D-о-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді



жүктеу 74.33 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі74.33 Kb.
түріКонкурс

Хабарландыру мәтініне

персоналды басқару қызметі жауапты
Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға

ішкі конкурс туралы хабарландыру
Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
D-О-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:



  1. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

  3. А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

  4. мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес.

       Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы

Санаты

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген

жылдарын есептегенде



теңгеден

теңгеден

D-О-1

182456

246519



«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511,523 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 433675, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz, a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға Жамбыл облысы әкімі аппараты мен Жамбыл облысы әкімдігі басқармаларының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы, 1 бірлік, D-0-1 санаты (№024).

Функционалдық міндеттері: басқарманың жұмысына жалпы басшылық. Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік өркениеттілікті нығайту, қоғамдық үрдістерді демократияландыру және қоғамды біріктіру бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу. Мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау мен түсіндіру бағдарламаларын, Қазақстан Республикасының ішкі саясат, қоғамдық саяси сала мәселелері бойынша заңнамасын іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру; ішкі саясат саласындағы концептуалдық негіздер мен практикалық ұсынымдарды, сондай-ақ азаматтық бірізділікті қалыптастыру негізінде қоғамды біріктіру бойынша ұсыныстарды, Қазақстанның ұзақ мерзімді даму басымдықтарын әзірлеу; аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша қызметін үйлестіру; аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған социологиялық және политологиялық зерттеулер жүргізу. Өңірде болып жатқан қоғамдық саяси үрдістерді және олардың даму тенденцияларын жан-жақты және объективті түрде зерделеу, жинақтау және талдау; аймақтық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру; қоғамдық бірлестіктермен, кәсіподақтармен, БАҚ-пен, жұртшылық өкілдерімен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; басқарманың құрылымын әзірлеу және оны бекітуге облыс әкіміне ұсыну; функционалдық міндеттерді бөлуді жүзеге асыру; стратегиялық және ағымдағы жоспарларды бекіту; басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілеу; өзіне берілген өкілеттіктер шегінде басқараманың құзырына кіретін мәселелер бойынша аудандар мен қала әкімдерінің қызметін үйлестіру. Ақпараттық-талдау жұмысы мен мониторингтің түрлері мен әдістерін меңгере білу, азаматтарды қабылдау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы, қарамағындағылардың жұмысын болжау, ұйымдастыра білу, бақылау және негіздеу қабілеті. Аймақтағы мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттің ішкі саясатын іске асыру барысын, сондай-ақ ҚР Президенті, Үкіметі, облыс әкімі актілері мен тапсырмаларын орындауын бақылау; қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе білім саласындағы. Мамандығы: білім (жалпы) әлеуметтану немесе саясаттану немесе экономика немесе менеджмент немесе журналистика немесе аймақтану немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________


(мемлекеттік орган)

Өтініш
     

Мені___________________________________________________________


____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________                         ____________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет