Cырдарья өзенінің ТӨменгі саласының гидрологиялық жағдайы қарлыханов Т.Қ., Байниязова А. С



жүктеу 91.04 Kb.
Дата12.04.2019
өлшемі91.04 Kb.

ӘОЖ 333.93
CЫРДАРЬЯ ӨЗЕНІНІҢ ТӨМЕНГІ САЛАСЫНЫҢ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Қарлыханов Т.Қ., Байниязова А.С.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ.
Сырдарья өзені Орталық Азиядағы ұзындыңы жағынан бірінші және су көлемі жағынан екінші су көзі болып табылады және ол Нарын және Қарадарья өзендерінің құйылған жерінен басталады. Нарын өзені үлкен және кіші Нарын өзендерінің біріккен жерінен Тянь-Шань тауларының аймағында қалыптасқан. Қарадарья өзені Алтай және Фергана жоталарының беткейіндегі ағын сулардан қалыптасқан Тара және Қарақұлжа өзендерінің біріккен тұсынан басталады [1-13].

Сырдарья өзенінің ұзындыңы Орталық (ішкі) Тянь-Шань тауларының басталатын Нарын өзенінің бастауынан Арал теңізінің құйлымына дейін 3019 км құрайды.

Сырдарья өзенінің негізгі ағыны Өзбекистан Республикасының Шаткал, Құрман және Түркестан жоталарынан бастау алады. Ферғана жазықтығы ең үлкен саласы сол жағынан – Исфайра, Шахимардан, Сох, Исфара, Хожабақырған, Ақсу, ал оң жағынан – Падшаат, Қасансай, Гавасай, Чаадаксай. Сырдарья өзені Фергана жазықтығынан шыққан соң, алдымен оң жағалауынан Ахангаран өзенін, Қазақстан Республикасының аймағында Келес, Құрық Келес және Арыс өзендерін қабылдайды [1-13].

Сырдарья өзенінің алабындағы барлық үлкен өзендер (Нарын, Қарадарья, Шыршық және Сырдарья өзенінің өзі) қар жамылғысынан және мұз суынан қоректенеді. Ондағы су шығынының көп жылдық кезеңдегі орташа шамасының ең жоғарғы мөлшері маусым айында байқалады. Бірақта, осыған қарамастан, олардың тәртібі бір–бірінен ерекшеленеді. Нарын өзенің қар суынан пайда болатын ағыны (наурыз – шілде айларында) жылдық ағынның 44.3% құрасы, Шыршық өзенінің су ағынының – 52.4% және Сырдарья өзенінің су ағынының - 45.3% құрайды [1-3].

Сырдарья өзенінің су жыйнау алабындағы көп жылдық су ағынын 37.6 млрд.м3, ағынның орташа үлгісі 1 км2-қа 8 л/с. Үшқорған бекетінің тұсында Нарын өзенінің орташа су шығыны 427 м3/с тең болса, Қампырабат бекетінің тұсындағы Қарадарья – 122 м3/с.

Сырдарья өзенінің Ферғана жазықтығынан шыға берісіндегі көп жылдық су шығыны 570 м3/с, Шардар суқоймасынан шықандағы су шығыны 720 м3/с, Қызылорда қаласының тұсында – 670 м3/с және Қазалы қалашығының тұсында – 490 м3/с. Келес, Құрық Келес және Арыс өзендерін ағындары толығымен егістік жерлерді суғаруға пайданылады, тек қана өсімдіктің өсіп-өну кезеңінен тыс кезеңде ғана 10-15% Сырдарья өзеніне жетеді [3-6].

Қар және мұз сумен қоректенетін өзендердің жылдық ағыны өзгермелігі, мысал ретінде Нарын, Қарадарья, Шыршық, Сырдарья өзендерінің ағының өзгеріп отыру, су жыйнау алабындағы түскен қардың шамасына және сапасына байланысты. Жалпы су жыйнау алабының биіктігі төмендеген сайын өзгеру көрсеткіші Cν өсіп отырады. Ағынның жоғарғы өзгеруі қармен қоректенетін өзендерде (Келес, Арыс және басқа) байқалады және өзгеру көрсеткіші 0.4-0.5 құрайды.

Су ағынының жылдыңішіндегі таралуы су жыйнау алабының орналасу биіктігіне байланысты. Сонымен, қар және мұз суымен қоректенетін (Нарын, Қарадарья, Шыршық) өзендерінің шығыны наурыз айында өседі, ал оның ең жоғарғы мәні шілде айында байқалады. Ал, су жыйнау алабы төмен орналасқан өзендерде (Келес, Құрық Келес және Арыс) су шығыныныңең жоғарғы шамасы наурыз-сәуір айларында.

Өзен алабындағы қарғын сулардың өту кезеңі жылдық су ағынының шамасына аз ғана байланысты. Жалпы жылдық су ағынының шамасы негізінен таулардағы су қорына және қардың еруінің басталу мезгіліне, оның өту кезеңіне, яғни ауаның жылуылығына байланысты.

Сырдарья өзенінің алабында жалпы 29 784 үлкен, орташа, кіші және өте кіші өзендер бар және олардың жалпы ұзындығы 108634 км. Олардың 99% ең кіші өзендерге жатады (ұзындығы 25 км дейін) және кішкентай өзендерге 75% (ұзындығы 50 км дейін) құрайды және олардың жалпы ұзындығы 81868 км. Сонымен, таулы облыстарда өзен желісінің орташа тығыздығы 0.50 км/км2 құраса, Шыршық өзенінің алабында – 0.63 км/км2 және Ахангаран өзенінің алабында – 0.72 км/км2.

Сырдарья өзенінің алабында Нарынан кейінгі үлкен өзендердің тобына Қарадарья, Шыршық және Арыс өзендері кіреді. Қарадарья өзенінің ұзындығы Тар саласымен 378 км су жыйнау ауданы 30 100 км2, Шыршық өзенінің ұзындығы  378 км су жыйнау ауданы 14 900 км2 және Арыс өзенінің ұзындығы 378 су жыйнау ауданы 14 900 км2.

Сырдарья өзенінің жалпы құлау биіктігі Нарын және Қарадарья өзенінің біріккен жерінен Арал теңізіне дейін 340 м құрайды. Бұл аймақтағы өзеннің жалпы еңештігі 0.000154, басынан соңына 0.000314- 0.000077 дейін өзгереді.

Сырдарья өзенінің су жыйнау ауданы 219 мың, км2 құрайды және бастауынан Төменарық бекетіне дайінгі арақашықтық 1162 км, ал одан әрі өзенге құйылатын салалардың жоқтығына байланысты, Арал теңізіне құйылғанға дейін ауданы 300 000 км2 үлкен кең жазықтық болып табылады.

Өзен алабының тегіс бөлігі жауын-шашынның шамасы аз және булануы жоғары шөлді табиғи ландшафттардан тұрады. Бұл аймақтарда табиғи өзен желілері жоқ болғандықтан, оның тығыздығы 1 км2 10 м аспайды. Бұл жерлерде өзеннің гидрологиялық тәртібіне өте қатты әсер ететін ирригациялық жүйелер жақсы дамыған.

Сырдарья өзенінің негізгі су қоры Қырғызстанның аймағында (27.605 км3) қалыптасқан, ал су ағынының қалғаны бөлігі Өзбекистан (6.167 км3), Қазақстан (2.426 км3) және Таджикистан (1.005 км3) аймағында. Бұдан байқайтынымыз, өзеннің төменгі саласына орналасқан Қазақстанның өзеннің жоғарғы жағындағы жағдайға қаншалықтыбайланысты екендігін.

Сонымен, сырдарья өзенінің су қоры, жоғарыда атап көрсетілгендей Ферғана жазықтығының Нарын және Қарадарья өзендері қатар Шыршық, Ахангаран, Келес, Арыс өзендерінің ағындарынан тұрады және әртүрлі мәлімет көздерінің ақпараттары бойынша көп жылдық кезеңдегі орташа шамасы жылына 36.7-37.2 км3 құрайды.

Сырдарья өзенінің су қоры пайдалану туралы ақпараттық мәліметтерге жүргізілген талдаудың нәтижесі көрсеткендей, ауыл және су шаруашылының дамуы бір келкі жүргізілмеген, оның даму қарқыны Орталық Азия республикаларының ауылшаруашылығын дамыту тұжырымдамасының жоспарына және жүргізілген сушарушылық шараларына тікелей байланысты.

Адамзаттың шаруашылық қызметінің кеңейуі және техногендік әсердің күшею, Сырдарья өзенінің алабының экологиялық жағдайының кезеңмен өзгеруіне алып келді, ал ол қәзіргі кездегі су ағынын шауашылыққа пайдаланудан кейінгі қалыптасқан жағдайға байланысты, табиғи гидрологиялық тәртібтен ерекше тәртібтің қалыптасуына алып келді.

Орта Азиядағы су қорын пайдалану мәселесі және оның сандық-сапалық өзгерісі өткен жүз жылдықтың 1970-1980 жылдар аралығында үлкен өзгеріске түсті. Жалпы 1960-2000 жылдар аралығында өзеннен алынатын судың мөлшері 52% дан 100% дейін өсті, ал 1980 жылыдан бастап қәзіргі кезеңде, төкпе суды қайта пайдаланудың есебінен 99-110% өсіп отыр.

Сырдарья өзенінің су қорын басқару жоспарында гидрологиялық мінездеменің бағдарламасы ерекше орын алады. Бұл жерде аз уақытта, орташа уақытта және көп уақыт аралығындағы бағдарламалық мінездемелерді таный білу керек.

Аз уақытағы бағдарламалық мінездемелерге біздің жағдайымызда ағынның жыл ішіндегі таралуын жатқызуға болады. Біздің жағдайымызда бұндай байланысты, жылдық су ағынын реттеу арқылы, өзеннің төменгі сағасына суды пайдалану жоспарына сай беруді қамтамасыз ету үшін, жоғарыдан күз-қыс мезгілінде түсетін судың есебінен білгілі бір денгейде түзетулер енгізу арқылы Шарадара суқоймасынан басталатын Сырдарья өзенінің Қазақстан бөлігін жеке қарастыруға болады.

Орташа уақытағы бағдарламалық мінездемелер ретінде аралас жылдардағы бағдарламалардың мәнін көрсетуге болады, ал көп жылдық бағдарламалардың шегі ретінде су мол жылдық және су аз жылдық кезеңнің ұзақтығыны алу керек. Жалпы өзеннің гидрологиялық тәртібінің негізгі бағдарламасы ретінде гидрометриялық бекеттер жүргізетін гидрологиялық мәліметтер болып табылады.

Сырдарья өзенінің Қазақстан бөлігінің гидрологиялық зерттеу дәрежесі аса жаман емес. Сырдарья өзенінің Қазақстан бөлігінің Кесес, Құрықкелес және Арыс өзендерінің сулары құйылады және қәзіргі кезде бұлардың гидрологиялық қоры, осы өзендер бойында орналасқан онбес гидрологиялық бекеттің мәліметтері бойынша құрылады.

Бұл гидрологиялық бекеттерде жүргізілген бақалаулардың ұзақтығы әртүрлі, яғни Құрықкелес өзенінде гидрологиялық бекеттердің мәліметтері өте қысқа уақыта, ал Сырдарья өзенінің Қазалы гидрологиялық бекетінің мәліметтері ең ұзақ топқа жатады.

Жұмыста су мол жылдық және су аз жылдық кезеңнің ұзақтығын анықтау және өзен суын шаруашылыққа пайдалану жағдайының ерекшелігіне байланысты олардың өзгеру мүмкіншілігін анықтау секілді мәселелер қарастырылды. Бұл мәселені зерттеу өзеннің ағысының бойына орналасқан негізгі гидрологиялық бекеттердің орташа айлық және орташа жылдық мәліметтеріне талдаудың негізінде жүргізу қарастырылған және ол үшін екі гидрологиялық бекеттер пайданылды, яғни Сырдарья өзенінің Қазақстан бөлігіндегі «Шардара суқоймасының төменгі беті» және «Қазалы».

Сырдарья өзенінің Қазақстан бөлігіндегі «Шардара суқоймасының төменгі беті» және «Қазалы» гидрологиялық бекеттерінің жылдық су көлемі туралы мәліметтерін пайдаланып тұрғызылған сызба 1-2 суртетерде көрсетілген [6], ал ретімен жыйнақталған жыл сайынғы жылдық су көлемінің (интегралдық) сызбасы 3-4 суретте келтіріліп отыр [6].






Сурет 1. Шардара суқоймасының төменгі беті гидрологиялық бектіндегі Сырдарья өзенінің

су ағынының өзгеруі



Сурет 2. Қазалы гидрологиялық бектіндегі Сырдарья өзенінің су ағынының өзгеруі





Сурет 3. Шардара суқоймасының төменгі бетіндегі гидрологиялық бектінің тұсындағы Сырдарья өзенінің жылдық ағынының интегралдық

қисығы (1912-2006 жылдар аралығы)



Сурет 4. Қазалы гидрологиялық бектінің тұсындағы Сырдарья өзенінің жылдық ағынының интегралдық қисығы (1912-2006 жылдар аралығы)

Сырдарья өзенінің «Шардара суқоймасының төменгі беті» гидрологиялық бекеттерінің мәліметі бойынша су ағынының өзгеруіне жүргізілген талдаудың нәтижесі көрсеткендей, су мол жылдық және су аз жылдық кезеңнің ауысуы жиі кездеседі, бірақта су аз жылдық кезеңнің тереңдігі немесе ұзақтығы (1974 және 1987 жылдар аралығындағы кезеңді есепке алмасақ) туралы сөз қозғауға болмайды.

Сырдарья өзенінің сулылғы жыл сайын азайып отыр, бірақта 1961 жылға дейін сулылығының азайуы онша емес, ал 1961 жылдан кейін сулылығының азайуы тұрақты түрде көрініп отырады, ал 1974 және 1987 жылдар аралығының ерекшелігі, бүл жылдары өзеннің суынының ең төменгі ағынына сайкеледі және 1987 жылдан кейін өзен суының біртіндеп көбейгені байқалады.

Жүргізілген талаудың нәтижесі бойынша, су мол жылдық және су аз жылдық кезеңнің ауысуы әрбір 9-10 жылда қайталанып отырады, ал өте ерекше су ағыны 48-50 жылдан кейін (1921 және 1969 жылдар аралығында байқалған), ал келесі бұндай жағдай 2017-2019 жылдар аралығында байқалады деп күтілуде.

Сырдарья өзенінің саласындағы байқалған бұндай жағдайлар, табиғи заңдылықтардан емес, жалпы шаруашылық қызметтің нәтижесі болуы мүмкін.

«Шардара суқоймасының төменгі беті» және «Қазалы» гидрологиялық бекеттерінің жылдық су көлемі мәліметі бойынша тұрғызылған интегралдық қисықтан көретіндей (сурет 4) 1960 жылдан кейінгі ағынның азайуы және оның ішінде 1974 және 1987 жылға дейінгі қарқынды азайуынан кейін су ағынының көбеуі орын алдады. Бұл сызбадларда су мол жылдық және су аз жылдық кезеңі және оның ұзақтығы табиғи жағдайда өте анық көрсетілген, ал одан кейінгі кезеңде, яғни табиғи-техногендік құрылымның кезеңінде су ағынының тәртібінде күпеген секірулер немесе құлаулар байқалады.



Сонымен, Сырдарья өзенінің бойына орналасқан гидрологиялық бекеттерінің мәліметі бойынша тұрғызылған су ағынының жылдық және интегралдық қисық бойынша өзгеру сызбасына жүргізілген талдау көрсеткендей, ағынның сапалық өзгеруі тұрғысында өте сенімділікпен бағалауға болады, яғни су мол жылдық және су аз жылдық кезеңнің ауысуы әрбір 9-10 жылда қайталанып отырады, ал өте ерекше су ағыны 48-50 жылдан кейін қайталанылады.



Әдебиет
1. Проект регулирования реки Сырдарьи и Северного Аральского моря. Климат и гидрология зоны проекта: проможуточный отчет. – Алматы: Казгипроводхоз, 1998.- Том-2.- 175 с.

2. Проект регулирования реки Сырдарьи и Северного Аральского моря. Увеличение пропускной способности реки Сырдарьи:ТЭО. – Алматы: Казгипроводхоз, 1998. - 185 с.

3. Проект регулирования реки Сырдарьи и Северного Аральского моря. Технико-экономическое обоснование: Гидротехнические сооружения в дельте: финальный отчет. – Алматы: Казгипроводхоз, 1998.- 205 с.

4. Проект регулирования реки Сырдарьи и Северного Аральского моря. Технико-экономическое обоснование для комплекса сооружений Айтека: финальный отчет. – Алматы: Казгипроводхоз, 1998.- 165 с.

5. Проект регулирования реки Сырдарьи и Северного Аральского моря. Оценка воздействия на окружающую среду: финальный отчет. – Алматы: Казгипроводхоз, 1998.- 205 с.

6. Разработка комплекса неотложенных и перспективных мероприятий по увеличению пропускной способности русла реки Сырдарья ниже Шардаринского водохранилища до впадения в Малый Арал с учетом ухудшения гидрологического режима и возросших антропогенных нагрузок: отчет НИР (заключительный).- Тараз, 2005.- 148 с.

7. Проект регулирования русла реки Сырдарья и северной части Аральского моря, Фаза –II (РРССАМ-II). Технико-экономическое обоснование // Отчет 1 «Информационная система управления водными ресурсами».- Алматы: Казгипроводхоз, 2008.- 234 с.

8. Ирригация Узбекистана. Современное состояние и перспективы развития ирригации в бассейне реки Сырдарьи.- Ташкент: Укутувчи, 1975.- том -2.- 240 с.

9. Ресурсы поверхностных вод СССР. Основные гидрологические характеристики.- Л: Гидрометеоиздат, 1978.- том-14.- вып. 1. – 345 с.

10. Шикломанов И.А. Антропогенные изменения водности рек.- Л.: Гидрометеоиздат, 1979.- 303 с.

11. Карлыханов О.К., Балгерей М.А., Ибраев Т.Т. и другие. Современная Сырдарья: проблемы, причины, пути решения.- Тараз, 2008.- 170 с.

12. Бурлибаев М.Ж., Достай Ж.Д., Турсунов А.А. Арало-Сырдарьинский бассейн (гидрологические проблемы, вопросы вододеления).- Алматы, 2001.- 180 с.

13. Водное ведение бассейна Аральского моря на 2005 год.- Париж: ЮНЕСКО, 2000.- 237 с.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2015 III
konf 2015 III -> Туннельды су тастағыштардың соңҒы жағындағы бьеф жалғастыру режимдері тәңірбердиева Ү., Жұрымбаева Р
konf 2015 III -> Әож 626. 81(574) талас өзені алабының жер беті суларының мониторингі және қазіргі жағдайы
konf 2015 III -> Әож 627. 886 Жоғары арынды су тораптарының су тастау қҰрылымдарынан келетін қауіптер
konf 2015 III -> Әож 627. 843: 532. 533 ТӨменгі бьефтің ҚҰрылғыларының ЕҢ тиімді формалары мен мөлшерлерін анықтау
konf 2015 III -> Жамбыл облысындағы экономика салаларының сумен қамтамасыз етілуін болжау
konf 2015 III -> Әож 627. 886: 532.(075. 8) Жалғастыру қҰрылымдарынан кейін болатын гидравликалық шапшыманы зерттеу
konf 2015 III -> Cырдарья өзенінің гидрологиялық ЖӘне гидрохимиялық жағдайы қарлыханов Т.Қ., Нахатова А. А
konf 2015 III -> Cырдарья өзенінің ТӨменгі саласының табиғи техногендік жағдайы қарлыханов Т.Қ., Байниязова А. С
konf 2015 III -> Әож 28. 12: 591. Шу өзенінінің мойынқҰм тұстамасындағы сипаттамасы
konf 2015 III -> Әож 28. 12: 591. Іле-балқаш алабының АҚдала массивінде ауылшаруашылығы дақылдарын өсіруді су ресурстары негізінде болжау


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет