Дені сау ұрпақ-ел болашағы



жүктеу 24.84 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі24.84 Kb.

ЖҚТБ- дан сақтану жолдары

Мақсаты: Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып, ЖҚТБ, ЖҚТБ(СПИД) – ғасыр індеті екендігін айта отырып, денсаулықты күту, оның адам өмірі үшін маңызын оқушыларға түсіндіру.

Оқушылардың жеке қабілеттерін, тілін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.



Түрі: тренинг

Әдісі: сұрақ-жауап, топтық, жеке, көрнекілік

Көрнекілігі: Денсаулыққа байланысты нақыл сөздер, спортшылар сурет, мультимедия.

Жүру-барысы:

І. Ей, болашақ ұланым!

Болашағы қазағымның,

Сендерсің деп білемін

Балғынды жас болашақ

Мен сендерге сенемін!

Елбасымыздың жолдауында атап өткеніндей "адам елдің басты байлығы", осы адамдардың денсаулығының жақсы, жаман болуына өздерінің іс-әрекеттерінің әсері мол. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сондықтанда әр жас ұрпақ өз денсаулығын ойлауы керек!

Ұстаздар! Оқушылар!

10 топ оқушыларының "Дені сау ұрпақ-ел болашағы" атты шарамызға қош келдіңіздер!

Шарамызды бастамас бұрын келісім шарт қабылдаймыз және осы келісімді әрқашан еске ұстаймыз.

1. ҚОЛ КӨТЕРУ ЗАҢЫ: кезекпен сөйлеу, біреу сөйлеген кезде қалғандары үнсіз тыңдайды. Сөз алғысы келсе, ҚОЛ КӨТЕРЕДІ.

2.БАҒА БЕРМЕУ ЗАҢЫ: әр түрлі пікірлер тыңдалуға, қабылдануға құқылы, ешкім ешкімді бағалап, сынап -мінеуіне болмайды.

3.СЫР АШПАУ ЗАҢЫ: болған оқиғалар тек топ мүшелерінің ортасында ғана қалады, сыртқа жарияланбайды.

4.БЕЛСЕНДІЛІК ЗАҢЫ: тәрбиелік шараның белсенділік көрсеткендерге жай отырғандарға қарағанда берері мол.

ІІ.Шарамызды бастаймыз.

Миға шабуыл

-Деніміз сау болу үшін не істеуіміз қажет?

-Спид дееніміз не? (әр оқушы қол көтеріп өз ойларын айтады)

-ЖҚТБ дертімен қалай күресуге болады?

"Денсаулық-зор байлық", "Басты байлық-денсаулық"дейміз. Олай болса жаман әдеттерден аулақ болып, спортпен шұғылдан! Спортты сүй! Өз тағдырың мен денсаулығыңа немқұрайлықпен қарама!

Абылай ханның сөзімен айтқанда: " Білекке сенген заманда, жауға есе бермедік, білімдіге сенген заманда, қапы қалып жүрмелік."

Отан үшін отқа түсетін, ел мерейін өсірер саналы да, дені сау азамат болыңдар! – деген екен.
Мына суреттерге қарап не айта аламыз?

Оқушылардың өз ойын тыңдап талқыға салу.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай дені сау, құшыр білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер. Елбасы «2001-2005 жылдар аралығында дене тәрбиесі, спорт түрлерін дамыту» туралы заңға қол қойды. Бұл-үкіметіміздің ұрпақ денсаулығын нығайтуға қатты көңіл бөліп отырғандығының айғағы.

Үйге тапсырма: ЖҚТБ (СПИД) туралы , оның адам өміріне, денсаулығына әсері тақырыбына материал жинақтау.

49 жалпы білім беретін мектеп





Сынып жетекшісі: Асқар Айгерім
Каталог: uploads -> doc -> 060e
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
060e -> «Ардақты ұстаз, асыл әке» атты зейнеткерлікке шығарып салу кешінің сценарийі Физика пәнінің мұғалімі Кунафина А. К. Беріктас ауылы, 2016 жыл «Ардақты ұстаз, асыл әке»
060e -> Жамбыл атындағы мектеп-лицейіні


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет