Павлодар облысында "Майкайнзолото" АҚ шахтасының аумағында адамдармен бірге жер астына құлап кеткен автобусты іздеу жұмыстары жалғасуда. Мамандар геосканер арқылы көліктің құлаған аймағын шамамен болжады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pavon.kz-тен

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше,  опырылған жердің тереңдігі 150 метр.

"7 қаңтарда геосканер көмегімен опырылған жерді сканерлеу нәтижелері бойынша бес метр тереңдіктегі жер астында автобустың болуы мүмкін екені анықталды", — деді ведомство.

Дерекерге сай, іздестіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Алайда топырақтың үнемі шөгуі қиындық туғызуда.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарға қараған түні "Майкайнзолото" АҚ шахтасының ауданында түтін шыққаны туралы қоңырауға КАВЗ автобусындағы төрт құтқарушы барған болатын. Автобус кеніш аумағындағы технологиялық жолдың бойымен учаскеге бара жатып жұмыс істемейтін шахтаның  кеңістігіне құлап кеткен. Құлаған автобустың сыртында болған екі адам өлі күйінде табылды.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.