Даму болжамы



жүктеу 1.03 Mb.
бет9/9
Дата29.08.2018
өлшемі1.03 Mb.
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3. Ақша-кредит саясатының болжамы


 

2016 – 2020 жылдары ақша-кредит саясаты инвестициялық нарықтың дамуына қажетті жағдайлар жасауға, банк секторының кредиттік белсенділігін ынталандыруға ықпал ететін болады. ЕДБ кредиттеуі өсуінің орташа жылдық қарқыны белгіленген кезеңде 7,2% деңгейінде күтілуде, ал резиденттердің депозиттері 7,9%-дан 9,8% шегінде ұлғаятын болады. Ақша массасының деңгейі экономиканың дамуына тепе-тең болады, жалпы ЖІӨ-ге шаққанда монеталандырудың жоспарланған мөлшері орташа есеппен 34,8% шегінде болады.

Болжанатын кезеңде тұтыну бағасы индексінің деңгейі орта мерзімдік перспективада 3-4% дейін төмендеуіне бағытталады.

4. Төлем балансының болжамы

Қазақстан экспортының шикізаттық тауарларына әлемдік бағалардың құлдырауының нәтижесінде елдің төлем балансы ағымдағы шот сальдосының теріс даму траекториясына ауысуымен сипатталады.

Барреліне мұнайдың әлемдік бағасы 40 АҚШ доллары кезінде 2017 жылы экспорттың құндық көлемі 2014 жылға қарағанда 45,8%-ға төмендейді және 42,8 млрд. АҚШ долларын құрайды. Одан кейінгі 2018-2020 жылдары барреліне 50 АҚШ долларына дейінгі әлемдік бағаның өсуін есепке алғанда орташа жылдық шамамен 8,9% деңгейінде экспорт көлемінің өсуі күтілуде.

Бұл ретте, энерготасымалдауыштарға төмен әлемдік бағалар аясында импорт көлемінің құлдырауы экспорт көлемінің құлдырауынан қарағанда кемірек болады. 2017 жылы импорттың құндық көлемі 2014 жылға қарағанда 34,1%-ға төмендейді және 28,6 млрд. АҚШ долларын құрайды. 2018 жылдан бастап импорттың көлемі орташа 2,1%-ға біртіндеп ұлғаяды және 2020 жылы 30,5 млрд АҚШ долларын құрайды.

Экспорт көлемінің импорт көлеміне қарағанда көбірік құлдырауы жорамалданатын назарға алғанда, төлем балансының ағымдағы шоты 2016-2020 жылдары теріс серпінде сипатталады.
4-кесте
2016-2020 жылдардағы төлем баланысының болжамды көрсеткіштері


Атауы

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Бағалау

Болжам

Ағымдағы шот, млн. АҚШ долл.

-4 656,4

-7 950,2

-7 571,6

-3 235,4

-2 525,9

-1 466,5

Ағымдағы шот сальдосы, ЖІӨ-ге %-бен

-2,3%

-4,5%

-3,9%

-1,5%

-1,1%

-0,6%

Тауарлар экспорты, млн. АҚШ долл.

48 118,1

41 017,1

42 821,0

49 876,6

51 520,5

55 123,3

Тауарлар импорты, млн. АҚШ долл.

34 429,2

28 007,0

28 641,4

29 185,7

29 922,6

30 482,3

Сауда балансы, млн. АҚШ доллары

13 689,0

13 010,1

14 179,7

20 690,8

21 597,9

24 641,0

5. Әлеуметтік сала көрсеткіштерінің болжамы

Әлеуметтік секторды жаңғырту мақсатында білім беру және денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын жақсарту, жұмыссыздық пен кедейлік деңгейін төмендету бойынша шараларды іске асыру жалғасатын болады.

2016-2020 жылдары жұмыссыздық айтарлықтай төмен 5,0%-ға, деңгейіне дейін сақталады.

Ең аз жалақы мөлшері 2016 жылы 22 859 теңгеден 2020 жылы 29 964 тенгеге дейін өседі. Орташа айлық номиналды жалақы оң өсу серпініне ие болмақ және 2020 жылға қарай 181 620 теңгеге жетеді. Нақты жалақының индексi болжамды кезеңде орташа 113%-ды құрайтын болады.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жетілдіру мақсатында 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы зейнеткерлік жасқа жеткен кезде және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалады. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз болған кезде базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 пайызына тең болады, 10 жылдан артық еңбек өтілінде әрбір толық жыл үшін 2 пайызға ұлғая отырып, бірақ қатысу өтілі 35 жыл болған кезде зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мәнінен аспауы тиіс.

Ұсынылып отырған шаралар Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған деңгейде (кемінде 40 %) экономика (ауыстыру коэффициенті) бойынша жиынтық зейнетақынын орташа жалақыға қатысты қамтамасыз етуге және одан әрі сақтауға мұмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының 2016–2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы 1-қосымшада ұсынылған.

V Қазақстан Республикасының 2016 – 2018 жылдарға арналған бюджет параметрлерінің болжамы
1. Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдары

Экономиканың базалық сценарий бойынша дамуының болжанатын сыртқы шарттары мен экономика салаларын дамытудың болжанып отырған қарқынын ескере отырып, 2016 – 2018 жылдары мемлекеттік бюджет кірістерінің (трансферттерді есепке алмағанда) 2016 жылғы 5 151,1 млрд. теңгеден 2018 жылы 6 043,7 млрд. теңгеге дейін өсуі болжанады.


4-кесте

Мемлекеттік бюджет кірістерінің болжамы (трансферттерді есепке алмағанда),

млрд. теңге

Атауы

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

Кірістер (трансферттерді есепке алмағанда)

5 151,1

5 490,3

6 043,7

Салықтық түсімдер

4 958,6

5 295,5

5 893,3

Салықтық емес түсімдер

159,3

163,4

118,1

Капиталмен операциялардан түскен кірістер

33,3

31,4

32,3

2016 – 2018 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістерінің болжамы Салық және Кеден кодекстері мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін, Кеден одағының ықпалын ескере отырып, орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы негізінде есептелді және Кеден одағында кедендік баждардың сомаларын есепке жатқызу және бөлу тетігін қолдануды болжайды.

Бюджет кірістерінің өсуі негізінен салық түсімдерінің болжанатын ұлғаюымен қамтамасыз етілетін болады, ол мемлекеттік бюджеттің кірістерінде шамамен 96 %-ды қамтиды.

Ұлттық қордан 2016 – 2018 жылдары 2 300,0 млрд. теңге мөлшерінде кепілдендірілген трансферттердің тартылуын ескере отырып, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімнің жалпы көлемі 2016 жылы 7 917,5 млрд. теңгеден өсе отырып, 2018 жылы 8 348,6 млрд. теңгеге дейін өсуі болжамдалады.

6-сурет


Бюджет тапшылығын азайту саясатына сәйкес болжанатын ЖІӨ-ге қатысты оны 2016 жылы 1,6 %-дан 2018 жылы 1,0 %-ға дейін немесе абсолюттік мәнде 723,4 млрд. теңгеден 552,3 млрд. теңгеге дейін тиісінше қысқарту жоспарланып отыр.

Болжанатын түсімдер мен тапшылықтың жоспарланатын азаюын негізге ала отырып, мемлекеттік бюджет шығыстарын 2016 жылы 8 640,9 млрд. теңгеден 2018 жылы 8 900,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайту болжанып отыр.


7-сурет

Мұнай өндірудің күтілетін көлемін, Brent мұнайының әлемдік бағасы бойынша болжамды параметрлерді, мұнай секторы кәсіпорындарынан Ұлттық қорға тікелей салықтар түсімін 2016 жылы 1 632,3 млрд. теңге, 2017 жылы – 1 600,4 млрд. теңге, 2018 жылы – 1 905,0 млрд. теңге көлемінде болжанып отыр.
8-сурет

Бұдан басқа, мемлекеттік бюджет түсімдерінің жалпы көлемінде Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт және нысаналы трансферт түрінде тартылатын қаражаттардың үлесін азайту жоспарланып отыр.


9-сурет

Мемлекеттің мұнай емес кірістерін ұлғайту аясында бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігі саясатына сәйкес Ұлттық қордың қаражатын пайдалануды шектеу мұнай емес тапшылықтың 2018 жылы ЖІӨ қарағанда 5,4 %-ға дейін және мұнай емес тапшылықтың (шикі мұнайға әкету кедендік бажын есептемегенде) 2018 жылы ЖІӨ қарағанда 6,7 %-ға дейін қысқаруына ықпал ететін болады.
10-сурет

Осы фискалдық қағидаларды сақтау Ұлттық қордағы мұнай кірістерінің таза жиналуын және оның 2018 жылы болжам бойынша 69,3 млрд. АҚШ долларын құрайтын қамтамасыз ететін болады.


11-сурет

Әлемдік және қазақстандық экономикадағы жағдай өзгерген кезде бюджет саясатын түзету, оның ішінде бюджет параметрлерін нақтылау жолымен жедел және икемді шаралар қабылданатын болады.

2016 – 2018 жылдарға арналған мемлекеттік және республикалық бюджеттер параметрлерінің болжамы 1-қосымшада келтірілген.


2. 2016-2018 жылдарға арналған бюджет шығыстарының басымдықтары

басымдықтардың іске асыруға бағытталған


2016 – 2018 әлеуметтік-экономикалық дамудың қойылған мақсаттарын ескере отырып, республикалық бюджет шығындарының негізгі басымдықтары мыналар болып табылады:

1) мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау;

2) тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

3) транспорттық-логистикалық инфрақұрылымды дамыту;

4) индустриалдық инфрақұрылым мен туризм инфрақұрылымын дамыту;

5) энергетикалық инфрақұрылымды дамыту;

6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су және жылу инфрақұрлымын жаңғырту;

7) тұрғын-үй инфрақұрылымын нығайту;

8) әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;

9) кәсіпкерлікті және іскерлік белсенділікті қолдау.



3. Жаңа бастама шығындары

Мемлекет басшысының тапсырмаларын, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың одан әрі жүзеге асырылуын ескере отырып, 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет шығыстарының жаңа бағыттары болып табылады:

- 2016 жылғы 1 қантардан бастап «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері еңбекақысының 30%-ға өсуі;

- 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық қызметшілердің оның ішінде медициналық ұйымдарда жасайтын қызметкерлердің еңбекақы төлеуіне жаңа модель енгізу;

- 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап стипендиялар мөлшерін 25 %-ға арттыру;

- мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 25%-ға жоғарылату;

- 2017 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу;

- «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру

- білім беру саласында – 2017 жылға қарай үш ауысымдағы білім беруді жою үшін жаңа объектілер салу;

- ең төмен күнкөріс деңгейінің құрылымын өзгерту және жұмыс өтіліміне қарай базалық зейнетақыны 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындау;

- 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің 5% міндетті зейнетақы жарналарын енгізу;

- ең төменгі күнкөріс деңгейі құрылымының өзгеруіне байланысты мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жоғарылату;


2016 жылға арналған шартты қаржыландырылатын шығыстар тізбесін қалыптастыру көзделмеген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет