Департамент внутренней политики Акмолинской области объявляет конкурс на занятие вакантных административных государст

жүктеу 92.74 Kb.
Дата17.04.2018
өлшемі92.74 Kb.
түріКонкурс

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақмола облысының Статистика департаменті «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
020000 индексі, Ақмола облысы, Көкшетау қ., М.Горький к-сі 73, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-2) 25-05-48, факс 8(716-2) 25-43 02, электрондық мекен-жайы: modem.kokshetau@statdata.kz

1. Аршалы ауданы статистика басқармасының басшысы, С-О-3 санаты, 1-бірлік.

Негізгі функционалдық міндеттері: Статистика басқарма қызметін ұйымдастыру және басшылық ету, Статистикалық жұмыстар жоспарын, басшылықтың бұйрықтарын, өкімдерін уақытында және сапалы орындауды қамтамасыз ету, статистикалық есептіліктің уақтылы жинау және өңдеуді қамтамасыз ету, респонденттермен семинар-кеңестер ұйымдастыру және өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс ұйымдастыру, талдау материалдарын, баспасөз хабарламаларын, жедел ақпараттарды әзірлеу; еңбек және орындау тәртібінің жағдайын бақылау, басқарма жұмысының тиімділігін, әр маманға тапсырған жұмыс теліміне жауапкершілігін арттыруға шара қолдану, басқарманың мұрағаттық құжатнамасына байланысты жұмысты басқару және іс қағаздар жүргізу бойынша жұмыс ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, экономика және бизнес немесе құқық немесе ауыл шаруашылық ғылымдар немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ветеринария немесе қызмет көрсету саласында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, талдамалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4,
C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның тиісті функционалдық бағыттар салаларында қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

2. Бурабай ауданы статистика басқармасының басшысы, С-О-3 санаты, 1-бірлік.

3. Персоналды басқару қызметінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1-бірлік (уақытша, негізгі қызметшінің бала күту демалыс кезеңіне 2017 жылдың 19 желтоқсанына дейін).

Негізгі функционалдық міндеттері: Дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік қызметшілердің тағлымдамадан өтуін, тәлім алуын, жұмысын бағалауды, оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеде өкілеттерді жүзеге асырады. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, жұмысшыларды қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату, еңбек демалысына жіберу туралы бұйрықтар мен басқа құжаттарды рәсімдеу, конкурс өткізуге, мемлекеттік қызметкерлер аттестаттауын ұйымдастыру, өткізу, жеке істерді, қызмет тізімдерін құру, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрілігінің Статистика комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері Департаментіне айлық, тоқсандық есептерді құру. Жазбаша түрінде келіп түскен сұраныстарға анықтамалар беру, жұмыс уақытын есепке алу табелін құру, құжаттардың ресімделуін және олардың белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, экономика және бизнес немесе білім немесе құқық саласында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, талдамалық ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның тиісті функционалдық бағыттар салаларында қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы

min

max

С-О-5

83 282

112 430

С-О-5

123 257

166 564

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушы ретінде тіркелу сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақмола облысының Статистика департаментінің персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жүгіну қажет.

«Б» корпусының төменгі лауазым болып табылмайтын мемлекеттік әкімшілік лауазымына жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Ереженің 2 қосымшасына сәйкес үлгідегі өтініш;

2) Ереженің 3 қосымшасына сәйкес үлгідегі 3х4 көлеміндегі фотосүреті бар толтырылған сауалнама;

3) нотариалды куәландырылған білім туралы құжаттардың көшірмелері;

4) нотариалды куәландырылған еңбек іс-әрекеттерін растайтын құжаттардың көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген медициналық анықтама; (Нормативті құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген 2010ж.21.12. № 6697);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке бас куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде күшінде болған, нәтижелері бастама маңыздардан төмен емес заңнамалық білімі бойынша тестілеуден өткені туралы сертификат (немесе нотариалды куәландырылған сертификаттың көшірмесі);

8) құжаттарды тапсыру сәтінде күшінде болған, конкурсқа қатысу үшін уәкілетті органында жеке қасиеттерін бағалау туралы қорытынды (немесе нотариалды куәландырылған қорытындының көшірмесі);

3), 4), 7), 8) тармақшаларында белгіленген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат беріледі. Сонда персоналды басқару қызметі (кадрлық қызметі) құжаттар көшірмелерінің түпнұсқасымен сәйкестігін тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

«Б» корпусының төменгі лауазым болып табылмайтын мемлекеттік әкімшілік лауазымына жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен бұрын кешіктірілмей береді.

Құжаттар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің және уәкілетті органның сайтында «Б» корпусының төменгі лауазым болып табылмайтын мемлекеттік әкімшілік лауазымына жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттарды хабардар ету күнінен бастап әңгімелесу 3 жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақмола облысының Статистика департаментінде өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:

©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет