Д., Шилібеков С.Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ



жүктеу 42.52 Kb.
Дата11.04.2019
өлшемі42.52 Kb.

ӘОЖ 658.38
ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН САЛУ КЕЗІНДЕ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ДЕРЕКТЕРІНІҢ БАЗАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сарсенова А.Д., Шилібеков С.Қ.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Геоақпараттық жүйелерде (ГАЖ) нысандардың (бастапқы) негізгі және принципиалдыерекшеленетін сипаттамалары беріледі, бұлолар үшін кеңістіктегі орнын ескеру және талдау (өңдеу) мүмкіндігі болуы. Мысалы, өнеркәсіп немесе тұрғын үй құрылысын жүргізу кезінде топырақтыңфизикалық зерттеу деректерімен берілген кесте, топырақтағы физикалық-механикалық сипаттамалары мен ыза қабаты суының тереңдігі арасындағы байланысты айқындау үшін графиктер тұрғызу көмегімен талдануы мүмкін. Бірақ, үлгі алу нүктелерінің орналасқан жерін білмей, кеңістік құрылымын және басқа кеңістік деректерімен байланысын анықтау мүмкін емес, мысалы, табанындағы тау жыныстарының түрлері.

Аумақ туралы ақпарат деректер базасында (ДБ) - өзара байланысқан деректер және оларды қолдауға қажет, компьютерлерді пайдалану жиынтығында (қойма) сақталады. Деректер базасын басқару жүйесі (СУБД) деректерді сақтау, қолжетімдік, басқару, тұтастықты ұстап тұру, редакциялау және қалпына келтіру үшін бағдарламалық қамтамасыз ету кешенінен тұрады.

Әрбір кеңістік нысаны туралы геоақпараттық жүйелер ДБ-да деректердің кез-келген моделін пайдалану кезінде ең болмады дегенде үш түрдің ақпараты сақталады: идентификатор, нысанның орналасуы туралы ақпарат (графикалық) және тематикалық ақпарат (атрибутивтінемесе графикалық емес).

Алғашқы деректерөлшеу аспаптарымен байланысқан (мысалы, электрондық тахеометрлер) «далалық» компьютерлер деп аталатын құралдар көмегімен жиі қалыптасады және тексеріледі, олар аумақты тікелей зерттеу кезінде ГАЖ деректерінің атрибутивтік-графикалық базасын жүйелі қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Алғашқы деректердің көпшілігі жер серіктерінен түседі, олар Жер бетінің белгілі сипаттамалары – температура көтерілуі, топырақ қабатының түрлері және т.б. бірқалыпты таралған нүктелерде, мысалы тор түйіндеріндегі сипаттамалары туралы ақпараттарды тіркейді.

Алғашқы деректер шоғырланған, редакцияланған және өңделгеннен кейін олар екінші болып саналады. ГАЖ ДБ-да толтыру үшін қайтарма ақпарат көздерінің ішінде, көп жағдайда картографикалық және статистикалық деректер тартылады. ГАЖ деректерінің тематикалық базаларын қалыптастыру үшін географиялық карталарды бастапқы дерек көздері ретінде пайдалану мынамен негізделген, карталардан оқылған мәліметтер кеңістікте байланысы болған болатын. Тематикалық карталарқұрастырушының қарамағындағы алғашқы деректердің қандайда-бір интерпретациясы болып табылады. Олар кейбір жағдайларда қолайлы бола бермейді. Мысалы, топографиялық карталарда рельеф изосызықтар түрінде безендіріледі, олар жергіліктің берілген нүктелеріндегі белгілерді анықтауда далалық зерттеу (алғашқы деректер) нәтижелері бойынша жүргізіледі. Соңғылары ГАЖ ДБ-н қалыптастыру үшін дөп келеді, себебіГАЖ пайдаланушы, бұл жағдайда алғашқы деректер негізінде қолдағы бар Жер бетінің цифрлық модельдерін бағдарламалық қамтамасыз етуде көрсету үшін өзіне дөп келетін модельді таңдап, өзіне қолайлы изосызықтар тұрғызуы мүмкін.

Елестету, құрылыс нысанын тұрғызуды басқару жүйесінде ГАЖ ақпараттық-анықтамалық функцияны іске асырудың маңызды әдістерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, карталар, фотосуреттер және басқа да графикалық бейнелердің кеңістіктегі қатынастары мен құрылымын тануға адами қабілеттерді, әсіресе компьютер дисплейіндегі видеобейнелерді пайдалану кеңінен қолданылады. Территория туралы ақпараттармен жұмыс істейтін жобалаушылар кеңістік байланыстары мен құрылымдарын елестету үшін тематикалық карта түрінде кеңістік нысандарымен байланысқан кестелік деректерді көрсету бойынша ГАЖ мүмкіндіктерін тез арада бағалай біледі[1,2].

Екінші жағынан ГАЖ, басқа да ақпарат жүйелері сияқты сұрауларға жауаптар алуға мүмкіндік береді, бұрындары оларды жасау үшін көп мөлшерде құжаттар жинау керек болатын, сонымен бірге кеңістік-тарату ақпараттары жағдайында, ең болмағанда, екі түрін – графикалық (карталар) және графикалық емес (кестелер, есептержәне т.б.). ГАЖ ортада осы құжаттардан кеңістік-тарату ақпараттары кешенді атрибутивтік-графикалық деректер түрінде ауыстырылған, ол сауалдарды пайдаланушы үшін мейлінше қолайлы іске асыруға мүмкіндік береді.

ГАЖ ДБ-на кеңістік сауалдары екі негізгі түрден тұрады:

Белгілі нүктелермен (орналасқан жерімен) қандай сипаттамалармен байланысқан?

Қандай нүктелерде (орналасқан жерлерінде) белгілі сипаттамалар болады?

Кеңістік талдау кезінде кеңістікте қандайда-бір сипаттамасын анықтау мәселесін z=f(x, y)«бетін» тұрғызу есебі ретінде қарастыру керек, мұндаz – сипаттама мәні (атрибут), ал(x, y) – Жер бетінің координаттары. Егер атрибут біреу және жеке шкаламен өлшенетін болса, олардың мәндері еркін алынған тұтас сандар болуы мүмкін, мысалы, механикалық құрамы жағынаннемесе топырақ түріне, қайта салынатын бет кесекті-үздіксіз болады. Егер атрибуттар, қатарлы, интервалдық немесе салыстырмалы шкалаларда өлшенетін болса, мысалы, топырақтыңтығыздығы немесе кеуектігі,жер асты суының тереңдігі, онда қайта салынатын бет үздіксіз болып шығуы мүмкін.

ГАЖ ортада жобалаушы маман ақпаратты елестетудің әртүрлі варианттарын пайдаланып құрылыс алаңшасын жобалау бойынша, шешім варианттарын талдай алуының мысалы келтірілген. Дағдылы түрде ақпарат (изосызықтар түрінде) жайғастыру шешімін қабылдауға, рельефтің цифрлық моделі (РМЦ) түріндегі ақпарат топырақты үю немесе қазу бойынша жұмыстар көлемін дәл бағалауға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, геоақпараттық технологиялар қолдану РМЦ (рельефтің цифрлық моделі) тек жобалау жұмыстарын автоматтандыру үшін ғана емес, сонымен бірге жобалаушымен территорияны кеңістікте алдын-ала жобалау кезеңі алдында талдау, және де соңғы шешімді қабылдау үшін жобалау варианттарының нәтижелерін тиімді елестету үшін жүйелі пайдалануға мүмкіншілік береді.


Әдебиеттер
1. Баденко В.Л., Осипов Г.К. Моделирование природноаграрных систем // Научно-технические ведомости СПбГТУ, №4 (14), 1998

2. Арефьев Н.В., Баденко В.Л., Осипов Г.К. Оценка природно-ресурсного потенциала территории с использованием ГИС-технологий // Региональная экология, №1, 1998.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2014 II
konf 2014 II -> Әож 627. 886 Жалғастыру қҰрылымдарының жаңа конструкциялары
konf 2014 II -> Жұрымбаева Р., Қожамқулова Г. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
konf 2014 II -> Исследование влияния технологических факторов на прочность склеивания клеевых соединений
konf 2014 II -> Қазақстанның экологиялық ЖҮйесінің климаттың Өзгеруіне байланысты табиғи географиялық ареалының Өзгеру мүмкіншілігін бағалау рсалиева А. М., Асатова Е. С.,Асқанбек А. А
konf 2014 II -> Жаратылыстану ғылымдары Естественные науки
konf 2014 II -> С., Бақбергенова Н. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз,қ
konf 2014 II -> ӘОЖ: 627 03: 628. 06 Көкөніс консерві зауыттарыныҢ ақаба суларындағы қалқымалы заттарды торлармен тазалаудың тиімділігі
konf 2014 II -> Зерттелетін өҢірдің климаттық ерекшеліктеріне байланысты қазақстанның ОҢТҮстік су ресурстары қорларына болжам жасау мейрбекова А. С., Омарова Ғ. Е.,Тұрсын Б
konf 2014 II -> Әож 631. 862 Биогаз қондырғысына механикалық араластырғыш қҰру мәселесі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет