Денсаулық зор байлық



жүктеу 19.93 Kb.
Дата17.02.2018
өлшемі19.93 Kb.


Денсаулық - зор байлық
Амиза А

Теңдік орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі


Тәрбие сағатының мақсаты:

а.Жас ұрпаққа адам денсаулығының қажеттігін,басты байлық екендігін түсіндіру.

ә.Қимыл-әрекетке жаттықтыру,еңбек етуге,елін,жерін қорғауға қажетті күш-қуатын молайту.

б.Салауатты өмір салтын сақтауға дағдыландыру.



Көрнекілігі: мақал-мәтелдер,нақыл сөздер ,суреттер

Барысы
І топ- Денсаулық тобы

ІІ топ - Сымбат тобы



І.Әр топ өзін таныстырып,ұрандарын айтады.

а.Денсаулық тобының ұраны: "Дені саудың жаны сау"

ә. Сымбат тобының ұраны: "Сымбатты болу -өз қолыңда"

ІІ. Денсаулық туралы мақал-мәтелдерді жалғастыр.

1-оқушы:

Ізеп алған...( аурудың емі табылмас.)

2-оқушы:


Көзің ауырса,...(қолыңды тый,)

Ішің ауырса,...(аузыңды тый.)

3-оқушы:

Бірінші байлық -... (денсаулық)

Екінші байлық -...( ақ жаулық).

Үшінші байлық- ...(он саулық.)

4-оқушы:

Тазалық -...( саулық негізі,)

Саулық - ... (байлық негізі.)

5 - оқушы:

Жан ауырса -...( тән азады.)

Қайғы басса- ...(жан азады)

6.оқушы:

Жалқаулық - ....(жаман ауру)



ІІІ .Жарнама

І топ (Айранды жарнамалайды)

Айранның денсаулыққа пайдасын айту. Бұл сүттен жасалады.Оның денсаулыққа пайдасы зор.Өзі арзан,өзі дәмді,өзі пайдалы.Спрайт ішкенше айран сатып алып ішейік.


ІІ топ (Құртты жарнамалайды)

Құрт-сиырдың сүтінен жасалады.Құрттың тіске көп пайдасы бар.Құрт тісті қатайтады."Орбит" алғанша осы құртты сатып алған тиімді.



ІY. 3 топқа үш сұрақ беріледі.

Денсаулық тобына:

Темекі тартудың адамға зияны қандай ?

(Темекі адам денсаулығына зиянды.Темекінің құрамында никотин бар.Темекі тартқан адамның ағзасы бұзылады.)
Сымбат тобына:

Туберкулез ауруынан сақтанудың қандай жолдарын білесіңдер ?

(Туберкулез сақтанудың жолдары көп.Біреудің аузындағы сағызды шайнауға болмайды.Әр адамның жеке орамалы,сабыны,тіс щеткасы болу керек.Үнемі тазалық сақтау қажет.)

Денемізді шынықтыру мақсатында ойндар ойнату.

"Күш сынысу", "Арқан тартыс", "Отырып жарысу"

Қимылды жаттығу түрлерін музыка арқылы жасап аяқтау.
Қорытынды.

Денсаулығымыз мықты болу үшін не істеу керектігін ,ауырмай тұрып

алдын-ала сақтану,сонымен қатар айнала қоршаған дүниенің біздің денсаулығымызға пайдасын т.б жолын меңгердік деп есептеймін.

Ерінбей түрлі жаттығулар жасап, уақытылы тамақтанып,таза жүрсек аурудың алдын аламыз.яғни дені сау,қоғамымызға пайдалы,отбасына тірек болатын азамат,азаматша болып шығасыздар.


Тайынша қаласы

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет