Дәрігер интерн хирургтарына «Балалар хирургиясы» модулі бойынша балалар хирургиясы пәнінен тест сұрақ (720) Педиатрия және балалар хирургиясы кафедрасы



жүктеу 1.97 Mb.
бет4/10
Дата26.02.2018
өлшемі1.97 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
. «Тума лобарлы эмфиземаң диагнозы қойылдың.

Хирургтың емдеу тәсілі ?

| Зақымдалған бөлікті алып тастау

| Плевральді пункция

| Торакоцентез

| Бронхоскопия

| Консервативті ем

~ Өкпе деструкциясы бар баланың плевра қуысына дренаж жасағаннан кейін де тыныс жетіспеушілік симтомы сақталады. Дренаж арқылы ірің мен ауа шығады. Қорытынды рентгенограммада өкпенің коллабирленуін сақтаған.

Төмендегі көрсетілген іс - шара ЕҢ тиімді болып табылады?

| Бронхтың окклюзиясын жасау

| Плевральды пункция жасау

| Өкпені үрлеу

| Қосымша дренажды жүргізу

| Оперативтік ем – торакотамия, жылан көзді тігу

~ 3 жасар бала бронхтағы бөгде зат түсуімен бөлімшеге келіп түсті. Қай кезде бронхтардағы бөгде заттардың алынуының оперативті жолы көрсетілген:

| бронхоскопиялық қысқыштармен алынбайтын бөгде заттар

| темір бөгде зат

| бронхоскопияны іске асыртатын маман болмаған кезде

| пластикалық бөгде зат

| ағаш бөгде зат

~ 4 жасар бала жоғарғы тыныс алу жолдарындаєы бөгде затпен келіп түсті. Бұл науқасты жағдайда тасымалдау ?

| Тек қана отырғызып

| Етпетінен

| Жартылай бұрып

| Арќасына жатқызып

| Тренделенбург жаєдайында

~ Баланың мойында фурункул бар.

Хирургтің ЕҢ тиімді іс-әрекеті ?

| Кішкене тіліп жараны ашу

| Некротикалық өзекті қысып шығару

| Жақпа маймен таңғыш қою

| Крест тәрізді тілме жасау

| Сау тіндерді қамтып кесу

~ Сол жақ бұғана асты тамырын катетеризациялаудан кейін науқастың жағдайы нашарлады. Тыныс алу жетіспеушілігі пайда болды. Перкуссияда сол жақта тимпанит.

асқынуы ?

| Пневмоторакс

| Плевра қуысына қан кету

| Пневмония

| Гидроторакс

| Пиоторакс

~ Бүйректің гипоплазиясы мен екіншілік бүрісуінің салыстырмалы диагностикасында балаларда шешуші әдіс болып табылады:

| бүйрек биопсиясы

| ренография

| бүйректік ангиография

| экскреторная урография

| динамикалық сцинтифотография

~ Бала 2 жаста, туғаннан бастап созылмалы іш қатудан зардап шегеді. Нәжіс клизмадан кейін ғана шығады. Ауруды анықтау үшін не өткізу керек:

| барий қоспасымен ирригография

| ауамен ирригография

| құрсақ қуысының шолу рентгенограммасы

| барий қоспасын ауыз арқылы беру

| колоноскопия

~ 2 жастағы балада кешке қарай ұмасының сол жақ жартысында ісік тәріздес, эластикалық консистенциялы түзіліс пайда болады. Диафоноскопия жүргізгенде ұмадағы сұйықтық жарық өткізенді қолданатын операция түрі:

| Росс операциясы

| ұма қуысын дренаждау

| қынаптық өсіндіні мойын тұсында өңдеу

| қынаптық өсіндіні мойын тұсында өңдеу, тігу, байлау, ұма қуысын

дренаждау

| Винкельман операциясы

~ Крипторхизмде орнына түспеген аталық бездерінде дегенерациялық процестер қай кезде анық көрінеді:

| 6 жаста

| 2 жаста

| туа салысымен

| 12 жаста

| 9 жаста

~ Балаларда даму ақауы зәрді толық ұстай алмаумен қатар кездеседі:

| тотальды эписпадия

| шапаралық гипоспадия

| субсимфизарлық эписпадия

| артқы уретраның клапаны

| эктопиялық уретероцеле

~ Балаға 9 ай, туғаннан бастап жиі іш қатутар байқалады, дәреті тек тазарту клизмасынан кейін болады. Баланың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Жергілікті: іші қампиған, үлкен көлемді, терісі жұқарған, веналық тамырлары айқын көрінеді. Ирригографияда тоқ ішектің төмендеген бөлімі кеңейген. Радикальды оперативті ем көрсету уақыты:

| 1,5 жас

| 3 жас


| 6 жас

| 10жас


| диагноз қойылған соң

~ Бала 2 жаста кешке сол жақ ұма аймағында консистенциясы жұмсақ эластикалы ісік тәріздес түзіліс пайда болды. Диафаноскопия оң. Тағайындалған операция түрі.

| Россо бойынша операция

| ұма қуысының дренажы

| қынаптық өсіндінің мойын аймағын өңдеу, тігіп, байлап, кесіп алып тастап, ұма қуысын дренаждау

| қынаптық өсіндінің мойын аймағын өңдеу, тігіп, байлап, кесіп алып тастау.

| Винкельман бойынша операция

~ 13 жастағы бала ұмасының ауырлау сезіміне, тез жүрген кезде сыздап ауырсынуға, веналардың кеңеюіне және төмен түсуіне шағымданады. Аталық бездің көлемі кішірейген. Операция түрі:

| тек венаны байлау

| артерияны лимфа тамырымен бірге байлау

| артерия және венаны лимфа тамырларымен бірге байлау

| венаны лимфа тамырымен бірге байлау

| артерия мен венаны байлау

~ Аталық без шеменінің ең айқын белгісі:

| диафоносокпия кезінде жарық өткізу

| шап аймағында ауырсыну

| ұма аймағында ауырсыну

| ұмада жұмсақ эластикалық түзілісттің болуы

| ұма терісінің гиперемиясы

~ 3 жасқа дейінгі балалардағы жедел аппендициттің клиникалық ерекшеліктері:

| жалпы симптомдардың жергілікті симптомдардан басым болуы

| жергілікті симптомдардың жалпы симптомдардан басым болуы

| айқын тыныс алу жетіспеушілігі

| айқын Щеткин-Блюмберг симптомы

| айқын қозғалыс мазасыздығы мен полиморфты тері бөртпелерінің пайда

болуы


~ 3 жасқа дейінгі балаларда аппендэктомияның қай әдісі қолданылады:

| лигатуралық әдіс

| тұқылды байлап, кисетті тігіске енгізу

| тұқылды (культя) байлап, кисетті және Z-тәрізді тігіске енгізу

| тұқылды байламай кисетті тігіске енгізу

| инвагинациялық аппендэктомия

~ Төменде келтірілген белгілердің перитониттің бірінші кезеңін сипаттайды?

| Іштің ауырсынуы, қабылдаған тамақпен құсу, алдыңғы құрсақ қабырғасының

кернеуленуі және қатаюы, іштің бүрісуі, іш астарының тітіркену симптомдары күрт оң, перистальтикасының жоғарлауы, сұйық нәжіс, гиперлейкоцитоз

| Жасыл түсті құсық, қабырға доғасы деңгейіне дейін іштің кебуі, іштің кебуі

| нәжіспен құсу, іштің үнемі ауырсынуы, қабырға доғасы деңгейімен жоғары іштің күрт үрленуі, нәжіс пен газдардың кідіруі, перистальтикалық әлсіреу

| Жасыл түсті құсық, іштің үнемі ауырсынуы, іштің қабырға доғасы деігейінен жоғары күрт үрленуі, ішастардың тітіркену симптомы әлсіз

| Іштің ауырсынуы, нәжіспен құсу, перистальтикалық әлсіреу, микопения айқын солға жылжумен, тік ішектен шырыштың бөлінуі, іштің қабырға доғасы деңгейінен жоғары күрт үрленуі

~ Қай белгілер перитониттің екінші кезеңін сипаттайды.

| құсықта жасыл қоспалар, іштің қабырға доғасына дейін үрлеуі, алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшықетінің қатаюы (тақтай тәрізді іш), іш астар тітіркенуінің симптомдары оң, перистальтика әлсіреген, газ бен нәжістің кідіруі, солға ығысқан гиперлейкоцитоз

| іштегі ауырсынулар, құсу, іштің солуы, перистальтиканың болмауы, ішастар

тітіркенуінің әлсіз симптомдары, гиперлейкоцитоз

| іштегі тұрақты сыздаған ауырсынулар, нәжісті құсық, перистальтиканың күшеюі, сұйық нәжіс, ішастар тітіркенуінің әлсіз оң симптомдары, лейкопения

| нәжісті құсық, іштің қабырға доғасынан жоғары үрленуі, іш астар тітіркенуінің әлсіз оң симптомдары, перистальтикасының болмауы, гиперлейкоцитоз

| тамақты құсу, іштің қабырға доғасынан жоғары үрленуі, тітіркенуінің әлсіз оң симптомдары, перистальтика күшейген, сұйық нәжіс, гиперлейкоцитоз

~ Қуыс ағзалардың жабық жарақатының негізгі клиникалық синдромы:

| ішкі қан кету синдромы

| дизуриялық синдром

| бүйрек-бауыр қызметінің жетімсіздігі

| жүрек-қан тамыр жетімсіздігі

| перитонит синдромы

~ Ішінің ауырсынуы, құсу, іштің алдыңғы қабырғасының бұлшықеттерінің қатаюы. Перистальтикасының күшеюі, сұйық нәжіс, гиперлейкоцитоз. Жіктелу бойынша клиникалық диагноз қоясыз?

| Перитониттің І кезеңі

| Жедел аппендицит жамбастық орналасуы

| Перитониттің ІІ кезеңі

| Перитониттің ІІІ кезеңі

| Гангренозды перитонит

~ Балалар хирургия бөліміне аудандық ауруханадан 3 күндік нәресте келіп түседі. Диагнозы: туа біткен ішек өтімсіздігі. Балада 10 пайыздық салмақ жетіспеушілік. Сусыздану және интоксикация белгілері анықталады. Қан анализінде гипохлоремия, қан ұю анықталады. Шолу R-граммада іш қуысында екі үлкен бос ауа горизантальды сұйықтық денгейімен. Емді неден бастаймыз.

| инфузионды ем және жедел операция

| тазарту клизмасы, антибиотик, жедел операция

| тазарту клизмасы, асқазанды шайу және антибиотиктер

| асқазан жуу, тазарту клизмасы және жедел операция

| антибиотик, жедел операция және инфузиялық терапия

~ 10 жастағы қыз балада гектикалық температура, жиі шырышты нәжіс пен тенезм, зәр шығару ауырсынумен, ректальды зерттегенде тік ішегінен алды қарай ісік тәрізді түзіліс анықталды. Сіздің амалыңыз?

| Шұғыл лапаротомия, балада Дуглас-абсцесс

| Шұғыл лапаротомия, балада аналық бездің апоплексиясы

| Шұғыл лапаротомия, балада аппендикулярлы инфильтрат жеделдеу формасы

| Шұғыл лапаротомия, балада аппендикулярлы инфильтрат лизис сатысында

| Шұғыл лапаротомия, балада жаралы-перфоративті энтероколит

~ Балалар хирургия бөліміне аудандық ауруханадан 3 күндік нәресте келіп түседі. Диагнозы: туа біткен ішек өтімсіздігі. Балада 10 пайыздық салмақ жетіспеушілік. Сусыздану және интоксикация белгілері анықталады. Қан анализінде гипохлоремия, қан ұю анықталады. Шолу R-граммада іш қуысында екі үлкен бос ауа горизантальды сұйықтық денгейімен. Емді неден бастайсыз.

| инфузионды ем және жедел операция

| тазарту клизмасы, антибиотик, жедел операция

| тазарту клизмасы, асқазанды шайу және антибиотиктер

| асқазан жуу, тазарту клизмасы және жедел операция

| антибиотик, жедел операция және инфузиялық терапия

~ Нәресте. Балада мұрын-ауыз үшбұрышында цианоз, мазасыздану, ентігу. Кеуде клеткасының оң жағында ісінумен, қабырғааралықтың кеңеюі. Оң жақ өкпеде перкуторлы-тимпан.ит, аускультативті – тыныс әлсізденген – тыныстың болмауы. Өкпе рентгенограммада – сол жаққа көкірекаралықтың ығысуы, оң жақта өкпе суретінің болмауы және диафрагманың оң жағында куполасының төмендеуі. Сіздің амалыңыз?

| Жедел операция, баланың жағдайы ауыр

| Консервативті ем, оперативті емнің қажеті жоқ

| Плевральды қуысқа пункция, нәрестеге емнің аяулы әдісі қолданылады

| Торакоцентез, кішігірім оперативті араласу

| Торакоскопия, кішігірім оперативті араласу

~ Қабылдау бөліміне 1,5 айлық ұл бала түсті, ауырғанына 4 күн болды.баланың жалпы жағдайының нашарлауынан, дене қызуының жоғарлауымен басталды. Екінші күні аяғын қозғалтуды қойды, ал орағанда мазасызданып, жылады. Қараған кезде жамбас-сан аймағында ісіңкіреу анықталды, белсенді қозғалыстар жоқ, пассивті қозғалыстар кезінде ауырсыну, сол жақ табанының салбырап тұруы.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

| Эпифизарлы остеомиелит

| Сан сүйегінің флегмонасы

| Жамбас-сан буынының артриты

| Шап лимфадениты

| Сан сүйегінің сынығы

~ Хирургия бөліміне түскен 5 айлық балада анус маңайында, 9 сағат көлемінде диаметрі – 2,0см инфильтрат көп мөлшерлі іріңді бөлініспен. Іріңді жараның дренаждаудың ең тиімді әдісі:

| белсенді дренирлеу

| резеңкелік шығару

| дәкелі тампон

| пассивті ағу үшін дара түтік

| индивидуалды таңдау

~ Бала 5 айлық анасының айтуы бойынша бала мазасыз. Анус аймағындатығыз түзіліс анықталады. Дене қызуы 38,0 С. Жергілікті: анустың сағат 9 аралығында тығыз, көлемі 2,0 см түзіліс анықталады. Негізгі рациональды ем болып саналады:

| жұмсақ тіндерді кесу, дренаждау, УВЧ, антибактериальды терапия.

| жұмсақ тіндерді кесу, инфузионды терапия, антибактериальды терапия.

| радикальды түрде инфильтратты кесіп алып тастау, УВЧ, антибактериальды терапия

| жұмсақ тіндерді кесу, УВЧ, антибактериальды терапия

| жұмсақ тіндерді кесу, Вишневский майымен таңғыш салу, антибактериальды терапия

~ Ересек адамдармен салыстырғанда балаларда сынықтардың кездесу жиілігінің кішірек болуы және ауырлығы қалай түсіндіріледі:

| дене салмағының аздығымен, бала қаңқасының шеміршек ұлпасына бай болуымен, сүйектердің сүйекүсті қабының жақсы дамуымен

| сүйектердің көбірек минерализациялануымен, балалар қаңқасының шеміршек ұлпасына бай болуымен

| балалардың көп қозғалғыштығымен, абайламауымен және аз салмағымен

| сүйектердің көбірек жұқалығымен, көбірек минерализациялануымен

| балалардың көп қозғалғыштығымен, абайламауымен, сүйектердің сүйекүсті қабының жақсы дамуымен

~ 2 – жастағы балада сан сүйегі сынған. Сынықтарды емдеудің түрі балада қолданылады?

| Шеде бойынша тарту

| Компрессионды остеосинтез

| Қаңқалық және лейкопластрлік тарту

| Ашық түзету

| Интрамедуллярлы остеосинтез

~ Төмендегілердің күйіктік шоктың негізгі еміне жатады:

| патологиялық сұйықтық жоғалтуды қалпына келтіруге бағытталған

инфузионды ем

| жүрек ауруларына қарсы препараттар

| антигистаминді және протеолиз ингибиторлерін енгізу

| антибактериальді препараттардың үлкен дозалары

| стероидты гормондарды тағайындау

~ Шыбық (лучевая кость) сүйектің метафиз аймағының рентгенограммасында сүйектің кортикальді қабатының деформациясы анықталады. Бұл неге тән?

| Шыбық сүйектің сүйекүсті астылық сынығы

| «жасыл шыбық» түрі бойынша сынық

| Шыбық сүйектің типті жерінде сынуы

| Шыбық сүйектің басының жұлынуы

| Жасөспірімдік эпифизеолиз

~ Туа біткен санның шығып кетуін 6 айлық балалардағы консервативті емі.

| Лоренц бойынша гипс танғышы

| функционалды тартым орнату

| бос бөлеу

| Фрейк жастықщасында функционалды тартым орнату

| скелетті тартым орнату

~ Баланың туған кезден бері оң жақ қолының 2-3 саусағы бітісіп өскен. Саусақ аралық пердесі жоқ. R-граммада 2-3 саусақтарының фалангтары бітіскен.

Сіздің клинакалық диагнозыңыз, емдік амалыңыз?

| Синдактилия, 1-2 жасында опретивті ем

| Брахидактилия, 1-2 жасында опретивті ем

| Синдактилия, 3-4 жасында опретивті ем

| Брахидактилия, 3-4 жасында опретивті ем

| Синдактилия, 7 жасында опретивті ем

~ Бала 1 жас 9 айда. Анасының айтуы бойынша баланың жүрісі бұзылған. Жергілікті: сол жақ санының жамбас буынында әкетуі шектелген, аяқтың салыстырмалы ұзындығы қысқарған. Жамбас қатпарларының ассиметриясы. Тренделенбург симптомы сол жақтан оң. Сол жақ жамбас бұлшықеттерінің гипотрофиясы. Анамнезінен: бала кеш жүрген 1 жас 6 айында. Жамбас-сан буынының R-граммасында сан сүйек басының Омбредан сызығынан латеропозициясы. Сан сүйек бастарының екі жақтан гипоплазияланған. Балаға тағайындалған:

| жабық әдіспен орнына қою, шорты тәрізді гипстік таңғыш салу және аддукторотомия

| жабық әдіспен орнына қою, шорты тәрізді гипстік таңғыш салу

| Виленский щинасы, гипстік распорка

| Фрейк жастықшасымен функциональды ем

| жалпы наркозбен ашық әдіспен орнына салу

~ 7 айлық бала. Анасында шағымы жоқ. Жергілікті анықталады: санында қатпарлар асимметриялы, екі аяғында сыртқы ротация, санды айналдырғанда жамбас-сан буынында «щелчокң анықталады. Жамбас буындарының рентгенограммасында – ұршық бастары Омбредан сызығының сыртында жатыр, Шентон сызығы сатылы. Конвервативті ем.

| аддукторотомиямен жабық түзету

| ЛФК, массаж, физиоем

| жалпақ гипстік распорка немесе Виленский шинасын тағу

| аддукторотомиясыз жабық түзету

| буынның жүктелуін азайтумен қаңқалы тарту, ЛФК, массаж, физиоем

~ Аудандық аурухананың балалар хирургиясы бөліміне 3 күндік нәресте туа пайда болған ішек өтімсіздігі диагнозымен түсті. Баланың салмақ жетіспеушілігі 10%, сусыздану, айқын интоксикация, қан анализінде гипохлоремия, қан қоюлануы. Іш қуысының шолу рентгенограммасында үлкен екі газ көпіршіктері анықталды, көлденең сұйық деңгейімен. Емдік шараларды неден бастау керек.

| инфузиялық терапия

| операция

| тазарту клизмасы

| асқазан шаю

| антибиотиктер тағайындау

~ Жаңа туған нәрестеде 3 аптада фонтан тәрізді құсу, тері жабындыларының құрғақтығы, еңбегінің батыңқы болуы және салмақ жоғалту анықталған. Ішінің эпигастрий аймағы қампиған, перистальтикасы күшейген «құм сағатың тәріздес. Диурез азайған.

Сіздің амалыңыз ?

| Операция, өйткені балада пилоростеноз

| Диуретик тағайындау, өйткені балада босану кезіндегі жарақат

| Спазмолитик тағайындау, өйткені балада пилороспазм

| Жедел лапаротомия, өйткені балада туа біткен ішек өтімсіздігі

| Ішек стимуляциясы, өйткені балада паралитикалық ішек өтімсіздігі

~ Салмағы 3000 гр жаңа туған балада 12 сағаттан соң прогрессивті цианоз және құсу анықталады. Бала әлсіз, айғайы ақырын, тынысы беткей 60 рет минутына, қосымша бұлшықеттер қатысады. Сол жақ кеуде бөлігінің қабырға аралытары кеңейген. Іші тартылған, бауыр қырының шығуына байланысты ассиметрия байқалады. Диагнозды анықтау үшін тексеруден бастау керек?

| Кеуде және іш қуысының шолу R-граммасы

| Асқорыту жолдарының контрастты зерттеуі

| УДЗ және эндоскопия

| УДЗ және бронхография

| УДЗ және ирригография

~ Өкпенің кернелген бөліктік (лобарлы) эмфиземасы кезінде жедел медициналық көмектің маңызы:

| жедел торокотомиямен өкпе резекциясы

| плевра қуысын дренаждау

| өкпені Мональди бойынша дренаждау

| трахены интубациялау, жасанды тыныс аппаратына қосу

| плевраны тесу (пункция)

~ Балаға 5 жас. Біртіндеп жағдайы нашарлады, іріңді интоксикация белгілерінің өршуі. Жоғары температура, зақымдалған жақта дыбыстың тұйықталуы және тыныс әлсізденуі. Кеуде клеткасының рентгенограммасында зақымдалған жақта өкпе кеңістігінің мөлдірлігінің төмендеуі, жүрек көлеңкесіне дейін. Көкірекаралық сау жаққа ығысқан. Плевральды пункцияда көп мөлшерде ірің алынды. Сіздің болжам диагнозыңыз?

| Тотальды пиоторакс

| Өкпе абсцессі

| Пиопневмоторакс

| Пневмоторакс

| Өкпе кистасы

~ Ұл бала 14 жаста 7 күн амбулаторлы хирургта емделді. Диагноз : оң жақ үш саусағының тырнақ асты панариций.Ақырғы екі күнінде жағдайы нашарлады, қалтырау , дене қызуы 39 гр. Дейін көтерілді. Қарау кезінде 3 саусақтың айқын ісінуі,саусақ бүгілген,саусақты жазу кезінде ауырсыну байқалады.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

| Іріңді тендовагинит

| Тырнақ асты фаланганың сынығы

| Сүйек панариций

| Саусақ флегмонасы

| Негізгі фаланганың соғылуы

~ Флегмона кезінде қабыну процесстің локализациясы ?

| Тері асты клетчатка

| Тері


| Шырышты қабық

| Терінің лимфатикалық қантамырлары

| Перифериялық венозды өрім

~ 10 күндік балада кіндік жарасында қыртыстану, гиперемия, аздаған серозды бқлініс анықталады. Дене температураы қалыпты. Бір апта бойы бриллиантты жасылмен консервативті ем жүргізілді. Бірақ шағымдар сақталды. Сіздің амалыңыз?

| Катаральді омфалит, емі консервативті, жергілікті

| Іріңді омфалит, антибиотикті ем, жергілікті ем

| Кіндік флегмонасы, антибиотиктермен кіндік айналасына егу

| Кіндік гангренасы, хирургиялық ем қажет

| Кальцинозды омфалит, консервативті ем

~ Науқаста жедел гематогендік остеомиелиттің жеделжеу түрі. Секвестрлік қорап қалыптасқан. Емдеу түрі:

| секвестрэктомия, антибактериалдық терапия

| Ворончихин бойынша операция

| остеоперфорация, антибактериалдық терапия

| остеоперфорация, лампасты тіліктер

| остеоперфорация, сүйек ішіне антибиотиктер енгізу

~ Нәрестеде табанның ішке бүгілуі, супинация, табанның ұзыннан ұлғайған күмбезімен алдыңғы әкелу бөлімі байқалды. Балтыр-табан буында және табанда қозғалыс жіті шектелген. Сіздің амалыңыз?

| Финк-Эттингер бойынша таңу, 7-10 күн сайын таңуды ауыстыру, 3-4 айға гипсті етікше, түнге гипсті тутор

| Финк-Эттингер бойынша таңу, 7-10 күн сайын таңуды ауыстыру, редрессирленген гимнастика және массаж ұсыну

| Финк-Эттингер бойынша таңу, 7-10 күн сайын таңуды ауыстыру, 5-6 айға гипсті етікше, түнде гипсті тутор

| Финк-Эттингер бойынша таңу, 7-10 күн сайын таңуды ауыстыру, кезеңдік гипсті таңу жасау

| Финк-Эттингер бойынша таңу, 7-10 күн сайын таңуды ауыстыру, 3-4 айға гипсті етікше

~ Бала 4 жаста,ентікпе, цианоз, тахикардия, парциальды қышқылдың 60-70 мм.с.б дейін төмендеуі, рентген суретінде екі жақ бөлікте «снежная буряң, өкпелік тіннің инфильтрациясы жоғарыланған. Оттегілік терапия кезіндегі типтік асқынуы.

| ателектаз

| өкпелік эмболия

| бронхтардың обструкциялық бөлінісі

| пневмония

| плеврит

~ Бала құлап жарақат алған. Рентгенограммада: оң жақ өкпе аймағында сұйыктық деңгейімен ауалану синдромы анақталады, өкпе суреті осы аймақта көрінбейді. Аралық мүшелер сол жаққа ығысқан. Сол жақ өкпеде өзгеріс жоқ. Өкпеде аскыну пайда болды?

| Гидропневмоторакс

| Өкпенің семуі

| Он жактағы гидроторакс

| Жарақаттан кейін пайда болған өкпе қабынуы

| Пневмоторакс

~ Асқазан рентгенограммасында кіші иірімінде үшбұрышты кеңею синдромы анықталады. Құрсақ қуысында рентгеноскопия кезінде сына тәрізді жолақша көлеңке бар. Асқорыту жүйесінің асқынуы пайда болады?

| Жараның тесілуі

| Жараның малигнизациясы

| Жараның ұйқы безіне пенетрациясы

| Жараның бауырға пенетрациясы

| Перитонит

~ Зәр шығару жолдарының рентгеноурологиялық тексеру әдісі үшін міндетті түрдегі көрсеткіш симптом:

| тұрақты лейкоцитурия

| фимоз


| эписпадия

| варикоцеле

| гипоспадия

~ Төмендегі жағдайында экскреторлық урография жасалмайды:

| анурия

| бүйрек шаншуы

| бүйректің жарақаты

| макрогематурия

| созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

~ Балалар хирургиясы бөлімшесіне жаңа туылған бала келіп түсті. Жалпы қарау кезінде кіндіктен төмен орта сызық бойымен көлемі 6х7х6 см болатын, қызыл түсті ісік тәрізді түзіліс анықталады. Аталған түзілістің түбі қуықтың шырышты қабаты болып табылады. Уретраның саңылауларынан әр бұрыштан үнемі зәр шығып тұрады. Соның себебінен сан және қасаға аймағының тері жабындысы мацерацияға ұшыраған. Қуықтың шырышты қабатының гипергрануляциясы орын алады. Шырышты қабаты ауырсынады және киім тигенде қансырайды.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

| Қуықтың экстрофиясы

| Гастрошизис

| Кіндік бауының жарығы

| Іштің алдыңғы қабырғасының гемангиомасы

| Іштің алдыңғы қабырғасының тератомасы

~ Бала 8 айда, анасының айтуынша оң жақ білек аймағындағы ісік тәрізді түзіліске шағымданып түсті. Патология туа біткен. Динамикада түзілістің ұлғаюы анықталған. Жергілікті қарауда оң жақ білектің төменгі 1-3, сыртқы бетінде алқызыл түсті ісік тәрізді түзіліс анықталады. Өлшемі 0,6-0,8 см, жұмсақ консистенциялы, ауырсынбайды, басқанда бозарады. Сіздің әрекетіңіз ?

| Склероздаушы ем, аталған әдістің басқа консервативті әдістерден айырмашылығы жеңілдігінде

| Сәулелі ем, себебі басқа әдістерді қолдану мүмкіндігі жоқ

| Диатермоэлектрокоагуляция (күйдіру), себебі басқа әдістерде косметикалық деффект қалады.

| Хирургиялық ем, себебі гемангиоманы толығымен сау тіндер шегінде алуға болады.

| Криогенді емдеу әдісі, себебі бұл әдіс ауырсынусыз өтеді және қан кету болмайды.

~ Жедел аппендициттің 3 жасқа дейінгі балалардағы клиникасының ерекшелігі:

| жалпы симптомдардың жергілікті симптомдардан басым болуы

| жергілікт симптомдардың жалпы симптомдардан басым болуы

| айқын тыныс жетіспеушілігі

| Щеткина-Блюмберг симптомының айқын болуы

| айқын қозғалыс бұзылысы және терідегі полиморфты бөртпелер

~ Анасының айтуы бойынша бала туылғаннан соң 2-ші күннен бастап ауыра бастады. Анасының айтуына қарағанда баланың шағымдары көп мөлшердегі өт араласқан құсуға. Жалпы қарау кезінде баланың жалпы жағдайы ауыр дәрежеде. Бала әлсіз. Улану белгілері артуда. Іші біркелі кепкен, ішек ілмектерінің көзге көрінетін перистальтикасы анықталады. Пальпацияда ауырсынусыз. Үлкен дәреті болған жоқ. Құрсақ қуысы органдарының рентген суретінде керілген ішек ілмектерінде көптеген көлденең сұйықтық деңгейлері анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет