Д. А.ҚОнаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «ДӘуір данасы» даналық баспалдағының Өткізілу сценарийі



жүктеу 37.11 Kb.
Дата15.09.2017
өлшемі37.11 Kb.
түріСценарий

Д.А.ҚОНАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 105 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ

«ДӘУІР ДАНАСЫ» ДАНАЛЫҚ БАСПАЛДАҒЫНЫҢ ӨТКІЗІЛУ СЦЕНАРИЙІ

20.01.2017 12.30

Өтетін жері: Балқаш қаласы

Абай атындағы №2 лицей


Экранда іс-шараның тақырыбы


Жүргізуші

Армысыздар құрметті оқушылар, ұстаздар!

Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адам өмір сүрді. Ол - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Бүгін кемеңгердің туылғанына 105 жыл толуына орай «Дәуір данасы» атты ісшарамызды ұйымдастырып отырмыз.

Дана халықтың дара перзенті, иісі Алаштың пір тұтар тұлғасы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы облысы Балқаш ауданында дүниеге келген.

Көзінің тірісінде-ақ әулие атанған Димаш атамыз Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алмай тұрған кезінде елімізді басқарған - ел үшін туған ер еді.



Экраннан Д.А.Қонаевтың өмірі мен қызметіне арналған видео көрсетіледі

Жүргізуші

Таудың ұлы өссе егер тауға қарап,

Қазақ жасы Димашқа қарап өскен.

Күллі әлемде елу жыл ел ағасы,

Болған бар ма Димаштай ер данасы.

Кеме ұшырып Ғарышқа жол ашқалы,

Одан, сірә, басшының жоқ асқаны.

Биігінен Димаштың тұғырлы Елім,

Биік болса Алаштың көк аспаны!


Балқаш қалалық архивы КММ-нің қызметкері Бақыткүл Серікбайқызы Бейсенбаеваға сөз беріледі.

Б.С.Бейсенбаеваның сөзі

Видео көрсетіледі

Жүргізуші

«Ерім» дейтін ел болмаса,

«Елім» дейтін ер қайдан болсын?! Халықтың қалауына, ығына жығылған басшының басты мақсаты да осы болуы керек. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ел үшін қызмет етіп, аянбай тер төкті. Ол адалдықты, шындықты ту еткен, халық үшін қалтқысыз қызмет еткен перзент.



Оқушылар Д.Қонаевтың игі істері мен жетістіктерін баяндайды

Слайд презентация

«Дін аға» әні, видео көрсетіледі

Жүргізуші

Халқымыздың біртуар азаматы Д. А. Қонаевтың есімі жылдар өтсе де, әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл күндері Қазақстанның әр қаласында Д. А. Қонаевтың атымен аталатын көшелер, мектептер, жоғарғы оқу орындары көптеп кездеседі. Дінмұхамед атымен аталатын жас ұрпақ та желкілдеп өсіп келеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Д.А.Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам», - деп атап өткеніндей Димаш атамыздың марапаттары мен қызықты ақпараттарға кезек берсек

Оқушылар қызықты ақпараттар баяндайды

Жүргізуші

Димаш аға! Дидарыңыз жарық күн,

Ұранысыз қазақ деген халықтың.

Саясаттың дауылына сынбаған,

Өзіңізсіз бәйтерегі тарихтың.

Өшпейді ғой, өлмейді ғой ұлы еңбек,

Елің барда мәңгі бақи еленбек.

Ел үшін атырам деп жарық таңды,

Сіңірдің жан аямай көп еңбек.


«Жылдар сөйлейді» Д.Қонаевтың еңбек жолы,

жылдар жазылған қағаздар ұсынылады.

Оқушылар еңбек жолын ретімен баяндайды.

Жүргізуші

Үзілмеген достығы, сәлемдері,

Басшылар бар әр қилы, әр елдегі.

Димашқа арнап жыр жаздым жеті шумақ,

Жеті ұлы атанған әлемдегі,- ақын Өтеш Қырғызбай жырлағандай, дүние жүзі ғалымдары жер шарының халқына адал қызмет еткен бүкіл ел басшыларын таразылағанда Д.А.Қонаевтың әлемдік халқына адал қызмет еткен жеті басшының бірі болуы көпті аңғартады.



Кітап көрмесіне шолу

Жүргізуші

«Қонаев — ұлттың Ары мен Намысы! Қонаев — ұлттың рухы мен Иманы! Қонаев — қазақтың Қанағат мектебі, Адалдықтың өлшемі»-деп ақын Темірше Сарыбайұлы биік баға берген екен.

«Димаш салған даңғыл жол»

Оқушылар өлең оқиды

Жүргізуші

Жесірге пана болды,

Жетімге жаға болды.

Дінін сүйген дара болды,

Елу жыл елге аға болды.

Қасиетті Балқаш мекенінің гүлденіп-көркеюін, өсіп-өркендеуін осы ұлы адамның есімімен байланыстырамыз. Ол енді ақиқат. Осындай құрметке бөлеп кеткен Димаш атамызға біз мың да бір тағзым етіп, аруағы алдында бас июге тиіспіз. Халқының қадірін білген елі мен жерін сүйген, сол үшін ғұмыр сүрген адам халық жадында мәңгі қалады. Халық қадірлеп пір тұтқан Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі бізбен бірге мәңгі жасай бермек.

Оның асқақ рухына мың тағзым...

Ардақтылар қалар мәңгі Ел есінде,

Ғасырлар мұхитының белесінде.

Мәңгілік Димекең де бізбен бірге,

Мәңгілік «Қазақстан» кемесінде.



Егемендігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Естелікке суретке түсу

Каталог: files -> userfiles -> metodicheskaya sluzhba -> scenarii
scenarii -> Экранда слайд көрсетіліп тұрады
scenarii -> «Қарттарым – асыл қазынам» атты аталар мен әжелер сайысының Өткіщілу сценарийі
scenarii -> Сценарий 1 жүргізуші: Қош келдіңіздер, қала қонақтары, балқаштықтар!
scenarii -> «сазгердің музыкалық МҰрасы»
scenarii -> «Әнім сенсің, ару қалам – балқашым!» Час поэзии
scenarii -> Сағат 14. 00 С. Сейфуллин атындағы ОҚК
scenarii -> Тіл тағдыры – ел тағдыры (әдеби ойын-сайысы)
scenarii -> Қазақстан республикасының ТӘуелсіздік күніне арналған «ТӘуелсіздік – елімнің ерлік жолы!» Атты тарихи сыр-сұхбат кешінің сценарийі
scenarii -> Встреча с ветеранами культуры


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет