыру залы қолданысқа берілмеген екен. Осындай қолайсыз жағдайлардан кейін тұрғындардың көбі балаларын 4 шақырым қашықтықтағы Қабанбай ауылындағы мектепке тасуға мәжбүр.

“Бізде 200 жүздей бала көрші ауылда, ауданда оқиды. Таксимен барады. Мен өз балаларымды сол жаққа оқытамын. Өйткені, мына мектеп суық. Былтыр жөндеу жасатқан, дегенмен дұрыс жасамаған. Іші бәрі көгеріп жатыр. Бұл дұрыс емес қой! Спортзал тіптен бітпеген”, – деді Ақжар ауылының тұрғыны Ринат Бармақбаев.

  • Шымкентте жастарға салынған көпқабатты үй бес жылға жетпей қирап жатыр 

  • "Директор қызметінен босатылды": Алматыда мектеп оқушылары дәлізге сыймай қалған (видео)

Іргетасы 48 жыл бұрын қаланған білім ұясына күрделі жөндеу жұмыстары былтыр сәуір айында басталған. Жоспар бойынша шілдеде толығымен аяқталуы тиіс еді. Дегенмен, құрылыс  компаниясы жұмысты кешіктіріп, қазан айында тапсырған. Соның өзінде шала-шарпы істеген дейді аудандық білім бөлімінің басшысы. Шенеуніктер мердігер оқу жылының соңына дейін олқылықтарды қалпына келтіреді деп сендірді. 

“Біз осы объектіні мерзімді аяқтамағанына байланысты мердігерді сотқа бердік. Енді март айында күн жылынғанда мердігер компания сол жұмысты аяқтайтын болады. Енді көктемгі кезде қалған жұмыстар аяқталатын болады”, – деді Алакөл аудандық білім бөлімінің басшысы Әсет Ибрайымов. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.