Чунетова Жұпар Жумабекқызы, Аманбайұлы атындағы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі. Алматы облысы, Панфилов ауданы Тақырыбы: Найзатапқан-шипалы өңір Зерттеудің өзектілігі Найзатапқан арасанындағы проблемаларды табу,балшықтың



жүктеу 210.09 Kb.
Дата16.04.2018
өлшемі210.09 Kb.
түріҚұрамы



Чунетова Жұпар Жумабекқызы,

Аманбайұлы атындағы орта мектебінің

биология пәнінің мұғалімі.

Алматы облысы, Панфилов ауданы

Тақырыбы: Найзатапқан-шипалы өңір


Зерттеудің өзектілігі Найзатапқан арасанындағы проблемаларды табу,балшықтың ,судың құрамын зерттеу

Зерттеу мақсаты Шипалы суларды пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдерін білуге үйрету

Зерттеу міндеттері 1.Найзатапқан туралы ғылыми

әдебиеттерді жинақтау және оларға

шолу жасау

2.Халық медицинасының дамуын

жеке зерттеп,талдау

3.Табиғи заңдылықтармен байланыстыра

отырып,пайдалы екендігін анықтау

4.Көп аурулардың емі табиғат байлығында

екендігіне көз жеткізу
Зерттеу мәселесі Шипалы бұлақтардың адамзатқа әсері

Зерттеу болжамы Болашақта шипажайға айналдыру

Зерттеу пәні: Жабайы арасанның экологиясы

Зерттеу объектісі: Найзатапқан өңірі

Зерттеу кезеңдері Жаздың екі айында,жыл бойы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасы жастардың көңілінен шығып отыр. Өйткені, барша жас өскелең алтын бесік қазақ даласы туралы толық біліп, қасиетін бағалап өскендерін қалайды. Туған жер бағдарламасы арқылы Қазақстан жерінің қасиетті даласына деген жас ұрпақтың махаббатын арттырып қана қоймай, оны әлемге

Танытуға да зор мүмкіндік туады.Қазақ «Туған жерге туыңды тік деп бекер айтпаған».Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе ,өскен ауылыңа ,қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе,

деген сүйіспеншіліктен басталады.Сол себепті, мен «Туған жер»бағдарламасын қолға ала отырып өзіміздің ауылдың,

яғни,Ынталы ауылының батыс жағында орналасқан қасиетті,шипалы өңір Найзатапқан өңіріндегі шипалы бұлақтар туралы айтпақпын.

Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы,тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді.Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар.Әрбір өлкенің халқына суықта пана,ыстықта сая болған ,есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар.Осының бәрін жас ұрпақ білуі тиіс,деп жазады Президент өз Жолдауында.

Осы орайда екінші бағытта басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай,оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді,шенеуніктерді,зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып,қолдау жасау қамтылып отыр.

Жаркент қойнауында қатпар-қатпар тарих бар.Жаркент өңірінің құт-береке суы мен жерінде,тамылжыған табиғатында.Найзатапқан,Кермеағаш,Өсек,Қорғас,Жаркент-Арасан,Арасан бастаулары,сулары талай жанды кеселден арылтып,жанларына шипа болған.

Ақбас шыңдары,құжыр-құжыр жартастары өткеннен көп сыр түйген,тарих тағылымдарының шежіресін мөлдірете сақтаған қарт Жоңғардың күнгейіндегі көсілген кең ойпатқа ұласар жерде шыңдары аспанға шаншыла көкке өрлеген Найзатапқан шатқалы жатыр.

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ынталы өңірінің батысында 7-8 км қашықтықта,Аламан тауының сайында Найзатапқан арасаны бар. Найзатапқан деп аталатын жердегі шипалы арасанның пайдасы ерте кезден бері көп жерге мəлім болған. Халық арасында шипалы су саналатын арасан бұлаққа кезінде, атеизм міз бақпай тұрған кездің өзінде иманжүзді адамдар осында жасырын келіп емделген. Ал тəуелсіздік алғалы осы орынға келетіндер қатары азаймақ емес. Өз елімізді былай қойғанда басқа жақтан да келіп жататындар көптеп саналады. Алтынемел ұлттық паркінің солтүстігін бойлай орналасқан Найзатапқан арасанының табиғаты ерекше. Əрбір бастау асқазан ауруларына, тері ауруларына, іш қатқанға, баспаға, өт жолы ауруларына, қан қысымы ауруына, əйел жынысы ауруларына ем болатын шипалық қасиеттеріне қарай рет-ретімен орналасқан. Ал бастаулардың батыс жағында құяң, аяқ-қол, тұз байлану ауруларына шипалы батпақтар орын алған. Осы бастаулардан 100-120 метрдей шамасында «Көк батпақ» деген жерде құрамында күкірт қоспасы бар, ревматизм, полиатрит, сал ауруларына мыңда бір ем батпақ орын алған.
Халық қызыр түнеп,құт қонған жер деп атайды. Арасанға бастап кіретін қақпа тəрізді болып тұратын үлкен ойығы бар қара тасқа қарап, жаратушының құдіреттілігіне таң қалмасқа шара жоқ. Осы тас түбінен басталып кететін жалғыз аяқ жол қатар-қатар орналасқан бастауларға əкеледі. Əрбір бастау асқазан ауруларына, тері ауруларына, іш қатқанға, баспаға, өт жолы ауруларына, қан қысымы ауруына, əйел жынысы ауруларына ем болатын шипалық қасиеттеріне қарай рет-ретімен орналасқан. Ал бастаулардың батыс жағында құяң, аяқ-қол, тұз байлану ауруларына шипалы батпақтар орын алған. Осы бастаулардан 100-120 метрдей шамасында «Көк батпақ» деген жерде құрамында күкірт қоспасы бар, ревматизм, полиатрит, сал ауруларына мыңда бір ем батпақ орын алған. Арасаннан бір шақырымдай қашықтықта Алланың құдіретімен тастан біткен қазаношақ, ағаш үй, ер тоқым, тек алыстан ғана мұнартып көрінетін тастағы қару кезенген адам бейнесі, əр түрлі формадағы тастар бар. Əйел – аналардың пірі – Бибібатима ананың жатқан төсегі деп аталатын, үстіне жатсаң ананың ыстық алақанында жатқандай күйде болатын тастан біткен киелі төсек бар. Бұл төсекке бала көтермей жүрген əйел адамдар келіп түнеп, Аллаға сыйынып бала сұрайды екен. Арасанның ауа райы ауылдың климатымен сəйкес келеді. Дəрілік өсімдіктерден адыраспан, алтынтамыр, қалақай, қылша өседі; бұталы өсімдіктерден итмұрын, шырғанақ, арша, тал тағы басқа көптеген түрлері бар .Найзатапқан жайлы ел аузында мынадай аңыз-əңгіме қалыпты: ертеде сонау Жоңғар шапқыншылығы жылдарында бір атақты батыр ауыр жарақаттанып, өлім аузында жатады. «Осынау сұрапыл, қиын – қыстау кезеңде батырымыздан айырылып қалсақ не боламыз?» деген ой қасындағы нөкерлерін қатты састырады. Содан Жоңғар Алатауын бөктерлей келе жатқан батырлар бір бұлақтың басына келіп түседі. Қажыған нөкерлер бұлақтың суынан ішіп, рахат сезімге бөленеді. «Əй, осы бір қасиетті су-ау деймін» деп, батырдың жарасына ем қылады. Ажал аузында жатқан батыр содан кейін- ақ дертінен айығып, атқа қонады. Ауру – сырқау келіп емделіп, індетінен айықсын деген оймен ескерткіш – белгі ретінде найзасын бір

таудың шыңына қадап кеткен деседі. Кейін емделуге барған ел найзаны

тауып алады, бірақ суыра алмапты. Міне, осы оқиғадан кейін бұл қасиетті жер ауру – сырқау, қиындық көрген пенделердің келетін жеріне айналып, «Найзатапқан» деп аталыпты. «Найзатапқан» жайлы тағы бір қариямыздың əңгімесінде: «Қасымжан деген кісі осы бұлаққа келіп, атын суарып тұрады. Сонда əлгі кісіге қасындағы жолдасы ма екен, əлде өтіп бара жатқан жолаушы ма екен: «Атыңның қиы бұлақ көзін ластап кетпесін, бұл қасиетті бұлақ, басын кейін тарт!» дейді. Сонда Қасымжан: «Е-е, бұл бұлақтың қандай қасиеті бар дейсің?» - деп тапжылмай тұра береді. Айтқандай ат бұлақ көзін былғап кетеді. Бірақ жол үстінде аты мерт болыпты . Міне, осыдан соң «Найзатапқанның қасиетін жұрт тани бастапты»,- дейді. Ал кейінгі шамамен сол 20-30 жылдары Кеңес өкіметі дəуірлеп тұрған заманда ол жер Ібіке деген қарттың қыстауы болыпты. «Найзатапқанда» дəріс беретін медресе-мешіт те болған деседі. Бірақ Кеңес заманында ол мешіт те жойылып кеткен. «Найзатапқанға» келіп емделуге де тыйым салынған екен, алайда халық жасырын келіп, мінəжат етіп жүріпті.Себебі:мұнда көбіне жарақаттарға,теріде болатын кеселдерге ем іздеп келетіндер басым болады. Найзатапқанның суы мен батпағының физикалық жəне химиялық құрамын 1965 жылдары дəрігер Əсперов Құрмаштың ұйымдастыруымен Қазақ ССР Ғылым академиясынан ғалымдар шақырылып, зерттелген. Зерттеу нəтижесі бойынша бұл арасан суының температурасы 18º С - 20º С-ден ауытқымайды жəне химиялық құрамы Кавказдағы Есентуки, Боржоми, Сухуми, Схалтуба курорттарының суларымен сəйкес келеді деп анықтама берген . Жалпы бұрын 27 түрлі бұлақ көзі болған екен. Қазіргі кезде олардың оны ғана бар. Жалпы арасандағы шипалы бұлақ көздері мен батпақтарының тізімі төмендегідей:

1. Асқазанға шипалы бұлақ /1-ші түрі/

2. Асқазанға шипалы бұлақ /2-ші түрі/

3. Тыныс жолдарына шипалы бұлақ

4. Көз ауруларына шипалы бұлақ

5. Тыныс жолы ауруларына шипалы бұлақ

6. Тері ауруларына шипалы бұлақ

7. Іш қатқанға шипалы бұлақ

8. Баспаға шипалы бұлақ

9. Өт жолы ауруларына шипалы бұлақ

10. Қан қысымы ауруына шипалы бұлақ

11. Əйел жынысы ауруларына шипалы бұлақ

12. Құяң ауруына шипалы батпақ

13. Аяқ – қол ауруларына шипалы батпақ

14. Тұз байланғанға шипалы батпақ

15. Сал ауруына шипалы батпақ.

Солардың ішінен мына шипалы суларға жəне батпақтарға физикалық жəне химиялық қасиеттері тұрғысынан сипаттама берейік: 1) Асқазан ауруына шипалы су. Бұл судың түсі ақшыл, кəдімгі судан қоюырақ, түбінде ақ тұнба түзіледі, дəмі де, иісі де дəл жұмыртқаныкінен айнымайды. Суды ішкен соң біраз уақыт аузыңнан жұмыртқа дəмі кетпейді. Химиялық құрамында белок, май, көмірқышқылы бар. Бұл заттардың өзі ас қорытатын ферменттердің жұмысын қоздырады. 2) Көз ауруларының шипалы суы. Бұл судың түсі көкшілдеу, майлы, бұлақ түбі судың күн сəулесімен шағылысуынан жылтылдап жатады. Суды теріге жақсаң жылтылдақ қасиеті байқалады. Бұл құбылыс судың химиялық құрамында сынап майының бар екендігін дəлелдейді. 3) Өт жолы ауруларының суы. Түсі сары-қоңыр. Химиялық құрамында сілтілер, қышқылды тұздар бар. Сілтілер демекші сілтілік сулар дегеніміздің өзі «боржоми» деп аталады. Бұл яғни, Гризиядағы «Боржоми» курортының атымен сəйкес. «Боржоми» мен «Найзатапқанның» сəйкестігін осы дəйек арқыл дəлелдеуге болады. Сонымен қатар арасанның батпағында сүлік бар. Сүлік жаман қанды сарысуды сорып, ағзаны тазартып, қан қысымын реттейді, құяң, буын ауруларынан арылтады . Бұл арасанда емделу процедуралары ертеңгісінгі сағат 10-да басталады. Минералды сулар белгілі уақыт бойынша, мезгілімен ішіледі. Батпақпен емделу жүйесі күніне бір рет қолданылады жəне уақыты 15-20 минут болуы абзал. Емделіп келгеннен кейін бір-екі жеті денені жылы ұстап, күтіну керек. Жалпы арасан тек тəніңді ғана емдеп қоймай, жаныңды да дерттен тазартып, көңіліңді көтеріп, жүрегіңде жаңа сезім туғызады. Таудың самал желі, ауасы, бұрқыраған шөптің иісі тəніңді де, жаныңды да тазартып, алпыс екі тамырыңның жандана соғып жаңа күшпен, жаңа оймен үйіңе оралуыңа жол ашады. Əр түрлі ауруларды емдеу үшін жер астынан шығатын алуан түрлі минералды бұлақтардың суын қолдану ғылыми-медициналық тілде бальнеотерапия деп аталатындығы белгілі. Мұндай бұлақтардың суы жылы болады, кейбіреулерінікі тіпті 37-39º С-ға дейін болады. Ауру адамдарды емдеу үшін мұндай минералды суларды ванна ретінде немесе мезгіл-мезгіл ішу түрінде қолданады. Сонымен қатар көптеген арасандарда шипалы лаймен емдеу, яғни түрлі құрамды лайды шипалы ем мақсатымен қолдану əдісі де бар. Шипалы лайдың қоюлығы түрліше, ол ыстықты өзінде ұзақ сақтайды жəне оны ағзаға біркелкі таратады. Шипалы лаймен денені түгел немесе оның бір жерін қыздыруға болады. Дене температурасын лай əсерімен бір градус жоғары көтерудің өзі ағзаны түрлі өзгеріске енгізеді. Оның құрамындағы минералды тұздар тері арқылы ағзаға сіңіп, оны əлдендіреді. Найзатапқан арасанының шипалы, минералды сулары мен батпақтарын көптеген сырқаттарға пайдалануға болады. Арасанға алғаш барып емделу жүйесін жүргізгенде алдымен барлық ауруды қоздырады, адам ағзасы өзгеріске түседі. Шипалы батпақ əсерінен адам əлсіреп, дəрмені құриды, денесі қызады, зақымдалған мүше сырқаты қозады. Бірақ бұл өзгерістер бірнеше күннен кейін өз- өзінен басылып, адамның халі жақсарады. Шипалы батпақ терідегі қан айналысын реттейді, ауырғанын басады, қабынған ісікті ыдыратып жараның бітуін тездетеді. Құяң, аяқ-қол сырқырауы, тұз байлану, ревматизм, палеоартрит, сал ауруларына қарсы ем ретінде қолданылады. Солардың ішінде қазір кеңінен қолданылып жатқаны құрамында күкіртті сутегі бар шипалы батпақ. Шипалы минералды сулар қан қысымын төмендетуге, тыныс жолдарын жақсартуға, асқазанның, өт жолдарының қызметін қоздыруға, баспа, көз, тері ауруларынан айығу барысында пайдаланылады. Əйел жынысы ауруларынан арылуға септігін тигізеді. Қазіргі заманымызға қарай ма, ғылыми-техникалық прогрестің шарықтап даму барысында ауаның шектен тыс ластануы жер бетіне көптеген аурулар мен дерттерді қоса ала келді. Осының салдарынан адам өмірімен бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төнді, адам өлімі көбейе түсуде, климат өзгеріп, ауа райы бұзыла бастауда. Адамзаттың тарихи дамуы, ғылыми-техникалық прогрестің жеделдеуі, қоғам мен табиғат арасындағы өзара қатынасты барынша шиеленістіре түсуде жəне ғаламшардың табиғатының тепе-теңдігінің бұзылуына алып келіп отыр. Адам аяғы басқан, қолы жеткен жерде экологиялық проблемалардың туындауы үйреншікті құбылысқа айналды.

Найзатапқан арасаны да экологиялық дерттің аузына ілігіп отыр.

Адам баласы тек табиғатты ластаумен ғана шегіне жетіп қоймай,

атамыз қазақ қастер тұтқан, алақанына аялата, санасына саялата

білген қасиет деген ұғымды жадынан мүлде шығарған сыңайлы.

Осыдан шамамен 30-40 жылдай бұрын Найзатапқанда тас кеудесін жібіткен, ананың сүті тəрізді тасты қақ жарып шығып жатқан

суының түсі аппақ болған дейді. Сол бұлақ еді бар емнің бастауы, Найзатапқандағы бұлақтарды бұлақтардың анасы, - деп отырады қарияларымыз сөздерінде. Бүгінде ол бұлақтар да адам қолының құрбаны боп кете барды. Қай ессіз екен кім білсін, тасты тексермекші болып, үстінен ұрған екен дейді. Дəл сол мезетте-ақ бұлақ суы ғайып бопты. Бұл тек қана жай дерек деп қарастыратын болсақ та, оны экологиялық жағдайдың əсерінен болды десек те, бəрібір адам баласының қасынан өріс алған емес пе? Арасан жылдан-жылға құлдырау шегінде су қоры да, шипалы лай қоры да азайып келеді. Баяғы мөлдіреген бұлақтың сулары шөп-шалаңмен бітеліп, ұйқыда жатқандай. Жоғарғы жақтағы таудың арғы бетіндегі киелі тастардың ішіндегі ер тоқымды сындырып, енді дəл орнына келтіргендей шүберекпен матап қойыпты. Қасиетті қастерлей білмегендіктен, оның қадірін түсінбеушіліктен өзінің қасірет шегу мүмкіншілігін адам баласы бір сəтке ойланып па? Əй, қайдам мұндай ойлы адамдар Найзатапқанды əлгіндей күйге ұшыратуға жол бермес еді ғой. Киелі Найзатапқанның көңіліне ақау түсіріп жатқан да осылар болар. Осындай өмірімізге араша түсіп жатқан Найзатапқанның берері мол, бірақ ол бізден де аялы алақан мен мейірімді талап етеді.Жаз шығып,күн ысысымен бұл араға адамдар жан-жақтан келіп,ем алады.Күн ысысымен адамдар келе бастайды.30-40 шақты шатыр тігіліп,әр шатырда 4-5 ке дейін емделушілер орын тебеді.Әрбір келуші 7-14-21 күн ем-дом алып қайтады.Табиғат жаратылысының өзі адам қажетін өтеу үшін түзілген деп улкендеріміз айтып отыратын. Барған адам керектісінің бәрін өзімен бірге ала бармаса (азық-түлік,отын-су,дәрі-дәрмек,көлік)ем іздеп барғандардың қиын жағдайға тап болатын кездері де бар.Әркім өз бетімен тапқан нәрсесінен үй тұрғызып күнелтетіндіктен әлеуметтік,санитарлық жағдай талап дәрежесінен көріне алмайды.

Келушілерді сүтпен,қымызбен,етпен сол маңайдағы шаруа қожалықтарының малшылары ішінара қамтамасыз етеді. 3-жыл бойы келген адамдармен сөйлесіп олардың Найзатапқан арасаны жайында пікірлерін тыңдадым.

Ақтөбеден келген Сағымбек деген кісі былай дейді:Екі аяқтан жүре алмай қалдым,содан бармаған жерім болмады,үмітімді үзіп отырғанда құдалар осындай арасан бар екендігін айтты.2-жыл қатар келіп қалай жүріп кеткенімді білмей қалдым.Таяғымды тастап емін еркін қазір жүріп тұрамын .Жабайы арасан болса да қасиеті күшті екендігіне көзім жетті.Жаркенттен келген Назира есімді әйел адам ұйленгеніне 10-жыл болса да бір балаға зар болғандығын айтып,күйеуі екеуі келіп ем қабылдап,шырақ жағып,құдайға құлшылық етіп ,сол жылы қызды болғандығын айтады.Емделушілердің арасында түрлі жара,қотыр,теміреткі ауруларынан айыққан адамдардың қуанышында шек болмайды.

Айта берсек мұндай мысалдар өте көп.

Найзатапқан арасанында тылсым құпиясы көп табиғат тамашасы да аз емес.Айталық,сай ішімен арасан суына барар жалғыз аяқ жол табалдырығындағы таста мәсі киген адамның ізі бар.Сәл әріректе таста бес саусақты алақан ізі тағы бастырылған.Емделушілер арасан басындағы бесік,төсек тасқа табынады.Ал жотадағы тас айдаһар,екі баласын ойнатып отырған маймыл,шөккен түйе бейнесі тас ошақ пен оның жанында жатқан тас қазан көрген жанды сан түрлі ойға жетелейді.Тас бетіндегі тұлпар тұяғының ізі де адам қолымен жасалмағаны анық.Өйткені тастардағы іздердің бәрі тас түсі ақ болса қара,қара болса ақ болып көрінеді

Аталған арасан Найзатапқан шатқалының батыс етегіндегі сазды,шұрайлы қоластында орналасқан.Ұзындығы 1000 метр,ені 300-400 метр болатын жайдақ еңістіктің жоғары бөлігінде қатар-қатар 10-15 бұлақ көздері сылдырап ағып жатыр.Алыстан қараған көзге Найзатапқан шатқалының бір қыры жүрелеп отырған алып ананың иіп тұрған емшегі іспетті сәмбі талдар көмкерген,көлемі үйдей қос төмпешіктен аққан бұлақ суы жарыса жарқылдайды.Қатар орналасқан шипалы сулардың кейбірінің арасы бір қарыстан аспайды.Алайда әрқайсысының өзіндік дәмі,түрі бар.Бұл арасанның елге қызмет көрсете бастағаны сонау Жоңғар,Қалмақ шапқыншылығынан бері жалғасып келе жатқан сияқты.Себебі мұнда көбіне жарақаттарға,теріде пайда боатын кеселдерге ем іздеп келетіндер басым болады

Найзатапқан шатқалы

Негізінде бұл арасан суында күкірт мол.Сүлігі мол батпағы батпағы қан қысымын төмендетеді,сондай-ақ буын,аяқ-қол,жүйке ауруларына ем.Ертеректе үлкендер сол батпақта сүлік жиі кездеседі,көп болады дейтін.Кейіннен кейбір келушілердің сол сүліктерді арнайы қораптарға,шишаларға салып алып кету жағдайлары жиі қайталануы салдарынан олар қазір сирек кездеседі.Табиғи ваннасында суы өте салқын емес,жаз күндері суға түскен,шомылған жанға жақсы әсер етеді.Арасанның көз,мұрын,бас,тері ауруларына емдік қасиеттерін білетін ел жиі айтады.Осы күнге дейін Найзатапқан табиғи арасан суының құрамы,ерекшелігі арнайы курортологиялық зертханаларында арнайы зерттеуден өткізілмеген.Оның себебі,жер бетіне шығып жатқан су қорының аздығынан,әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан көпшілікті қамтамасыз ете алмайтындықтан деп түсіндіріледі.1980-1990 жылдары арасан суын зерттетпек болған адамдардың әрекеті де,осы себептен аяқсыз қалған

Адамдардың жататын орны

Жаз шығып,күн ысысымен бұл араға адамдар жан-жақтан көптеп келіп,жабайы жағдайларда емделе бастайды.Күннің ең ысыған кезі,шілде айында отыздан астам үй тігіліп,шатырлар бой көтеретін кездері болады.Әр үй,әр шатырда 4-5-ке дейін емделушілер орын тебеді десек,бір ауысымның өзінде 150-ге жуық адам келіп қайтады екен.Ал,әрбір келуші 7-14-21 күн арасан басында жатады деп есепке алсақ,орта есеппен жаз бойы,екі айда маусымның жиырмасынан тамыздың соңына дейін 400-500 адам еліміздің түкпір-түкпірінен келіп ем-дом алып қайтатынын болжау қиын емес.Мұнда келушілер әр тараптан Талдықорған,Алматы, Жамбыл,Ақтөбе,Қызылорда облыстарының әр жерінен Жаркент ,Ақсу Қаскелең, Райымбек ауданынан,Сарыөзек,Басши,Қоңырөлең сияқты т.б жерлерден ат арылтып келетіндер аз болмағаны.

Емдік бұлақтар

Найзатапқан арасанындағы бұлақтардың әрқайсысына ауру түріне қарай бас ,көз ,іш құрылысы,тыныс алу мүшелері деген жекелей атаулар берілген.Емделушілер осылардың бәрінен күнделікті дәм татып,суына шомылып,батпағынан ем қабылдайды.Емдік қасиетімен қоса бұл жерді Әулие арасан ретінде қабылдап,шырақ жағып,құдайға құлшылық етіп,тәңірдің өзінен де зәру нәрсені сұрап,сыйынып,жалбарынып келетіндер бар.

Әсілі,табиғат жаратылысының өзі адам қажетін өтеу үшін түзілген деп көне көздер айтып отыратын.Аты көп жерге мәлім болып,шипалық,әулиелік қасиеті кең тарағанымен Найзатапқан арасаны әлі де халық кәдесіне толық жаратылмай елеусіз,алыс түкпірде жатқан орын болып келеді.Жазғы табиғаты жанға жайлы,тұнық ауасы сарайыңды ашатын көрікті тау сағасында орналасқанымен елді мекендерден алшақ,барар жолы сүрлеусіз,қиындығы да оған әсер етуде.Ең жақын деген Ынталы ауылының өзі төтесінен тартқанда 7-8 шақырым.Барған адам керектісінің бәрін өзімен бірге ала бармаса (азық-түлік,отын-су,дәрі-дәрмек,көлікт,б )ем іздеп барғандардың қиын жағдайға тап болатын кездері де бар.Әркім өз бетімен тапқан нәрсесінен үй тұрғызып күнелтетіндіктен әлеуметтік,санитарлық жағдай талап дәрежесінен көріне алмайды.

Кеушілерді сүтпен,қымызбен,етпен сол маңайдағы шаруа қожалықтарының малшылары ішінара қамтамасыз етеді.Осы маңға жақын аумақтағы Кеңестік Үкімет орнағанға дейінгі 1917-1918 жылдары жұмыс жасаған мешіт үйінің орны,әйгілі адамдардың мекен жайлары көптеп кездеседі.Мысалы,Албан елінен шыққан Аламан батыр,ел қадірлісі болған Әйімжан бәйбіше қорымдары,Шағалақ мекені,Қызыл әскер құрбандарының зираты т.б осы маңда.

Сүлігі бар батпаққа адамдар келіп түседі

Арасан орналасқан сай аса көрікті.Тау іші болғандықтан жазда мұнда маса,шыбын-шіркей болмайды.Жергілікті қариялардың айтуынша арасанның қорғаушысы-қасиетті жыланы бар.Ол тек ішімдік ішіп,не жаман пиғылмен келген адамға маза бермейді екен.Жаман пиғылмен келген адамдардың шатырын қатты жел шығып,аударып тастайды екен.Адамдар батпаққа күн салқын болып тұрса да түсіп жатады.Себебі,батпаққа түскенде бір жылылықты сезесің.

Сусыз тіршілік жоқ 
Су -тіршіліктің қайнар көзі.Тіршілік иелері үшін ауа қалай керек болса, су да сол сияқты үлкен маңызға ие. Жердің көп бөлігін су алып жатқандықтан жерді ғаламшардан қарағанда көк болып тұрады.Бұл, жерде ғана тіршілік бар деген сөз. 
Сусыз тіршілік жоқ, егерде адам бір аптаға жуық су ішпесе, адам өмір сүруін тоқтатады. Адам күн сайын шамамен 3 литрдей суды ішеді.Су адам бойында қан айналымды жақсартып, тұрақтылықты қамтамасыз етеді, әрі өмірге қажетті заттарды жинақтайды.Егерде сен гүлге апталап су құймайтын болсаң, гүл солып өліп қалады, егерде күн сайын бақылап су құятын болсаң, гүл құлпырып өседі.Солай сияқты адам да су ішкен сайын өсіп жетіледі, дамып тіршілік етеді. Жер бетінің тек 1/3-ін құрлық, ал 2/3-ін су алып жатыр. Мұхиттар мен теңіздерді, өзен-көлдерді былай қойғанда, жер астында да, топырақта да су бар. 
Судың көптеген заттарды оңай ерітетін және бір маңызды қасиеті бар. Әрине, біз қанттың — шайда, ас тұзының сорпада қалай еритінін көріп жүрміз. Сонда табиғатта қоспасы жоқ, тап-таза су дегенді таппаймыз. Таза суды тек лабораториялардан ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ, онда тірі организмге қажетті тұздар да болмайды. Теңіз суының құрамында өте көп мөлшерде еріген тұздар бар, оның ішуге жарамайтыны сондықтан. 
Алайда ішуге жарамды таза су жер бетінде барған сайын азайып бара жатыр. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда. Ал біз су құнды байлығымыз екенін ұмытпауымыз керек. 
Қазақ халқы суды қадірлеумен қатар, оны жан - жануар дүниесіне өсімдік әлеміне тіршілік беруші күш деп санаған.Су бермеу,судан тарықтыру-ең үлкен қылмыс болып саналған.  
Адам ағзасының 60%-ын су құрайды. Бойдағы су тепе-теңдікті сақтау үшін адам күнделікті қажетті мөлшерде су ішіп тұруы керек. Кофе, көк шәй, газдалған салқын сусындар, минералды су т.с.с сусындардың негізін су құрайды. Су ол- бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады, ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес.Адамның, сондай-ақ көптеген жан-жануарлар денесінің 2/3-і, ал кейбір өсімдіктердің 4/5-і судан тұрады.Ауыз судың тапшылығы күннен- күнге көбейіп келе жатқандығы және адамзат баласының суға деген сұранысының артуынан туындап отыр. 2050 жылға қарай суға деген сұраныс 90% жетеді. Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек ,бүгінде таза ауыз суға жер шары

халқының 89% қол жеткізіп отыр,ал 1млрд.1миллион адам ластанған су көздерін пайдалануға мәжбүр.Осы лас су көздерінің 40% Африка , Сахара халықтары пайдаланады. Бұл жер басып жүрген 4-ші адам ауыз суға зәру деген сөз. Ал біздің елімізде 3849 адам таза ауыз суға зәру.Тіршілік көзі саналатын ауыз судың тапшылығы халық арасында басқа да әлеуметтік проблемаларды туындатып отыр.Ауыз судың тапшылығы салдарынан адамдар арасында асқазан –ішек аурулары , бүйрек аурулары көбеюде.Су – зат алмасу мен ағзалар дамуы өтетін негізгі орта. Адамзаттың өмірі мен мәдениеттің дамуы көне замандардан бері сумен тығыз байланысты. Лас судың ағзаға әсері 
Қазіргі таңда су нысандарының ластануы өзекті проблема болып табылады, өйткені барлығына мәлім ақиқат «Су – өмірдің көзі». Сусыз адам үш тәуліктен артық өмір сүре алмайды, бірақ судың адам ағзасына қаншалықты маңызды екенін біле бермейміз.Біз су нысандарын өте ұқыпсыз пайдаланамыз.Түрлі қоқыстар мен қалдықтарды тастау арқылы судың табиғи режимін қайтарылмастай етіп бұзудамыз. 
Адам ағзасының төрттен үш бөлігі судан тұратындықтан,оның сапасы денсаулығымыздың басты кепілі.Біздің тұтынатын сұйықтығымыздың басым көпшілігі шәй , жеміс шырындары және газдалған сусындар. Адам ағзасы өзіне қажетті сұйықтарды қабылдап керексізін шығаруға қабілетті.Тәулігіне бір адам бір литр немесе 1,5 литр су ішуге міндетті.Орта есеппен адам салмағының он келісі 220 миллилитр немесе 1 стакан суды қажет етеді.Күндеікті өмірде біз минералды суларды көп пайдаланамыз. Бұл суларда минералдар мөлшері 1 граммнан асса минералды су,ал аспаса жәй су ауыз су делінеді.Егер біз күнделікті ішетін суымыздың құрамына мән бермейтін болсақ, олар біздің ағзамызда бірнеше аурулар туғызатынын білмейміз.Мысалы:1литр судың құрамында 0,6-1,2 мг фтор болса пайдалы,ал оның саны 1,5 мг-нан асып кетсе сүйектің әлі жетілмеген жас буын бала сүйегінің бүлінуіне әкеп соғады.Керсінше судың құрамында кальций элементі жетіспесе жүрек - қан тамырлары ауруын тудырады ,сүйектің қисаюына, рахит дертіне шалдықтырады.Су құрамында магний жетіспесе кішкентай балалардың салмағы түсіп, көбірек шетінейді.Ал бұл элементтер судың құрамында шамадан тыс көп болса,шаштың түсуіне,тырнақтың тінінің өзгеруіне әкеліп соғады.Суда темірдің қажетті мөлшерден асып кетуі қышыма ,бөртпе , т. б.аллергиялық сырқаттарға жолықтырады. Газдалған,тәтті сусындарға құмарлық бүйрекке тас байлануға әкелетінін де естен шығармаған жөн. Сондықтан сапарда ,табиғат аясында ,көшеде

келе жатып кез –келген жерден суды алып іше салу дұрыс емес.Оның адам ағзасына тигізер пайдасы көп болғанымен , зияны асып түсуі ғажап емес.Адамды шөл қысқан жағдайда қойылатын алғашқы талап – қандай суды да таза ыдысқа құйып ,тұндырып ішу керек .Сонда керексіз заттар ыдыстың түбінде қалады да ,бет жағындағы су тазарады .Судың адам ағзасына қаншалықты керек екенін анықтайтын болсақ ,онда адам бойындағы өзгерістерге көңіл бөліңіз : 
Егер еңбекке құлшынысың күрт азайып кетсе , өзіңді әлсірегендей сезінсең, асқазан тұсың талып ауырса , еңбекке зауқың соқпаса , басың ауырса ,қатты ренжісең су ішу керек деген сөз. 




Судың адам ағзасына пайдалы қасиеттері 

1.Су – азық , дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші. 


2.Су азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін 
арттырады. 



3.Жасушаларды оттегімен қамтамасыз етіп , қалдық газдарды өкпеге тасымалдайды. 



4.Улы қалдықтарды жинап , бауыр мен бүйрекке жеткізеді. 
5.Буын қуыстарын майлаушы зат болып табылады. 



6.Ішектердің жұмысын реттейді ,майлануын қамтамасыз етеді. 
7.Дене температурасын реттейді. 



8.Су мидың функцияларына күш береді. 



9.Жүрек ауруы мен сал ауруынан сақтайды. 
10.Су адам зейінін ашады. 



11.Стресс пен депрессияны басады. 



12.Ұйқыны жөнге келтіреді, шаршағанды басады және теріні жұмсартады. 



13.Салмақ қосуды жеңілдетеді. 



14.Жұмыс өнімділігін арттырады. 



15.Көздерге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді. 


Қорытынды бөлім
Найзатапқан-Ынталы ауылының батыс жағында орналасқан су көздері.Күкіртті сутек иісі бар,жылылығы 21-23°с.Жергілікті халық шипалылығын ерте кезден біліп,емделіп жүрген.Елді мекендерден алыста болғандықтан,оның суын емдеу орындарында пайдалану қиынға соғып тұр.Табиғат-бізді қоршаған орта.Ол –адам баласының санасынан тыс өздігінен пайда болған дүние.Табиғат дегеніміз құбылыстар туралы білімдер негізі,ғылыми таным нысаны.Адам табиғатсыз өмір сүре алмайтындығын түсінуі қажет.

Барша байлықтың анасы-Жер,оның атасы-Су деген сөз бекер айтылмаған.Сусыз-өмір жоқ. Табиғат жаратылысының өзі адам қажетін өтеу үшін түзілген деп көне көздер айтып отыратын.Аты көп жерге мәлім болып,шипалық,әулиелік қасиеті кең тарағанымен Найзатапқан арасаны әлі де халық кәдесіне толық жаратылмай елеусіз,алыс түкпірде жатқан орын болып келеді.Жазғы табиғаты жанға жайлы,тұнық ауасы жаныңды жадыратады.Табиғаттың адам баласына берері көп.Оның құпиясын білу арқылы адам денсаулығына қажетті емдеу көздерін білуі,салауатты өмір салтын қалыптастырып,денсаулықтың құндылығы туралы,табиғаттың байлығы туралы,оны қорғау керектігі есте сақтағаны жөн.
3-жыл бойы келген адамдармен сөйлесіп олардың Найзатапқан арасаны жайында пікірлерін тыңдадым.

Ақтөбеден келген Сағымбек деген кісі былай дейді:Екі аяқтан жүре алмай қалдым,содан бармаған жерім болмады,үмітімді үзіп отырғанда құдалар осындай арасан бар екендігін айтты.2-жыл қатар келіп қалай жүріп кеткенімді білмей қалдым.Таяғымды тастап емін еркін қазір жүріп тұрамын .Жабайы арасан болса да қасиеті күшті екендігіне көзім жетті.

Жаркенттен келген Назира есімді әйел адам ұйленгеніне 10-жыл болса да бір балаға зар болғандығын айтып,күйеуі екеуі келіп ем қабылдап,шырақ жағып,құдайға құлшылық етіп

Сол жылы қызды болғандығын айтады.

Емделушілердің арасында түрлі жара,қотыр,теміреткі ауруларынан айыққан адамдардың қуанышында шек болмайды.

Айта берсек мұндай мысалдар өте көп.

Найзатапқан арасанында тылсым құпиясы көп табиғат тамашасы да аз емес.Айталық,сай ішімен арасан суына барар жалғыз аяқ жол табалдырығындағы таста мәсі киген адамның ізі бар.Сәл әріректе таста бес саусақты алақан ізі тағы бастырылған.Емделушілер арасан басындағы бесік.төсек тасқа табынады.Ал жотадағы тас айдаһар,екі баласын ойнатып отырған маймыл,шөккен түйе бейнесі тас ошақ пен оның жанында жатқан тас қазан көрген жанды сан түрлі ойға жетелейді.Тас бетіндегі тұлпар тұяғының ізі де адам қолымен жасалмағаны анық.Өйткені тастардағы іздердің бәрі тас түсі ақ болса қара,қара болса ақ болып көрінеді

Арасан орналасқан сай аса көрікті.Тау іші болғандықтан жазда мұнда маса,шыбын-шіркей болмайды.Жергілікті қариялардың айтуынша арасанның қорғаушысы-қасиетті жыланы бар.Ол тек ішімдік ішіп,не жаман пиғылмен келген адамға маза бермейді екен.
Найзатапқан табиғи арасанына жылда жаз маусымында жүздеген адамдар келіп,демалып,жанын мазалаған дерттен айығып жүр.

Адамзат өсімдіктің дәрілік қасиетін өте ерте заманнан-ақ біліп әр түрлі ауруларға ем ретінде қолданған.Найзатапқан арасанының маңында түрлі дәрілік шөптер өседі.Мысалы,адыраспан биіктігі 25-70см,тамыры топыраққа 2м тереңдікке дейін кетеді.Маусым,шілде айларында гүлдейді.Тұмау тигенде,жаңа қонысқа көшкенде киелі санапалдымен тұтатып түтінімен үй-ішін тазалаған.Бас ауырғанда,сүйек сырқырағанда ыстық суға салып адыраспанның буына түскен.

Ермен-бастың сақинасына,аяқ-қол сырқырағанда буланған.Асқазан ауруына тұнбасын қайнатып ішкен.



Дәрілік шөптер –жанға шипа
Бақбақ-іш қатқанда,өт жүргізуге,асқазан жарасына,сары ауруға,денеден тер,зәрмен бірге керексіз заттарды шығаруға пайдаланады.

Қалақай-қан тоқтатуға,аяқ-қол сырқырағанда қалақайға шақтырған,буынға тұз жиналғанға,бүйрек,өкпе,тік ішек ауруына қолданады

Шоңайна немесе түйежапырақ-зәр айдауға,тер шығаруға,зат алмасуды жақсартып қанды тазалауға,тері ауруларына (сыздауық),қышыма (экзема),безеу,теміреткі,шаш түскенде қолданады.Жалбыз,сүйелшөп,мыңжапырақ,шайқурай,уқорғасын, меңдуана т.б. кездеседі.Таудың ішінде шырша,қылша,қарағай,балқарағай,самырсын,арша өсіп тұр,иісі жұпар аңқиды.

Оның болашағы өте зор.Оған қамқорлық жасау бүгінгі өскелең ұрпақтың міндеті.Тіптіел тарапынан үлкен қамқорлықты қажет ететін қасиетті жер бұл.Біздің ойымызша,осындай тарихи орынды қадірлеу-баршамыздың перзенттік борышымыз.Ол үшін әуелі бірер тұсына археологиялық қазба жүргізген жөн.Табылған дүниелер пікірімізді дәлелдей түсер деген ойдамын.Сонан соң жергілікті жер,аудан,облыстарихи орын ретінде есепке алса елдігімізді,ерлігімізді білдіретін нақты көрсеткіш болар еді.XVIII-жеткен дәл мұндай мұра бізде көп те емес қой.

Пайдаланылған әдебиеттер
1.Жетісу .Энциклопедия « Арыс баспасы» Алматы 2004
2.Б.Нұржекеұлы «Тарихқа тағзым»Алматы . Жалын 2011
3.М.Ауғанов Найзатапқан арасаны .Шипалы бұлақтар 2006
4. «НАЙЗАТАПҚАН» - ҚАСИЕТТІ ШИПАЛЫ ӨҢІР С.К. Алшымбеков - п.ғ.к. Абай атындағы ҚазҰПУ, Н. Омарова





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет