«Даламның исі бұрқырап, қарттарым аман-сау жүрші!»



жүктеу 74.49 Kb.
Дата27.03.2019
өлшемі74.49 Kb.
түріСценарий




Қарттар мерекесіне арналған

«Даламның исі бұрқырап, қарттарым аман-сау жүрші!»

атты кеш сценарийі

1
Сценарий мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Сабақтың безендірілуі: 1. Плакатқа жазылған өлең жолдары, мақал-мәтелдер;

2. Фотокөрме «Қариясы бар үй қазына»

3. «Қариясы бар үй қазына» тақырыбындағы эссе көрмесі;

4. Қарттар үйінен видеосюжет.



Фотокөрме мен жазылған эссеге бәйге жарияланады.

Н. Тілендиев «Ата толғауы» күйі ойнап тұрады

1-Жүргізуші: 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Биыл міне, Халықаралық қарттар күні мерекесіне 26 жыл толғалы отыр.
Сіздердің құрметтеріңізге 4 «Ә»сынып оқушыларының орындауында ән. ( )

1-Жүргізуші:

«Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,

Зейнет емес бейнеттен арылмаған.

Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,

Қариялар өзіңді ел сыйлаған»


1-оқушы: (.........................................)

Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Ақыл кенін арқалаған аталар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар

Армысыз асылдарым

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары
2-Жүргізуші:

Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды мерекелерінізбен шын жүректен құттықтаймыз! (бәрі хормен)
1-Жүргізуші:

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген қарттардың орны ерекше. Сол ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Даламның исі бұрқырап, қарттарым аман-сау жүрші!» атты кешіміздің беташар сөзін мектебіміздің ....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................... береміз.
2-Жүргізуші:

Дүниеге келер бір рет, Құрыштан құйған құдірет-деген өлең жолдары кімдерге арналған? (көрермендердің жауабы).

Әрине, қарттарымызға.
2-Жүргізуші:

Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» атты оқушылар шығармашылығына құлақ түрелік.

(Тақпақтары мен эссе оқылады:.................................................................................................................................................... )

4 «А» сынып оқушыларының орындауында «БИ.Синий платочек»

1-Жүргізуші:

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап

Ниеті ақ, көңілі кең даладай

Кімге болсын қарттық жетер аяңдап-дей отырып, келген қонақтар..................................................................... .............................................сөз береміз.
3-оқушы (Еркебулан)

Атам менің әманда әдепті жан бол деген

Атам сөзі санамда жасы үлкенге жол берем

Алдын орап кісінің кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің сәлемдесіп қол берем.
4-оқушы (Нұртас)

Атам менің әманда кішіпейіл бол деген.

Ата сөзі санамда мақтанбауды жөн көрем

Қалдыратын ұятқа жалған сөзге төзбеймін

Жеткізеді мұратқа тек шындықты көздеймін.
5-оқушы (Даниал)

Атам менің әманда әділетті бол деген.

Ата сөзі санамда жүрмін тура жолменен
4 «В»сынып оқушыларының орындауында. Флешмоб«БИі»
6-оқушы (Бауыржан )

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар.

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің жұртың ұл мен қызың бағалар


7-оқушы (Әсел)

Ана мейір күн көзімен пара – пар.

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар!
8-оқушы (Елдос)

Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса, құлама

Ер жетсем де еркелігім қалмайды,

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!

4 «Б»сынып оқушыларының орындауында «Қаражорға» биін тамашалаңыздар.
2-Жүргізуші:

Ата күні - әже күні әлем күні

Әлемді тебірентер ақылды үні

Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде

Ұғып ал бөбектерім сендер мұны.
4 «ә»сынып оқушыларының орындауында (ӘЖЕ )әні. Қабыл алыңыздар.
1-Жүргізуші:

Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп, сол үшін қамқорлық іс - әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.

Тақпақтар: 4 «Б»

4 «В»сынып оқушыларының орындауында. Ән (Әке-ана)

9-оқушы (Назым)

Тұра – тұршы есейгенде ұл – қызың

Жүре тұршы жалғанғанда үзігің

Маған бақыт неге керек ақ әже – ау

Өзің бірге көре алмасаң қызығын
10-оқушы (Адия)

Көп жасаған қария

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты
2-Жүргізуші:

Қазына-қарттар қайда жүр? Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?
1-Жүргізуші: Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата – анасын ардақ тұтып өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.

видео

11-оқушы:

Қай жерде де ата – анаға қызмет көрсетуге тиістіміз. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар.
12-оқушы:

Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата – анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты.
Көрініс: «................................................» 4 г сынып оқушылары ... .

Би:

2-Жүргізуші:

4 «ә»сынып оқушысының биін қабыл алыңыздар. «...................................»

Көкке өрмелеп көңілің

Нұрға толсын өмірің

Бақытты бол жан әке

Ұзақ болсын өмірің-деп,

.............................................................................................................ән қабыл алыңыздар... .

Егеменді ел болып қалыптастық,

Өркениетке нақты қадам бастық.

Туған жердің тұғыры биік бол деп,

Шын жүректен ән – жырды сыйға тарттық
Оқушылардың тілектеріне құлақ салыңыздар

Абырой амандығың арта берсін

Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.

Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,

Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Тыныштық елімізге бере берсін.

Молшылық жерімізге ене берсін.

Соғыстан ел жұртымыз аман болып,

Қызығын бейбіт өмір көре берсін

Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін

Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін

Тап-таза абыройлы болғаныңды

4 «А»сынып оқушыларының «Қазақ жастары» әнің қабыл алыңыздар.
Қазіргі ел билеген жастар көрсін - деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет.



Арсыз күлкің тиылмас, жылауың да,

Айтысың да басылмас, ылаңың да.

Араздасып ағайын кетер еді,

Бір қария болмаса бір ауылда.
Атасыз үй – батасыз,

Анасыз үй – панасыз.




Есік алдында төбе болса,

Ерттеп қойған атпен тең.

Ауылыңда қария болса,

Жазып қойған хатпен тең.


Шалды шақыр, асыңа келсін,

Шалдығына күл, басыңа келсін.


Алтыға дейін бала ерке,

Алпыстан кейін шал ерке.


Қартайдым деп, қайғырма,

Жас бала бар артында,

Жалғызбын деп, қайғырма

Жақсылар бар артында.






Құрметті Күләнда ап

Сізді 08 қазан сағат 13.00-де болатын «Даламның исі бұрқырап,қарттарым аман-сау жүрші» атты қарттар күніне арналған мерекелік кешімізге шақырамыз.

167 мектеп 8ә және 5б сынып оқушылары
Каталог: uploads -> konspekt -> klass-chas
klass-chas -> Ұлғайту. Ата-аналардың өз ұлттық салт дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ата-аналаға қазақтың көне сөздері және ырым, тыйым
klass-chas -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрлері
klass-chas -> Сайыс тақырыбы: «Көктем аруы»
klass-chas -> Жер судың аты, тарихтың хаты
klass-chas -> Тєуелсіздіктіњ тањы-жарќын
klass-chas -> Ы. Алтынсарин атындағы жоббм “Қазақ халқының ерлік істері”
klass-chas -> Ұстазым, сізге арнаймын
klass-chas -> 19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейтова Айгерім 19. 03. 2015 жыл Тәрбие сағаты
klass-chas -> Тип урока: Сообщение новых знаний
klass-chas -> «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет