Дамытушы ойындар



жүктеу 337.37 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі337.37 Kb.

Бастауыш сыныптардағы ойын түрлерінің жүйесі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген. Бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға мүмкіндік береді.

Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын – балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы.Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді.

Ойын –бала әрекетінің негізгі бір түрі.Бала үшін ойын -өмір сүрудің белсенді формасы,сол арқылы ол ересектерге еліктейді,олардың іс -әрекеттерін қарым-қатынастарын үйренеді,еңбектің мәнін түсінеді,адамгершілік нормаларды игереді,әлеуметтік рөлдер атқарады.

Бала алғаш өмірге келген күннен бастап,заттық іс-әрекект арқылы дүниені танып білуге ұмтылады.Уақыт өте келе бала заттық іс -әрекеттен бірте-бірте ойын іс-әрекетіне ауыса бастайды.Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс-әрекетін бастан кешіреді.Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны,өмір сүріп отырған айналасындағы заттар,мен құбылыстарды танып,түсіну,іс-әрекеті ойыннан басталып,оның болашақ өмірінде оқу,еңбек іс-әрекетімен жалғасады.

Мектепке келген баланың үйреншікті ойын әрекетінен оқу іс-әрекетіне көшуі қиын екені белгілі.Балалардың жас ерекшелігіне сай,алты жасар бала 6-7 минут қана өнімді еңбек етуге бейім.Ал сабақтың ұзақтығы 35 минут.Сабақ өткізудің дәстүрлі түрі бұл жағдайда жарамсыз болып шығады.Сондықтан да біз үшін оқу үдерісінің негізгі де тиімді әрекеті ойын болып саналады. [1,15]

Жеке тұлғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде –ақ, атақты ғұлама ойшылдар ,философтар, педагог,психолог ғалымдар көріп,байқап,оны іске асыру жолдарын ұсынған.

Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келеді дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін демалу теориясын, Г.Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару, К.Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теорияларын жасады. Психолог А.С.Выготский: «бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді» - дейді. [2,150]

Ойын туралы қазіргі көзқарастар оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге бейімделуін жеңілдетеді (Д.Б.Эльконин), болмысты тануға көмектеседі. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Оқушылар ертегілерді, аңыздарды, әдеби шығармаларды, өмірден алынған оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды.Бұл жайында А.С.Макаренко: «Үлкендер өмірі үшін жұмыс,қызмет істеу,әрекет ету қандай орын алатын болса,балалар өмірінде ойын сондай үлкен маңызды.Ойында бала қандай болса,өскеннен кейін көбінесе сондай болады.Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады» деп жазды .

Я. Коменский «Ұлы дидактика» еңбегінде балалардың 6 жастан 12 жасқа дейінгі кезеңін өнер және қамқорлық тәрбие мектебі деп атаған.Бұл шақта балаларға өздеріне түсінікті ана тілінде білім беру керек,ал білім олардың есінде жақсы сақталуы тиіс.Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді,сондықтан оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді.Я .Коменский ойынды баланың қозғалуына қажеттілік ретінде қарастырады.Ол балаларға ойнау үшін көмектесіп отыру қажеттілігін,олардың іс -әрекеттерін бақылау керектігін атап көрсетеді. [3,150]

Қазіргі кезде де ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде орын алып, оның баланы дамытудағы мәні анықталуда.Зерттеушілер ойын арқылы оқу міндеттерін тиімді шешуге болатынын дәлелдеді.

Педагогикалық үдерісте ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады,балаларға қуаныш сыйлайды.Ойын балаға жаңа ортаға бейімделуге мүмкіндік береді.

Ю.Бабанский ойынды бастауыш сынып оқушыларының барлық әрекеттерін ынталандырудың әдісі деп қараған.Сондықтан да біз ойынды балаларды ойнату үшін емес , олардың білімге деген қызығушылықтарын арттырып,ой-өрістерін,дүниетанымын дамыту,білім алу үдерісін жеңілдету мақсатында ұйымдастырамыз. [4,40]

Бастауыш сынып оқушыларының қызмет әрекеті күшейген кезде оның құлшына ойнағысы келіп тұрады.Баланың ойын қызметін тоқтатамын,оған қайшы келемін деу ,ол баланың талантын жеделдетіп,жан-жақты ашылуына тосқауыл жасаймыз.

Балалар ересектерше бірлесіп өмір сүруге ұмтылысында ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып,еңбектік өмірді ғана емес,сол сияқты әлеуметттік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді.Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рольдік ойынның пайда болуының негізіне айналды.Біраз уақыттан кейін балалар рольдік ойыннан ереже бойынша ойналатын ойынға ауысады.Біртіндеп ереже ойын әрекетін бірінші орынға қойып,ойын жеңіске жету бала үшін үлкен мәнге айналып,ойын еңбекке және оқу әрекетіне ұқсас бола бастайды.

Ойын технологиясы оқу үдерісінде оқушыларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдың бірі деп айтуға болады.Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы,сондықтан оларды жалықтырмай,әр түрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты ұйымдастырған жөн.Ойын түрлерін қолдануда оқушылардың ой-өрісін дамып,ойлау қабілетін арттырумен қатар,үйретілген,өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруіне мүмкіндік алады.Ойын технологиясының мақсаты-оқушылардың жаңа білім-білік дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету,ізденушілікке үйрету.

Ойын –балалар өмірінің нәрі,яни оның рухани жетілуімен рухани өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде,табиғат құбылысын тануда олардың көру,есту,сезу қабілеттерін,зейінділік пен тапқырлықтарые дамытады.Баршамызға белгілі ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп,өзі жасаған қимылына сенімі артады.

Сонымен ойын түрлері сабақта екі мақсатта қолданылады.

1.Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру,тілін дамыту,ынтасын артттыру;

2.Оқушыларды тапқырлыққа баулып,зейінін,байқампаздығын арттыру және ойлау қабілетін дамыту.

Ойын үстінде оқушылар өзі үшін жаттығулар орындап, оқумен жаттығады және ойын үстінде салыстыру арқасында тапсырмаларды орындауға тырысады, ойын оқушыларды ізденуге, жеңіске жетуге ынталандырып бұдан оларды тез қимылдауға, тез ойлауға, тез шешім қабылдауға және тапсырманы нақты орындауға әкеледі. Әрине, бұл жерде ойын ережесі сақталуы керек.

Жарыс элементі ойында әрқашанда маңызды болып келеді. Жарыста балалардың белсенділігі, жеңіске жету еркіндігі жоғарлай түседі.

Оқу үдерісінде ойын технологиясын тиімді қолдану төмендегі негізгі шарттарға жүгінеді:

-ойын оқушылардың алдына алдын-ала тапсырма ретінде қойылады;

-оқушылардың оқу әрекеті ойын әрекетіне бағынады;

-оқу материалы ойын құрамы ретінде қолданылады;

-оқу әрекетіне ойын жұмыс элементі ретінде кіреді;

-ойын нәтижесі бірден шығарылады;

-ойын барысында шыққан дауыстарды шу деп қабылдамау;

-ойыннан шығып кеткен балаға тапсырма беру;

-ойын барысында қиындық туса ,проблемаларды өздеріне шешуге уақыт беру;

-балаларға ойынның жауабын беруге асықпай,жауабын табуға түрткі болу;

Егер ойын сабақтың басында қолданылса,онда ойынның мақсаты оқушылардың ойын бір жерге жинақтау,жаңа сабаққа дайындау,немесе үй тапсырмасын сұрауға оқушыларды түгелдей қатыстыру,сондай-ақ олардың белсенділіктерін арттыру.

Егер ойын сабақтың соңында қолданылатын болса,онда мұғалімнің мақсаты оқушылардың шаршауына жол бермеу,көңіл күйлерін көтеріп,шаршағандарын ұмыттыру,білуге үйренуге деген ынталарын үстемелеу болып табылады.

Сабақта ойын ойнату кезінде осы аталған талаптар ескерілсе,ойын оқушының ынтасын арттырып,білім дағдыларын игеріп,іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді.

Енді кез-келген жүргізілетін ойын үдерісінің сипатын атап өтейік.

1.Бағдарлау.Мұғалім меңгерілетін тақырыпты беріп,онда қолданылатын негізгі ұғымдармен таныстырады.Одан әрі қарай ойынның сипаттамасына,

Ережелеріне,жалпы жүрісіне шолу жасайды.

2.Өткізуге дайындық.Мұғалім ойынның сценариін беріп ондағы ережелерге,тапсырмаларға,рольдерге,ұпайларды есептеу ережелеріне тоқталады.Осыларды анықтап алған соң қатысушылар арасында қысқартылған түрде ойынды байқау өткізіледі.

3.Ойынды өткізу.Мұғалім ойынды ұйымдастырып,ойын әрекеттерін қадағалайды,түсініксіз жерлерін ұғындырады.

4.Ойынды талдау.Мұғалім ойынның барысын талдау кезінде болған оқиғаларға шолу сипаттамасын жасайды және оны ойынға қатысушылардың қабылдауларына,кездескен қиыншылықтар мен пайда болған идеялар туралы айтып,талдауға оқушылардың белсене қатысуларына түрткі болады.

Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады. [5,28]

Қорыта айтқанда ойын түрі мен мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Ойынды таңдау кезінде оқушылардың техникалық деңгейін, сапасына қарай белгілі бір жүйеде жүргізілуін есте ұстаған дұрыс.

Ұлы класик педагогтар Я.А.Каменский, И.Песталоцци, А.Макаренко, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский және қазақ халқының ағартушы педагогтары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаевтар, ойынның маңызын айта келе, ойын дегеніміз -айқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Міне, ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, өмір тынысы дейді [6,15].Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.Олай болса ойын түрлерін дұрыс ,тиімді түрде қолдана білсек білім сапамыздың артары сөзсіз.Осы орайда өз іс-тәжірибемізден бірнеше ойын түрлерін ұсынып отырмыз.

 


Дамытушы ойындар

Дамытушы ойындардың мақсаты – сәби қолының бұлшық еттерін, есте сақтау қабілетін, қиялын дамыту және ерте жастан бала шығармашылығын ұштау, оны қалыптан тыс ойлауға үйрету. Ол үшін балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дәнді-дақылдармен, сіріңкемен, ермексазбен, түймелермен, кубиктермен, қағазбен ойналатын ойындар мен тапсырмалар таңдалып ұсынылған.[7, 63].

Ойындар мен тапсырмалар қолмен құрастыруға, талдауға, жинақтауға, әсемдікті түсінуге, салыстыруға, үйлестіруге, есте сақтауға баулиды.

Ойын шарттары қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға бірте-бірте ауыстыру ұстанымдарын басшылықққа алады.

Тапсырмаларды орындау барысында сіздер бұл жастағы балалардың зейінінің шоғырлануы мен тұрақтануы ұзаққа созылмайтынын естен шығармауыңыз тиіс. Ең бастысы баланың қызығушылығын тудыра білу. Ойын шарттарын түсіндіруден, көрсетіп беруден ерінбеңіз. Әрбір тапсырманы сәтті орындаған сайын мадақтап, көтермелеп қиялына қанат бітіріп отырсаңыз нұр үстіне нұр болмақ. Егер тапсырманы орындау барысында қателіктер жіберіп жатса, қай жерінде, неліктен, қандай қате жібергенін, оны түзеу жолын көрсетіп, көмегіңізді ұсынғаныңыз жөн. Және ойындар ұсақ нәрсемен ойналатын болғандықтан оларға алдын-ала қауіпсіздік туралы кеңес беріп, сақтандырып қойғаныңыз дұрыс.

Ойынның мақсаты.

Баланың ойлау қабілетін дамыту. Зейінін тұрақтандыру. Құрастырушылыққа үйрету.

Ойынға қажетті заттар:

Кубиктер, түрлі-түсті қарындаштар .

Ойынның шарты

Ойынды екі бала ойнайды. Берілген тапсырмалар бойынша кім бірінші орындаса, сол жеңімпаз болады. Ойын 3 түрлі тапсырмадан тұрады.

1

Кубиктерді рет-ретімен қойып В фигурасы шығатындай етіп боя.





  1. 2 3 4 5 6

В фигурасы №2

Артық ромбты алып бағдаршам жасап көр. Төмендегі үш белгіні көрсетіп боя.


А) өтуге дайындал

Ә) өтуге болады

Б) тоқта!



Мергендер

Ойын 5-7 жастағы балаларға арналған.



Ойын мақсаты: Кеңістікте бағдарлай білу, есте сақтау қабілетін, бала саусақтарының бұлшық етін дамыту. Ептілікке, дәлдікке тәрбиелеу. 1-20 дейінгі сандар ретін, алу, қосу, нөл санының мәнін ұғындыру.

Қажет заттар: сіріңкені 6 қорабы, қарындаш, желім, түйме, 1-5 ке дейінгі сандар жазылған кішкене қиық екі түсті қағаздар.

Ойынның шарты. 5 сіріңке қорабын қатарынан желімдейді. әрқайсысының түбіне ретімен 1-5 дейінгі сандарды жазады. Бұл реттік сандар мергендердің есептелетін ұпайы болып саналады. Түймені бірнеше қашықтықта тұрып, қораптарға лақтырып салу керек. Түйменің қораптың ішіне дәл түсуін қадағалау керек. Кімнің түймесі қандай сан жазылған қорапқа түссе, ол соншаұпай жинайды. Сіріңкенің 6-шы қорабына ұпай санын жинайды. Ойын осылай жалғаса береді. Түймені бір-ақ рет лақтырады. Түйме түспей қалса, ұпай саны 0-ге тең болады. Кім көпұпай жинаса, сол жеңімпаз болады.

ЕРМЕКСАЗБЕН ОЙНАЛАТЫН ОЙЫН

Кел, жарысайық ...

Ойын мақсаты. Бала зейінін тұрақтандыру, белсенділігін арттыру, онға дейінгі сандардың ретін, ауызша алу және қосуды, нөл санының мәніні түсіндіру. Саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін, байқампаздығын дамыту. Жолдастыққа, әділдікке тәрбиелеу.

Ойын шарты. Ойынды екі бала ойнайды. әрқайсысы ермексаздан төмендегі суреттегідей өзіне бес қояннан жасайды. Тиынды лақтырғанда (сан жағы) түскен бала ойынды бастайды. Ол бала тиынды қолына жасырады. Егер қарсыласы дәл тапса, онда досының қоянының құйрығын кесіп алады. Ал таба алмаса қарсыласы рның қоянының құйрығын кесіп алады. Біреуінің қояндарының бәрі құйрықсыз қалғанда ойын аяқталады. Қояндарының құйрығы аман қалған бала жеңімпаз болады.

Қажет заттар: 3 түрлі ермексаз, жеткілікті мөлшерде сіріңкенің талдары.


Буратиноның жұмысын тексер

Ойын 4-6 жастағы балаларға арналған.

Ойын мақсаты. Бала зейінін тұрақтандыру. Байқампаздыққа, қисынды ойлауға тәрбиелеу. Саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамыту

Ойын шарты.

Буратино жіберген қателікті кім бұрын тапса, сол жеңімпаз болады.

Қажет заттар: қара қарындаш.

Үлгі: ыста арығ баб

.....................................................................................................................................................жана.............................ан...............................тлкі....................................

Үлгі: Жа-ңал-ық Ойын-шық Жап-ал-ақ

.................................................................................................................................... .......... Үйр-ек...................... Үс-ен...........................күр-ек......................

КІМ КӨП ФИГУРА ҚҰРАСТЫРАДЫ?
Ойын 5-7 жастағы балаларға арналған.

Ойын мақсаты. Бала саусақтарының бұлшық еттерін дамыту. Есте сақтау, қисынды ойлау, құрастырушылық, үйлестірушілік қабілеттерін дамыту. Түстерді ажырата білуге дағдыландыру..

Ойын шарты.

Ойынды бірнеше бала ойнайды. Суреттегі фигуралардың аттарын дұрыс атау ккерек. Кім осы фигуралардың бірнешеуін қиыстырып көп жаңа суреттер салып, оларды түрлі-түсті етіп бояса, сол жеңімпаз болады.

Қажет заттар: қара және түрлі-түсті қарындаштар, ақ қағаз.












ЖАНУАРЛАР ҚАЛАЙ ДЫБЫСТАЙДЫ?

Ойын мақсаты. Баланың айналасын тануға, түрлі дыбыстарды ажырата білуге дағдыландыру,сөздік қорын молайту, қоршаған ортаны сүюге, белсенділікке тәрбиелеу, тілін дамыту.

Ойын шарты.

Ойынды бір топ бала ойнайды. Ойынға қатысушылар төмендегі суретке қарап жан-жануарлардың қайсысы қалай дыбыстайтынын айтуы керек. Кім көп білсе, сол «дәрігер» болып саналады да, қалғандарына «ем» белгілейді. Ем дегеніңіз айыптың түрлері. Мысалы, біреуі өлең айтады, екіншісі – жаңылтпаш, үшіншісі - жұмбақ, т.б.

Үлгі –жауап:

Жылқы - кісінейді, шұрқырайды, азынайды.

Сиыр – мөңірейді, өкіреді.

Қой, ешкі – маңырайды.

Түйе – боздайды, сарнайды.

Шошқа – қорсылдайды.

Ит - үреді, ырылдайды, арсылдайды, қыңсылайды.

Мысық – бырылдайды, мияулайды.

Тышқан – шиқылдайды.

Қаз – қаңқылдайды.

Үйрек - бырқылдайды, қырқылдайды.

Мекиен – қыт-қыттайды.

Әтеш – шақырады.

Бүркіт – саңқылдайды.

Торғай - шырылдайды.

Бұлбұл – сайрайды.

Қарға – қаңқылдайды.

Безгелдек – безгектейді.

Сауысқан – шықылықтайды.

Бөдене – бытпылдайды.

Шыбын – ызыңдайды.

Бөгелек – ызылдайды.

Бәкішек (шегіртке) - тызылдайды.

Жылан – ысылдайды, сусылдайды.

Бақа – бақылдайды, бақырады.

Аю – ақырады, бақырады.

Қасқыр – ұлиды, ырсылдайды.

Түлкі – ырсылдайды, шәңкілдейді.

Күзен – шақылдайды.

Суыр - шулайды.

Борсық – пырсылдайды.

Құндыз – сыңсиды.

Арыстан - күркілдейді, ақырады.

Жолбарыс – гүрілдейді, бұрқанады.


ҚАРАП АЛ ДА, САНАП АЛ!

Ойын мақсаты. Қоршаған ортаны тануға, әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Деректі ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты.

Ойынды бастау үшін екі бала бір-біріне жұмбақ жасырады. Кім бұрын шешсе, сол ойынды бстайды. Төмендегі суреттегі қара бантигі бар барлық қыздарды тік сызықпен, қара шашы мен қара бантигі бар қыздарды көлденең екі сызықпен шатаспай және бірінші болып кім сызып шықса, сол жеңімпаз болады.

Қажет заттар: қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, суреттер.

Ал, балалар, балалар,

Қағаз бенен қалам ал.

Сурет салайық,

Қане, қара қандай мал?

(балалар суретін көрсетеді)

Үй құстарын табайық,

Суреттерін салайық.

(сурет көрсетеді)

Суретін салдық біз,

Бәрін тауып алдық біз.

Ал, балалар, балалар,

Қағаз бенен қалам ал.

Екі ешкінің мүйізі,

Қане, қанша болады?

Қане, кімдер табады?

(балалар ешкінің суретін көрсетеді)

Түспесе ешкі мүйізі,

Міне мұнша болады.

(2+2 ═ 4 деген жазуды көрсетеді).

Ал, балалар, балалар,

Қағаз бенен қалам ал.

Алты әріптен тұратын бізде қандай қала бар?

(суретін көрсетеді).

Ал, балалар, балалар,

Міне мұндай қала бар.

(«Алматы» деген жазуы бар қағаз көрсетеді).

Жақан Смақов.


АЛФАВИТТІК МЕТАГРАММАЛАР
Ойын мақсаты. Есте сақтау, қисынды ойлау, байланыстырып, жүйелі сөйлеу қабілеттерін дамыту. Белсенділікке, зеректікке, шапшаңдыққа, өзгенің

Ойын шарты.

Ойынды бірнеше бала ойнайды. Олар метаграммаларды қайталап, тез-тез сол әріптерден басталатын сөздер айтып, ол сөздерден сөйлем құрауы керек.кім жылдам және дұрыс сөйлем құраса, сол жеңімпаз болады.

* Тоқта бар,

Шоқта жоқ (Т)

* Сазда бар,

Тазда жоқ. (С)

* Шөлде бар,

Көлде жоқ. (Ш)

* Темірде бар,

Көмірде жоқ. (Т, Е)

* Жаңбырда бар,

Қарбызда жоқ. (Ж)

* Бояуда бар,

Суретте жоқ.

Қоянда бар,

Көжекте жоқ. (Я)

* Жұлдызда бар,

Жерде жоқ.

Өзенде бар,

Көлде жоқ. (З) Жақан Смақов.


ҚИМАҚ

Ойын 5-7 жастағы балаларға арналған.

Ойын мақсаты. Баланың зейінін шоғырландыру, есте сақтау қабілетін, кеңістікте дұрыс және дәл бағдар ұстай білу қабілеттерін, икемділігін дамыту. Достыққа, әділдікке, белсенділікке тәрбиелеу.

Ойын шарты.

Жіп керіп, сол керілген жіпке әр түрлі ұзындықта сан алуан заттар байлап қояды. Ойын көңілді болу үшін бос қағазды да қомақтап орап байлап қою керек. Балалар қайшымен ойнайтын болғандықтан қауіпсіздік ережесін түсіндіру керек және ойыншық қайшыны пайдаланған жөн. Алдымен балалар ілулі тұрған заттарға жақсылап қарап алады. Сосын, бір баланың көзін байлап, ойын бастаушы оны қолына қайшы ұстатып «осылардың ішіненқалағаныңды қиып ал» дейді. Ойынға шыққан әр бала бір-ақ рет талпыныс жасауы тиіс. Кім өзі қалаған затын дәл тауып қиып алса, сол жеңімпаз болады.

Қажет заттар: жіп, қарындаш, қалам, кәмпит, дәптер, ойыншықтар, қомақталған қағаз т.б. қалаған заттар.

ЖАҢЫЛЫСҚАН ҰТЫЛАДЫ

Ойын мақсаты. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Зеректікке, белсенділікке, шапшаңдыққа, әділдікке, достыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты.

Ойынға қатысушылар дөңгелек шеңбер бойына қатарласа тұрады. Бастаушы шеңбер ішінде болады. Ол ойнаушыларға қандай қимылдарды жасамау керек екенін (мысалы, қолдарын жоғары көтермеу) айтып түсіндіреді. Бұл қимылдарды ойнышылардың естерінде қалай сақтағанын байөау үшін оны бірнеше рет қайталап тексеріп көреді. Музыканың қостауымен бастаушы бірнеше еркін қимылдар жасайды. Мұны ойынға қатысушылар қайталап отырады. Кенет бастаушы басқалар істемеуге тиіс қимылдарды да жасайды. Осы қатысушының қайсысы жаңылысып, қайталаған болса, ол ұтылған болып есептеледі.

Қажет заттар: музыка.

Сызықпен байланыстыр.

Жемістер шие тауық үйрек сәбіз


Киімдер тақия етік қолғап балта ара күрек

Үкі сауысқан бүркіт ешкі қой бота қаз

Құстар маймыл мысық егеу
Санда қанша бірлік бар?

Мақсаты:оқушыларды санның құрамын анықтауға жаттықтыру.

Ойын шарты:Мұғалім үш таңбалы санды атайды,ал оқушылар қатар бойынша (1-қатар –бірліктер санын,2-қатар-ондықтардың санын,3-қатар жүздіктердің санын көрсетеді.) карточкалардың көмегімен бұл санда қанша бірлік,ондық,жүздік бар екенін айтады.

«Футбол»ойыны

Мақсаты: Оқушылардың танымдылық белсенділігін дамыту.

Ойын шарты:Ұлдар мен қыздар командасы қарсыластарына үйден құрастырып келген мысалдарын көрсетеді.Есептердің жауабын қатесіз тапқан команда жеңіске жетеді.

«Күн мен түн» ойыны



Мақсаты:Оқушыларды әдемілікке тәрбиелеу,ойлау қабілетін дамыту.

Ойын шарты:Бүл ойын сабақтың мазмұнына сай әр пәнге қолдануына болады.Мысалы: Түн.Осы уақытта оқушыларға карточкалар таратып беремін.Оқушылар көздерін жұмып,музыка әуенін тыңдап отырады. Күн дегенде көздерін аш ып, алдындағы тапсырмаларды орындайды.

«Үндемес» ойыны

Мақсаты:Бірлікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу,оқушылардың білімін сараптау.

Ойын шарты:1.Оқушыларға алдын-ала тапсырмалар таратып беріледі белгілі бір уақыттың ішінде оқушы сол тапсырмаларды орындауы тиіс.

2.Мұғалім оқушыларды топқа бөліп,әр топтың оқушыларына тақтаға арнайы тапсырмалар дайындалып қояды.Қай топ,үндемей,бірінші орындаса сол топ жеңіске жетеді.



«Кім көп сөз айта алады?» ойыны

Мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілатін дамыту.

Ойын шарты: Оқушыларға тақтаға сандар беріледі.Сол сандардың алғашқы әріпінен оқушылар сөз ойлап айтуы керек немесе осы тапсырманы күрделендіріп,сөйлем ойлап айтуға да болады.5,4,3,5.

1.Бақа,төсек,үтір,бекіре.

2.Басқа тауықтарды үңгірге бағыттадым.
«Артық затты тап» ойыны

Мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Ойын шарты:Оқушылардың жас ерекшелігіне ,сабақтың тақырыбына байланысты мұғалім әр түрлі бағыттағы,мазмұндағы тапсырмалар жиынтығын ұсынуына болады.





«Тапқыр болсаң тауып көр» ойыны

Ойын мақсаты:Оқушылардың шығармашылық,ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты:Оқушыларға көп нүктенің орнына ұйқасын тауып жазу керек.

Жазу үшін саған

Қажет қағаз,(қалам)

Дауысына құлақ түр

Жер жыртып жүр,(трактор)

Қарды қояр күреп,

Керек жалпақ,(күрек)

«Жаңылмаймын» ойыны

Ойын мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты:Мысалы 1-ден 30-ға дейін санау,3-ке еселік санды «жаңылмаймын»деп санауы керек.



«Өрле және қайта түс» ойыны

Ойын мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты:Бұл ойын өлшеуіштер тақырыбына арналған.Ұсақ өлшнуіштерден ірі өлшеуіштерге ,ірі өлшеуіштерден ұсақ өлшеуіштерге дейін айтып шығады.

«Есті жаттықтыру» ойыны

Ойын мақсаты:Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты:Ойнаушылар саны шектелмейді.Ойыншының біреуі қандай да бір санды айтады.Келесі ойыншы оны қайталайды және өзі бір сан айтады.Келесі ойыншы оны қайталап және өзі бір сан айтады.Үшінші ойыншы осы алғашқы екі санды қайталап,өзі басқа санды айтады.осылай жалғаса береді.Санды шатастырып алған бала ойыннан шығады.

Ойын басталарда бір оқушыны төрешілікке қояды.Ол адавм аталған санды қағазға жазып отырады.


«Көрегендікке,байқағыштыққа жаттықтыру» ойыны

Ойын мақсаты:Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойын мақсаты:Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойын шартыОйын шарты Ойын шарты. 1-ден 30-ға дейінгі сандар кескінделген.Оларды неғұрлым тезірек тауып,ретіменсанап шығу керек.Егер сен тауып 1-2 минутта санап шыға алсаң,өте тез,байқағыш екеніңді көрсете аласың.Мына сияқты шытырман фигураның ішіне сандарды орналастыру керек.
«Арифметикалық домино» ойыны

Ойын мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты: Бұл ойынға төмендегідей карточкалар дайындап алу керек.Карточкаларды қатты картоннан немесе пластмассадан жасаса ойнау үшін өте ыңғайлы болар еді.


═400

15*30




═ 3

40*5




═450

210/70

Ойынды қолында ең үлкен карточкасы бар бала бастайды.Қойылған карточкаға ойыншылар амал дұрыс болатындай етіп,қою керек.Осылай кім бірінші доминоны аяғына дейін қойып бітеді,сол жеңіске жетеді.
«Хоп» ойыны

Ойын мақсаты:Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты .Ойыншылар саны шектеусіз.Алдымен кезектесіп 1-ден 30-ға дейін 3-ке бөлінетін сан келгенде оның орнына «хоп»дей отырып санайды.Кім қателесіп қалатын болса ,сол ойыннан шығады.Кім ешбір қате жібермесе сол жеңіске жетеді.Мысалы:1,2, «хоп»,4,5, «хоп» сол сияқты....
«Кім бірінші 81-ді атайды?» ойыны

Ойын мақсаты:Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты .Бұл ойынды екі кісі ойнайды.Бірінші ойыншы 1-ден 9-ға дейін кез келген санды атайды.Екіншісі бұған кез келген 9-дан кем санды қосады да,қосындыны айтады.Міне осылайша ең соңында 81-ді атаған бала жеңіске жетеді.

«Самса санауға көмектес» ойыны

Ойын мақсаты:Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты:Оқушылар мұқият тыңдап жауабын айту керек.

Арман,Алмас ,Марат үшін

Апам пешке самса салды,

Самса пісіп даяр болды,

Мысық бірін ала салып,

Жүк астына тыға қойды.

Немересі санады да,

Төртеу бар деп айғайлады.

Егер келсе шамаңыз,

Самса нешеу санаңыз.



«Геометриялық лото» ойыны

Ойын мақсаты:Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты . Оқушының алдына ,әр түрлі геометриялық фигураның суреті салынған карточка болады.Кез келген фигураның аты аталады,ал оқушылар фигураның бетін жабады.

«Диірмен » ойыны

Ойын мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Ойын шарты . Бұл ойынға екі бала қатысады.Бұған ерекше жағдайдың қажеті жоқ:бір парақ қағазға суреттегідей етіп ұяшықтар салуы керек.Оған қосаәр ойыншыға үш-үштен екі түсті 6 дөңгелек жасалуы керек.Алдымен ойыншылар кезектесе отырып,қалаған ұяшыққа бір-бірден дөңгелектер қояды.Барлық дөңгелектерді қойып болған соң,сызықтың бойымен жаңа орынға қарай кезекпен жылжытады.Сонда кім өзінің үш дөңгелегін бір түзудің бойына жайғастырса,сол ұтады.Бұл ойында жеңіс мүмкіндіктері бірдей емес,себебі әр уақытта да,егер аңғарып ойнаса,бірінші бастаған ойыншы жеңуі керек.Ол үшін өзінің бірінші дөңгелегін бес нүктесіне қойса болғаны.


«Әріпті тап » ойыны

Ойын мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін ,таным белсенділігін арттыру.

Ойын шарты .Тақтайшаға,не тақтаға түрлі әріптер орналастырады.Бір әріп бірнеше рет болуы мүмкін.Мұғалімнің айтуы бойынша аталған әріп неше рет кездесетінін санап айтуы керек.Кім әріп санын дұрыс айтса ,сол,жеңіске жетеді.

«Аңдарға көмек » ойыны

Ойын мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін ,таным белсенділігін арттыру.

Ойын шарты . Орманда көп аңдар жиналған,олар концерт қоймақшы екен.Әрқайсысы бірінші болып ән айтқысы келеді.Бір-бірімен дауласып тұр.Маймыл тұрып: «Алфавит ретімен концерт қояйық»-дейді.Бәрі оны қостайды.Бірақ алфавитті олар білмейді екен.Біз оларға көмектесейік.Кезекпен тақтаға шығып жануарларды алфавит ретімен қойып шығады.Егер оқушы қателессе ойыннан шығады.Келесі күні алфавитті айтып келуге дайындалады.
«Жасырынған қандай ағаш » ойыны

Ойын мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін ,таным белсенділігін арттыру.

Ойын шарты.Мұғалім ағаштың сырт бейнесін,үлкендігін ,кішілігін,жапырақ түрін,түсін айтқан кезде сол айтқан ағаштың суретінің жанына жүгіріп баруы керек.Зейінді,тапқыр бала мадақталады.
«Жұбын тап» ойыны

Ойын мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін ,таным белсенділігін арттыру.

Ойын шарты.Мұғалім оқушыларға ағаштың жемістерімен жапырағын ұсынады.Оқушылар соны сәйкестендіріп,табу керек.
«Болады,болмайды.» ойыны

Ойын мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін ,таным белсенділігін арттыру.

Ойын шарты.Мұғалім әр жыл мезгіліне байланысты ауа райын, балалардың үлкендердің іс-әрекеттерін айтады.Балалар дұрыс жауапты іздейді.

-Қаржауды,жауқазын гүлдеді./Болмайды/

-Гүлзарда раушан гүлі гүлдеп тұр,ал ағай қар күреп жүр./Болмайды/

-Жапырақтар сарғайып жерге түсті,балалар бірінші рет мектепке келді./Болады/

-Көк шықты,құстар жылы жаққа ұшты./Болмайды/

Ұлттық ойындар

Бүгінгі күні алдымызда тұрған негізгі мәселелелердің бірі-бала денсаулығы. Мәліметтерге сүйенетін болсақ оқушылардың 80%-ында әртүрлі аурудың белгілері бар.

Сондықтан да соңғы жылдарда мектеп оқушыларының психикалық дамуы мен тәрбие үдерісіне,денсаулығын нығайтуға,салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыруға ерекше мән беруде.

Мемлекет,отбасы, мектеп,адамның өзі үшінде денсаулық-шешуші саясат және демографиялық мүдденің түйіні.Зерттеуші Ж.Ембергенованың пікірінше «Салауатты өмір салты дегеніміз-адамның өмір сүруі үшін қажетті іс-әрекеті мен қызметіндегі ақыл,парасат байсалдылығын,сабырлы сана –сезімін,жалпы адамның рухани деңгейін көрсететін,жеке тұлғалық мінез нормасы мен өмір сүру тәсілінің жүйесі» екен. [8,11]

Олай болса , салауатты өмір салтын қалыптастыру біздің міндетіміз болып табылады.Осы орайда, бастауыш сыныпта қолданатын ұлттық ойындарымыздың атқаратын ролі ерекше.Ежелден ата-бабаларымыз «Адам ақылымен сымбатты,ұрпағымен қымбатты»деп санаған халқымыз тұрмыс тіршілігіне байланысты туған ұлттық ойындарды бала тәрбиесіне лайықтап,шебер пайдалана білген.

Қазақтың ұлттық ойындары беске бөлінеді.Олар:Аңға, малға,түрлі заттармен ойналатын,зеректілікті ,ептілікті,икемділікті талап ететін ,соңғы кезде қалыптасқан ойындар.Олардың негізгілерінің өзінің саны жүзден астам.

Этногроф ғалымдарымыздың пайымдауынша,ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.зб.бірінші мыңжылдықта–ақ қалыптасқан.Олардың ішінде тоғызқұмалақ,қуыршақ,асық ойындары кеңінен таралған.

Қазақтың ұлттық ойындары –оқушы ағзасы үшін өте маңызды бағасы жоқ сауықтыру,денсаулықты нығайту,салауаттты өмір салтын қалыптастыру шараларының бірі. Ұлттық ойындар баланы дамытып қана қоймайды,тәрбиелейді.

Біріншіден,жаттығулар жасап,ұлт ойындарын ойнаған кезде дене дамуы жақсарса, екіншіден,ұлт ойындарының мазмұнын,ойнау тәртібін түсіндірген кезде ұлттық әдет-ғұрыпымыздан,өткен өмірімізден хабардар етеді.Тәрбие жұмысын ұлттық дәстүрге сәйкес жүргізу ,ал тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау,ұлттық сана сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік,мәдениетті ,парасатты,ар-ожданы мол,еңбекқор,іскер бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. [9,10]

Мысалы,бастауыш сынып оқушылары үшін «Ақсерек-Көксерек» ойынын ойнатқанда ,ойын қанша қызықты болып,балаларға ұнағанымен,олардың екпіндей жүгіріп,ұстасқан қолдарды бұзып өтуге күштері жетпіспейтінін аңғартуға болады.Ал үшінші сынып оқушыларына бұл ойынды жеңілдетіп пайдаланған жөн.

Ойын мектептің дене шынықтыру алаңында өтеді.Ойынға арнайы жабдық-тардың қажеті жоқ.Ойнаушылар екі топқа бөлінеді.Екі топ бір- метр қашықтықта бірбіріне қарама –қарсы қол ұстасып тұрады.Мұғалімнің көмегімен әр топ өздеріне басқарушылар сайлап алады.Топты басқарушылар топтың оң жағында тұрады.Бірінші топтың басқарушысы: «Ақсерек пен Көксерек,бізден сізге кім керек?» деп екінші топтан сұрайды.Екінші топтың жетекшісі керек адамның атын айтады.Аты аталған бала жүгіріп келіп,шақырған тізбектегі ойнаушылардыңұстасқан қолдарын әлсіз жерінен үзіп өтуге тырысады.

Егер тізбекті үзіп өтсе,сол екі ойыншының біреуін өз тобына ертіп әкеледі,үзе алмаса, өзі сол топқа қосылады.

Ендігі шақыруды екінші топ бастайды.Сөйтіп, ойын созыла береді.Бұл ойынды мұғалім сабақтың ортасында қолдануына болады.Сабақтың аяғына қарай байсалды ойындарға,не жаттығуларға көшкен дұрыс.Ойындвы дене шынықтыру сабағының барлық тақырыптарында қолдануға болады.Мұнда оқушылардың дене тәрбиесіне арналған жаттығулардың барлық түрі бар,әсіресе,жүгіруге ,бұлшық еттерінің жетілуіне әсері мол.Ойынның сондайақ тәрбиелік мәні өте зор.Оқушылардың ұжым болып қалыптасуына әсер етеді.

Жоғарыдағы айтылған ойынды бастауыш сынып оқушыларына көбіне қолдансақ, садақ тарту,асық ату,алтыбақан ойындарын ортаңғы буын балаларына ойналған дұрыс.Бұл ойындар оқушыларды нысанаға дөп тигізуге үйретеді.Асық ату ойыны көз жітілігін ,мергендікті дамытады,баланың бойында еріктілікті,ұстамдылықты қалыптастыруға,қарсыласын сыйлай білуге,адалдық және басқа да ізгі қасиеттерді қалыптастыруға негіз болады. [10,28]

Қазіргі кезде әр сыныпта денсаулығына байланысты дене шынықтыру сабағынан жыл бойына босатылған немесе қандай да бір уақыт аралығына босатылған оқушылар болатыны бізге мәлім.Бұл оқушыларға арналған арнайы бағдарламалардың жоқтығынан көпшілік мұғалімдеріміз қиналып қалады.Осындай кездерде ұлттық ойындардың атқаратын ролі ерекше. Ойын ережесі бойынша ойынды тек асығы бар балалар ғана ойнайды.Асық ойындарының түрлері өте көп.Олар:Алшы, Көтеріспек, Кетсін бір, Құмар, Омпы, Хан ату т.б.Осы ойындардың біреуінен мысал келтіре кетейік. Көтеріспек (атбақыл)

Халық арасында атбақыл деп аталып кеткен бұл ойынға екі бала қатысады. Олар бұл ойынды өздері келісіп алып, ұнатқан жерінде ойнай береді. Ойыншылардың әр қайсысында тек сиырдың асығы болу керек. [11,23]
Ойын ережесі:

Ойыншылардың екеуі өзара келісуімен біреуі сақасын алысырақ иреді, екіншісі сол сақа иірілген орнынан тұрып, иірілген сақаны атады. Бірінші атқан бала қарсыласының сақасына тигізсе, онда қарсыласы сол атқан жерден оның сақасының жатқан жеріне дейін көтеріп апарады да, сол жерден сақасын қайта иіреді. Ал қарсыласының сақасына тигізе алмаса қарсыласы өз сақасын алып сол орнынан бірінші ойыншының сақасын атады.

Егер атқан сақасына дәл тигізсе олда соны істейді, тигізе алмаса қарсыласы қайта атады, сөйтіп, бірінің сақасын бірі атып екі бала алдыға қарай жылжи береді. Ойынды қанша уақытқа созса да балалардың өз еркінде.

Омпы

Асықты мұртынан не болмаса жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Бұғанда асығы бар балалар қатысады. Оны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішіндеде ойнай береді. Екі баладан 10 балаға дейін қатысса ойын қызықты өтіп, ешкімді жалықтырмайды. Негізгі мақсат көп асық ұтып алу.



Ойын ережесі:

Ойыншылар арасы 20 адым екі көмбе сызалыда көмбенің тең ортасына сызық бойынша ойышылардың әр қайсысы екі асықтан көнге тігеді. Тігілген асықтың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар бірінің артынан бірі қатарға тұрады да, кезек-кезек қолдарындағы сақаларымен, 10 адым жердегі омпыны атып түсіруге, сөйтіп асық ұтып алуға кіріседі.

Егер бір бала ортада тұрған омпыға бірден тигізсе, онда көндегі асықты сол алады. Ал омпыға тигізе алмай тұрған асықтардың кез-келгеніне тигізсе, сол тиген асығын ғана алады. Көндегі асық таусылған сайын балалар асықты қайталап тігіп оытрады.

Қорытындылай келетін болсақ, асық ойындарын ойнау өте қызықты әрі мағыналы болады. Асық ойнаудың өсіп келе жатқан балалар ағзасына пайдасы мол әрі оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады. Сонымен қоса, балалар сергек әрі жинақы,әрі ұлттық педагогика негізінде оқушыларды дамыта отырып,салауаттылыққа тәрбиелейиіз.

Мен осы бір тамаша ұлттық ойнымыздың өз құндылығын жоймай, әлі де өз жалғасын тауып, дами беретіндігіне кәміл сенеміз.

Ұлттық педагогикаға негізделген қызықты тапсырмалар балалардың та-нымдық қабілеттерін,ой-өрісін дамытады.

1.Сандарды өсу ретімен орналастыратын болсаң,қазақтың ханының аты шығады.Жауабы:Абылай. [12, 41]


А 5

Ы 7

А 9

Л 6

Б 8

Й 4

2.Өлең шумағынан санды тауып ,оның құрамын анықта.

Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай

Сүт беріп,сұлы беріп баптаған-ай,

Зеңбірек үш атқанда дарымады,

Құдайдың міне қара оңдағаны-ай.

3.Наурыз көжеге қосылатын тағамдарды белгіле,Олар нешеу болды?Сол санға байланысты не білесің?

4.Шоқан Уалиханоы Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихына ,гео-графиясына әдебиетіне ,қоғамдық құрылысына қатысты еңбектер жазды. Олардың ішінде : «Қазақтың шежіресі», «Шона батыр», «Абылай», «18 ғасырдың батырлары»туралы тарихи аңыздары бар.

Еңбектерінің атындағы дауысты,дауыссыз дыбыстарды санап ,сол сандармен теңдеу құрастыр.

5.Халықаралық әйелдер күні болған соң неше күннен кейін наурыз мерекесі жаңа жыл болады?

6.68бен 75 арасындағы жасырынып тұрған санды тапсаң Жаяу Мұса шығарған әндерінің санын білесің.

68,74,69,72,73,71,75.

Ауызша есептерді есептегенде жаттықтыру үшін «Қай қолымда?» , «Үш әділ», «Сөз мәнісін байқайық», «Торғай мен бұтақ» т.б.

Ұлттық ойындардың математика сабағында барлық түрін келтіруге бола-ды.Мысалы: «Теңге ілу», «Орамал тастау», «Арқан тартыс», «Көкпар тарту», «Бәйге», «Ақсүйек», «Алтын сақа», «Ханталапай» «Киіз үй жабдықтары»т.б.

Мысалы «Алтын сақа »ойынында заттарды санай отырып,салыстыруды оқып үйренеді.Қайсысы көп? Қайсысы аз? Нешеуі артық ? Нешеуі кем?Есеп құрастыру,белгісіз қосылғыш,азайтқыш,азайғыштарды табуды білетін бола-ды.

1.«Ақ сүйек » ойынын ойнату үшін ,қағаздан сүйектің формасын кесіп алып,артқы жағына тапсырманы жазып қоюға болады.Оқушыларға бұл тап-

сырманы таратып беріп,кім дұрыс орындаса сол бала ақ сүйектің иесі бола-ды.

2.Немесе ойынға сынып оқушылары түгел қатысады.Кестеде белгісіз сандардың орнында ақсүйек тығылып жатады.Кім дұрыс шығарса сол ақсүйекті алады.

3.Кім ақсүйекті көп жинаса сол ұтады.Ақсүйекті көп жинаған бала ма-дақталады.

«Орамал тастау»ойыны теңдеу шешуге әріпті өрнектердің мәнін табуға болады.Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлініп,бір-біріне қарама-қарсы отырады.Жүргізуші орамалды шеткі отырған балаға береді.Ол ойыншыға немесе қарама-қарсы отырған балаға теңдеу немесе әріпті өрнек жасыра-ды.Қарсы топтағы отырған бала орамалды қағып алып жауабын алады.Егер жауап дұрыс болса ол ойынды әрі қарай жалғастырады.Енді ол теңдеу жа- сырады.Жауапты тек орамал ұстаған,аты аталған бала ғана айтады.Мұғалім ойынды өзінің қалауынша күрделендіре береді.

«Теңге ілу»ойынын мысалы көбейту кестесін өткен кезде пайдалануға болады.Сынып оқушылары екі ,үш топқа бөлінеді.Әр топтан бір бала «шыбық ат» мінеді.Сызылған шұңқырдың ортасына ыдыс қойып , шауып барып теңгенің артындағы мысалдарды шығарып ,оны ыдысқа салады.Қай топ теңгені көп әрі дұрыс шешсе сол топ жеңіске жетеді.Сондай ақ «Кім бұрын?», «Қаздар мен қасқыр», «Доп орталығы», «Доп үшін күрес», «Тартыспақ», «Ортаны тап», «Қоян мен қасқыр», «Мерген мен үйрек», «Көмбеге кім бұрын жетеді?», «Кім жылдам?», «Допты көршіңе бер» ойындарын өз іс –тәжірибемде қолданып жүрмін.Осындай жеңіл командалық ойындар оқушыларды тек дене жағынан ғана ширатып қана қоймайды,олардың білімдерін де шыңдап,басқа сабақтан алған білімдерін ширата түседі.

“Бәйге” ойыны.

Бәйге ойыны ат жарысы. Оған жүйрік, бапталған атпен шабандоздар қатысады.


“Қазақша күрес ойыны”. Бұл ойында «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» дегендей білімдерін есеп шығару арқылы көрсетеді.
“Сақина салу ойыны”. Бұл ойынға қатысушылар екі-екіден қатар отырады. Ойын бастаушы адамның қолында сақина болады.
Ол сақинаны қолдан қолға, жүгіртіп отырғандардың біреуінің қолына салу керек. Алақанына сақина түскен адам мұны қасындағы көршісіне білдірмей орнынан шапшаң тұру керек. Егер ол тұра алмай қалса айып төлейді. Ал біз ойын ретінде білім және еңбек туралы мақал-мәтелдер айтамыз.
“Қыз қуу” ойыны. Тақтаға бір ұл мен бір қыз шығып, тездетіп есеп шығарады.Егер ұл бала бұрын шығарса, қызды қуып жеткен болып есептеледі, ал қыздан қалып қойған жағдайда айып төлеу ретінде қыздың қойған сұрағына жауап береді.
“Арқан тарту”. Оқушылар парта бойынша екі топқа бөлініп, тақтада жіпке ілінген тапсырмаларды кезек-кезек шығып орындайды. Әр шығарған есепке сәйкес жіпті өз тобы жағына қарай тартып отырады. Қай топқа жіптің көп бөлігі жетсе сол топ жеңімпаз аталады.
Бала ойынмен өседі. Осыны жақсы түсінген бабаларымыз ұлттық ойынның небір түрлерін ойлап тапқан.

Ана тілі ,қазақ тілі сабақтарында сабақтың тақырыбына байланысты мақал-мәтелдерімізді де қолдануға болады.

КІМ ТАПҚЫР?

Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін сөздік қорын, дүниетанымын кеңейту.

Жігіт сегіз қырлы (бір сырлы).
Жеті жұрттың тілін біл (жеті түрлі білім ал)
Ұлға 30 үйден, (қызға 40 үйден) тыю.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді (төртеу түгел болса, төбедегі жетеді).
Білімді мыңды жығады (білекті бірді жығады).
Санға қатысты мақал-мәтелдер:
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім ал)
2. Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сына ма, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз теңгең болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
10. Ер бір рет өледі, (қорқақ мың рет өледі)
11. Қырық кісі бір жақ (қыңыр кісі бір жақ)
12. Жалқаудың екі досы бар: (бірі - ұйқы, бірі – күлкі)
13. Бір түйір дәнде, (бір тамшы тер бар)
14. Бес бармақ жиылса, (жұдырық болады)
15. Алдына бір қарасаң, (артына он қара)
16. Досының мың болғанына мақтан, (дұшпаның жалғыз болса да сақтан)
17. Алты аға бірігіп әке болмас, (жеті жеңге бірігіп ана болмас)
18. Дос сегіз болса, дұшпан сегіз.

19. Бермегенге бесеу де көп, (алғанға он болса да аз)


20. Бір құмалақ, (бір қарын майды шірітеді)
Жұмбақтар: (математикалық атаулар мен ұғымдарға байланысты)
1. Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізгі,
Дәл жауапты қостадым.
(Шеңбер)
2. Бүтін сан, бөлшек сандар,
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі осында
(Рационал сандар)
3. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай.
(Натурал сан)
4. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(Сызғыш)
5. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,
Құралған фигура бар қарапайым.
Салу үшін сен оны сызғыш ізде,
Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым.
(Түзу)
6. Егіз туған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді,
Бірін-бірі көрмейді.
Дамылсыз қанша шапсада,
Бір мәреге келмейді.
(Паралель түзулер)
7. Нүктеден 2 сәуледен құралған
Айтшы бұл не екенін?
(Бұрыш)
8. Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап.
(х)
Санға қатысты жұмбақтар:
1. Бір, үш, бес, он,
Жиырма, елу,
Жүз, екі жүз, мың бар.
Әрқайсысының құны бар.
(Теңгелер)
2. 100 мүйізі бар
Үстінде киізі бар.
(Киіз үй)
3. Қос құлақты 100 тісті,
Жүзінен бірақ іс түсті.
(Ара)
4. Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар.
(Домбыра)
5. 64 бөлмеде
32 тұрғын бар.
Ақ, қара қып бөлгенде
Бірін-бірі қуғындар
Ханы үшін де, жаны үшін де
Бермейді олар намысын.
(Шахмат)
6. 1 ағаштың 12 бұтағы бар
Әр бұтағында 30-дан жапырағы бар.
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара кәнеки ойлан тап?
(жыл, ай, тәулік, күн мен түн)

7. Өзі 4 қанатты және 6 аяқты,


Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты.
(Инелік)
8. Екі айнасы бар, екі найзасы бар,
Төрт сылдырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
(Сиыр)
9. Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
(Қалам)
10. Екі ағайынды екеуі де бір үйде,
Бірін-бірі көрмейді.
(Көз)
11. Таңертең 4 аяқты,
Түсте 2 аяқты,
Кешке 3 аяқты.
(Адамның қартаю кезеңі)
12. Бес ін, бес іннің аузы бір ін.
(қолғап)
13. Екі желім – күйдің көрігі, әннің көлігі
(домбыра)
14. Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын бір шүмек.
(домбыра)
15. Қарнында бір көлдің балығы бар,
Немесе жандының алыбы бар.
(Кит)
16. Жүз төрт түйме, он бір ине.
(Есепшот)
17. Торы тай, табанында төрт ай.
(Таға)
18. Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
(Ешкі)
19. Ақ шапан үсінен,
Алты ай бойы шешпейді,
Қара шапан үстінен,
Алты ай бойы түспейді.
(Қыс пен жаз)
20.
Математикалық сыныптан тыс жұмыстарды біріншіден оқушылардың сабақ үлгерімін көтерсе, екіншіден олардың шығармашылық қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейтеді.
Жаңылтпаштар:
1. Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш
Тең-тең бұрыш, тұтас бұрыш
Тұтас бұрыш, тұтас бұрыш
Сәйкес бұрыш құрған бұрыш
Жазыңқы бұрыш құрған бұрыш.
2. Бес түп алма, «бестік» алғандікі
Төрт түп алма «төрттік» алғандікі
«Төрттік» алған бес түп алма алмайды,
«Бестік» алған төрт түп алма алмайды.
Санамақ:
1. Бір-бірімен жарысқа
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді?
(8)
2. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой.
(6)
3. Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы алдым.
Есептеші сонда бәрі
(6)
4. Мынау да бір санамақ
Өздерің көр саралап:
Төбеден төрт бөктердегі,
Андытып қос бөктергі,
Шаңқылдаса көп қарға,
Үн қоспапты көп қарға,
Сәкем ап бір дауыстан,
Безектеп бес сауысқан.
Алты белден асыпты
Тым-тырақай қашыпты.
Үш үкі үркіп ұшыпты,
Тасқа құлап түсіпті.
Жарда жеті жапалақ
Отырғанда қаталап
Топ – топ тоғыз тоқылдақ
Қарғып кеткен топырлап
Сөйтіп қызық іс болды
Бәрі қанша құс болды ? 31 құс[14, 22]

5. Бақшаға Сегіз саулық,


Жақсы аға Тоғыз тауық,
Көп-көп Он торпақ.
Ойыншық Болма есепке сен шорқақ!
Келді алып: Ауызша,
Бір балық, Жазбаша
Екі есек, Қосып шық.
Үш үйрек, Бақшаға
Төрт түлкі, Жақсы аға
Бес бүркіт, Қаншама
Алты арғымақ, Әкелді
Жеті жарқанат, Ойыншық?
(Жауабы: 55 ойыншық) [14, 23]

1.Ұлттық ойын бала денесінің дұрыс қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

2.Ұлттық ойын баланы тек денесін ширатып,денсаулықтарын жақсартып қана қоймайды,сонымен қатар пәндерден алған білімдерін толықтырады.

3.Ойын арқылы баланың ойлау қабілеті дамиды.

4.Ойын шыдамдылыққа , төзімділікке үйретеді.

5.Қазақ халқының ұлттық ойындарын,тапсырмалар жүйесін барлық пәндерде ұтымды пайдалану негізінде ұлттық ойындарды қолдану білім деңгейлерін көтеріп қана қоймай ,өзін-өзі тәрбиелеуде, өзін-өзі дамытуда көмек береді,бастауыш білім беру процесінде тұлғаның тәрбиелік кеңістікте рухани даму мүмкіндігіне жол ашады.



Қорытынды

Ойын- баланың алдынан өмірдің есігін ашып,шығармашылық қабілетін оятып,бүкіл өміріне ұштаса береді.Сонымен қатар ойын тынысы кең алысқа меңзейтін,ойдан –ойға жетелейтін ақыл-ой жетекшісі,денсаулық кепілі,өмір тынысы.

Олай болса, бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғаннан әрбір бала мақтаныш ете алса ғана-біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана біз, ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абыроймен атқарып, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сеніммен айта аламыз. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ, ел іргесі сөгілмек емес деген ойдамыз.

МАЗМҰНЫ

1. Бастауыш сыныптардағы ойын түрлерінің жүйесі.......................3- 7 бет

2.Дамытушы ойындар..............................................................................8-18 бет

3.Ұлттық ойындар....................................................................................19-28 бет

4.Қорытынды..............................................................................................29 бет

5.Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................30 бет

Қолданылған әдебиеттер:

 

1. Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы. 1973.



2. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. Москва, 1986.

3. Щукина Г.И. Проблемы познавательного интереса в педагогике.Москва. 1971

4. Выготский А.С. Игра и ее роль в психическом развитие ребенка. //Вопросы психологии. 1966.

5. Качество знаний учащихся и пути его совершенствования // Под ред. Скатника М.Н.,Краевского В.В.Москва. 1978.

6. Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения. Москва. 1969

7. М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б.


8. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996.

9. Оконь В. Введение в общую дидактику. - Москва: Высшая наука, 1990.


10. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобразовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.
11. Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледжей / Под. Ред. П.И. Пидкасистого. - М: Педаг. Общество, 1998. - 640 с.
12. М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б.
13. Оконь В. Введение в общую дидактику. - Москва: Высшая наука, 1990.
14 . Бастауыш мектеп,2006-2010жыл №5,6,8,7,2,1.

 

 



 








Бұл құралда бастауыш сынып буыны бойынша барлық пәндерден



оқушылардың зейінін шоғырландыру, есте сақтау қабілетін, кеңістікте дұрыс және дәл бағдар ұстай білу қабілеттерін, икемділігін дамыту мақса-тында ойын түрлері берілген. Бұл ұсынылып отырған көмекші құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне, даярлық тобының тәрбиешілеріне,әдіскерлерге арналған.
Каталог: uploads -> doc -> 0152
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0152 -> Сабақтың тақырыбы: «Тапқыр достар» танымдық сайысы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет