Танымал жұлдызды жұп Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың бірге жүргені желіге тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

  Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Жақында өнерлі жұп балаларымен Катар елінде демалып келген еді. Екеуін бірге көрген желі қолданушылары қуанып жатыр. 

“Жұлдыздікі дұрыс, өзін түсірмегені балаларын алып Астанаға көшіп кетті, Қайрат өзі келсін отбасы керек болса деп, Қайраттың қай қылығына қашанғы шыдасын. Жұлдыз өкпелі негізі Қайраттың істеріне сол үшін солай жүр. Ал анасы екеуінің арасына түсіп шаршағасын, еріктеріне жіберген. Жұлдызға немерелерін алысқа алып кеткені үшін өкпелейтін секілді. Бәріне Қайрат кінәлі. Отбасы мен әйелін қадірлемей, аспандап кетті. Енді әйелдің қадірін түсініп, отбасына оралғысы келіп жүр. Жұлдыз уақыт өте келе кешіреді деп ойлаймын”, “Анасы Жұлдыздың фотосын салмайды. Екі келінін мақтай береді. Немерелері ренжімей ме екен?!”, “Екеуің енді ажырамаңдаршы”, “Жұлдыз сахнаның адамы, Гүлзирасыз жұлдыз бола алатынына көзі жетті”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, Қайрат Нұртас балаларын ұзақ уақыт көрмейтінін мойындағанын жазған едік. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.