"ҚазАвтоЖол" қысқы жол жөндеу жұмыстарын уақтылы орындамағаны үшін филиал басшылығын жауапкершілікке тартылды деген ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pexels-тен

Компанияның айтуынша, жолдың қысқа дайын болмағаны туралы ақпарат жалған.

"Бұқаралық ақпарат құралдарында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Жамбыл облыстық филиалы басшылығының жауапкершілікке тартылғаны туралы ақпараттың таралған. Бүгінгі таңда Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар тас жолдармен жүру қамтамасыз етілген. Көліктер үшін жол қозғалысына шектеулер енгізілген жоқ", — деп хабарлады ұйым.

Сонымен қатар, "ҚазАвтоЖол" Жамбыл облысы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау желісі 883 шақырымды құрайтынын алға тартты. Мұнда қысқы уақытта қар тазалауға 96 бірлік техника жұмылдырылып, көктайғаққа қажетті материалдар қоры жинақталған.

  • 2024 жылы Қазақстанда айыппұл мөлшері қалай өзгереді

  • 1 қаңтардан бастап Қазақстанда газбен жүретін көліктерге арнайы белгілер орнату міндетті болды

"Өздеріңізге белгілі, 2023 жылдың 11 желтоқсаны мен 17 желтоқсаны аралығында Жамбыл облысында ауа райының қалыптан тыс нашарлауы нәтижесінде (қатты қар жауып, дауылды жел мен тұманға байланысты) облыс әкімінің шешімімен Жамбыл облысында Қордай және Шу аудандарында жергілікті ауқымда табиғи төтенше жағдай жарияланды. Осыған байланысты автомобиль жолдарының учаскелерінде жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 20 рет көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді”,- деп қосты "ҚазАвтоЖол".

Сонымен қатар "ҚазАвтоЖол" жолдарды тазалау жұмыстары нормативтік мерзімге сәйкес жүргізілгенін алға тартты.

“Ауа райының нашарлауы кезеңінде қолайсыз ауа райының салдарын жоюға 120-дан астам техника жұмылдырылды, сонымен қатар көршілес облыстардан қосымша техника әкелінгенін атап өткен жөн. Қысқы жөндеу жұмыстарын уақтылы орындамағаны үшін адамдарды жауапкершілікке тарту туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", — деп түсіндірді "ҚазАвтоЖол".


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.