Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеуқағидалары Жалпы ережелер



жүктеу 0.89 Mb.
бет1/4
Дата22.04.2019
өлшемі0.89 Mb.
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің 

2015 жылғы «__» __________

№____ бұйрығына

1-қосымша



Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын

бюджет қаражатының есебінен өтеуқағидалары



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Денсаулық туралы Кодекс) 1-бабының  81) тармағына және 25-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес әзірленді және мыналарды қоспағанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының (бұдан әрі – ТМККК көрсететін ұйымдар) шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу тәртібін айқындайды:

1) мемлекеттік мекемелерді;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ТМККК шеңберінде мемлекеттік тапсырманы орындайтын денсаулық сақтау ұйымдарын;

3) «Шетелде емделуге үміткер пациентті отандық медициналық ұйымдардың жағдайында емдеу шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 тамыздағы № 474 бұйрығымен (бұдан әрі – ҚР ДСМ № 474 бұйрығы) бекітілген тәртіпте (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 10 қыркүйекте № 8695 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражатының есебінен шетелде емделуге жіберілетін аурулар тізбесіне және бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкес медициналық қызметтерді көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – АЕК кешенді жан басына шаққандағы норматив) – осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ТМККК «Тіркелген халық тіркелімі» (бұдан әрі – «ТХТ») порталында тіркелген бір адамға шаққанда қызметтер тізбесі бойынша амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенінің медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) көрсететін денсаулық сақтау субъектісіне АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компонентінен және кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентінен тұратын құны;

2) АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті – түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, уәкілетті орган айқындайтын қызметтердің тізбесі бойынша МСАК және консультациялық-диагностикалық көмек нысандарында ТМККК амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;

3) кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті (бұдан әрі – КЖНЫК) – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 689 бұйрығы (бұдан әрі – ҚР ДСМ № 689 бұйрығы ) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5876 болып тіркелген) айқындайтын тәртіппен индикаторлардың негізінде қол жеткізілген түпкілікті нәтижелер үшін МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті;

4) АЕК базалық кешенді жан басына шаққандағы нормативі – түзету коэффициенттерін есепке алмай, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес қызметтер тізбесі бойынша МСАК және консультациялық-диагностикалық көмектің нысандарында ТМККК амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;

5)бюджеттік бағдарламаланың әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі не облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары (бұдан әрі – ДБ);

6) онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі (бұдан әрі – ОНЭТ) – ТМККК орналастыруда және оны төлеу кезінде мәліметтері қолданылатын онкологиялық патологиялары бар науқастардың мәліметтерін тіркейтін, есепке алатын, өңдейтін бірыңғай ақпараттық жүйе;

7) кешенді тариф – онкогематологиялық науқастарды қоспағанда, әкімші бекіткен ТМККК медициналық қызметтер кешенінің онкологиялық тіркелімде тіркелген бір онкологиялық науқасқа есептегендегі құны;

8) ауыл халқына ТМККК қызметтерін көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив) – уәкілетті орган айқындайтын медициналық көмек нысандарының тізбесі бойынша «ТХТ» порталында тіркелген бір ауыл тұрғынына есептегенде аудандық маңызы бар немесе ауылдың денсаулық сақтау субъектісіне кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компонентінен және КЖНЫК-тен тұратын ТМККК қызметтер кешенінің құны;

9) ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті – түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, уәкілетті орган айқындайтын медициналық көмек нысандарының тізбесі бойынша ауыл халқына көрсетілетін ТМККК қызметтерінің кешенді есеп айырысу құны;

10) емделіп шығу жағдайы – стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайларда пациентке түскен сәттен бастап шыққанға дейін көрсетілген медициналық қызметтер кешені;

11) МСАК көрсетуге арналған жан басына шаққандағы норматив – МСАК нысанында ТМККК-мен қамтамасыз ету үшін бір адамға есептегенде шығындар нормасы;

12) жынысы-жасы бойынша түзету коэффициенті – халықтың әртүрлі жыныс-жас санаттарының медициналық көмекті тұтыну деңгейіндегі айырмашылығы ескерілетін коэффициент;

13) клиникалық-шығынды топтар (бұдан әрі – КШТ) – емдеуге арналған шығындар бойынша ұқсас аурулардың клиникалық біркелкі топтары;

14) ТМККК қызметінің тарифі (бұдан әрі – тариф) – ТМККК қызметі бірлігінің немесе кешенінің құны;

15) тарификатор – уәкілетті орган бекіткен құны көрсетілген медициналық қызметтердің бірыңғай тізбесі;

16) шығын сыйымдылығы коэффициенті – ТМККК қызметінің және клиникалық-шығынды топтардың базалық ставканың құнына шығындылық дәрежесін айқындайтын коэффициент;

17) базалық ставканың құны – ТМККК қызметі бір бірлігінің орташа есеп айырысуқұны;

18) түзету коэффициенттері – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығымен айқындалған (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) тәртіппен (бұдан әрі – Тарифтерді қалыптастыру әдістемесі) тарифті түзету мақсатында әкімші қолданатын коэффициенттер;

19) тапсырыс беруші – Денсаулық туралы кодекстің 34-бабының 4-тармағына (бұдан әрі – Қызметтер берушілерді таңдау қағиадалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы) сәйкес республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменті немесе тиісті облыстың, Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармасы;

20) қызметтер беруші – ТМККК көрсетуге арналған шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;

21) ТМККК көрсетуге арналған шарт – осы Қағидаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тапсырыс беруші мен қызметтер берушінің арасында жасалған ТМККК көрсетуге арналған азаматтық-құқықтық шарт;

22) қосалқы мердігер – Қызмет берушіні таңдау қағидаларына және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ТМККК көрсетуге арналған шарт бойынша міндеттемелердің бір бөлігін орындау үшін қызметтер беруші қосалқы мердігерлік шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;

23) төлем құжаттары – есеп-тізілім, шарттың орындалу хаттамасы және орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актісі;

24) шартты орындауды бағалаудың сызықтық шкаласы – медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау нәтижелерін есепке алмағанда , ТМККК көрсетугеарналған шарттың айлық сомасынан асқан жағдайда өтеу сомасын есептеу тетігі;

25) Қызметтерді төлеу жөніндегі комиссия – көрсетілген ТМККК үшін ақы төлеуді жүзеге асыру үшін тапсырыс беруші құратын тұрақты жұмыс істейтін алқалық орган;

26) шетел маманы – отандық денсаулық сақтау ұйымдар көрсетпейтін жоғары технологиялық көмек көрсету үшін, оның ішінде мастер-кластар өткізу үшін Қазақстан Республикасына сапармен шақырылған, дипломы бар және сертификатталған шетел маманы;

27) Министрліктің Республика азаматтарын шетелдік денсаулық сақтау ұйымдарына емделуге жіберу жөніндегі комиссиясы – құрамы мен Қызметі туралы ережені Денсаулық туралы кодекстің 7-бабының 80-тармақшасына сәйкес бекітілетін Республика азаматтарын шетелдік денсаулық сақтау ұйымдарына емделуге жіберу бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия (бұдан әрі – Шетелде емдеу жөніндегі комиссия);

28) шетелде емделуге үміткер болған пациентті отандық медициналық ұйымда емдеуге арналған шарт – уәкілетті орган мен отандық денсаулық сақтау ұйымының арасындағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген ҚР Денсаулық кодексінің 7-бабының 80-тармағына сәйкес айқындалған Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесіне және Қазақстан Республикасы азаматтарының бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін жекелеген санаттарының тізбесіне (бұдан әрі – аурулар мен азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі) сәйкес шетелдік медициналық ұйымдарда емделуге үміткер пациентке медициналық көмек көрсетуге арналған шарт;

29) бастапқы медициналық құжаттама –көмектің нысандары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – ҚР ДСМ № 907 бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№ 6697 болып тіркелген)  көрсетілген медициналық көмектің сипатын, көлемі мен сапасын көрсететін пациенттердің денсаулық жағдайы туралы деректерді жазуға арналған құжаттар;

30) онкологиялық науқастардың ортатізімдік саны – есепті кезеңнің әр күнтізбелік күні үшін ОНЭТ-те тіркелген онкологиялық науқастардың санын қосу және алынған соманы айдың күнтізбелік күндерінің санына бөлу арқылы айқындалатын есепті кезеңдегі орта есеппен онкологиялық науқастардың саны;

31) МСАК субъектісі – ТХТ порталында тіркелген бекітілген халыққа ТМККК амбулаториялық-емханалық қызметтерінің кешенін ұсынатын, МСАК көрсететін қалалық маңызы бар денсаулық сақтау субъектісі;

32) консультациялық-диагностикалық қызметер субъектісі – ТМККК шеңберінде консультациялық-диагностикалық қызметтер (бұдан әрі - КДҚ) көрсететін денсаулық сақтау субъектісі;

33) Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті– медициналық қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Министрліктің ведомствосы (бұдан әрі - МФҚБК) мен оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – МФҚБК АБ);

34) Министрліктің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті – медициналық қызметтер үшін ақы төлеуді республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыратын, сонымен бірге жетекшілік ететін бағыттар бойынша ТМККК қамтамасыз етудегі және кеңейтудегі нысаналы ағымдағы мақсатты трансферттерді қоса алғанда, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде іске асырылатын бағдарламалар мен бағыттарды енгізуді және орындауды үйлестіретін және мониторинг жүргізетін Министрліктің ведомствосы (бұдан әрі - МҚАК) мен оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – МҚАК);

35) ақпараттандыру субъектісі (бұдан әрі - АС) – денсаулық сақтау субъектілерімен ақпараттық қауіпсіздік пен ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты қамтамасыз етуді, емделіп шығу жағдайларын алдын ала бағалауды қоса алғанда, «Амбулаториялық-емханалық көмек» (бұдан әрі - «АЕК» АЖ), «Ауылдық денсаулық сақтау», «Жан басына шаққандағы нормативтің қосымша компоненті» (бұдан әрі - ЖБҚК), «Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі» (бұдан әрі - СНЭТ), «Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі» (бұдан әрі - МҚСБЖ), «КДҚ-АЖ», ОНЭТ, ТХТ порталы) ақпараттық жүйелердің (бұдан әрі - АЖ) ақпараттық-техникалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған денсаулық сақтау саласындағы ақпараттындыру субъектісі (бұдан әрі - АС);

36) ТМККК-ні мониторингілеу және талдау субъектісі – ТМККК көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілері қызметтерінің нәтижесін мониторингілеуді, талдауды және ТМККК-ге ақы төлеу әдістерін енгізудің медициналық-экономикалық тиімділігін бағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындайтын субъект;

37) лизинг беруші – қызметінің негізгі пәні қаржы лизингісі шарттарында денсаулық сақтау субъектілеріне одан әрі өткізу үшін медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу болып табылатын «ҚазМедТех» акционерлік қоғамын құру туралы» ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1238 қаулысына сәйкес айқындалған ұйым;

38) ауыл субъектісі - мынадай әкімшілік-аумақтық бірліктерге: аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ, ауданға кіретін және облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың денсаулық сақтау басқармалары айқындайтын ТХТ порталында тіркелген ауыл халқына көрсетілетін медициналық көмек нысандарының тізбесі бойынша ТМККК қызметтерінің кешенін ұсынатын аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектісі;


  1. денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

  2. онкологиялық науқастарға көрсетілетін медициналық көмек – барлық деңгейде дәрілік қамтамасыз етуді қамтитын, қатерлі ісіктері бар науқастарды диагностикалау мен емдеуге (оның ішінде ДСБ бекіткен аурулар тізбесі бойынша ісік алды аурулары және қатерсіз ісіктері бар) жәнедиспансерлік байқауға бағытталған медициналық қызметтердің кешені;

41) құжаттаманы сараптау – көрсетілген медициналық көмектің сипатын, көлемі мен сапасын көрсететін, жекелеген адамдар денсаулығының жай-күйі туралы деректерді жазуға арналған медициналық карталардың нысандары бойынша ҚР ДСМ-нің № 907 бұйрығымен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманы сараптау;

42) ТМККК консультациялық-диагностикалық көмегінің әлеуетті қосалқы мердігерлерінің электрондық тізілімі (бұдан әрі – электрондық тізілім) – Қызметтер берушіні таңдау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін, КДК-нің әлеуетті қосалқы мердігерлерінің деректер базасы.





  1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу тәртібі

3. ТМККК көрсететін ұйымдардың шығындарын өтеуді тапсырыс беруші әкімшінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражаттың шегінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандардың ТМККК көрсететін денсаулық сақтау субъектісін еркін таңдау құқығының іске асырылуын және осы медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылаудың нәтижелерін есепке ала отырып, жүзеге асырады;



Медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау нәтижелері бойынша ұсынылған медициналық қызметтер үшін бюджет қаражатының сомаларын түзету шарттың қолданылу мерзімі кезеңіндегі қызметтер берушімен келесі есеп айырысуларда жүргізілуі мүмкін.

  1. Шығындарды өтеу орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актілері негізінде әкімші бекіткен тарифтер бойынша жүзеге асырылады.

  2. Тарифтер түзету коэффициенттерін, оның ішінде жыныстық-жастық түзету коэффициентін есепке ала отырып, Тарифтерді қалыптастыру әдістемесіне сәйкес қалыптастырылады.

  3. Мыналарды қоспағанда, ТМККК көрсететін ұйымдардың ТМККК көрсету бойынша қызметіне байланысты шығындары өтеледі:

1) жергілікті өкілді органның шешімі негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті бюджет қаражатының есебінен өтелетін, Тарифтерді қалыптасыру әдістемесіне сәйкес тариф құрылымында уәкілетті орган айқындаған деңгейдің нормасынан жоғары коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды;

2) капиталдық шығындарды, мыналардан басқа:

уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өтелетін, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ның (бұдан әрі - АҚ) ТМККК көрсететін еншілес ұйымдарының негізгі қаражатын жаңартуға арналған шығыстар;

мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында ТМККК көрсететін ұйымдарға, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ның еншілес ұйымдарына және дауыс беру акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерге қаржы лизингісі шарттарында лизингілік төлемдерді төлеуге арналған шығыстар;

ағымдағы қаржы жылында кредиторлық берешек болмаған жағдайда қалыптасқан үнемдеудің қаражат есебінен ТМККК көрсететін ұйымдарға тарифке қосылған құны бес миллион теңгеден аспайтын жабдықты сатып алуға арналған шығыстар. Бұл ретте осы шығыстардың сомасы ТМККК көрсетуге арналған шарт сомасының 1 %-ынан аспауы тиіс.

7. Бюджет есебінен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық көмектің көлем мен сапа бақылауы көрсетілетін медициналық қызметтің стандарттарға, денсаулық сақтау аймағындағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.

Шарт жағдайларын өнім берушілермен орындау, оның ішінде көрсетілетін медициналық көмектің сапа мен көлем мәселелері бойынша тапсырыс беруші тарапынан бақылауға жатады.

МФҚБК АД Мемлекеттік бақылау және сараптау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте ішінара және жоспардан тыс нысанда медициналық көмектің сапа және көлем бақылауын жүзеге асырады.



  1. ТМККК көрсететін ұйымдардың тізбесін, ТМККК қызметтері тарифтерін қалыптастырудың әдістемесін және (немесе) шығындарын өтеупилоттық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

  2. ТМККК көрсететін ұйымдарда қалыптастырылып жатқан құжаттарға қол жеткізу деңгейі бар және құзыретіне сәйкес АЖ-ға деректерді енгізуді іске асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың уақтылығы, сапасы мен дұрыстығы үшін жауапты болады.



1-кіші бөлім. АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативі бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсеткені үшін шығындарды өтеу тәртібі

1.1-параграф. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсеткені үшін МСАК субъектілерінің шығындарын өтеу

10. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсеткені үшін МСАК субъектілерінің шығындарын өтеу нысаналы ағымдағы трансферттер (бұдан әрі - НАТ) түріндегі республикалық бюджет қаражатының және жергілікті өкілді органның шешімі бойынша қосымша бөлінген жағдайда жергілікті бюджет қаражатының есебінен АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативі бойынша жүзеге асырылады;

11. АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативі Тарифтерді қалыптастыру әдістемесіне сәйкес айына ТХТ порталында тіркелген, бекітілген бір адамға есептегенде айқындалады.

12. АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативі Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай болып табылатын АЕК базалық кешенді жан басына шаққандағы нормативінен төмен болмауы тиіс.

13. МСАК субъектісінің АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативі жасалған ТМККК көрсетуге арналған шарттың шеңберінде:

1) АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті бойынша көзделген қаражаттың шегінде медициналық көмектің мынадай: дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік түрлері бойынша МСАК және консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі - КДК) нысандарында тіркелген халыққа ТМККК-нің амбулаториялық-емханалық қызметтерінің кешенін қамтамасыз етуге;

2) ҚР ДСМ-нің № 689 бұйрығымен айқындалған тәртіппен ЖБНЫК бойынша көзделген қаражат шегінде уәкілетті орган бекіткен МСАК субъектілері қызметінің қол жеткізілген түпкілікті нәтиже индикаторлары үшін МСАК қызметкерлерін ынталандыруға (бұдан әрі – МСАК қызметкерлерін ынталандыру) арналған шығыстарды көздейді.

14. АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативі мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беру акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы денсаулық сақтау субъектілеріне қаржы лизингісі шартында лизингілік төлемдерді төлеуге арналған шығыстарды қамтымайды.

15. Ағымдағы қаржы жылына АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативі бойынша МСАК субъектілеріне берілетін қаржыландыру көлемі АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативін ТХТ порталында тіркелген, бекітілген халық санына және ТМККК қызметтері көрсетілетін ағымдағы қаржы жылындағы айлардың санына көбейту арқылы айқындалады.

Есепті кезеңдегі АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативі бойынша МСАК субъектісін қаржыландыру көлемі көрсетілген қызметтердің көлеміне тәуелді емес.

16. МСАК субъектілері ТМККК көрсетуге арналған шарттың сомалары шегінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес халыққа ТМККК-нің амбулаториялық-емханалық қызметтерінің толық кешенін қамтамасыз етеді.

17. Есепті кезең күнтізбелік бір айға тең уақыт кезеңі (айдың бірінші күнінен соңғы күніне дейін)болып табылады.

18. МСАК субъектісі есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей Тапсырыс берушіге «АЕК» АЖ-да қалыптастырылған, бірінші басшысының қолы қойылған немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып қол қойылған МСАК субъектісінің шот-тізілімін береді.

19. Тапсырыс беруші МСАК субъектісі қол қойған шот-тізілімнің, МФҚБК АД-ның таңдаулы және жоспардан тыс тексерулерінің нәтижелері (болған жағдайда), ЖБНҚК-де автоматтандырылған режімде есептелген МСАК субъектісінің түпкілікті нәтиже индикаторларына қол жеткізу нәтижелері негізінде «АЕК» АЖ-да қызметтерге ақы төлеу жөніндегі комиссия қарайтын және қол қоятын ТМККК көрсетуге арналған шартты орындау хаттамасын қалыптастырады.

20. Тапсырыс беруші ТМККК көрсетуге арналған шартты орындау хаттамасының негізінде «АЕК» АЖ-да екі данада бір данасы МСАК субъектісіне берілетін, екі тарап қол қоятын немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланумен қол қойылатын орындалған жұмыстардыың (қызметтердің) актісін (бұдан әрі – орындалған қызметтердің актісі) қалыптастырады.

21. Орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актісі бойынша ақы төлеуді Тапсырыс беруші есепті кезеңнен кейінгі күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей (желтоқсан – 25-күніне дейін), МСАК субъектісінің есеп айырысу шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы ТМККК көрсетуге арналған шартта көзделген көлемі мен мерзімде бұрын төленген аванстың бір бөлігін ұстап қалуды есепке ала отырып жүзеге асырады.

22. Деректерді АЖ-да қалыптастыруды мемлекеттік орган мен денсаулық сақтау субъектісінің бірінші басшысының бұйрығымен айқындалған жауапты адамдар (бұдан әрі – АЖ бойынша жауапты адамдар) жүзеге асырады.

23. Деректерді АЖ-да енгізу нәтижесі бойынша деректер күн сайын мониторингілеу, талдау және бағалау үшін, тапсырыс берушінің басқармалық шешімдері қабылдауы үшін құзыреті шегінде МҚАК, МФҚБК мен МФҚБК АД, ТМККК-ні мониторингілеу мен талдау субъектісіне, АС, лизинг берушіге, ғылыми-зетрттеу ұйымдарына қолжетімді болады.

24. ТМККК-ні мониторингілеу және талдау субъектісі, АС, АЖ-ның деректері негізінде тапсырыс беруші, МҚАК, МФҚБК мен МФҚБК АД үшін жасасқан шарт шеңберінде талдамалы кестелердің қалыптастырылуын, талдамалы есептердің немесе ақпараттың құрылуын және олардың ұсынылуын қамтамасыз етеді.

25. Төлем құжаттарын қалыптастыру АЖ-ның негізінде АЖ бойынша жауапты тұлғалардың мына функцияларды орындауы кезінде жүзеге асырылады:

«АЕК» АЖ-да:

1) тапсырыс беруші «Төлем жүйесі» модулінде:

МСАК субъектілерімен жасалған ТМККК көрсету шартттарын енгізеді және растайды;

Есепті кезеңге мына төлем құжаттарын қалыптастырады:

МСАК субъектісінің ТМККК көрсету шартттарын орындау хаттамаларын осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – МСАК-тың шартын орындау хаттамасы);

МСАК субъектісінің ТМККК шеңберінде орындалған жұмыстар (қызметтер) актісін осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – МСАК-тың орындалған жұмыстар (қызметтер) актісі);

2) лизинг беруші қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техниканы қолданудың МСАК субъектілерімен жасалған шартын енгізеді жәнерастайды;

3) АЖ Қызметтер берушіні таңдау ережелеріне сәйкес қалыптастырылған электрондық тіркелім негізінде қосалқы мердігерлер және олар көрсететін КДҚ бойынша деректерді енгізеді және растайды;

4) МСАК субъектісі:

«Тіркеу» модулінде күн сайын дәрігерлердің қабылдау кестесі мен дәрігерлердің кестесі, дәрігер қабылдауына жазылу, активтер мен үйге шақырулар, келіп түскен бағыттарды үлестіру бойынша мәліметтерді енгізеді;

МСАК және КДҚ мамандары халыққа көрсеткен амбулаториялық-емханалық қызметтерінің жекелендірілген тіркеуін бастапқы медициналық құжаттаманың мына нысандарының негізінде күн сайын жүргізеді: амбулаториялық пациенттің медициналық картасы (№ 025/у нысаны), амбулаториялық науқастың картасы (№025-5/у және 025-9/у нысандары), алдын алу үшін амбулаториялық пациентті медициналық тексеру (скрининг) (025-8у нысаны), алдын алу үшін баланы медициналық тексерудің (скрининг) статисткалық картасы (025-07у нысаны);

«Жолдамалар банкі» модулінде КДҚ-ға ішкі және сыртқы жолдамаларды 001-4/у нысан бойынша күн сайын енгізеді;

«Төлем жүйесі» модулінде:

қосалқы мердігерлік шарттарын қол қойылған күнінен бастап 3 күннен кешіктірмей енгізеді және растайды;

қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техникада көрсетілген КДҚ саны бойынша мәліметтерді осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техниканы пайдалану парағына енгізеді;

МСАК субъектісінің ТМККК шеңберінде тіркелген халыққа АЕК көрсеткені үшін есепті кезең үшін шот-тізілімді осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады (бұдан әрі – МСАК шот-тізілімі);

есепті кезеңге қосалқы мердігер бойынша төлем құжаттарын осы Қағидаларға 8-параграфқа сәйкес қалыптастырады:

МСАК субъектісінің ТМККК шеңберінде тіркелген халыққа АЕК көрсету қосалқы мердігерлік шартын орындау хаттамасын;

МСАК субъектісінің ТМККК шеңберінде тіркелген халыққа АЕК көрсету қосалқы мердігерлік шарты бойынша орындалған жұмыстар (қызметтер) актісін;

есепті кезеңнен кейінгі айдың 30 күніне дейін (желтоқсан үшін – 25 желтоқсанға дейін) бастапқы қаржылық құжаттама негізінде есепті кезең үшін мәліметтерді енгізеді және енгізу нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес келесі нысандар бойынша есептерді қалыптастырады:

МСАК субъектілерінің АЕК көрсету кезінде кірістер құрылымы;

МСАК субъектілерінің АЕК көрсету кезінде шығыстар құрылымы;

Қызметкерлердің дифференциалданған еңбекақысы бойынша ақпарат;

Біліктілікті жоғарылату және кадрларды қайта дайындау бойынша ақпарат.

26. ЖБНЫК мөлшері уәкілетті органмен айқындалады және Қазақстан Республикасы территориясында бірыңғай болып табылады. МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің түпкілікті нәтиже индикаторларына жетуі үшін МСАК қызметкерлерін ынталандырылуына бөлінген ЖБНЫК қаражаттарын қолданудың тиімділігі МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің түпкілікті нәтиже индикаторларына жетуі үшін МСАК қызмметкерлерін тиімді қамтамасыз ету функцияларын орындау кезінде үдеріске қатысушылармен қамтамасыз етіледі.

27. Үдеріс қатысушылары:

1) МСАК субъектілері;

2) ауыл субъектілері;

3) ДСБ;

4) МФҚБК және МФҚБК АД ;



5) МҚАК және МҚАК АД;

6) АС;


7)ТМККК-ні мониторингілеу және талдау субъектісі;

8) МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілері қызметтерінің түпкілікті нәтиже индикаторларына жетуін қамтамасыз ету мақсатында үдерістің индикаторлар мониторингін жүргізетін ғылыми-зерттеу орталықтары (бұдан әрі – түпкілікті нәтиже индикаторлары).

28. МСАК қызметкерлерін ынталандырылуына бөлінген қаражаттардың тиімді пайдалануын қамтамасыз ету мониторингін жүргізу кезінде қатысушылардың функциялары:

1) МҚАК және МҚАК АД:

Тарифтерді қалыптастыру әдістемесіне сәйкес индикатор көрсеткіштерін есептеуді ЖБҚК-да қалыптастыру және ЖБНЫК сомаларын бағалау;

денсаулық сақтау басқармасының МСАК субъектілеріне және ауыл субъектілеріне ЖБНЫК сомаларын уақтылы аударуды мониторингілеу;

МСАК субъектілерінің және ауыл субъектілерінің олардың қызметкерлеріне ЖБНЫК сомаларын уақтылы төлеуін мониторингілеу;



есепті кезең үшін түпкілікті нәтиже индикаторларына жету нәтижелері бойынша ҚР ДСМ № 689 бұйрығына сәйкес ЖБНҚК деректерінің негізінде сомаларды МСАК қызметкерлеріне бөлудің мониторингі мен бағалауы, сонымен бірге МСАК субъектісіне және ауыл субъектісіне шығумен;

2) МФҚБК және МФҚБК АД:



ҚР ДСМ № 689 бұйрығына сәйкес ЖБНҚК деректерінің негізінде түпкілікті нәтиже индикаторлары мағыналарына әсер ететін МСАК субъектісі және ауыл субъектісінің қызмет үдерістерінің индикаторларын мониторингілеу;

3) ДСБ:


аймақ деңгейінде ЖБНЫК жүйесін іске асыру;

аймақ деңгейінде үдеріс қатысушыларының қызметтерін үйлестіру;



МСАК субъектілерінің және ауыл субъектілерінің ЖБНЫК қаражаттарын мақсатты пайдалануын бақылау;

МФҚБК ұсынған түпкілікті нәтиже индикаторлары мағыналарына әсер ететін МСАК және ауыл субъектілері қызметтерінің жағдайларын ЖБҚК-не толық бөлуді мониторингілеу және бақылау;

әр учаске бөлінісінде МСАК және ауыл субъектілерінің қызмет үдерістері бойынша индикаторлар деректерін ЖБҚК-ға орналастыруды мониторингілеу мен бақылау;

қызметке ақы төлеу комиссиясы шешімінің негізінде есепті кезең үшін қол жеткізілген түпкілікті нәтиже индикаторларын бағалау нәтижелері бойынша ЖБНҚК сомаларын МСАК және ауыл субъектілеріне аудару;

ҚР ДСМ № 689 бұйрығына сәйкес ЖБНҚК сомаларын МСАК субъектілерінің және ауыл субъектілерінің МСАК қызметкерелеріне бөлуді мониторингілеу мен бағалау, сонымен бірге ауыл субъектілеріне шығу арқылы;

ЖБНЫК жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге және әзірлеуге қатысу;

ЖБНЫК мәселелері бойынша азаматтардың, МСАК субъектілерінің және ауыл субъектілерінің жүгінулерін қарастыру;

4) МСАК субъектілері және ауыл субъектілері:

МСАК –ты көрсетудің сапасын көтеру;

МСАК-ты көрсетудің сапасын үздіксіз көтеру жүйесін жетілдіру бойынша басқармашылық шешімдерді қабылдау;

түпкілікті нәтиже индикаторлары мағыналарына әсер ететін МСАК субъектісі қызметі үдерісінің индикаторларын бекіту;

ҚР ДСМ № 689 бұйрығына сәйкес МСАК қызметкерлеріне ЖБНЫК сомаларын уақтылы төлеуді қамтамасыз ету;

29. МСАК субъектілері және ауыл субъектілеріне ЖБНЫК төлеуіне төлем құжаттарының ақпараттық жүйелерде сапалы және уақтылы қалыптастыру бойынша қатысушылардың функциялары:

«МҚСБЖ» АЖ-ға:

МСАК субъектілері бойынша МФҚБК АД:

Есепті кезеңнен кейін 3 күннен кешіктірмей МСАК субъектілерінің бөлінісінде МСАК қызметіне тіркелген халық арасында жеке тұлғалардың жүгінулері бойынша (арыздарын) олардың негізділігін көрсете отырып, мәліметтерді енгізеді;

Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметке ақы төлеу комиссиясына ұсыну үшін МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілері қызметтеріне жеке тұлғалардың негізді жүгіну жағдайлары бойынша (арыздарын) мәліметтерді енгізу нәтижелері бойынша есепті есепті кезеңнен кейін 4 күннен кешіктірмей қалыптастырады;

«ЖБҚК» АЖ-ға:

1) МҚАК:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астана әкімі арасындағы (бұдан әрі - Кеілісімшарт) ағымдағы қаржы жылына келісілген мәліметтердің негізінде әр аймақ бойынша бекітілген жоспарлы жылдық ЖБНЫК сомасы және ағымдағы жылға халық саны бойынша деректерді енгізеді және растайды;

Келісімшарт негізінде Тапсырыс берушінің ЖБНЫК жылдық сомасын бөлуін растайды;

Келісімшарт негізінде ДСБ-ның әр түпкілікті нәтиже индикаторы бойынша мақсатты мәнінің орнатылуын растайды;

2) жергілікті мемлекеттік орган:

Келісімшарт негізінде аймақ деңгейінде олардың мақсатты мәнін орнату үшін түпкілікті нәтиже индикаторы бойынша мәлімттерді енгізіп, растайды;

есепті кезеңді жабуға дейін түпкілікті нәтиже индикаторы мәніне әсер ететін даулы жағдайларды (ана және бала өлімі жағдайларын, арыздарды қоспағанда) қызметке ақы төлеу комиссиясы шешімінің негізінде МСАК-тың нақты субъектілеріне жатқызуға қатысты түзетулерді енгізеді;

есепті кезеңді жабуға дейін есепті кезең ағымында аймақ бойынша МСАК субъектілері бөлінісінде түпкілікті нәтиже индикаторлары мәндерінің және ЖБНЫК сомаларының алдын ала автоматты түрде есептеуін жүргізгеннен кейін мәліметтерді өзгерту мүмкін емес;

есепті кезеңнің жабылуын есепті мерзімнен кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей растағаннан кейін енгізілген мәліметтердің қандай да бір өзгерістеріне тыйым салынады. Егер ТХТ порталында тіркеу ұйымдары және тіркеу учаскелері бойынша үлестірілмеген жағдайлар болса, кезеңді жабу мүмкін емес;

қызметке ақы төлеу комиссиясының қарауына ұсыну мен бекітілуі үшін МСАК субъектілері бөлінісінде қол жеткізілген түпкілікті нәитжелерді бағалаудың қорытындысын қалыптастырады;

3) МФҚБК және МФБҚК АД:

қайғылы оқиғаларды есепке алмағанда, есепті кезең үшін барлық ана мен бала (7 күннен 5 жасқа дейінгі) өлім жағдайлары бойынша есепті кезеңнен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей мыналарды тіркейді:

МСАК деңгейінде алдын алуға болатын жағдайлар туралы мәліметтер және олардың медициналық қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша ЖБНЫК сомаларын есептеуде қатысуы туралы мәліметтерді;

медициналық қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік бақылаудың аяқталмағанына байланысты, есепті кезеңде ЖБНЫК сомасын есептеуде қатыспайтын жағдайлар туралы мәліметтерді;

қызметтерге ақы төлеу комиссиясына ұсыну үшін енгізілген мәліметтер нәтижелеріне сәйкес есепті кезеңнен кейінгі төрт жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай есептерді қалыптастырады:

осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МСАК деңгейінде ана өлімі жағдайлары бойынша;

осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала (7 күннен 5 жасқа дейінгі) өлімі жағдайлары бойынша (7 күннен 5 жасқа дейінгі);

4) ТМККК-ні мониторингілеу және бағалау субъектісі:

МСАК-тің әр субъектісі және оның аумақтық учаскелері бойынша түпкілікті нәтиже индикаторлары мәндеріне әсер ететін медициналық көмекті көрсету жағдайлары бойынша ТХТ, МҚСБЖ, ОНЭТ порталдарының мәліметтер базаларынан автоматтандырылған режімде мәліметтердің дұрыс жүктемесінін күн сайын қамтамасыз етеді;

өзара әрекеттесу сервисін іске асыру жағдайында автоматтандырылған режімде немесе аталған сервис «Туберкулез науқастардың ұлттық тіркелімі» немесе «Диспансер науқастардың электрондық тіркелімі» мәліметтер базаларында болмаған жағдайда, қол тәртібінде мәліметтердің дұрыс жүктемесінін ай сайын қамтамасыз етеді;

түпкілікті нәтиже индикатор мәнін және ЖБНЫК сомаларын есептеу үшін осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерге ақы төлеу комиссиясына ұсыну үшін ақпараттық жүйелерден мәліметтерді жүктеудің дұрыстығы мен анықтығы бойынша есепті есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірмей қалыптастырады;

5) МСАК субъектісі:

есепті кезеңді жабудан кейінгі бір күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей есепті кезең есептеуі нәтижелерінен алынған ЖБНЫК жалпы сомасынан 5% кем емес мөлшерде МСАК қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жолдауына жоспарланатын ДСБ шығыс сомалары бойынша мәліметтерді енгізеді;

ДСБ-ның есепті кезеңінің жабылуын есепті кезеңнен кейінгі айдың үшінші күнінен кешіктірмей растайды, одан кейін енгізілген деректерге қандай да бір өзгерістерді енгізу мүмкін емес және МСАК қызметкерлеріне ЖБНЫК сомаларын аумақтық учаскелер бөлінісінде түпкілікті нәтиже индикаторы мәндерінің автоматтандырылған есеп айырысуын жүзеге асырады;

түпкілікті нәтиже индикаторы мәндеріне әсер ететін нақты жағдай бойынша тіркеу телімі туралы ақпараттың болмауы жағдайында ТХТ порталына деректерді енгізеді;

ҚР ДСМ № 689 бұйрығына сәйкес МСАК қызметкерлерін ынталандыру бойынша ЖБНЫК сомаларын бөлу нәтижелері бойынша деректерді осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес енгізеді және есепті кезеңнен кейінгі айдың 25- күнінен кешіктірмей есепті кезең үшін алғашқы медициналық-санитариялық көмекті көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің МСАК қызметкерлеріне бөлінетін соманы бөлу бойынша есепті қалыптастырады;

6) Тапсырыс беруші:

Келісімшарт негізінде аймақ деңгейінде ЖБНЫК жылдық сомасының ай сайын бөлу бойынша деректерді енгізеді;

түпкілікті нәтиже индикаторы мәндерін және ЖБНЫК сомаларын есептеуге әсер ететін қатысушылар қызметтерінің сәйкессіздігін немесе бұрыстығын анықтау жағдайында, МСАК субъектілері есепті кезеңді жабуға дейін ДСБ жасаған есепті кезең жабылуының растауын алып тастайды;

түпкілікті нәтиже индикаторлар мәндерінің және «АЕК» АЖ-да төлеуге ЖБНЫК сомаларының автоматты түрде есептеуі деректерінің жүктемесін жасайды.

30. Шарт жағдайларын қызмет берушілермен орындау, оның ішінде көрсетілетін медициналық көмектің сапа және көлем мәселелері бойынша ДСБ-ның тарапынан бақылауға жатады.

 МФҚБК АД «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген тәртіпте осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес жоспарлы және жоспардан тыс нысанда медициналық көмектің сапа және көлем бақылауын жүзеге асырады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет