Денсаулық-зор байлық



жүктеу 25.13 Kb.
Дата17.02.2018
өлшемі25.13 Kb.

Денсаулық-зор байлық

Мұғалім: Денсаулық-өмір жалғасының сәулесі,өз саулығыңа қамқор болсаң,жаныңа үнемі саттілік серік болады.Нанбасаңыз ақылды тыңдаңыздар.

Ақыл: Денсаулық-бар байлығың басыңдағы,

Жайнаған өміріңнің жасыл бағы

Қастерлеп,мәпелесең ,аяласаң

Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы.

Өмірдегі қымбаты,асылы денсаулықтың қадірін білмеген Еріншек Дерт ауылына тап болады.Осында жүрген Сырқат жаңа досының пайда болғанына қуанып,Еріншектің жан-тәнін аш қасқырдай жей береді.

Сырқат:Арпалысып күні түні күресіп,

Мен тұрамын аузымды ашып тіресіп.

Шыбын жанда шама жоқ күресетін

Минут сайын мен де барам жеңіп.



Еріншек:Денсаулық-ен байлықтың бал байлығы,

Қайда қане бал бұлақтың шамшырағы.

Кеудеге жан ендіріп,дем беретін,

Жан барма өмірімді көркейтетін?



Денсаулық патшасы: Денсаулық қашаннан да алтынға тең,

Болады болашағың жарқын да кең.

Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен,

Ойланып,көп тасымай ақылға кел.

Еріншекке көмек керек,достарыңды ерте бар Дерт ауылына.

Денсаулық сақшысы: Дертмеңдеп айналмасын ішке жара,

Ем тауып оны зерттеу үлкен сала.

Денсаулықтың достары,сақшылары

Қайғыға орын бермес тауып дана



Еңбек,күн,ас,су,ұйқы,ауа,тазалық,күтім.Денсаулықтың достары қайдасыңдар?Дерт ауылына барып,Еріншекті құтқаруымыз керек.Жолға шығалық.

Денсаулық достары: Дертке дауа іздейміз,

Ізденісті үзбейміз.

Дерт ауылына мекендеп,

Сырқатты біз жеңеміз.

Сөйтіп ,олар Дерт ауылына тап болады.Бұл дерт ауылы өте қараңғыекен,мұнда денсаулықтың қастары да бар.Халыққа зиянын шашып,өздерінің арампиғылдарын жүзеге асырып жүрді.Денсаулықтың қастары-Ластық,Жалқаулық,Арақ,Темекі.Дерт ауылының патшасы Сырқат денсаулық достарымен ашық айқасқа түсті.

Сырқат:Бүгінгі күн қорқыныштың базары,

Азап пенен ауруда елдің назары.

Еріншектің әбден түсіп ажары,

Қайраты да өшіп оның барады.



Денсаулық сақшысы:

Жадыраған жанымыз бар,


Наз дауысты әніміз бар

Ауырғанда беретін,

Шипа,дәрі қанымыз бар.

Сырқат,біз өзіңе және еріншекке жалпы денсаулыққа зиянды әсер ететін зиянды заттардың зардабы туралы айтып,санасына сәуле құйып,салауатты өмір салтына тәрбиелесек дейміз.Бізге мүмкіндік бере гөр,жас балғынның өмірін қима.



Сырқат: Дерт ауылын басқарып,бүкіл адамзатты ауруға шалдықтырып,болашақтың дамуына кедергі келтіру маған ұнайды дейсің бе?

Барлық аурудың пайда болып,дамуына адамзат өзі кіналі.Салауатты өмір салтын сақтамайды,ауруға тап болған соң ғана дәрігер іздейді.



Денсаулық сақшысы: Иә,айтпақшы Еріншекке дәрігер керек.Дәрігер қайда?Ақ халатты абзал жан көмекке келсе,нұр үстіне нұр болар еді.

Сырқат: Дәрігердің жүрегі кең,пейіліақ,көңілі таза.Ол бір жерде жасырулы,Енді ғана дәргіерді қажет етіп қалдыңдар ма?Менің шартым білімдеріңді сынап көргім келеді.Сол кезде дәрігерді де,еріншекті де босатамын.Салауатты өмір салтының формуласы қандай?

Денсаулық достары:Сау дене,азат ақыл,адал көңіл

Үшеуімен бақытты болады өмір.



Міне,формуласы осындай.

Мұғалім:Денсаулығымызды сақтау өз қолымызда.




Орындаған:Г.Алиева
Каталог: uploads -> doc -> 0d54
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0d54 -> Отчет использовать в библиотеке гбу «Центр туризма и экскурсий»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет