Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Үкімет отырысы кезінде Алматыда жақын арада жойқын зілзала болмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ол зілзала эпицентрі Алматыдан 264 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында болғанын атап өтті. Өткен түнде Алматыда бес балдық, Шымкентте екі, Жамбыл облысында екі-үш балдық және Жетісу облысында төрт балдық жер сілкінісі тіркелген. Алдын ала деректер бойынша ғимараттарға зақым келген жоқ. 

"Сейсмологиялық болжам жасау комиссиясының отырысында Алматы аумағында күшті жер сілкінісі болмайтыны анықталды. Осыған байланысты өңір тұрғындарын байбаламға салынбай тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз. Қазіргі уақытта ғимараттар мен нысандар, оның ішінде гидротехникалық нысандар тексеріліп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардың барлық хабарламасын қарап жатыр. Сондай-ақ зілзала кезінде қалай әрекет ету керегі туралы үгіт-насихат жүргізеді”, — деді Сырым Шәріпханов. 

Оның айтуынша, басқа өңірлердің күші мен құралы төтенше жағдай бола қалса сол аймаққа баруға дайын.

Түнде Қырғызстан мен Қытай шекарасында 4,6 балдық жер асты дүмпулері болды.

Жер сілкінісі кезінде Алматыда неліктен дыбыстық дабылдың қосылмағаны туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев түсініктеме берді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.