Оқыс оқиға күндізгі сағат 10:00 шамасында болған. Тұрғындардың бірі лифт шақырғанда 9-қабатта тұрған жедел саты 1-қабатқа құлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Тұрғындар егер жедел сатының ішінде адамдар болғанда олардың аман қалуы екі талай екенін айтады. 

“9-қабатта өте көп аналар мен жастар бар тұрады. Бізде бір бала болса, олардың бірнеше баласы бар. Енді олар балаларын жоғарыға көтеріп шығуға міжбүр. Қиын”, – дейді тұрғындардың бірі Александр Черный.

Көп қабатты үйдің тұрғындары жедел сатыны жөндейтін мамандардың көмегіне зәру.

“Әйелім астмамен ауырады. Оған екі есе қиын. Жұмыстан келе жатып, үйге әрең жетеді. Тұрғындар Қарағандыдағы лифт жөндейтін мамандарды сарыла күтіп жүр. Ал жедел сатынын қалпына келтіру мүмкін емес болып шықты. Мәселе лифттің өндірістен алынып тасталғаныныда және оған қажетті қосалқы бөлшектердің жоқтығында емес. Кез келген лифтті пайдалану мерзімі – 25 жылдан аспау керек. Ал бұл жедел сатының қолданысқа берілгеніне 50 жыл болған”, – дейді Мұрат Көккөзов.

Болған жағдайға байланысты “Лифты Караганды” ЖШС-нің директоры Олег Якубовский пікір білдірді.

“Мен Астанадағы барлық әріптестеріме хабарласып, сараптама жүргізуін сұрадым. Олар “егер жедел сатының қолданысқа берілгеніне 50 жыл болса, тексермейміз” деп жауап берді. Егер олар келіп, тексеріс жүргізсе жедел сатыны сөзсіз тоқтатады, ары қарай қолданысқа берілмейді. Еденнің шіріп кеткені сонша, тұрғындар діттеген жеріне жете алмай, құлап кетуі мүмкін. Қарағандыдағы тұрғын үйлерде қолданысқа берілген 400-ден астам лифттің 115-і шұғыл ауыстыру қажет. Қазақстан бойынша әрбір жетінші жедел сатыны ауыстыру керек. Лифттің біреуін ауыстыру үшін 10 миллион теңге немесе одан да көп қаражат керек. Бұл қаражатты тұрғындардың қалтасы көтере алмайды. Бұл мәселенің жалғыз шешімі – мемлекеттік тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы бойынша пайызсыз несие алу. Қарағанды ​​облысында биылдың өзінде 59 өтініш жазылды. Бірақ бағдарлама тек 25 өтінішке арналған”, – дейді ол.

“Қарағанды ​​облысының тұрғын үй қорын жаңғырту орталығы” ЖШС-нің басшысы Данияр Дюсембаев бұл мәселенің шешілуіне уақыт керек екенін айтады.

“Бұл уақытты талап ететін бюджеттік процедуралар. Уақыт. Біз әрекет етіп жатырмыз. Жұмыстар жаздың басында басталады. Бәрі аз уақытта бола салмайды. Маусым айының басында республикалық бюджет нақтыланады”, – дейді ол.

Жаңғырту бағдарламасы бойынша несие алу үшін құжаттардың тұтас пакетін және кем дегенде үшінші қабаттан жоғарғы қабатқа дейін барлық тұрғындардың келісімін дайындау керек. Тұрғындардың барлығы келісім бермейді. Өйткені несиені бірнеше жыл төлеуге мәжбүр болады. Қажетті құжаттарды жинап болғаннан кейін де қаржыландыруды бір немесе одан да көп күтуге туа келеді. Өткен жылы да бағдарлама бойынша 25 лифтіні ауыстыру қарастырылған. Нәтижесінде қосымша қаржы бөлініп, 40 тұрғын үйдегі жедел саты жаңартылды.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.