Деп туған мағрифа атты еске алу кешінің сценарийі Жүргізуші



жүктеу 83.66 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі83.66 Kb.
түріСценарий

«ЕЛІМ ДЕП ТУҒАН МАҒРИФА»

атты еске алу кешінің сценарийі





Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті қонақтар, оқырман қауым! М.Қазыбековаға 110 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Елім деп туған Мағрифа» атты еске алу кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Халқымыздың басынан соңғы екі ғасырда не өтпеді. Бір миллионнан астам адамды жалмап кеткен «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама», екі жарым миллион адамды құрбан еткен аштық нәубеті одан кала берді халықтың зиялы өкілдерін жалмап кеткен 37-нің қызыл қырғының көзге елестетудің өзі оңай емес, жан түршігеді. Бұл бастылары ғана, ара-тұра кездесіп отырған ақтаңдақтар қаншама десеңізші.

Еліміз Тәуелсіздік алғалы, сол бір қасіретті жылдар туралы ашық айтып, жасыған намысты жанып, езілген еңсені тіктеуге мүмкіндік туды. Сол бір сұрапыл қырғында қаншама боздақтар жазықсыз жапа шегіп, жалындаған жас қайратын темір торда азапты жағдайда өткізді.



Жүргізуші:

Өздеріңіз көріп отырған сарғыш тартқан суреттер мен құжаттар бізді сондай ойға жетелейді. Суреттердегі жанарлар "біз елдің елдігін ғана аңсадық, одан басқа не жазығымыз бар еді?» деп тұрғандай. Ал, оған жауап берудің өзі мүмкін емес.

Тағы да суреттерге үңілсек, бұлар - қуғын-сүргін құрбандығына шалынған ерлі-зайыпты Смағұл мен Мағрифа Қазыбековтер, ері сол бір аласапыран жылдары жазықсыз атылып кетсе, зайыбы сандаған жылдар азапты өмірді артқа тастап, қапастан босап шыққан соң ел игілігіне еңбек етіп, көпшілік құрметіне бөленген жан.

1929 жылы оқуын ойдағыдай бітірген жас маманның алдында халқына қызмет етсем деген арманға толы жол жатты. Өмірдің тағы бір белесіне жолдама берген осы құжатқа сіздер де назар аударсаңыздар:

«Осы куәлік 1903 жылы маусым айының 1-і күні Орынбор губерниясына қарасты Бөрті болысындағы №3 ауылда туған Қазыбекова Мағрифа Мырзағұлқызына берілді. Себебі, ол 1922 жылы Орта Азия Мемлекеттік университетіне түсіп, медицина факультетінің толық курсын аяқтап шықты. Орта Азия Мемлекеттік университетінде оқып жүрген уақытында ол теориялық курс және практикалық дайындықтан өтті.

1929 жылғы желтоқсан айында азаматша Қазыбекова Мағрифа Мырзағұлқызы мемлекеттік кәсіби комиссиясы алдында сынаққа түсіп, ойдағыдай өткен соң, оған маман дәрігер атағы берілді.

Орта Азия мемлекеттік университетінің ректоры Городецкий, мемлекеттік кәсіби комиссиясының төрағасы - Перешывкин, мемлекеттік кәсіби комиссиясының хатшысы - Замятин».


Жүргізуші:

Мағрифа Мырзағұлқызы Қазыбекова 1903 жылы 16 маусым күні Торғай облысы, Ақтөбе уезі Бүрті болысының №3 ауылында дүниеге келген. Әуелі ауыл мектебінде, Орынбордағы татар мектебінде оқып білім алған. 1922 жылы Ташкент қаласындағы Орта Азия университетінің медициналық факультетіне оқуға түсіп, бітірген соң Ташкент тері аурулары клиникасында жұмыс істейді. Ал ері Смағұл Қазыбеков Қарағанды облысы, Қарсақбай ауданының тумасы Тимирязев академиясының түлегі болатын. 1920 жылдардың аяғында іс-сапармен АҚШ барып қайтады. Осы сапары кейіннен қайғы болып жабысқандай. Себебі осыдан кейін 1936 жылы Смағұл Қазыбековты «халық жауы» деп тұтқынға алады. 1938 жылы ату жазасына кескен екен. Ал, Мағрифа апай «халық жауының әйелі» есебінде қуғын - сүргінге ұшырап, 5 жылға сотталып, «Алжир» лагерінде тұтқында болады.

Ұлы Отан соғысы басталғандықтан елде дәрігерлер қажет болып, Мағрифа Балқашқа жер аударылады. 1943-1947 жылдар аралығында Мағрифа Мырзағұлқызы әскери тұткындар лагеріндегі лазарет бастығы қызметінде болады.



Жүргізуші:

Енді бір сәт Мағрифаға берілген мінездемеге үңілейік:

«Ішкі Істер министрлігіне карасты №37 әскери тұтқындарға арналған лагерь басқармасы лазаретінің бастығы Қазыбекова Мағрифа Мырзағұлқызына берілген мінездеме:



«М.М.Қазыбекова 1903 жылы туған, қазақ партияда жоқ білімі - медициналық жоғары. Жолдас Қазыбекова 1945 жылғы қараша айының 15-і күнінен бастап осы лагерьде еңбек еткен шағында өзінің адал, өз ісіне білікті екенін таныта білді. Уақытпен санаспай жұмыс істеп және тәртіпті болды. Мамандық деңгейін көтеруге, саяси сауатын толықтыруға үнемі көңіл бөліп отырды.

Коллектив алдында беделді. Еңбекте және тұрмыста өзгелерден үлгілі. №37 лагерь басқармасының бастығы Штепа.

1947 жылғы қарашаның 3-і, Балқаш қаласы».

Күй орындалады

Жүрізуші:

1947 жылдың қарашасынан М.М.Қазыбекова қалалық аурухананың бөлім меңгерушісі болып 43 жыл қызмет етті.

Мағрифа Қазыбекова халыққа қызмет істеген еңбек жолында бірнеше шәкірттер тәрбиелеп шығарды. Сол кісілердің бірі Ахметова Фаина Тукеновна.



Фаина Тукеновна, Мағрифа Мырзағұлқызы жөніндегі естеліктеріңізбен бөліссеңіз (Фаина Тукеновна, поделитесь с нами воспоминаниями о Магрифе Мурзагуловне)

Ф.Ахметованың сөз сөйлеуі

Жүргізуші:

Тумысынан инфекционист, №1 қалалық емхананың сарапшы-дәрігері Ағдарбекова Светлана Кимашевна және балалар ауруханасының бас дәрігері Лиза Жумабековна - М.Қазыбекованың көптеген шәкірттерінің арасындағы әлі күнге дейін еңбек етіп жүрген ізбасарлары. Светлана Кимашевна 20 жылдан астам уақыт бойы доктормен тікелей қатар жүріп, еңбек еткен дәрігер.

Светлана Кимашевна, Сіз алғаш рет Мағрифа Қазыбековамен қалай жолықтыңыз? Ол кісінің қандай қасиеттерін жас ұрпаққа өнеге етер едіңіз?(Как Вы считаете, какие ее достойные качества должно перенять молодое поколение?)

С.Ағдарбекованың сөз сөйлеуі

Жүргізуші:

Лиза Жумабековна, Мағрифа апаймен жұмыс жасаған кездеріңізді еске түсірсеңіз.

Лиза Жумабековнаның сөз сөйлеуі

Жүргізуші:

Қыздары Элькенің естеліктерінен:

- «Әкем «халық жауы» атанып ұсталғанда, мен небәрі 9 айлық сәби екенмін. Ал, ағам 10 жаста болатын», - дейді, сол кезді тебірене еске алған Смағұл мен Мағрифаның қызы, бүгінде Жезқазған медициналық училищесінің оқытушысы Қазыбекова Эльке Смағұлқызы.

- «Біздің сорымыз алда екен. 1938 жылғы шілденің 28-і күні әкеммен кездесуге барған жерінде анамды да қамауға алыпты. Жаны күйзелген шақта анам мейірімді адамдар көмегімен өзінің сырлас құрбысы Шәкен атты кісіге хат жазып үлгеріпті. Ол кісі Шымкент қаласындағы балалар үйінде шаруашылық меңгерушісі болып жұмыс істейтін, «Балаларымды сақтай гөр» деген құрбысының тілегін жерге тастамаған Шәкен анамыз бізді балалар үйіне орналастырып, тірі қалуымызға себепші болды.

Анаммен бірнеше жылдан кейін ғана атышулы Карлагта кездестім. Сонда туған шешемді танымай, жатырқаған күйі кейін қашқаным есімде...

Қамаудағылардың көбісі жапондықтар екен. Олар мені алдына ала отырып, көздері жасаурай алысқа нұсқайтын. Оны мен ұқпаймын. Ал анам, «Менің де сендей балам бар, ол алыста дегендері деп түсіндіретін».


Жүргізуші:

Мағрифа Мырзағұлқызының немересі, үлкен апасының жолын қуып, дәрігер болған, медицина ғылымдарының кандидаты Зауре Оспанованың естелік-очеркін назарларыңызга ұсынамыз (естелік-очерк кітапнамалық көрсеткіште берілген).

Жүргізуші:

Ақыры әділеттік жеңді. Жиырма жылға жуық сергелдеңге түскен Мағрифа ақталып шықты. Мағрифаның ері де осыдан бір жыл бұрын, яғни 1956 жылы Түркістан әскери округінің әскери трибуналының істі қайта қарауымен ақтыққа жеткен. Бірақ бәрі кеш-тін. Ол қаза болған.

Мағрифаның одан кейінгі өмірі Балқаш қаласымен сабақтас болды. Ол осы қалада еңбек етіп, өзінің қарапайым еңбегімен көптің құрметіне бөленді. Қаралы күндерде жабылған жаладан ақталған соң жаңа жігер, тың күшпен еңбек етіп, арманына қанат біткендей болды. Ол қапалық сезімді екінші қатарға сырып қойып, мақсатына жете алмай кеткен ері үшін де, өзі үшін де халыққа игілікті еңбек етуге бел буды. №1 қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімін басқара жүріп, медициналық еңбек ұжымын табыстан табысқа бастады. Білікті маманды әріптестері де қолдап отырды.



Жүргізуші:

1960 жылы 7 наурызда ол кісі КСРО Жоғарғы Кеңесінің Указымен «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды.

Бадиша Махатовна, сол кездері коммунистік партияның мүшесі болмаса да Мағрифа Қазыбекова Қарағанды облыстық Кеңесінің депутаттығына бірнеше рет сайланды. Бұл мүмкін бе еді?

Бадиша Махатовнаның сөз сөйлеуі

Жүргізуші:

Ортамызда Мағрифа Мырзағұлқызымен бірге істеген Тоқтамысова Шакен апай отыр. Шакен апай, есте қалған ерекше оқиғаларды әңгімелей отырсаңыз.

Ш.Тоқтамысованың сөз сөйлеуі

Жүргізуші:

Әрине, бүгінгі күннің биігінен қарай отырып, ол кісінің жүріп өткен өмір жолын жіпке тізгендей айтып шығу мүмкін емес. Әйткенмен, сарғайған құжаттарға үңіле отырып, Мағрифа Қазыбекованың талайына бұйырған тағдыр тауқыметінің аз болмағанын түсіну қиын емес.

Осы тұста Балқаш қаласы мұрағатының қызметкері айтылмай кеткен құжаттарға тоқталып өтсе.



Жүргізуші:

Жақында осы кітапханаға Мағрифа Мырзағұлқызының шәкірті Әділқадыр Жақыпбаев ата келіп кетті. Ол кісі Мағрифа Мырзағұлқызының тұрған үйінде орнатылған тақтаның қате жазылғандығына күйініп, соның қатесін түзеп, жаңартып жасатсам деп жүгіріп жүр екен. Соған сіздер, біздер болып, қолдау көрсетсек. Ақпарат құралдары да көмектерін аямаса екен дегім келеді.

Мағрифа Қазыбекованың еңбек жолындағы айшықты тұстарын дәлелдейтін тағы бір куәлік — Қазақ КСР-і Жоғарғы кеңесінің Президиумының Жарлығымен 1966 жылы «Қазақ КСР-на еңбегі сіңген дәрігер», КСРО Денсаулық сақтау министрінің 1977 жылғы мамырдың 18 күні шыққан бұйрығымен «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағына ие болды. Бұл да білікті маманның елге сіңірген еңбегінің белгісі еді.



Жүргізуші:

Мағрифа Қазыбекова 1982 жылы ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болды.

Жезқазған қалалық атқару комитетінің шешімімен қаланың Нагорная көшесі Мағрифа және Смағұл Қазыбековтер көшесі болып аталды. Осындай құрмет балқаштықтар тарапынан да жасалып, қайтыс болғаннан кейін 13 жыл өткен соң Балқаш қалалық әкімшілігі басшысының 1995 жылғы 12 қыркүйектегі №27409 қаулысымен Фрунзе көшесі М.Қазыбекова көшесі болып өзгертілді



Жүрегі ел деп соққан Мағрифа Қазыбекованың күрделі өмір жолы осындай. Оның соңында қалған ұрпақтары абзал жанның өмірінің жалғасындай болып еңбек етіп, өмір сүруде.

Жүргізуші:

Осымен «Елім, деп туған Магрифа» атты еске алу кешіміз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңізге үлкен рахмет. Сау болыңыздар!

Каталог: files -> userfiles -> metodicheskaya sluzhba -> scenarii -> 24052016
24052016 -> «Қарттарым – асыл қазынам» атты аталар мен әжелер сайысының Өткіщілу сценарийі
24052016 -> Сценарий 1 жүргізуші: Қош келдіңіздер, қала қонақтары, балқаштықтар!
24052016 -> «сазгердің музыкалық МҰрасы»
24052016 -> Тіл тағдыры – ел тағдыры (әдеби ойын-сайысы)
24052016 -> Фариза оңҒарсыноваға арналған «поэзия падишасы» атты еске алу кешінің сценарийі
24052016 -> Көгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
24052016 -> «Өзекті өртер шындық» 31 мамыр саяси қУҒын-сүргін қҰрбандарын еске алу күніне орай өткізілген дөҢгелек үстелдің сценарийі
24052016 -> «сазгердің музыкалық МҰрасы»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет