Дәріс №6 windows операциялық ЖҮйесінің файлдар мен бумалармен жұмыс. Жоспар



жүктеу 43.1 Kb.
Дата22.12.2017
өлшемі43.1 Kb.

ДӘРІС № 6

WINDOWS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ФАЙЛДАР МЕН БУМАЛАРМЕН ЖҰМЫС.
Жоспар

  1. Бума туралы түсінік

  2. Файл ұғымы


МАҚСАТЫ:

  • Қатысушыларды Windows операциялық жүйесіндегі бумалар мен файлдар ұғымымен таныстыру.

  • Оқушылардың Windows операциялық жүйесі жайында алған мағлұматтарын толықтыру


1. БУМА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілері терезе мен шартбелгілер түрінде бейнеленеді. Жұмыс столында Windows-тың объектілері мен басқару элементтері орналасқан. Объект – олармен Windows жұмыс істейтіндердің барлығы. Әр объектінің өзіне тән қасиеттері болады. Олар бір-бірінен қасиеттері арқылы ажыратылады. Windows объектілерін негізгі және арнайы деп шартты түрде бөлуге болады.

Windows-тың негізгі обектілеріне: бумалар, бағдарламалар, құжаттар мен таңбашалар (ярлық) жатады.

Арнайы объектілеріне: Бас меню, басқару тақтасы, менің компьютерім (Мой компьютер) және себет (корзина) жатады.

Бірқатар объектілер белгілі бір белгілері бойынша топтастырылады, оларды анықтау үшін бума түсінігі пайдаланылады.



Бума – бұл объектілер қоймасы. Бумалардың ішінде тек файлдар, шартбелгілер, тңбшалар ғана емеа басқа бумалар да болуы мүмкін. Бумалар ашық немесе жабық болады. Жабық бума шартбелгі түрінде, ал ашық бума терезе түрінде көрінеді. Бумалар компьютерде белгілі тәртіппен орнласады, оны иерархия деп атайды. Бума иерархиясын Бағыттауыш (Проводник) қолданбасының терезесінің сол жағында немесе мына сызбадан көруге болады.

Windows объектілерінің шартты иерархиясының сызбасы.

Жұмыс столы


Мой компьютер



Корзина


Басқару тақтасы



D:

C:

A:


Бума



Файл

Таңбашалар

… …



Файл

Таңбашалар

Windows бумасының иерархиясының шыңы жұмыс орны бумасы болып табылады. Бұл бума қалған барлық бумалардың аналық бумасы болып табылады. Оның бірқатар ерекше қасиеттері бар. Жұмыс столы барлық терезелердің астында болады, ол барлық терезелер жинамаланған кезде ғана толық көрінеді.

Бумалар жүйелік және жұмыс бумалары болып екіге бөлінеді. Windows объектілері жүйелік бумаларда сақталады. Жүйелік бумаларға қандайда бір өзгерістер енгізілсе, жүйе жұмысының дұрыс істемеуі немесе жұмыс барысында тұрып қалуы мүмкін.



Жүйелік бумаларға: Windows, Program files бумалары және бағдарламалар арқылы құрылған бумалар жатады.

Жұмыс бумаларына өздерің құрған немесе сендер үшін Windows құрған бумалар жатады. Мысалы: Менің құжаттарым (Мой документы) бумасы. Windows-та бумалардың ішіне бумаларды шексіз кірістіре беруге болады. Компьютермен жұмыс істегенде көптеген файлдар құруға тура келеді. Егер ол файлдарды тек бір бумада орналастыра берсе, онда бара-бара ол бумадан қажетті файлды тауып алу үшін көп уақыт қажет болады. Бұл жағдайды болдырмау үшін, файлдарды өзіміз жасаған жеке бумаларға орналастырған жөн. Мысалы: барлық суреттерді Сурет бумасына, ал ойындарды Ойын бумасына т.с.с. орныластырады. Жаңа бума құру қиын емес, оны мына мысалды қарастыраық:

  1. Мой компьютер бумасын ашамыз

  2. Өз буамаңызды орналастырғыңыз келген буманы ашыңыз, мысалы С: дискісінің бумасын ашыңыз.

  3. С: дискінің терезесінің бос жеріне барып тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.

  4. Ашылған контекстік менюден Создать командасын шертеміз

  5. Экранда пайда болған бағыныңқы менюден Папка командасын таңдаймыз.

Осы командаларды орындағаннан кейін экранда «Жаңа бума» («Новая папка») атты жаң бума белгішесі пайда болады. Пернетақтадан қажет атты енгізіп Enter пернесін басамыз. Бумаларды құрудың басқа әдістері де бар.


  1. ФАЙЛ ҰҒЫМЫ

Файл – аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама, не құжат болуы мүмкін. Файл (file) сөзі ағылшын тілінен аударғанд «бума» дегенді білдіреді. Файл тауы өзара екі нүктемен бөлінген бөліктен тұрады, оның бірінші бөлігі - өз аты, ал екінші бөлігі – кеңейтілуі. әр файлдың аты бар. Оның аты: 1-ден 255 символға дейін болады, оның пайдаланушы үшін құжаттың қызметін анықтатын мазмұндық жүктемесі бар. Файл атында \ ? : * « < > / символдарын пайдалануға болмайды. Файлдың типі бойыеша компьютер оның бағдарлама немесе құжат екендігін анықтайды. Егер файл типінде .exe немесе .com кеңейтулері тұрса онда бұл бағдарлама болғаны. Ал қалған кеңейтулері барлардың бәрін компьютер құжат деп анықтайды. Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» кеңейтулерінің тізімі төменде келтірілген.

.dmp Paint графикалық қолданбасының кеңейтілуі

.doc Word және WordPad мәтіндік редакторларының кеңейтілулері

.txt Блокнот қолданбасының кеңейтілуі

.avi Бейне – клип кеңейтілуі

.xlx Excel кестелік процессорының кеңейтілуі

.ppt Power Point қолданбасының кеңейтілуі

Компьютер құжаттың типі бойынша құжат қай қолданбада өңделгенін анықтайды. Мысалы екі рет шерткеннен кейін, компьютер құжаттың типін анықтай отырып, ол құжатты жасалған қолданбада ашады.



Файлды ақпарат өлшемі – бит сияқты ақпаратты сақтау бірлігі ретінде қарастыруға болады. Бір тұтас объект ретінде файлдармен жазу, өшіру (жою), көшіру, жылжыту, қайта атау операцияларын жүргізуге болады.

Сабақты бекіту үшін қойылатын сұрақтар.

  1. Windows операциялық жүйесінің негізгі функциялары қандай?

  2. Жұмыс столы, шартбелгілер, жарлықтар түсінігі

  3. Windows жүйесін іске қосу онымен жұмысты аяқтау

  4. Бума мен файл ұғымына түсініктеме

  5. Файлдармен орындалатын операциялар қандай?


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

  1. В. Симонович «Информатикадан базалық курс» 114-120 беттер

  2. «Информатикадан 30 сабақ» 130-150 беттер


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет