Америкалық мектеп оқушысы танымал кеңестік “Тетрис” бейне ойынының соңғы деңгейін аяқтаған тарихтағы бірінші адам атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: youtube.com

АҚШ-тың Оклахома штатындағы 13 жасар Уиллис Гибсон өзінің YouTube арнасында ойынның 157-деңгейіне өткенде қатып қалып, аяқталатын сәтін жариялады. 157-деңгейге жету үшін Уиллиске небәрі 38 минут қажет болған.

Жылдар бойы Тетрис жанкүйерлері оны тек 29-деңгейге дейін ойнауға болады деп ойлап келген.

Ойынның шарты: ойыншы құлап жатқан "құрылыс блоктарын" көлденең бір қатарға орналастырады. Саңылаусыз біркелкі қатар толғаннан кейін жойылады және ол үшін ұпай беріледі.

2010 жылы американдық кәсіпқой ойыншы Тор Акерлунд контроллер пернелерін едәуір жоғары жылдамдықпен басуға мүмкіндік беретін гипертаппинг деп аталатын әдісті қолдана отырып, Тетрис ойынында 30-шы деңгейге жетті. 2018 жылдан кейін бұл әдіс классикалық Тетрис бойынша әлем чемпионаттарында тұрақты түрде жеңіске жетуге мүмкіндік берді.

Бұған дейін ойынның соңғы 157 деңгейіне тек жасанды интеллект жете алған.

Қазіргі рекорд иегері Уиллис Гибсон бұл ойынды 11 жасынан бастап ойнайды және бірнеше турнирлерге қатысқан.

"Мен бұл ойынды ойнай бастағанда, мен оны ешқашан бұзамын немесе жеңемін деп ойламадым", – дейді жасөсіпірім.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.