Даму болжамы



жүктеу 1.03 Mb.
бет2/9
Дата29.08.2018
өлшемі1.03 Mb.
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2 Даму перспективалары және сценарийлік болжамдар

2014 жыл әлемнің жетекші экономикалары үшін өтпелі жыл болды. Дамушы елдердегі экономикалық өсу баяулаған кезде, АҚШ және Еуроаймақ сияқты дамыған елдер біртіндеп қайта қалпына келе бастады. Таяу арада талдамашылар орта мерзімді перспективада өсу қарқынының жеделдейтінін болжап отыр.

1-сурет


Әлемдік экономиканың өсу болжамын көптеген халықаралық ұйымдар төмендеу жағына қарай қайта қарады. Әлемдік экономика 2015 – 2016 жылдары 3,4-тен 3,8%-ға дейінгі қарқында өсетін (консенсус болжам) болады.

Өткен жылы басталған оң экономикалық үрдістер ағымдағы жылы да сақталады. АҚШ пен Еуроаймақтағы жағдайдың жақсаруының арқасында дамыған елдер әлемдік экономиканың негізгі қозғаушы өсу күші болмақ.

Дамыған мемлекеттер тарапынан өсіп отыратын сұраныс аясында нарығы қалыптасып келе жатқан елдер мен дамушы елдер экспорт көлемінің ұлғаюы есебінен (2015 – 2016 жылдарға тиісінше 4,4-5,2 %) дамитын болады.



Еуроаймақ. Еуроаймақ елдерінде дефляциялық процестерді қоспағанда 2014 жылы басталған оң үрдістер ағымдағы жылы да жалғасады.

Экспорт көлемінің ұлғаюы мен ішкі сұраныстың қалпына келуі оң өзгерістер болып табылады. Өңірдегі экономикалық жанданудың қалпына келуіне негізгі қауіп жұмыссыздық болып табылады. Дегенмен, жұмыссыздық көрсеткіші 2015 жылдың бірінші тоқсанында 2014 жылдың ұқсас кезеңіндегі 11,8%-ға қарағанда төмендеп, 11,2%-ды құрады. Атап көрсетілген кезеңде жастар арасындағы жұмыссыздық 2014 жылы 22,7%-ға қарағанда 2015 жылы 24,2%-ды құрады.

2-сурет


АҚШ. АҚШ-тағы макроэкономикалық жағдай 2014 жылдың басынан бері біртіндеп ақша-кредиттік ынталандыру бағдарламаларын одан әрі қысқарту туралы қаржы нарықтарының болжалдарын күшейте түсіп, жақсара бастады. Макроэкономикалық жағдайдың жандануы еңбек нарығындағы жағдайдың жақсаруымен, іскерлік белсенділіктің артуымен, мұнай қорының ұлғаюымен және тұтыну секторының өсуімен байланысты.

Қазіргі уақытта АҚШ экономикасында оң үрдістер басым. ДБ сарапшыларының болжамына сәйкес экономикалық өсу 2015 жылы 2,7%-ды және 2016 жылы 2,8%-ды құрайды. Экономикалық белсенділіктің артуы түпкілікті ішкі сұраныстың көбеюіне және бюджеттік факторлардың аз ықпал етуіне негізделеді деп күтілуде.



Қытай. Қытай экономикасы 2014 жылдың қорытындысы бойынша 7,4%-ға өсті. Елдің жоғары макроэкономикалық көрсеткіштеріне қарамастан, дамыған және дамушы елдермен салыстырғанда Қытайда өсудің экспортқа бағдарланған моделінен біртіндеп ішкі тұтыну мен жоғарғы технологияларды қарқынды пайдалануға бет бұру орын алуда.

Тұтастай алғанда, сарапшылардың Қытайдың экономикалық өсуінің тұрақтылығы мен орнықтылығына қатысты күмәндары бар. Құрылымдық реформаларды жүзеге асыру, салықтық-бюджеттік ынталандыруды біртіндеп тоқтату және банктік емес кредиттеудің өсуін қысқартуға бағытталған пруденциялық экономикалық саясатты қысқарту 2014 жылғы 7,4%-дан 2016 жылға қарай экономикалық өсудің 7,0%-ға дейін бәсеңдеуіне алып келеді.



Ресей. Ресейдің ЖІӨ өсуі 2014 жылы 0,6%-ды құрады. Ресей экономикасындағы құлдыраудың негізгі себептері, бірінші кезекте экономиканың экспортқа бағдарланған моделі, бизнес үшін үлкен шығасылар мен елдің инвестициялық тартымдылығының жоғары болмауынан орын алып отыр. Мұнайдың әлемдік төмен бағаларын қоса алғанда, сыртқы факторлар, сондай-ақ Украинадағы жағдаймен байланысты күшейіп келе жатқан геосаяси ахуал мен одан туындаған өзара экономикалық санкциялар айтарлықтай дәрежеде Ресей экономикасының өсу қарқынының бәсеңдеуін күшейтті.

Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің болжамы бойынша мұнай бағасы бір барреліне 50 доллар болған кезде 2015 жылы Ресей экономикасының құлдырауы 2,8%-ды құрайды. Бұл ретте, Ресей экономикасы 2016-2017 жылдары 2,3% деңгейінде оң даму траекториясына ауысады деп күтілуде.

Жалпы, орта мерзімді перспективада әлемдік экономиканың өсуі қолайлы болады. Экономикалық өсу АҚШ-ты және дамушы елдерді қоса алғанда, кірістер деңгейі жоғары елдер есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Сонымен бірге, дағдарыстық үрдістерді қалпына келтіруге қабілетті тәуекелдер әлі де сақталуда.



Бірінші тәуекел – мұнайды қоса алғанда, шикізат тауарларына әлемдік бағаның тұрақсыздығы.

ДБ сарапшыларының бағалауы бойынша, 2020 жылға қарай мұнай бағасы кейін бір барреліне 71,9 АҚШ долларына ұлғая отырып, 2015 жылы 40,2 %-ға бір барреліне 57,2 АҚШ долларына дейін қысқарады. Бірінші кезекте бұл тәуекел дамушы елдер экономикаларының бәсеңдеуі аясында нашар сұраныспен, сондай-ақ батыс елдерінің Иранға қатысты санкцияларын алып тастаумен байланысты, бұл мұнайға деген ұсыныс пен сұраныстың ұсынысқа қарай теңгерімсіздігін алдын ала айқындайтын болады. Бұл әлемдік мұнай бағаларына теріс әсер етеді.



Екінші тәуекел – АҚШ-тың ақша-кредит саясатының өзгеруі. АҚШ-тың «сандық жұмсарту» бағдарламасының қысқартылуына байланысты болжалдар әлемдегі қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың артуын ынталандырды.

Нарығы және төлем теңгерімі мен бюджет тапшылығы дамып келе жатқан елдер АҚШ-тың ақша-кредит саясатының ықпалына неғұрлым бейім. Өтімділік көлемінің АҚШ-тағы «сандық жұмсарту» бағдарламасын тоқтатылуына байланысты өтімділік көлемінің қысқаруы макроэкономикалық құрылымы шашар дамушы елдерден капиталдың шамадан тыс кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Бразилия, Индия, ОАР, Индонезия мен Түркияның дамып келе жатқан экономикаларына АҚШ-тағы ақша-кредиттік ынталандырудың қысқаруына байланысты аса қысым көрсету қазірдің өзінде АҚШ долларына қатысты ұлттық валюталар бағамына теріс әсерін тигізіп отыр. Жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатының біршама бәсеңдеуі, сондай-ақ пайыздық мөлшерлердің өте тез өсуі кезінде, дамушы елдерге капиталдың кетуі 50 және одан да көп пайызға қысқаруы мүмкін. Дамып келе жатқан нарықтарға капитал ағымының қысқаруы қосымша теріс факторлармен бірге дамушы елдердің халықаралық қаржылық нарықтарына шығу қолжетімділігінен айырылуға әкеп соқтыруы мүмкін.

Бұдан басқа дамушы елдер әлемдік экономикалық дағдарысқа жауап ретінде алдын ала бірқатар фискалды және монетарлық саясат шараларын қабылдады және қазіргі уақытта ұлттық биліктердің мүмкіндіктері азайды. Нәтижесінде көптеген елдердің мемлекеттік бюджетінде теңгерімсіздік, сондай-ақ ағымдағы операциялар шотының теріс сальдосы пайда болды.



Үшінші тәуекел – Қытай экономикасындағы теріс факторлар, атап айтқанда: жинақталған құрылымдық теңгерімсіздігі, жылжымайтын мүлік нарығының қызып кетуі және «көпіршіктің» қалыптасу белгілері. Ағымдағы жылдың 12 маусымынан бастап Қытай қор нарықтарында баға белгілеу 32%-ға төмендеуі, бұл жинақталып қалған ішкі проблемалардың анық дабылы болып табылады.

Қытайдың ішкі тұтынудың өсуі болып табылатын «жаңа нормалылық» атты жаңа экономикалық модельге көшуі орта мерзімді перспективада Қытай экономикасының 6-7% деңгейінде өсуінің бәсеңдеуін болжайды. Осылайша, бұл жалпы алғанда әлемдік экономика өсуінің бәсеңдеуіне, сондай-ақ халықаралық нарықтарда сұраныс пен бағаның төмендеуіне әкеп соқтырады.


Сценарийлік болжамдар

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын бес жылдық кезеңге болжамдау экономиканың дамуына ықпал ететін факторлар мен үрдістерге байланысты үш сценарий бойынша жүзеге асырылады.

Негізгі даму сценарийлерін қалыптастыру үшін әлемдік экономиканың даму үрдісінің өзгеруі, әлемдік мұнай бағасының деңгейі және әлемдік қаржы нарығындағы жағдайы негізгі факторлар ретінде қабылданды.
3-сурет

Оптимистік сценарий әлемдік экономиканың 2016– 2020 жылдардағы үдемелі дамуын, Еуроаймақ елдерінің борыштық проблемаларының шешілуін білдіреді. АҚШ-тағы және басқа да дамыған елдердегі экономикалық белсенділіктің жақсарту, жеке сектордың сұранысын және дамушы елдерден импортты қалпына келтіру бойынша жоспарланған шаралардың табысты іске асырылуы. Әлемдік экономиканың өсімі осы сценарийде 4,3%-ды құрайды.

Оптимистік сценарийде 2016 – 2017 жылдары әлемдік мұнай бағасы бір барреліне 50 АҚШ доллары деңгейінде болады, 2018-2020 жылдары бір барреліне 60 АҚШ долларына дейін ұлғаяды.



Базалық сценарий тұрақты өсуді 3,8% деңгейінде сақтай отырып, 2016 – 2020 жылдары әлемдік экономика қарқының біртіндеп ұлғаюын болжайды. 2016 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде әлемдік мұнай бағасы бір барреліне 40 АҚШ доллары деңгейінде қалыптасады. 2018-2020 жылдары бір барреліне 50 АҚШ долларына дейін өседі.

Сценарий дамыған елдер (АҚШ, Еуроаймақ) жағдайдың жақсаруына байланысты жаһандық өсудің негізгі қозғаушы күші болады. Бұл ретте, нарығы қалыптасып жатқан елдер мен дамушы елдер дамыған елдер тарапынан сұраныстың ұлғаюы аясында экспорт көлемінің ұлғаюы есебінен өсетін болады.


4-сурет


Пессимистік сценарий әлемдік экономика өсуінің баяулауына, ірі әлемдік экономикалардың – Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің, атап айтқанда Еуроаймақтың, Қытайдың, Ресейдің қолайсыз дамуына, сондай-ақ энергия ресурстарының негізгі түрлеріне және Қазақстанның басқа да экспорт тауарларына әлемдік бағаның құлдырауына негізделген экономикадағы дағдарыстық көріністердің болуымен сипатталады. Бұл ретте, неғұрлым өзекті проблема жұмыссыздықтың жоғары, кірістің төмен болуы және соның салдарынан жиынтық сұранысты кеңейтудің іргелі факторларының болмауы болып қалады. Инвестициялық кірістер қысқарады, олардың донор елдерге репатриациясы күшейетін болады.

2016 – 2020 жылдары әлемдік экономиканың өсуі 2,8%-дан аспайды.

2016 – 2020 жылдары мұнайдың бағасы кейін барреліне 30 долларға дейін төмендейді.

Жылдың басынан бастап ел экономикасының қалыптасқан даму үрдістері мен әлемдік экономикадағы жағдайды ескере отырып, болжамды қалыптастыру кезінде параметрлері ағымдағы болжалдан елеусіз ғана ауытқумен неғұрлым ықтимал болып табылатын базалық нұсқа негізге алынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет