Департамент внутренних дел Министерства внутренних дел Республики Казахстан объявляет конкурс на замещение вакантных должностей рядового и начальствующего состава в территориальных органах внутренних дел



жүктеу 104.98 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі104.98 Kb.
түріКонкурс

Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министірлігі Ішкі Істер Департаменті аумақтық ішкі істер органдарында қатардағы және басшы құрам лауазымдарының бос орындарын толықтыру мақсатында конкурс жариялайды.

05.03.2015 жылы «Спутник» газетінде хабарландыру жарияланды.

Құжаттар хабарландыруда көрсетілген аймақтық ішкі істер органдарының мекенжайлары бойынша қабылданады.
Лауазымдық жалақылары (теңге)


Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

минималды

максималды

C-SVR-8

91289

111499

C-SV-12

63590

84578

C-SV-13

59105

76367



- Балқаш қаласының Ішкі істер бөлімі – 1 бірлік, 100300, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Бөкейхан көшесі, 22а, анықтама үшін телефон: (71036) 4-26-82, 4-02-17,
Техникалық қызмет тобының инженеріне (C-SVR-8, 1 бірлік).

Функциялық міндеттері: коммуникациялық, серверлік және компьютерлік жабдықтармен қызмет көрсету, сондай-ақ жүйелі және қолданбалы бағдарламалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша жұмыс істеу машығы, ақпараттық - есептеу жүйелермен жұмыс жасай білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «радиотехника, электроника және телекоммуникация», «байланыс желілері және коммутация жүйелері», «ақпараттық жүйелері» мамандығы бойынша жоғары техникалық білімі; компьютерлік және коммуникациялық техникамен жұмыс істеу тәжірибесінің болуы, жасы 35-тен аспаған, мерзімді әскери қызметтен өткен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдырған ер адамдар, әйелдердің бойы 160 см., ер адамдардың бойы 170 см. кем болмауы қажет.

- Сәтпаев қаласының Ішкі істер бөлімі - 1 бірлік, 101301, Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласы, Абай көшесі, 6а, анықтама үшін телефон: (71063) 3-35-74,
Инспектор-психологіне (C-SVR-8, 1 бірлік).

Функциялық міндеттері: жеке құрамды тәрбиелеу үдерісіндегі психологиялық құралдарды және әдістерді қолдану машығы, ұжымдарда әлеуметтік-психологиялық зерттеуді жүзеге асыруды білу, кәсіби және тұрмыстық келеңсіздіктерді, жағымсыз психологиялық жағдайды ескерту бойынша қызметтік міндеттерді шешу үшін жеке құрамды тәжірибелік психологиялық тәсілдерді қолдану бойынша оқытып-үйрету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «психология» мамандығы бойынша білімі жоғары гуманитарлық, жасы 35-тен аспаған, мерзімді әскери қызметтен өткен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдырған ер адамдар, әйелдердің бойы 160 см., ер адамдардың бойы 170 см. кем болмауы қажет.


- Сәтпаев қаласының Ішкі істер бөлімі - 2 бірлік, 101301, Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласы, Абай көшесі, 6а, анықтама үшін телефон: (71063) 3-35-74,

- Осакаров ауданының Ішкі істер бөлімі (Молодежный кенттік полиция бөлімі - 1 бірлік), 100700, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаров кенті, Литвиновская көшесі, 93, анықтама үшін телефон: (72149) 41-1-04,

- Нұра ауданы Ішкі істер бөлімі – 2 бірлік, 100900, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Киевка кенті, Талжанов көшесі, 6, анықтамалар үшін телефон: (72144) 2-24-62,

- Ақтоғай ауданының Ішкі істер бөлімі (Сарышаған кенттік полиция бөлімі – 1 бірлік), 100200, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай кенті, Абай көшесі 3, анықтамалар үшін телефон: (71037) 2-16-90.
Учаскелік полиция инспекторларының көмекшілері (C-SVR-8, 6 бірлік).

Функциялық міндеттері: бекіткен әкімшілік учаскеде қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық және басқа құқыққа қайшы қол сұғушылықтан азаматтардың заңды мүдделерін және конституциялық құқықтарын қорғау, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және жолын кесу бойынша жұмысын жүргізу, халықпен өзара іс-қимыл жасасу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары кәсіби (заңгерлік), жасы отыз бестен аспаған, мерзімді әскери қызметтен өткен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдырған ер адамдар, бойы 170 см. кем болмауы қажет.

- Қарқаралы ауданының Ішкі істер бөлімі – 1 бірлік, 100800, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, М.Әуезов көшесі, 31, анықтама үшін телефон: (72146) 3-17-50
Тылмен қамтамасыз ету тобының полицей - жүргізушісі (C-SV-12, 1 бірлік).

Функциялық міндеттері: бекітілген көлік құралын басқара білу, бекітілген көлік құралының күнделікті және алғашқы техникалық қызмет көрсету көлемінде жұмысты орындай білуі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: орта білімі; «В,С» санаты бар жүргізуші куәлігінің бар болуы; жасы жиырма бестен аспаған, мерзімді әскери қызметтен өткен ер адамдар, бойы 170 см. кем болмауы қажет.
- Қарағанды қаласының Ішкі істер басқармасы – 10 бірлік, 100000, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 37, анықтама үшін телефон: (7212) 42-94-30,

- Теміртау қаласының Ішкі істер басқармасы – 4 бірлік, 101403, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Мичурин көшесі, 8, анықтама үшін телефон: (7213) 98-43-15, 98-47-58, 98-19-64,

- Жезқазған қаласының Ішкі істер басқармасы – 3 бірлік, 100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Некрасов көшесі, 57, анықтама үшін телефон: (7102) 76-08-53,

- Абай ауданының Ішкі істер басқармасы - 1 бірлік, 100101, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Карл Маркс көшесі, 21, анықтама үшін телефон: (72131) 44-6-90, 42-2-28

- Шахтинск қаласының Ішкі істер бөлімі – 3 бірлік, 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, К.Маркс көшесі, 42/А, анықтама үшін телефон: (72156) 52-6-36,40-9-42,

- Сәтпаев қаласының Ішкі істер бөлімі - 3 бірлік, 101301, Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласы, Абай көшесі, 6а, анықтама үшін телефон: (71063) 3-35-74,

- Приозерск қаласының Ішкі істер бөлімі – 1 бірлік, 101100, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Достық көшесі 6, анықтама үшін телефон: (71039) 5-31-66,

- Қарқаралы ауданының Ішкі істер бөлімі – 3 бірлік, 100800, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, М.Әуезов көшесі, 31, анықтама үшін телефон: (72146) 3-17-50.
Жол - патрульдік полиция полицейлері (C-SV-12, 28 бірлік)

Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті жүзеге асыру, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, жол қозғалысына қадағалауды жүзеге асыру, азаматтардың заңдық құқығы мен мүддесін қорғау, Қазақстан Республикасының автожолдарында тәртіп пен заңдылықты нығайту.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі орта, «В,С» санаты бар жүргізуші куәлігінің бар болуы, жүргізушінің еңбек өтілі қажет, жасы жиырма бестен аспаған, мерзімді әскери қызметтен өткен ер адамдар, бойы 175 см кем болмауы қажет.


- Теміртау қаласының Ішкі істер басқармасы – 1 бірлік, 101403, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Мичурин көшесі, 8, анықтама үшін телефон: (7213) 98-43-15, 98-47-58, 98-19-64,

- Бұқар жырау ауданының Ішкі істер бөлімі - 1 бірлік, 100400, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Бұқар жырау көшесі, 44, анықтамалар үшін телефон: (72154) 21-1-67, 21-2-41,
Техникалық қызмет тобының технигі (C-SV-13, 2 бірлік).

Функциялық міндеттері: желілік зақымдарды жоюды білу, байланыстың сымдық жүйелерін реттеу және ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізу, компьютерлік техника және телетайптық аппараттарда абоненттік телеграф желісінде жұмыс істей білуі, қалааралық байланыс арналардың қол коммутаторында қызмет көрсету бойынша жұмыс машығы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе орта кәсіби техникалық, «радиоэлектроника және байланыс» мамандығы бойынша техникалық білімі, компьютерде Word, Excel бағдарламаларымен және ұйымдастыру техникасымен жұмыс істей білуі, жасы жиырма бестен аспаған, мерзімді әскери қызметтен өткен ер адамдар, әйелдердің бойы 160 см., ер адамдардың бойы 170 см кем болмауы қажет.


- Сәтпаев қаласының Ішкі істер бөлімі - 1 бірлік, 101301, Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласы, Абай көшесі, 6а, анықтама үшін телефон: (71063) 3-35-74,
Ақпараттық - аналитикалық тобының техниктері (C-SV-13, 1 бірлік).

Функциялық міндеттері: ведомстволық электрондық поштаның арналары арқылы ақпаратты қабылдау және беру, сұрауларды өңдеулерді жүзеге асыру, хабарлама арқылы жеделхаттарды тіркеу және тіркеу, деректер базасына ақпараттарды енгізу және алғашқы есептілік құжаттарымен жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: орта арнайы, техникалық және кәсіби, Word, Excel компьютерлік бағдарламасымен және ұйымдастыру техникасымен жұмыс істей білу, жасы 25-тен аспаған мерзімді әскери қызметтен өткен ер адамдар, әйелдердің бойы 160 см., ер адамдардың бойы 170 см кем болмауы қажет.


- Қаражал қаласы Ішкі істер бөлімі – 1 бірлік, 100700, Қарағанды облысы, Қаражал қаласы, Тойымбеков көшесі, 8, анықтамалар үшін телефон: (71032) 2-71-40, 2-65-12.
Тылмен қамтамасыз ету тобының старшинасына (C-SV-12, 1 бірлік).

Функциялық міндеттері: қызметтік кабинеттерде, ғимараттың қосалқы үй-жайларында тиісті тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету, қызмет көрсету персоналының жұмысын ұйымдастыру, өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кабинеттерде электр энергиясының үнемді және тиімді қолданылуын қадағалау, жылумен қамтамасыз ету құрылғыларының дұрыс жұмыс жасау күйін қадағалау, жылу беруге бөлінген дизельдік жанармайдың шығындарын есепке алу мен есептен шығару, тауарлық материалдық құндылықтарды есептен шығару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі орта, жасы 25-тен аспаған, мерзімді әскери қызметтен өткен ер адамдар, бойы 170 см кем болмауы қажет.

- Жезқазған қаласының Ішкі істер басқармасы – 1 бірлік, 100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Некрасов көшесі, 57, анықтама үшін телефон: (7102) 76-08-53,
Қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды қамауда уақытша ұстау изоляторының күзет полицей-күзетшісіне (C-SV-12, 1 бірлік).

Функциялық міндеттері: УҰИ ішкі тәртібі бойынша ережелердің сақталуына, күдіктілер мен айыпталушылардың тәртібіне бақылау жасау, камерада төтенше жағдайдың болмауына және бірінші медициналық көмек көрсету дағдылардың болуы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі орта, жасы 25-тен аспаған, Қазақстан Республикасының ІІМ ішкі әскерде мерзімді әскери қызметтен өткен ер адамдар бойы 170 см. кем болмауы қажет.

- Осакаров ауданының Ішкі істер бөлімі - 1 бірлік, 100700, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаров кенті, Литвиновская көшесі, 93, анықтама үшін телефон: (72149) 41-1-04,

- Шет ауданының Ішкі істер бөлімі - 1 бірлік, 101700, Қарағанды облысы Шет ауданы, Ақсу-Аюлы кенті, Шортанбай жырау көшесі, 16, анықтамалар үшін телефон: (71031) 2-12-38.
Қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды қамауда уақытша ұстау изоляторының полицейі - кезекшісіне (C-SV-12, 2 бірлік).
Функциялық міндеттері: камерадағы ұсталғандардың тәртіптеріне бақылау жүргізу, уақытша ұстау изоляторын күзету бойынша жұмысын ұйымдастыру және күдіктілер мен айыпталушыларды белгіленген ұстау тәртібін қамтамасыз ету, уақытша ұстау изоляторға жеткізілген күдіктілер мен айыпталушыларды қабылдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі орта, жасы 25-тен аспаған, Қазақстан Республикасының ІІМ ішкі әскерде мерзімді әскери қызметтен өткен ер адамдар бойы 170 см. кем болмауы қажет.
- Ұлытау ауданының Ішкі істер бөлімі - 1 бірлік, 101500, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы Ұлытау кенті, Бұлқышев көшесі, 13, анықтама үшін телефон: (71035) 2-14-36

Табиғатты қорғау және ветеринарлық полиция тобының полиция қызметкері (C-SV-12, 1 бірлік).

Функциялық міндеттері: істегі әкімшілік заңнамаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша өндіріс жүргізе білу, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материалдары алғашқы жиналған кезде барлық жағдайларды жан-жақты объективті зерттей білу икемі, тұрғындардың арасында алдын - алу әңгімелесу жүргізу қабілеттілігі, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамалары талаптарын сақтау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізе білу, Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамалары талаптарын бұзған кінәлілерді жеткізу және іздеуді іске асыру, сот қаулыларын орындау, Қазақстан Республикасының Заңымен қарастырылған іздеу, тергеу және басқа да өндіріс барысындағы прокурорлардың жазбаша тапсырмаларын орындау икемділігі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі орта, жасы жиырма бестен аспаған, мерзімді әскери қызметтен өткен ер адамдар, бойы 170 см. кем болмауы қажет.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті органнан белгілеген нысанды өтініш, кадр есебі бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты мекенжайы мен телефондары, оның ішінде байланыс телефондары көрсетілуі тиіс), нысан бойынша жақын туысқандарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған және басылған түрде толық толтырылған өмірбаян білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері, еңбек кітапшасының нотариалдық куәландырылған көшірмесі, нотариалды куәландырылған әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің көшiрмесiн (қолда бар болса), күні көрсетілген, мөрмен расталған, үміткер соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездеме, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі, 3х4 үлгідегі төрт фотосурет, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; соттылығы жоқ туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен анықтама бұқаралық ақпарат құралдарына конкурс өткізу туралы аталмыш хабарландыру жарияланған мерзімнен бастап 15 жұмыс күні ішінде көрсетілген мекенжайы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына қоса берілген құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжат тігілетін папкаға салынған құжаттар қабылданады. Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
C-SVR-8, C-SV-12, C-SV-13 санаттары үшін, бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстың өту тәртібі:

1. үміткерлерді медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өткізу

2. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының ІІО қызметкерлерінің ар-намыс кодексі», «Ішкі істер органдары туралы», «Құқық қорғау органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білуге арналған тестілер бағдарламасын қамтиды.

(«Қазақстан Республикасының ІІО қызметкерлерінің ар-намыс кодексі» Қарағанды облысының ІІД сайтында жарияланған).


3. медициналық – жас топтарына байланысты денешынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру:

- ерлер үшін – салмада тартылу (тартылу саны), 100 метрге жүгіру (сек.), 3000 метрге (мин., сек.) жүгіру,

- әйелдер үшін – 60/100 метрге жүгіру (сек.), 1000 метрге (мин.сек.) жүгіру, күш жаттығулар кешені (1 мин. орындау саны).

4. Әңгімелесу.



Қарағанды облысының ІІД

КЖБ бастығы

полиция полковнигі Е.М.Уахитов

орынд. Батталова Г.М.



тел.: 42-94-53

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет