Даму болжамы



жүктеу 1.03 Mb.
бет3/9
Дата29.08.2018
өлшемі1.03 Mb.
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ІІ 2016 – 2020 жылдарға арналған экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттері

Қазақстан Республикасының 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық саясаты «Қазақстан-2050 стратегиясын» орындауға, мемлекетті нығайтуға және оның дамыған 30 елдің

қатарына кіруі үшін жағдай жасауға бағытталған.

Әлемдегі экономикалық өсудің баяулауын және геосаяси тұрақсыздықтың өсуін ескере отырып, орта мерзімді кезеңде негізгі күш елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін сыртқы факторлардың зардабын жоюға бағытталатын болады.



Орта мерзімді кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – бұл Қазақстан Республикасын дамытудың «Қазақстан-2050 стратегиясының» жаңа бағытын «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатын және жаңа құрылымдық экономика моделін қалыптастыруды ескере отырып, іске асыруды жалғастыру, экономиканың оң қарқынын сақтау, одан әрі өсу үшін жағдай жасау және әлемнің 30 дамыған мемлекеттер қатарына жылжытуды жалғастыру.

Негізгі экспорт тауарлары бағаларының төмен болуының жаңа жағдайларында Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі міндеті елдің экономикалық дамуындағы нарық тетіктері мен жеке сектордың рөлін нығайту, бәсекелестікті дамыту үшін факторлар экономикасынан инвестициялар экономикасына көшу болады.

Жаңа құрылымдық экономика моделін қалыптастыру сұлбасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бес институционалдық реформаларын іске асыру шеңберінде принципиалды жаңа институционалды ортаны құру болып табылады.

Сапалы институционалды орта бәсекелестікті және бәсекеге қабілетті адам капиталын қалыптастырумен жеке капиталды дамытуға бағытталған елдің ұзақ мерзімді табысты дамуының іргетасы болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізуге және елдің экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясаттың орта мерзімді кезеңге айқындалған негізгі басымдылықтары ықпал ететін болады. олар:

1) макроэкономикалық және қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету;

2) нақты сектордың тиімділігін арттыру;

3) бәсекелестік пен жеке меншік капиталды дамыту;

4) қоғамды әлеуметтік жаңғырту және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту;

5) теңгерімделген өңірлік даму;

6) заманауи, кәсіби және дербес мемлекеттік аппаратты қалыптастыру;

7) халықаралық экономикалық интеграция.

Бюджеттік саясаттың тұжырымдамасына жаңа тәсілдер енгізу арқылы мемлекеттік қаржының теңгерімділігін сақтау және икемді монетарлық саясатты өткізу инфляциялық таргеттеуге көшін есепке ала отырып, инфляцияны қолдау бойынша мөлшер кешені арқылы аталған дәлізде 2020 жылға қарай инфляцияның 3-4%-ға қол жеткізуді жүзеге асыру бағытымен және одан әрі қарай елдің экономикасын долларсыздандыруға қосымша шаралар арқылы макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Экономикалық өсім мен бағаның тұрақтылығы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету үшін инфляциялық таргеттеу режиміне негізделген жаңа ақша-кредит саясаты жүргізілетін болады.

Басымдылы салыстырмалы бәсекелестік артықшылықтары бар негізгі салаларды қолдау, негізгі-күш жігерді мұнай-газ және аграрлық секторларды, біздің экономикамыздың драйверлерін дамытуға бағыттау арқылы нақты сектордың тиімділігін арттыру.

Елдің индустриялық-инновациялық саясаты жаңа жағдайларға бейімделуге тиіс. Оның шеңберінде өнеркәсіп секторына екпін бере отырып, ағымдағы даму моделінен өнімділікті өсіруге негізделген неғұрлым тұрақты сервистік-индустриялық моделге көшу жүзеге асырылатын болады.

Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі ИИДМБ), сондай-ақ Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде елді одан әрі инновациялық дамыту және экономикасын индустрияландыру саясаты жалғастырылатын болады.

Инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - «Нұрлы жол» бағдарламасы) іске асыру елдің көлік-логистикалық, энергетикалық және индустриалдық инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз етеді. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын, сумен және жылумен қамту желілерін, мектептер мен тұрғын-үй құрылысын жаңғырту басталады және шағын және орта бизнесті белсенді қолдау жалғасатын болады.

Елдің инвестициалық тартымдылығын жақсарту мақсатында Қазақстанда экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің корпоративтік басқарудың үздік стандарттары мен принциптері кезең-кезеңмен енгізілетін болады.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - ЭЫДҰ) стандарттарына сәйкес монополияға қарсы реттеу құралдарын тиімді қолдану арқылы мемлекеттің экономикада қатысуын шектеу мен бәсекелестік пен нарықтың дамуы арқылы сапалы институционалды орта бәсекелестік пен жеке меншік капиталды дамыту.

Ең аз әлеуметтік стандарттарды, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту есебінен адами капиталды дамыту және сапалы жаңартуды қамтамасыз ету, әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесін құру, халықты әлеуметтік қорғалуын және халықты өмір сүру қолайлы жағдайларымен, қол жетімді тұрғын үймен, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету арқылы қоғамды әлеуметтік жаңғырту және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту.

Үйлестірілген өңірлік даму өңірлердің экономикалық бәсекелестік қабілеттілігін арттыру үшін факторлар мен қолайлы жағдайларды, еңбек ресурстарының және экономикалық өсу орталықтарындағы капиталдардың аумақтық концентрациясын қалыптастыруға, халықтың табысын және жұмыспен қамтылуын арттыруға бағытталған.

Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекеттердің қатарына кіру Тұжырымдамасын іске асыру үшін елді қалаға шоғырландыру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізілетін болады.

Елдің бірыңғай нарығын қалыптастыру және өңірлік тепе теңсіздігін төмендету үшін, елдің аумақтық дамуы Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент және Өскемен қалаларын-ұлттық және халықаралық деңгейдегі хаб-қалалар ретінде белгіленіп, елдің макроөңірлерін құру арқылы айқындалатын болады.

Экономикалық бағдарламаларды сапалы іске асыруды және мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынуды қамтамасыз ететін, «100 нақты қадам» ұлт жоспары бойынша институционалдық реформалар шеңберінде кәсіби және дербес мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жалғастырылатын болады.

Жоспарға сәйкес, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған 15 қадам мансаптық модельге көшуді, мемлекеттік аппараттағы кадрларды іріктеу және жылжыту рәсімдерін кешенді өзгерту іске асырылатын болады.

Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жаңғырту мемлекеттік органдар функцияларының оңтайлы көлемін және штат санын қалыптастыруды қамтамасыз етуге және жеке салалардағы сияқты, әртүрлі мемлекеттік басқару деңгейлерінде мемлекеттің рөлін белгілеуге бағытталатын болады.

Одан әрі халықаралық интеграциялау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт ережелерін іске асыру қамтамасыз етілетін болады, оның ішінде 126 халықаралық келісімдер әзірленетін болады.

Қазақстаннның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі (бұдан әрі - ДСҰ), Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға, бүкіл әлем бойынша Қазақстанның неғұрлым тығыз сауда-экономикалық байланыстарын нығайтуға және ел ішінде бәсекеге қабілетті бизнесті дамыту үшін тұрақты және болжамды орта құруға ықпал ететін болады.

Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі экономикалық интегрциялық бірлестіктерде жұмыс істеу жағдайларына экономика мен бизнесті бейімдеу шараларын әзірлеу және іске асыру болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет