Cырдарья өзенінің ТӨменгі саласының табиғи техногендік жағдайы қарлыханов Т.Қ., Байниязова А. С



жүктеу 85.94 Kb.
Дата12.04.2019
өлшемі85.94 Kb.

ӘОЖ 631.671:631.43:556.06
CЫРДАРЬЯ ӨЗЕНІНІҢ ТӨМЕНГІ САЛАСЫНЫҢ

ТАБИҒИ ТЕХНОГЕНДІК ЖАҒДАЙЫ
Қарлыханов Т.Қ., Байниязова А.С.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ.
Қазақстан Республикасының бұрынғы кездерде табиғи тәртібке жақын жағдайда қызмет еткен көптеген табиғи шаруашылық жүйесі және сушаруашылық кешендері, өндірістердің қарқынды дамуына және техногендік әсердің ақасында экологиялық қәуіпті нысандарға айналды.

Бұлардың кейбіреулері экологиялық орнықты денгейден экологиялық алма-ғайып жағдайға көшіп кетті. Осындай бір сушаруашылық жүйесіне Арал теңізінің алабы, ал оның ішінде Сырдарья өзенінің төменгі саласының табиғи жүйесі жатады.

Сырдарья өзеннің төменгі саласындағы табиғи жүйенің экологиялық орнық-тылығының жоғалуының негізгі себебі, ауылшаруашылық қажеттілікке алынатын судың көлемінің, Орта Азия және Оңтүстік Қазақстан аймағындағы суғармалы егістік жүйесінің ауданының қарқынды дамуының салдарынан, тұрақты түрде өсіп отыруы.

Суғармалы егістік жүйесінің ауданының кеңейуі және суды тұтыну мөлшерінің өсуі Сырдарья өзенінің алқабына жалпы су сиымдылығы 36 км3 тең, өзеннің көп жылдық орташа су ағынымен теңесетін (37 км3) бірнеше кешенді суқоймаларын және гидрологиялық түйіндердің (Тоқтағұл, Шардара және де басқа) тұрғызуды талап етті, яғни оның су ағыны толық реттелген деп қарауға болады.

Сырдарья өзенінің су ағынының толық реттелуі және онысуғармалы егістік жерлерді суғаруға тиімсіз пайдалану, су нысандарының техникалық жағдайының төмендеуі, жергілкі халыққа және табиғи жүйеге зиян келтіретін экологиялық жағдайдың дамуына алып келіп отыр.

Қәзіргі кезде Сырдарья өзеннің бастауына орналасқан Орта Азияның мемле-кеттері суқоймалардың жұмыс істеу тәртібіне, яғни бұрынғы қалыптасқан ирригация-лық тәртібтің орнына энергетикалық тәртібке көшіру арқылы, оның төменгі арналар-ының гидрологиялық тәртібіне үлкен өзгеріс енгізіп отыр, ал ол қыс айларындағы су тасқынының және жаз айларындағы егістік алқабтарға судың жетіспеуінің негізгі себебі.

Сондықтан, Сырдарья өзенінің арнасына орналасқан барлық суқоймалары және гидрологиялық тұйіндердің бірлесіп жұмыс атқару қызметін оңтайлау арқылы, оның төменгі саласының су өткізу қабілетін жақсарту арқылы, экологиялық және әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған шаралар, бүгінгі күнде табиғаты пайдалану ғылымының негізгі бір көкейтесті мәселесі болып отыр.

Экологиялық көз қараста Сырдарья өзеннің төменгі саласы үшін ыңғайсыз кезеңдерге 1962 жылдан 1987 жылдар аралығындағы техногендік кезеңді жатқызуға болады.

Сырдарья өзенінің қыс айларындағы тәртібінің өзеннің табиғи тәртібімен салыс-тырғандағы техногендік кезеңдегі өзгеруін, тек қана ауа райының жағдайын байлан-ысты емес, шаруашылық қызметтердің нәтижесі екендігімен түсіндіруге болады, яғни өзен тәртібінің орнықтылығы шараушылық қызметтің арқасында қалыптасқан. Оны түсіндіру үшін, осы кезеңді сипаттайтын жайғдайларға талдау жүргіземіз.

Шыныменен, өзен алабында, 1960 жылдан бастап жартылай құрғақ және құрғақ аймақтарда суғармалы егіншілікті дамыту үшін күрделі сушаруашылық шаралары жүргізіле бастады. Суғармалы егістік жүйелерін сумен қамтамасыз ету үшін, өзен арналарына суқоймасын тұрғызу арқылы, олардың суағынын реттеге арналған гидротехникалық шаралар қоса жүргізілді. Сонымен, 1955 жылдан 1980 жылдар аралығында Қайрақұм (1956), Шардара (1965), Шарвак (1970), Тоқтағұл (1975) және Андижан (1978) су қоймалары тұрғызылды және олардың жалпы пайдалы су сиымдылығы 33.1 км3, ал бұл Сырдарья өзенінің жылдық су ағынының көлеміне сай келеді.

Сырдарья өзенінің арнасына суқоймаларын тұрғызумен қатар жаңа суғару жүйелері жобаланды: Үлкен Ферғана су өткізу қабілеті 150 м3/с, Солтүстік Ферғана су өткізу қабілеті 100 м3/с, Оңтүстік Ферғана су өткізу қабілеті 85 м3/с, Шахрихан су өткізу қабілеті 50 м3/с, Үлкен Андижан су өткізу қабілеті 300 м3/с, Оңтүстік Мырзашөл су өткізу қабілеті 300 м3/с, Солтүстік Мырзашөл су өткізу қабілеті 130 м3/с, Дальверзин су өткізу қабілеті 78 м3/с, Жаңа Шиелі су өткізу қабілеті 122 м3/с, Келінтөбе су өткізу қабілеті 25 м3/с, Солжағалаудағы Қызылорда су өткізу қабілеті 210 м3/с, Оңтүстік жағалаудағы Қызылорда су өткізу қабілеті 80 м3/с, Солтүстік жағалаудағы Қазалы су өткізу қабілеті 100 м3/с.

Бұл кезеңде Орта Азия және Қазақстан Республикаларындағы суғармалы егістік жерлердің ауданы 94% өсті, ал оларды онжылдық кесіндісімен қарастыратын болсақ: 1950-1965 жылдары 12%, 1965-1975 жылдары 20%, 1975-1985 жылдары 44% және 1985-1995 жылдары 25% өскен, ал бұл Сырдарья өзенінің экологиялық жүйесіне түсірілген үлкен қысым болып табылады.

Сонымен, жеке жылдардағы суғармалы егістік жерлердің өсу дәрежесі Өзбекистанда 3.3% және Түркіменстанда 6.3% құраған, ал бұның өзі «1% ережесіне» қарама қайшы келеді (Реймерстің сынақтық көрсткіші).

Сондықтан, 1961 ден 1988 жылдар аралығындағы Сырдарья өзенінің гидрологиялық тәртібіне ереше және терең талдау жүргізу керек, себебі үлкен табиғи техногендік қысымның арқасында, өзен алқабы өте жоғарғы дәрежедегі экологиялық қысымға тап болды.

Бұл кезеңде кең көлемде жүргізілген сушаруашылық шараларының нәтижесінде Сырдарья өзеннің алқабында су ағынының және арнасының барлық гирологиялық, гидравликалық және гидроморфологиялық көрсеткіштері өзгеріске түсті. Жалпы Сырдарья өзенінің төменгі сағасындағы гидрологиялық бекеттердегі су денгейінің жаз айларында соншалықты түсіп кететіні, кейбір жылдарда атырауларында су ағын болмай қалатын кездерде болған. Сонымен қартар, қзеннің басқада бөліктерінде су денгейі алмағайып денгейге жеткен. Бұл кезеңді жағдайды сипатамалық тұрғыда бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:

1-кезең – белсенді табиғи- техногендік әсердің басталуы (1962-1973 жылдар), яғни кең көлемде мелиоративтік шараларды қарастыру кезімен сай келеді. Суғармалы егістік жерлерге жаңадан құрғақшылық және жартылай құрғақшылық аймақтарды игеру барысындағы қосымша су қорын талап етуіне байланысты Шардара және Шарвак суқоймаларын іске қосуға байланысты Сырдарья өзенінің төменгі саласындағы су шығынының төмендей басталуы, яғни өзеннің табиғи тәртібімен салыстырғанда Қазалы гидрологиялық бекеттің су шығынына қарағанда 400 м3/с ден 100 м3/с төмендеген.

2-кезең – алмағайып табиғи- техногендік әсердің басталуы (1974-1987 жылдары), яғни суғармалы егістік жерлердің ауданының өсуі және Тоқтағұл су қоймасының құрлысының басталуы және оның 19 км3 көлемін сумен толтыруға байланысты, 1961 жылдардығ орташа көп жылдық су шығынымен салыстырғанда өзен арнасындағы суқоймаларының көлемі 37 км3 жетті, ал бұл өзен арасының су ағынының толық реттелгенін көрсетеді.

Алмағайып табиғи-техногендік әсерден Сырдарья өзенінің төменгі саласының арнасының және жайылымының құрғау үрдісінің басталуынан, өзен ағынының шығындары және көрсеткіштерінің барлық гидравликалық және геоморфологиялық жағдайы түбірімен түбегейлі өзгерді.

Қазалы гидрологиялық бекетіндегі жүргізілген барлық кезеңдегі бақалаулардың нәтижесі бойынша тұрғызылған сызбадағы өзен шығынының өзгеру динамикасы көрсеткендей (сурет 1), өзен жоғарғы жағындағы ағынының реттелу дәрежесі және сушаруашылық шараларын жүргізу қарқынына байланысты, табиғи-техногендік әсері таза байқалды. Мысалға, Қайрақұм, Шардара, Шарвак және Тоқтағұл суқоймасын толтыру кезеңінде су ағынының динамикасында терең құлау байқалады, ал бұның өзі Арал теңізінің көп аймағының және Шардара суқоймасынан төменгі саласының жағалауларының құрғауына алып келіп отыр.

Өзен арнасының құрғауы үрдісі деп, өзеннің суды өткізу қабілетінің, өзеннің жоғарғы жағындағы гидрологиялық тәртібтің өзгеруінен туындайтын нәрсе деп қарастырмау керек және өзеннің төменгі саласындағы жүргізілген шаруашылық қызыметтердің әсері деп түсіну керек. Өзен арнасының құрғауы динамикасының көрсеткіші, өзен арнасында гидроэкологиялық теңгермені сақтауға қалдырылған гидрологиялық бекеттердің арасындағы су шығындарының қатынастық шамасы арқылы бейнеленеді:


,
мұнда: η – өзеннің құрғау көрсеткіші; Qпр – жоғарыда орналасқан гидрологиялық бекетегі су шығыны; Qпос – төменгі орналасқан гидрологиялық бекетегі су шығыны.


1 – су шығыны; 2 – табиғи жағдайдағы орташа жылдық су шығыны; 3 – техногендік кезеңдегң жағдайдағы орташа жылдық су шығыны; 4 – қәзіргі кезеңдегі жағдайдағы орташа жылдық су шығыны; 5 – Шардара, Қайрақұм және Чарвак суқоймасы толтырылған кездегі; 6 – Тоқтағұл суқоймасын толтырған кездегі; 7 – су шығыны аз кездегі.
Сурет 1. Сырдария өзенінің Қазалы гидрологиялық бекетінің тұсындағы

барлық бақалау кезеңіндегі су шығынының динамикасы


Шардара суқоймасынан төмен орналасқан аралас гидрологиялық бекетердегі өзеннің құрғау көрсеткішінің өзгеру 20 суретте көрсетілген. Қарастырылып отырған кезеңдегң Төменарық, Қызылорда, Жосалы және Қазалы гидрологиялық бекетерінің арасындағы құрғау көрсеткішінің өзгеру талдау көрсеткендей, құрғау көрсеткіші бойынша өте ыңғайсыз жағдай Қызылорда гидрологиялық түйіннің төменгі жағында болғанғ себебі өте су аз болған жылдары (1974-1987 жылдары) оның шамасы 0.40 тең болған.

Атап өтуді қажет ететін нәрсе, табиғи-техногендік әсерден қосымша бірнеше мәселелер туындаған.

Біріншіден, ұзақ уақыт өзен арнасында су аз болған жылдары (1974-1987 жылдары), Сырдарья өзенінің төменгі саласының табиғатына тән қатты желдер тасылатын құмдардың әсерінен, өзен арнасы кейбір жерлерін құм басқан. Ал оның нәтижесінде өзен арнасының табаны беті өзгеріске тап болған, яғни гидрологиялық түйіндердің арасында өзеннің табаны табиғи жағдаймен салыстырғанда көтерілген.

Екіншіден, өзен арнасының жағалауына орналасқан қала және ауыл, босаған жайылымды өте тез қарқынмен игередің арқасында, өзен арнасының үлкен ауданын бөгетпен қорошап, өзен арнасынан қиып тастаған, ал ол өзен арнасының көптеген бөлгінің тарылуына алып келіп, табиғи қалыптасқан арналық үрдістерді өзгерткен.

Жеке жылдардағы Шардара, Төменарық және Қызылорда гидрологиялық бекетіндегі қыс айларындағы өзендегі су ағынының шығынының өзгеруін 2-3 суретте көрсетілген.


Сурет 2. Шардара-Төменарық (1), Төменарық-Қызылорда (2) және

Қызылорда-Қазалы (3) гидрологиялық бекетерінің арасындағы әртүрлі

техногендік жағдайдағы құрғау көрсеткішінің өзгеруі




Сурет 3. Шардара (1), Төменарық (2) және Қызылорда (3) гидологиялық

бекеттеріндегі су аз жылғы 1974-75 жылдары(а), 1975-76 жылдары (б)

және 1976-77 жылдары (в) қыс кезеңіндегі Сырдарья өзенінің орташа

айлық су шығыны


Бұл сызбадан көретініміз, су шығының шамасы Шардара гидрологиялық бекетіне қарағанда Қызылорда гидрологиялық бекетіне үлкен, ал Қазалы гидрологиялық бекетіне кіші, ал бұндай жағдай, яғни Қызылорда гидрологиялық бекетіне су шығынының өсуі табиғи жағдайдада байқалған. Бұл құбылысты П.М. Машуков Шардара суқоймасынан төмен орналасқан Арыс өзенінен түсетін қосыша су шығынының есебінен, өзен арнасындағы су ағынын реттеумен түсіндіреді.

Сонымен, Сырдарья өзенінің су ағынының көп Сырдарья өзенінің көп жылдық орташа су ағынының шамасына және олардың жыл ішінде таралау шамасына жүргізілген жүйелік талдау нәтижесі көрсеткендей, жыл кезеңінде су ағынының шамасының гидрологиялық бекетердің арасындағы тұрақты байланыс бар екендігі анықталды, ал ол Сырдарья өзенінің жоғарғы жағындағы су ағына арқылы төменгі саласындағы су ағынының шамасын бағдарлауға мүмкіншілік береді.


Әдебит
1. Шикломанов И.А. Антропогенные изменения водности рек.- Л.: Гидрометеоиздат, 1979.- 303 с.

2. Карлыханов О.К., Балгерей М.А., Ибраев Т.Т. и другие. Современная Сырдарья: проблемы, причины, пути решения.- Тараз, 2008.- 170 с.

3. Бурлибаев М.Ж., Достай Ж.Д., Турсунов А.А. Арало-Сырдарьинский бассейн (гидрологические проблемы, вопросы вододеления).- Алматы, 2001.- 180 с.

4. Водное ведение бассейнаАральского моря на 2005 год.- Париж: ЮНЕСКО, 2000.- 237 с.

5. Миклин Филлипп П. Высыхание Аральского моря: водохозяйственная катострофа // Мелиорация и водное хозяйство.- 1990.- №5.- С. 16-19; 1990-№6.- С.12-15.

6. Тәуіпбаев С.Т. Арал Сырдарья мймағын гидроэкологиялық тұрақтандыру. –Алматы, 2000.- 245 б.

7. Машуков П.А. Гидрометорологические условия зимних наводнений на реке Сырдарье. – Л.: Гидрометеоиздат, 1969.- 139 с.

8. Мустафаев Ж.С., Рябцев А.Д., Балгерей М.А., Карлыханов О.К., Омаров К. Проблемы зимных наводнений на реке Сырдарье // Гидрометеорология и экология.- 2005.- №3.- С.73-92.

9. Мустафаев Ж.С., Рябцев А.Д., Балгерей М.А., Карлыханов О.К., Омаров К., Сейдуллаев М.А. Проблемы попуска зимных расходов воды и льда в нижнем течении реки Сырдарьи (Аналитическийобзор).- Тараз, 2005.- 34 с.

10. Мустафаев Ж.С., Рябцев А.Д., Балгерей М.А., Карлыханов О.К., Омаров К., Сейдуллаев М.А. Технология (мероприятия) регулирования стока реки Сырдарьи ниже Шардарсинского вождохранилища (Аналитическийобзор).- Тараз, 2005.- 34 с.

11. Мустафаев Ж.С., Рябцев А.Д., Балгерей М.А., Карлыханов О.К., Омаров К., Сейдуллаев М.А. Организация меры пропуска зимных расходов воды при ледоходе в низовьяхъ реки Сырдарья (Аналитическийобзор).- Тараз, 2005.- 34 с.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2015 III
konf 2015 III -> Туннельды су тастағыштардың соңҒы жағындағы бьеф жалғастыру режимдері тәңірбердиева Ү., Жұрымбаева Р
konf 2015 III -> Әож 626. 81(574) талас өзені алабының жер беті суларының мониторингі және қазіргі жағдайы
konf 2015 III -> Әож 627. 886 Жоғары арынды су тораптарының су тастау қҰрылымдарынан келетін қауіптер
konf 2015 III -> Әож 627. 843: 532. 533 ТӨменгі бьефтің ҚҰрылғыларының ЕҢ тиімді формалары мен мөлшерлерін анықтау
konf 2015 III -> Жамбыл облысындағы экономика салаларының сумен қамтамасыз етілуін болжау
konf 2015 III -> Әож 627. 886: 532.(075. 8) Жалғастыру қҰрылымдарынан кейін болатын гидравликалық шапшыманы зерттеу
konf 2015 III -> Cырдарья өзенінің ТӨменгі саласының гидрологиялық жағдайы қарлыханов Т.Қ., Байниязова А. С
konf 2015 III -> Cырдарья өзенінің гидрологиялық ЖӘне гидрохимиялық жағдайы қарлыханов Т.Қ., Нахатова А. А
konf 2015 III -> Әож 28. 12: 591. Шу өзенінінің мойынқҰм тұстамасындағы сипаттамасы
konf 2015 III -> Әож 28. 12: 591. Іле-балқаш алабының АҚдала массивінде ауылшаруашылығы дақылдарын өсіруді су ресурстары негізінде болжау


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет