Отандық блогер, модель Димаш Әділет отбасылық суреттерін бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dimashadilet/

Бүгінде блогер Дубай қаласында тұрып жатыр. Әлеуметтік желіде келбетті жігіттердің қатарына кіретін ол әкесінің туған күнімен құттықтады. 

“Міне, өзім үлгі тұтқан, үлгі алатын жалғыз тұлға – әкемнің мерейтойы. Ең жақсы әке, жауапты отағасы, сенімді жар, қуатты кәсіпкер, адал және ер азамат деген атаққа лайық адам. Осындай әкем бар. Керемет анам бар. Үлгі алатын отбасым барына ризамын. Бәрі әкемнің арқасы. Ол үлгілі отбасы болуымызға көп еңбек сіңірді. Әкем үшін отбасы бірінші орында тұрды. Ол отбасының қамы үшін аянбай тер төкті. Таңертең ерте тұрып, кеш келетін. Өмірдің түрлі соқпақ жолдарына қарамай, тағдырға тайсалмай, алға ұмтылды. Жанұясын қай кезде де қорғады. Кез келген мәселенің шешімін тапты. Оның айтқан ойы мен идеясы ешқашан адастырған емес. Әке, туған күніңізбен! Ұзақ өмір тілеймін. Балаларыңмен мақтанасың деп ойлаймын”, – деп жазды блогер. 

Фото: https://www.instagram.com/dimashadilet/

Еске салайық, блогер болашақ әйелін ешқашан алдамайтынын айтқан еді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.