Желіде Қаңтар оқиғасынан кейін түрмеге түскен Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман) ұқсайтын адамның басқа азаматты балағаттап жатқан видеосы тарады. Ол бұл сөздерді судьяға айтқан болуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото ашық желіден алынды

“Сен заң бойынша сөйле, мен өз дінім үшін өлтіремін және өзім де өлемін”, – дейді видеодағы Жұмагелдиевке ұқсайтын азамат.

Ол әңгімесінде әртүрлі қорлау сөздерін қолданады. Жауап ретінде әңгімелесуші, мүмкін – судья “Дикий Арманның” микрофонын өшіріп тастауды бұйырады.

Біраздан кейін әлі де балағат сөздерді айтуды жалғастырып жатқан Жұмагелдиевтің байланысын үзіп тастайды.

  • "Билікке ультиматум қоймақ болған": Бас прокуратура қаңтарда "Дикий Арманның" ҰҚК кураторының жетекшілігімен әрекет еткенін айтты
  • Дикий Арман ісі: Жәбірленушілер мен куәгерлер өздеріне қоқан-лоқы көрсетілгенін мәлімдеді

Еске салайық, Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қаңтар оқиғасына қатысты ұсталған Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергеннің ісіне қатысты алдын ала сот тыңдалымы басталды. 

Арман Жұмагелдиев Қаңтар оқиғасына қатысты 2022 жылдың 7 қаңтарында ұсталған еді. Тергеу мәліметінше, Қаңтар оқиғасы кезінде Жұмагелдиевтің бұйрығымен 24 адамды ұрлап, Ritz-Carlton мен "Қазақстан" қонақ үйінің жертөлесінде ұрып-соққан. Салдарынан Ербол Өтепбаев есімді азамат көз жұмған. Бұдан басқа Арман Жұмагелдиевке "Заңсыз қару сақтау", "Жаппай тәртіпсіздікке қатысу" баптары бойынша айыптар тағылған. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.