Дәрігер интерн хирургтарына «Балалар хирургиясы» модулі бойынша балалар хирургиясы пәнінен тест сұрақ (720) Педиатрия және балалар хирургиясы кафедрасы



жүктеу 1.97 Mb.
бет9/10
Дата26.02.2018
өлшемі1.97 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сіз не жайлы ойлайсыз?

| Іш қуысына қан кету белгілері бар

| Жалғасқан перитонит белгілері бар

| Құрт тәрізді өсіндінің түбінің бүтіндігінің бұзылуының белгілері бар

| Операция кезінде іш қуысының инфильтраты анықталмаған

| Абсцесс іш қуысына ашылған

~ Бала 10 жаста, ауру басталғаннан 1 тәуліктен кейін түсті. Ауру кенет басталған, эпигастриидегі ауырсыну, кейін іштің оң жағына ығысқан.Дене температурасы 38С, тахикардия. Іші керілмеген, тыныс алуға қатысады,барлық аймағында жұмсақ терең пальпацияда аздап ауырсынады. Ішперде тітіркенуі симптомы күмәнді. Сіздің диагнозыңыз?

| Жедел аппендицит

| Жедел панкреатит

| Жедел гастрит

| Жедел дивертикулит

| Асқазанның және 12 елі ішектің жара ауруы

~ Бала 9 жаста.Хирургия бөлімінде сол жақ балтырдың жедел гематогенді остеомиелиті бойынша ем қабылдаған. 2 айдан кейін сол жақ балтырдың ортаңғы 1/3 бөлігінде патологиялық қозғалыс, деформация анықталады.Емдеу барысында асқыну болған?

| Патологиялық сынық және жалған буынның түзілуі

| Анкилоз және санның қысқаруы

| Анкилоз және жалған буынның түзілуі

| Санның шығуы және жалған буынның түзілуі

| Артроз және санның қысқаруы

~ Бала 1 айлық. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы 38С. Мазасыз, жылайды, тәбеті төмендеген. Кіндік венасының гиперемиясы анықталады, инфильтрацияланған, ауырсынады, фиброзды жабындылар және іріңді бөлініс анықталады.Сіздің емдеу амалыңыз?

| Кіндіктің гиперемия және флюктуация бар аймағына көптеген тілік жасау

| Кіндік бойымен кесу, антибактерияльды ем және озонотерапия

| Кіндік айналасын тілу, адекватты дренаждау және физиоем

| Кіндіктің радикальды тілігі, озонотерапия, антибактерияльды емсіз

| Кіндік венасын катетеризациялау, бақылау

~ Бала 28 күндік. Жағдайы ауыр. Терісі бозғылт цианотикалық реңмен, еріні когерген. Мазасыз,жылайды, емшктен бас тартады.Тахикардия. Кеуде клеткасында 8х7 см аймақта гиперемия, ортасында терінің күңгірттенуі және флюктуация анықталады. Диамикада тері гиперемиясы тез ұлғаюда. Қан анализінде жоғары лейкоцитоз, формуланың солға ығысуы анықталады. Жергілікті ем:

| сау теріге өтетін гиперемия үстінен шахмат тәрізді көптеген тіліктер жүргізу

| барлық гиперемия үстінен крест тәрізді тілу

| гиперемия ортасын кесу, активті дренаждау, жиі байлап-таңу

| тері асты клечаткасын пункциялап және дренаждап анибиотикпен жуу

| кең лампастық тіліктер және аппаратты қолдану арқылы дренаждау

~ Нәресте 2 күндік. Жағдайы ауыр.Мұрын-ерін үшбұрышының цианозы,ентігу,өтпен құсу. Қарағанда сол жақ кеуде ісінуіне байланысты кеуде клеткасының ассиметриясы байқалады.Тынысы әлсіреген ішек шулары естіледі,перкуторлы-тұйықталған. Іші түсіңкі,ладья тәрізді. рентгенологиялық белгілер?

| Диафрагма күмбезі анықталмайды, плевральды қуыста көптеген газды түйіршіктердің

және көкірекаралықтың қарсы жаққа ығысуы

| Ішектің баяу газбен толуы

| Асқазанда газды көпіршіктің болмауы

| Іш қуысында екі деңгейлі сұйықтықтың болуы

| Диафрагма күмбезі тегістелген және деформацияланған

~ Нәресте. Жағдайы ауыр. Терісі бозғылт цианотикалық реңмен, еріні көгерген. Кенет ентігу, тыныс алуға қосымша бұлшықеттердің қатысуы. Кеуде клеткасы бөшке тәрізді. Кеуде клеткасы перкуссиясында тимпанит, аускультацияда тыныс естілмейді. Жүрек шектері сау жаққа қарай ығысқан. Сіздің емдеу амалыңыз?

| Жарақаттанған аймақты алу

| Трахеостомия

| Бронхотомия

| Пульмоноэктомия

| Торакоцентез

~ Науқас 10 жаста,жағдайы ауыр, ентігу, тахикардия,іріңді қақырық. Рентгенограммада кеуде клеткасында қабырғасы жіңішке сұйықтық анықталады. Сіздің емдеу амалыңыз?

| Бронхоскопиялық дренаж

| Радикальды ем

| Пункциялық ем

| Плевральды қуысты дренаждау

| Абсцессті қуысты дренаждау

~ Іріңді хирургиялық инфекцияның ауыр түріне синдромдар тән:

| айтылғандардың барлығы

| гипертермия мен құрысу

| тыныс және жүрек-қан тамырларының бұзылысы.

| ДВС синдром

| гемодинамикалық бұзылыс

~ Омфалиттің қай түрінде консервативті амбулаторлы емдеуге болады:

| жай түрінде

| іріңді омфалитте

| кіндік флегмонасында

| кіндік гангренасында

| кіндік қан тамырларының тромбофлебитінде

~ Іріңді жарақатта репарация қай тәулікте басталады:

| екінші апта соңында

| төртінші - алтыншы

| жетінші - оныншы

| екінші - үшінші

| екі аптадан соң

~ Жіті гематогенді остеомиелитті анықтауда ерте нақты диагностикалық әдісті ата:

| электрорентгенография

| остеофлебография

| жұмсақ тіндердің диагностикалық пункциясы

| сүйек ішілік қысымды өлшеу

| бактериоскопиялық жұғын

~ Бала жіті гематогенді остеомиелитпен ауыр жағдайда түсті, екі тәулік қарқынды терапия көмектеспеді, науқас қайтыс болды, бұл аурудың қай ағымына тән:

| найзағайлы

| созылыңқы

| үзілмелі

| гипертоксикалық

| септикопиемиялық

~ Эпифизеолиз-бұл?

| Өсу шеміршегі бойымен эпифиздің метафизге қарағанда ығысуы

| Сүйек диафизінің сынуы

| Ересек кезінде кездесетін сынық

| Эпифиздің метафиз бөлігімен бірге үзілуі

| Эпифиз сынуы

~ Шыбық сүйегі басының жартылай шығуында шектеледі:

| ротационды қозғалыстар

| шынтақ буынында жазылу

| шыбық-білезік буынында бүгілу

| саусақ сезімталдығы бұзылады

| барлық қызметтер бұзылады

~ Монтеджи зақымдалуы бұл:

| шынтақ сүйегінің сынығы және шыбық сүйегі басының шығуы

| білек сүйектерінің төменгі 1/3 сынығы

| шыбық сүйегінің сынығы және шынтақ сүйегінің шығуы

| білек сүйектерінің жоғарғы 1/3 сынығы

| шыбық сүйегінің эпифизиолизі, шынтақ сүйегінің ортаңғы 1/3 сынығы

~ Қай сүйектің сынығында Н.П. Свинухов бойынша жабық репозиция жасалады?

| Шыбық сүйек мойнының сынығы

| Иық сүйегінің айдаршық үсті сынығында

| Білек сүйектерінің сынығы

| Иық сүйегінің айдаршық арқылы сынығында

| Шынтақ сүйегі жоғарғы 1/3 сынығы

~ Бала 3 жаста, көшеде анасымен келе жатып, сүрініп құлай жаздаған. Анасы қолынан тартып, баланы ұстап қалған, сол кезде баласы қолының ауырсынуына шағымданады. Қарағанда шынтақ буын пішіні өзгермеген. Шынтақ буынында қозғалыстар шектелген, супинация және пронация жасау ауырсынуға байланысты мүмкін емес.

ЕҢ тиімді болжам диагнозыңыз ?

| Шыбық сүйегі басының жартылай шығуында

| Шыбық сүйек мойнының сынығы

| Шынтақ буынында байламдардың тартылуы

| Білек сүйектерінің артқы шығуы

| Иық сүйегінің айдаршығының үзілуі

~ Бала 8 ай, үйінде диваннан еденге құлаған. Бірден айқайлаған, бір ретті құсу болған. Түнде нашар ұйықтаған. Жағдайы орташа ауырлықта, енжар, селқос, қарауға негативті жауап береді. Неврологиялық статуста ошақты белгілер жоқ. Көз қарашықтарын максимальды әкеткенде горизонтальды нистагм анықталады. Сіңір және құрсақ рефлекстері бұзылмаған. Сыртқы краниогематома жоқ.

ЕҢ тиімді болжам диагнозыңыз ?

| Бас ми шайқалуы

| Энцефалопатия қалдықты белгілері

| Бас ми соғылуы

| Бас сүйекішілік гематома

| Бастың жұмсақ тіндерінің соғылуы

~ Бала 10 жаста, велосипедтен құлап, ішін рульге соғып алған. Сол жақты иық үстіне берілетін сол жақты қабырға астындағы ауырсынуына шағымданады. Екі ретті құсу болған. Бала сол жоқты қапталында мәжбүр қалыпта жатады. Дене қызуы 37,6 С, тахикардия, АҚҚ 90/60 мм.с.б.б. Үлкен және кіші дәреті қалыпты. аннан еденге құлаған. Сол жақты қабырғаасты аймағында ауырсыну, бұлшықеттердің ригидтігі және Щеткин-Блюмберг симптомы оң мәнді.

ЕҢ тиімді болжам диагнозыңыз ?

| Талақ жыртылуы, ішкі қан кету

| Жарақаттық панкреатит

| Асқазан қабырғасының жыртылуы, перитонит

| Алдыңғы құрсақ қабырғасының соғылуы

| Бауыр жыртылуы, ішкі қан кету

~ Бала 7 жаста, көшеде ойнап жазылған қолына құлаған, сол жақты шынтақ буынында ауырсыну пайда болған. Қарағанда иық төменгі 1/3 шынтақ буынына тарайтын айқын деформация анықталады. Бала зақымдалған қолын сау қолымен ұстап тұрады, шынтақ буынында активті және пассивті қозғалыстар шектелген.

ЕҢ тиімді болжам диагнозыңыз ?

| Иық сүйегінің айдаршық арқылы сынығы

| Шыбық сүйегі басының шығуы

| Монтеджи сынықты-шығуы

| Иық сүйегі диафизінің сынығы

| Медиальды айдаршықтың үзілуі

~ Меңзеу бұлшықеттің ақауы қисықмойын кезінде:

| бұлшықет жасуша дәнекер тканімен ауысуы

| бұлшықет жасушаның бекуінің болмауы

| бұлшықет жасушаның гипертрофиясы

| бұлшықет жасушаның гипотрофиясы

| иннервация бұзылысы

~ Аяқтың салыстырмалы ұзындығы анықталады:

| spіna іlіaca anterіor superіor-ден ішкі тобыққа дейін

| spіna іlіaca anterіor superіor-ден табан башпайларының ұшына дейін

| spіna іlіaca anterіor-ден тобық-фалангалы жалғасуға дейін

| үлкен ұршықтан табан башпайларының ұшына дейін

| санның үлкен ұршығынан ішкі тобыққа дейін

~ Рейнберг схемасы бойынша туа болған ұршық басы шығуы рентгенологиялық диагнозы қойылады мына жағдайда, санның сүйектену ядросы орналасса:

| Келлер сызығынан жоғары және Омбредан сызығынан ішке

| Келлер сызығынан төмен

| Омбредан сызығынан ішке

| Шинтон сызығынан төмен

| Кальве сызығынан төмен

~ Сіз 14 жастағы баланы қарау үстінде басын сол жаққа қисайтып, оң жаққа бұрылуын байқадыңыз. Палпацияда төс-бұғана-емізікше бұлшықеті бойында қатайған түйін анықталады. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Қабыну белгілері жоқ.Сіздің диагнозыңыз:

| туа болған қисық мойын

| мойын миозиті

| мойын лимфадениті

| дермоидты киста

| лимфангиома

~ Бала 7 күндік сіз табанның патологиялық қалпын анықтадыңыз-табандық бүгілу және супинация.Сіздің диагнозыңыз:

| туа болған ұршық басы шығуы

| туа болған қисық табандылық

| балтыр шыбығы нервінің парезі

| жалпақтабандылық

| ат табан

~ Өнеш ахалазиясына кеуденің жалпы шолу рентгенограммасында не тән?

| Асқазан ауа көпіршігінің жоқ болуы

| Кеудеаралықтың оң жаққа ығысуы

| Көк еттің сол жақ куполының жоғары тұруы

| Кеудеаралықтың сол жаққа ығысуы

| Өкпе алаңдарының мөлдірлігінің күшеюі

~ Ледда синдромы даму ақауларына жатады?

| Шарбы майдын айналу және фиксациясының ақауына

| Құрсақ қуысының басқа (ішектен басқа) даму ақауларына

| Ішек түтікшесінің даму ақауына

| Кері даму ақауына

| Ішек қабырғасының даму ақауына

~ ЖТН-де кефалогематома, қабыну белгілері бар, сіздің амалыңыз?

| Тілік жасау

| Басып танғыш салу

| Консервативті антибактериальды ем

| Түзіліс пункциясы

| Ісікті алып тастау

~ Бала нефропатиямен өткен бірінші жүктіліктен туылған. Уақытылы босанудан, қағанақ суы көп шықты. Апгар шкаласы бойынша бағалағанда 7-8 балл. Туылған кездегі салмағы – 3000г. 2 тәуліктен емізіп бастады, активті сорады, бірақ тамақтанудан кейін бірден сүтті қайта құсқан. Бірінші тәулікте аздаған меконий болды, келесі күндері ауыспалы үлкен дәреті болған жоқ. Тамақтандыру көлемін көбейткеннен кейін сүтпен құсығы күшее бастады, дене салмағын тез жоғалта бастады.

Алғашқы диагнозды қойыңыз:

| 12-елі ішек атрезиясы

| пилороспазм

| пилоростеноз

| мықын ішек атрезиясы

| өнеш атрезиясы

~ Бала бірінші қалыпты өткен жүктілікпен бірінші қалыпты босанудан. Туған кездегі салмағы 3600 г. Бала емшекпен емізіліп жүрді. Бір айға 700г қосты. Бір айдан бастап бала күніне 1-2 рет сүтпен құса бастаған, одан соң «фонтанң тәрізді құсық пайда болған. 1 ай 10 күн кезінде қарағанда, бір аптада 400г жоғалтқан. Жағдайы ауыр, бала енжар, тіндерінің тургоры төмендеген, тері асты шел май қабаты аз дамыған. Қарау кезінде «фонтанмен» құсық болған. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында үрленген, «құм сағаты» түрінде асқазанның күшейген перистальтикасы көрініп тұр. Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

| Пилоростеноз

| Пилороспазм

| Өнеш ахалазиясы

| Созылмалы дуоденальды өткізбеушілік

| Босану кезінде жарақат

~ Бірінші тәулікте аспирациядан кейін бронх бөгде денесін клиникалық көрінісінде не көрсетеді?

| Бронхиальды өткізгіштігінің бұзылу дәрежесі

| Баланың физикалық дамуы

| Бөгде дененің пішіні

| Бөгде дененің химиялық құрылысы

| Баланың нервті-психикалық дамуы

~ Рентгенограммада плевральды қуысының тотальды қараюы, кеудеаралықтың сау жаққа ығысуы анықталады. Сіздің болжам диагнозыңыз?

| Пиоторакс

| Ателектаз

| Өкпе деструкциясының буллезді түрі

| Пневмоторакс

| Пиопневмоторакс

~ 6 айлық балада тексеру кезінде өкпесінде киста анықталды, тыныс жетіспеушілігі жоқ. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Оған көрсетілген:

| күту амалы

| кистаны дренаждау

| оперативті ем

| кистаны пункциялау

| консервативті ем

~ Баланы 10 күн бойы жөтел, дене температурасының фебрильды деңгейге дейін көтерілуі мазалайды. Аускультативті сол жақта бронхиальды тыныс. Рентгенограммада сол жақ плевральды қуысының тотальды қараюы, кеудеаралықтың ауыратын жаққа ығысуы анықталады. Болжам диагнозыңыз:

| Өкпе ателектазы

| Тотальды плевра эмпиемасы

| «Плащң тәрізді плеврит

| Өкпе абсцессі

| Пиоторакс

~ Жаңа туған нәрестеде кеудеаралық көленкесінің сау жаққа ығысуы анықталады, сол жақта өкпенің сау бөліктерін ығыстырып тұрған созылған жоғарғы бөлігі көрінеді.

Қай алғашқы диагноз бұл көрініске тән?

| лобарлы эмфизема

| диафрагмальды жарық

| өкпе аплазиясы

| пневмоторакс

| пневмоторакс

~ Жараның біріншілік жазылуына керекті жағдай болып саналады?

| Жара шекаралары тығыз жанасуы

| Жара қанның ұйындысының болуы

| Жара аймағына антибиотик енгізу

| Жарада дренаждың болуы

| Жарада инфекция болуы.

~ Егер жарақат алғанына 14 күн болмаған жағдайда, жараның жазылуына әкелетін тігістің атауы?

| Біріншілік – кешіктірілген тігіс

| Біріншілік тігіс

| Ерте кешіктірілген тігіс

| Кеш кешіктірілген тігіс

| Екіншілік тігіс

~ Сіз жаңа жүріп бастаан 1 жас 3 ай баланы қарадыңыз: жүрісі “үйрек тәрізді”.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

| Сан суйегінің туа пайда болған шығуы

| Coxa vara

| Маймақтық

| Туа пайда болған аяқтың абсолютті ұзындығының қысқаруы

| Артрогрипоз

~ Сіз 14 күндік баланы қарадыңыз, бақылау барысында басын сол жағына қисайып, қарама – қарсы жаққа бұрылғанын байз. Пальпация кезінде сол жақ төстік – бұғана – еміздік мойын етінің қатайған. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Сіздің ЕҢ тиімді диагнозыңыз?

| Туа пайда болған қисық мойын

| Миозит


| Мойын лимфадениті

| Қосымша семсер тәрізді мойын омыртқасы

| Гризель ауруы

~ Профилактикалық бақылау барысында баланың іштің алдыңғы қабырғасында 2 х 1 см қызыл түсті түзіліс байқалады. Терісі үстінен сәл ғана шығыңқы. Үстінен басқан кезде ағарады, жібергенде қалпына қайтадан келеді. Сіздің алғашқы диагноз?

| Гемангиома

| Лимфангиома

| Телеангиэктазия

| Тілме


| Қал (родимое пятно)

~ Бала 3 жаста ЛОР бөлімшесінен реанимация бөлімшесіне түсті. Көмейден бөгде денесі алынды. Жалпы жағдайы ауыр, айқын цианоз, инспираторлық ентігу. Тыныс алуына көмекші бұлшық еттер қатысады. Артериальды және венозды қысым жоғарланған, тамыр соғысы жиіленген, Өкпеде везикулярлы тынысы әлсіз,құрғақ сырылдар естіледі. Дыбыс естілуі әлсіз.

Сіздің ЕҢ тиімді диагнозыңыз?

| Көмей ісінуі

| Ателектаз

| Бронхоспазм

| Өкпе ісінуі

| Сол қарыншалық жетіспеушілік

~ Асқазан безоарына тән рентгенологиялық симптом:

| асқазан антральды бөлігінде тұрақты толу дефекті

| асқазан кілегейінің рельефінің жоғалуы

| асқазан күмбезінде тұрақты толу дефекті

| құрсақ қабырғасының пальпациясы кезінде тұрақты толу дефекті мен оның ығысуы

| асқазан перистальтикасының жоқ болуы

~ Тыныс жолдарында бөгде денесі бар толық бронх өткізгіштігінің бұзылысына ренгенограммада тән:

| ателектаз

| дөңгелек инфильтративті фокустар

| пневмоторакс

| эмфизема

| ұсақ ошақты қараюлар

~ Құрсақ қуыс мүшелерінің рентгенологиялық тексерісі кезінде ішек түйілуіне не тән:

| төменде горизантальды деңгейлерімен шектелген көптеген жартылай ай пішінді ағарулардың болуы

| құрсақ қуысының төменгі бөлігінде көптеген жартылай ай пішінді ағарулардың болуы

| көкет күмбезінің астында көптеген жартылай ай пішінді қараюлардың болуы

| көкет күмбезінің астында көптеген жартылай ай пішінді ағарулар болуы

| кіші жамбасында көптеген жартылай ай пішінді ағарулар болуы

~ 12 жасар бала ұманың оң бөлігінің жедел ауырсынуына шағымданады, басталғанына 2 сағат болған. Қарау кезінде сыртқы жыныс мүшелері жасына сай дамыған. Оң жақ аталық без ұманың түбіріне қарай тартылған, пальпацияда ауырсынады, қозғалуы қиын. Ұма терісі қызарған.

ЕҢ тиімді болжам диагнозыңыз ?

| Аталық безінің бұралуы

| Аталық без қабының шемені

| Крипторхизм

| Аталық безінің айқасқан эктопиясы

| Аталық бездің жарақаттануы

~ Ішкі қан кету. Талақтың жыртылуына күдік бар. Жағдайы өте ауыр. Гемодинамикасы тұрақсыз.

ЕҢ тиімді шұғыл іс-шараларды ұсынуға болады?

| Лапароскопия

| Құрсақ қуысына узақ дренаж қою

| Лапароцентез

| Лапаратомия

| Бақылау, консервативті ем

~ Ішінен жарақат алған 7 жасар балада бауырдың перкуторлы дыбысының тұйықталуы анықталады. Іш бұлшық еттерінің тақтай тәрізді кернелуі, құрсақтың «тітіркену» симптомы оң мәнді.

ЕҢ тиімді тексеру әдісі?

| Іш қуысының рентгенографиясы

| Диагностикалық лапарацентез

| Диагностикалық лапаротомия

| Ультрадыбыстық зерттеу

| Ангиография

~ Бала биіктен қулаған. Жағдайы орташа ауырлықта. Іштің ауырсынуына шағымданды. Перкуссия кезінде ауырсыну байқалды. Іш бұлшықеттерінің керілуі турақты емес.

зерттеу әдістерінен бастау ЕҢ тиімді?

| Ультрадыбыстық тексеру

| Іш қуысының рентгенографиясы

| Лапароскопия

| Лапароцентез

| Көк тамырлық урографиядан

~ Ауруханаға 8 жастағы ұл бала түсті. Шағымдары – оң жақ бел аймағында керіп ауырсыну, кіші дәретке жиі шыққысы келу. Бала биіктен арқасына құлаған. Терісі бозғылт. Тамыр соғысы 120 рет минутына. АҚ-80/60 мм сын.бағ. іші жұмсақ, іш астарының тітіркену белгісі теріс, оң жақ бел аймағында үлкен ісіну анықталады. Қан анализінде – Нв -120 г/л, эритроциттер 3,2, зәр анализінде – эритроциттер -50-60 көру аймағында.

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Оң жақ бүйректің жабық жарақаты

| Құрсақтың жабық жарақаты

| Оң жақ 12 - қабырғаның жабық сынуы

| Оң жақ бел аймағының урогематомасы

| Оң жақ бел аймағының жұмсақ тіндерінің соғылуы

~ 8 жастағы ұл бала ауруханаға бел аймағындағы ауырсынуға, макрогематурияға шағымданып түсті. 4 сағат бұрын бала биіктіктен құлаған. Қараған кезде терісі бозғылт, тамыр соғысы минутына 120 рет, АҚ-80/55 мм сын.бағ. бел аймағын пальпациялағанда ауырсынады, сол жағында ауырсыну қаттырық анықталады.

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Сол бүйректің жабық жарақаты

| Сол бүйректің пиелонефриті

| Бел омыртқаларының соғылуы

| Бел омыртқаларының компрессиялы сынуы

| Сол жақ XІ-XІІ қабырғалардың жабық сынығы

~ Бұтаралықтың жарақатымен түскен науқаста жарақат алған кезден бастап зәрі болмаған, үрпісінен қан тамшылап тұр.

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Уретраның жыртылуы

| Қуықтың жыртылуы

| Бұтаралықтың соғылуы

| Қуық тас-тас ауруы

| Уретра-тас ауруы

~ Қабылдау бөліміне автотравмадан кейін 10 жастағы бала жеткізілді. Жағдайы ауыр. Шағымдары: басының айналуы, құсу. Терісі бозарған, тахикардия 146 рет минутына. Іші жұмсақ, сол жақ қабырға астында ауырсыну, перкуссия кезінде құрсақ қуысының синустары аймағында дыбықтың тұйықталуы. Іс астарының тітіркену симптомы мен Кулен-Камф симптомдары оң. Қан анализінде: НВ -90 г/л, эритроциттер -2,10 10г/л, Ht-30.

Сіздің диагнозыңыз ?

| Көкбауырдың жарылуы

| Бауырдың жарылуы

| Ішектің жыртылуы

| Бүйректің жарылуы

| Қуықтың жыртылуы

~ 10 жасар баланы 20 минут бұрын көлік қақты. Бала есінде, бірақ сұрақтарға дұрыс жауап бермейді, дене терісі бозғылт, перифериялық тамыр соғысы өте әлсіз. АҚ 70/40 мм.с.б.

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Травмалық шок

| Комалық жағдай

| Улану

| Талып қалу



| Токсикалық шок

~ 5 жастан жоғары балаларда сан сүйегi сынған кезде ... кең

қолданылатын емдеу әдiсi.

| қаңқалық тарту

| бiр мезеттiк репозиция

| Илизаров аппаратын қою

| металлосинтез

| гипс байламасымен иммобилизация жасау

~ 2 жастағы балаға сан сүйегi сынған кезде ... емдеу әдiсi

тиiмдi.


| Шаде бойынша тарту

| гипстi байлау

| оперативтi

| қаңқалық тарту

| жабық бiр мезеттiк репозиция

~ Жаңа туған балаларда сан сүйегi сынғанда ең тиiмдi емдеу әдiсi ....

| Шаде бойынша тарту

| қаңқалы тарту

| Креде-Кефер әдiсi

| Шпитци әдiсi

| гипстi байлау

~ Балаларда омыртқаның компрессионды сынуы кезiндегi ... ең қолайлы

емдеу әдiсi.

| еңкейген жазықтықта күштеп тарту

| жабық репозиция

| қаңқалық тарту

| корсет

| оперативтi

~ Жарақаттан соң сан сүйегi шығуының асқынуы - ....

| сан сүйегiнiң басы асептикалық некрозға ұшырайды

| coxa vara

| буынның iсiнуi

| аяқтың контрактурасы

| жамбас-сан буынының анкилозы

~ Омыртқаның компрессионды сынуына ... тән емес.

| жамбастағы мұшелер қызметiнiң бұзылуы

| iштiң ауырсынуы

| дем алудың қиындауы

| омыртқаның қозғалғыштығының шектелуi

| зақымдалған аймақтағы тұрақты ауырсыну

~ Омыртқаның компрессионды сынуын ... әдiс арқылы анықтайды.

| рентгенологиялық

| клиникалық

| ЭЭГ


| УДЗ

| компьютерлi томография

~ Жамбас сақинасы бұзылмай жамбас сүйектерi сынған кездегi

иммобилизациялау ... арқылы өткiзiледi.

| төсектi режим «бақа» тәрiздi

| жалпы режим

| жалпы төсектi режим

| гипстi таңу

| қатты тақтайда төсектiк режим

~ Омыртқаның компрессионды сынуының диагнозын ... қояды.

| рентгенологиялық тексеру негiзiнде

| клиникалық негiзiнде

| ЭЭГ

| УДЗ


| компьютерлi томография

~ Балаларға тән сүйек сынуының түрі:

| сүйек тысы асты және эпифизеолиз

| жарықшақты сынық

| көптеген сынық

| диафизарлы сынық

| айқасқан сынық

~ Жараны алғашқы хирургиялық өңдеудiң балалардағы ерекшелiгiне

... жатады.

| жара шеттерiн үнемдеп кесу

| жараға антибиотик енгізу

| жараның шеттерiн кеспеу

| жараны асептикалық ерiтiндiлермен жуу

| жара шеттерiн үлкен етiп кесу

~ Жараның шеттерiн кеспей тiгуге болады егер жара ... болса.

| бетте


| қолда

| бастың түктi бөлiгiнде

| аяқта

| арқада


~ Үлкен терi астылық сан гематомасы болғанда ... жүргізіледі.

| пункция жасау

| гематоманы тiлу

| қысып тұратын байлау жасау

| құрғақ жылу басу

| мұз басу

~ Терi жамылғылары күйiгiнiң I дәрежесiне ... тән.

| гиперемия, iсiну, ауырсыну

| көпіршіктердің пайда болуы

| бозару, iсiну, түссiз сұйықтары бар көпiршiктер

| гиперемия, iсіну, түссiз сұйықтары бар көпiршiктер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет