Rixos Water World Aktau қонақүйінің бас менеджері Серік Исағалиев ағынды сулардың Қаракөл көліне төгілгенін растады. Алайда ол төгілген су "тазартылғанын" айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хаарлайды.

Исағалиев сондай-ақ орталық кәріз жүйесі болмағандықтан, ағынды суларды тазартып, көлге ағызу жобасы қонақүй құрылысы жүріп жатқан кезде бекітілгенін айтады. 

Исағалиевтің айтуынша, "өңделген су" бірнеше тазарту сатысынан өтіп барып, су қоймасына құйылады. Ал ол жақтан көлге жіберіледі. Ол суды құйған кезде көл лайланып кетуі мүмкін екенін алға тартты.

Оның айтуынша, қонақүй толған маусымда ағаштарды суару үшін су техникалық түрде пайдаланылады, ал қыста бұл жүйе жұмыс істемейді.

“Қыркүйек айының соңынан бері толық пайдаланбадық, тек техникалық жағдайын сақтау үшін. Біз оны жүйені тазалау үшін аптасына бір рет қосамыз, мамандар мұны біледі, сәйкесінше аптасына кемінде 50-60 текше метр төгеміз”, – дейді Исағалиев.

Маңғыстау облысындағы аққулардың жаппай қырылуына не себеп болғаны анықталды

Маңғыстау облысында аққулардың жаппай қырылуы: Мамандар 227 құстың өлексесін тапты

Сонымен қоса  оның айтуынша, қазір жүйені орталық жүйеге бейімдеу үшін ішкі реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде, ал қонақүй "алдағы бір-екі аптада" мұны істеуге уәде береді, содан кейін Қаракөлге су төгілмейді.

Еске салайық, бұған дейін желіде Қаракөлге қара қошқыл сұйықтықтың төгіліп жатқаны жөнінде кадрлар пайда болған. Осыдан кейін Қаракөлге тазартылмаған қалдық су төгілуі мүмкін екені айтылды.

21 желтоқсаннан бері үш апта бойы Қаракөлде аққулар жаппай қырылған. Олардың саны қазір 870-ге жетіп отыр. Ресми мәлімет бойынша, бастапқы тексеріс қорытындысы "аққулар құс тұмауынан өлген" болуы мүмкін екенін көрсеткен. Кейін мамандар "құстар жем таппай суықта қырылған" деген тұжырым жасаған. Егер Қаракөлде аққулардың қырылуына қонақүй кінәлі екені расталса, оған айыппұл салынуы мүмкін.

Rixos Water World Aktau қонақүйі — Қазақстандағы алғашқы курорттық қонақүй. 2020 жылы тамызда ашылған. Ресми дерек бойынша, құрылысына 67 миллиард теңге қаржы кеткен нысанды ашуға Қазақстан экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысқан.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.