Дәріс комплекстері Пән – «Экология және тұрақты даму» Мамандық



жүктеу 141.15 Kb.
Дата24.07.2018
өлшемі141.15 Kb.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

«Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология» кафедрасы


Дәріс комплекстері
Пән – «Экология және тұрақты даму »


Мамандық: 5В074800-«Фрамацевтикалық өндіріс технологиясы»
Курс: 2

2013жыл

Әдістемелік өңдеу кафедра мәжілісінде талқыланды.

Хаттама № 11 19.06.2013 ж.

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент____________ Долтаева Б.З.

№1

1. Тақырыбы: “Тұрақты даму” концепциясы. Табиғи ресурстар жəне табиғатты ұтымды пайдалану – тұрақты даму аспектілерінің бірі.
2.Мақсаты: Әртүрлі мемлекеттердегі жəне Қазақстан Республикасындағы тұрақты дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы жəне практикалық міндеттері туралы заманауи түсініктерді қалыптастыру.
3.Дәріс тезистері

Адамзат қоғамының табиғатпен қарым – қатынасы қазіргі заманның ең маңызды проблемаларының біріне айналды. Адам жерде пайда болған кезден бастап оның биосфераға тигізетін əсері үнемі үдеп отырды. Бірақ, тек индустриалдық қоғам жəне демографиялық жарылыс жағдайында ғана адам əрекетінің жағымсыз зардаптары ғаламдық сипатқа ие болды. Қоршаған орта бұған дейін ешқашан байқалмаған қарқынмен ластанып жатыр.

Энергетикалық жəне минералдық ресурстардың сарқылу үрдісі байқала бастады. Антропогендік əрекеттің сан алуан түрлері жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуына əкеліп соқты. Табиғи ортаның химиялық ластануы, радиациялық жағдай, азық – түлік пен ауыз судың сапасының нашарлауы жəне т.б. халықтың денсаулығының нашарлауына əкеліп соқты. Бірқатар ғаламдық экологиялық проблемалар пайда болды: жылулық эффекті, озон қабатының жұқаруы, Əлемдік мұхиттың ластануы, шөлдену жəне т.б.

Экономиканың экстенсивті дамуына байланысты экологиялық жағдай Қазақстанда да күрт нашарлады: Арал экожүйесінің бұзылуы, Каспий маңында жəне Шығыс Қазақстандағы қолайсыз экологиялық жағдай; Семей сынақ алаңына іргелес жатқан территориялар, топырақтың құнарсыздануы жəне т.б.

Бірақ қазіргі кезде антропогендік өзгерістер планетаның барлық дерлік экожүйелерінен байқалады, атмосфераның газдық құрамы, Жердің энергетикалық балансы өзгерді. Бұл адамның əрекеті табиғатпен қарама – қайшылыққа түсіп, “биосфера -адамзат” жүйесі барған сайын тепе – теңдік күйден ауытқып бара жатыр деген сөз, нəтижесінде əлемнің көптеген аймақтарында табиғаттың динамикалық тепе – теңдігі бұзылды. Мəселені табиғи тепе – теңдікті қалпына келтіру нəтижесінде шешуге болар еді, бірақ бұл өте күрделі, əлемде теңдесі жоқ қиын мəселе, ол 1992 жылы Рио-де-Жанейрода күн тəртібіне қойылып, сонда Тұрақты даму тұжырымдамасына қол қойылып, бекітілді. Ғаламдық “қоғам – табиғат” жүйесіндегі тұрақты даму -əртүрлі деңгейдегі əлеуметтік–экологиялық жүйелерде динамикалық тепе-теңдікті сақтау болып табылады. Адамзат осыны неғұрлым ертерек түсініп осы жолға түссе, оның Жер бетінде тірі қалу мүмкіншілігі де соғұрлым жоғары болмақ.

Бұл жолда мазмұны мен болмысы əрбір жеке тұлғаның экологиялық дүниетанымын қалыптастыру болып табылатын экологиялық сауаттылық шешуші рөлге ие болады жəне оның негізін “Экология жəне тұрақты даму” пəні құрайды. Пəннің мақсаты студенттерде қоршаған ортаға жəне өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау сезімін қалыптастыру. Мұндай көзқарас болашақ жоғары білімді мамандардың экологиялық тұрғыдан сауатты шешімдер қабылдап, сол арқылы биосфераның тұрақты дамуына көмектесуіне септігін тигізеді.


4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар

5. Әдебиет:

1.Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. -Алматы, 2002.

2.Бейсенбаева Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология. -Алматы, 2001.

3. Аскарова Ұ.Б . Экология және қоршаған ортаны қорғау Алматы, 2007

4.Охрана окружающей среды.Учебник А. С. Степановских М. 2000-559 бет.

5. ҚР «Экологиялық кодексі» 2005ж


6. Қорытынды сұрақтары:

1. Тұрақты даму концепциясының маңызы неде?

2. Тұрақты дамудың негізгі міндеттерін атаңыздар?

3. Табиғи ресурстарға анықтама беріңіздер?

№2

1. Тақырыбы: Биосферадағы тұрақсыздықтың пайда болуының анторпогендік факторлары



2.Мақсаты: Тірі ағзалардың, биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын және олардың тұрақтылығын, биосфера компоненттерінің өзара әсерлесу заңдылықтары туралы білімдерді қалыптастыру.

3.Дәріс тезистері

Биосфера термині тіршілік деген мағанамен ғылымға 1875 жылдың аяғында атақты австрия геологы Э.Зюсс (1831-1914) ұсынады. Барлық ағзалар оларды қоршаған материалдық – энергетикалық ортамен, ең алдымен қоректену мен тыныс алу арқылы, үздіксіз және тығыз байланыста болады.

Жердің табиғи ресурстарына сипаттама:

Атмосфера- біздің планетамыздың ғарыш кеңістігімен шектесіп жатқан аралығы. Атмосфера арқылы Жер мен ғарыш зат алмасады.

Атмосфера бірнеше қабаттан тұрады: тропосфера жерге жақын төменгі қабат (9-17 км), Стратосфера сулы пар және 80% жуық газдық құамынан тұрады, ионосфера тірі зат болмайды. Атмосфераның ең төменгі қабаты адамдар үшін маңызды, осы жерде қатты, сұйық, газ түріндегі заттар кездеседі.

Атмосфераның төменгі қабаты аралас газдық құрамнан тұрады

Атмосфера құрамы






Газ

Ауадағы құрғақ құрамы, %

N

Азот

78,08

O

Кислород

20,95

Аг

Аргон

0,93

CO

Углекислый газ

0,03

Ne

Неон

0,0018

Не

Гелий

0,0005

Кг

Криптон

0,0001

H

Водород

0,00005

Х

Ксенон

0,000009

Литосфера - Жер қабығының қатты қабатын, минералдар жиынтығы, тау жыныстары, органикалық қалдықтар мен метаморфтық тау жыныстарын құрайды. Литосфераның беріктілігі 50-200 км, жерқыртысы континентте 75км дейін және теңіз түбінде 10км.

Гидросфера- жердің су қабаты – жер шарының 2/3 бөлігін алып жатыр. Су әлемінде алғашқы тіршілік нышаны байқалғаннан бері – гидросфера қабығы планетаның бүкіл тыныс-тіршілігін реттеуде негізгі роль атқарып келеді. Барлық заттар суда еріген күйінде10 -50% дейін болады. Оның үлкен және кіші айналымдары арқылы зат алмасу процесі тұрақты жүреді. Гидросфера құрамында кездесетін химиялық элементтер: Na+, Mg+, Ca+, S, C, Cl. Биосферадағы тіршілік процестерін зерттей келе химиялық элементтердің бір тобын «тірі заттар» деп атады. Олар биофильді заттар деп аталатын сутегі, көміртегі, оттегі, азот, фосфор және күкірт элементтері еді.

«Ноосфера» терминін алғаш рет қолданғандар философ, математик, полеонтолог және антрополог Эдуард Леруа және полеонтолог Пьер Тейяр Шарден (1927ж) болды. Ноосфера ғылымымен француз ғалымдары адамның санасы пайда болған кездегі табиғаттың эволюциялық сатысын атады. П.Тейяр Шарден өзінің «Адам феномені» деген еңбегінде ноосфераны «жаңа қабат», «ойлайтын қабат» деп анықтады.


4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар

5. Әдебиет:

1.Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. -Алматы, 2002.

2.Бейсенбаева Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология. -Алматы, 2001.

3. Аскарова Ұ.Б . Экология және қоршаған ортаны қорғау Алматы, 2007

4.Охрана окружающей среды.Учебник А. С. Степановских М. 2000-559 бет.

5. ҚР «Экологиялық кодексі» 2005ж



6. Қортынды сұрақтары:

1. «Биосфера» терминін кім және қай жылы ұсынды?

2. Атмосфера дегеніміз не? Атмосфераның қанша қабаты бар?

3. «Ноосфера» терминін кім және қай жылы ұсынды?

№3

1. Тақырыбы: Қазіргі заманның əлеуметтік-экологиялық проблемалары жəне тұрақты даму.

2.Мақсаты: Студенттерге халық денсаулығына қоршаған орта ластануының қауіптілік дәрежесінің есептеу әдістемесін үйрету.

3.Дәріс тезистері

Қазіргі заманғы өркениет пен табиғи ортаның өзара әрекеті мәселесіне Стакгольмде 1972 жылы өткен қоршаған орта жөнінідегі бүкіл әлемдік конференция арналды.Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды- тұрақты даму деп атайды.

Планетадағы тіршілікті қорғау-бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.

1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.

«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп тусіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалдарынан).

Екінші БҰҰ-ның қоршаган орта мен даму бойынша өткен конференциясы 1992 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өткен, онда барлығы «Тұрақты даму» концепциясын және «XXI ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған:



мақсат қыла отырып, мемлекеттер, қоғамның негізгі секторлары мен адамдар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейлеріне шығу жолдары арқасында жаңа, глобальдық әділетті серіктестікті орнату үшін;

күш сала отырып, барлығының мүдделерін құрмет тұтып және қоршаған орта мен дамытудың глобальдық біртұтастығын қорғауды қамтамасыз ететін халықаралық келісімдерге қол жеткізу үшін;

мойындай келіп, ортақ үйіміз Жер сипатының тұтастығы және өзара байланыстылығын жариялайды:

Конференцияда бес негізгі құжаттар мақұлданды:

«РИО декларациясы қоршаған ортаны қорғау және даму»

«XXI ғасырдың күн тәртібі»

«Барлық орман түрлерін тұрақты дамыту және сақтауды басқарудың принциптері »

«Климаттың өзгеру мәселесі бойынша конвенция»

«Биологиялық алуантүрлілік конвенциясы»

«РИО декларациясы ...» құжатында маңызды екі тезис көрсетіледі:

1. Кедейлікпен күрес, даму үздіксіз жүзеге асуы үшін қоршаған ортаны қорғау, даму процесінің тұтас бір бөлігін құрауы тиіс және одан бөлек қарала алмайды.

2.Орнықты дамуға және барлық адамдардың жоғары өмір сүру сапасына қол жеткізу үшін өндіріс пен тұтынудың өміршең емес моделін мемлекеттер қысқартып және көзін жойып, сондай-ақ тиесілі демографиялық саясат жүргізіп отыруы қажет.


4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар

5.Әдебиет:

1.Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. -Алматы, 2002.

2.Бейсенбаева Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология. -Алматы, 2001.

3. Аскарова Ұ.Б . Экология және қоршаған ортаны қорғау Алматы, 2007

4.Охрана окружающей среды.Учебник А. С. Степановских М. 2000-559 бет.

5. ҚР «Экологиялық кодексі» 2005ж


6.Қортынды сұрақтары:

1. Тұрақты даму ұғымына түсініктеме беріңіз?

2. Әлем елдерінің тұрақты даму жағдайын атаңыз?

3. БҰҰ Конференциясында қандай құжаттар мақұлданды?


4



1. Тақырыбы: Табиғатты қорғау жəне тұрақты даму.

2.Мақсаты: ҚР экологиялық кодексі, ҚР тұрақты даму концепциясымен танысу, Қазақстанның жекеленген аймақтар мысалындағы қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды ұйымдастыруды оқып үйрену.

3.Дәріс тезистері

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы, кодексте реттелетін қатынастар, орнықты дамуының экологиялық негіздерi. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеудің және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгi ережелерi. Қоршаған ортаны қорғау объектілерi. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.Табиғат пайдалану ұғымы және оның түрлерi. Табиғат пайдаланушылар.Арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау негіздері және оны жүзеге асыру шарттары.

Қазақстан Республикасының белгілі бір аумагында төтенше экологиялық ахуалды Үкімет жариялайды.

Экологиялық апат аймақтары Қазақстан Республикасының заңдарымен жарияланады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды өз


құзыреті шегінде арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті
атқарушы органдар жүзеге асырады.

Қоршаған ортаны қорғау саласында арнайы уәкілеттік мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының меншікті нысаны мен бағыныштылығына қарамастан, ұйымдарға және басқа да объектілерге (соның ішінде белгіленген тәртіппен көрсету арқылы) кіріп көруге, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қажетті құжаттаманы, талдамалардық нәтижелері мен өзге де материалдарды сұратуға және танысу үшін тегін алуға, табиғи ресурстарды пайдалану лицензияларында белгіленген ережелердің сақталуын және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жекелеген қызмет түрлерінің жүзеге асырылуын, табиғат пайдалану шараларының (келісім-шарттарының) табиғат пайдалануға берілген рұқсаттың орындалуын тексеруге, белгіленген тәртіппен олардың күшін жоюға, жою жөнінде нұсқамалар беруге немесе ұсыныс енгізуге, заңды және жеке түлғаларға талаптар қоюға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жолсыздықты жою жөнінде нұсқамалар шығаруға;

Кәсіпорындардың, құрылыстар мен объектілердің жұмысын шектеу
мен тоқтата тұру, оларды пайдалануға беруге тыйым салу, экологиялық
талаптарды бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және де өзге
қызметті шектеу немесе тоқтата тұру туралы ңұсқамалар шығаруға,
немесе осы қызметті тоқтату туралы ұсыныс енгізуге, Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бүзу салдарынан
келтірілген залал мөлшерін анықтауға (анықтауға қатысуға) және соның
негізінде кінәлі адамдарға осы залалды ерікті түрде өтеу туралы
талаптар қоюға немесе сотқа талап-арыз беруге, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ведомстволық және өдірістік
бақылаудың нормалары мен ережелерін сақтауды тексеруге құқы бар.

Қоршаған орта объектілерін қорғау мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастар осы Кодексте реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледі.

4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
5.Әдебиет:

1.Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. -Алматы, 2002.

2.Бейсенбаева Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология. -Алматы, 2001.

3. Аскарова Ұ.Б . Экология және қоршаған ортаны қорғау Алматы, 2007

4.Охрана окружающей среды.Учебник А. С. Степановских М. 2000-559 бет.

5. ҚР «Экологиялық кодексі» 2005ж


6.Қортынды сұрақтары:

1. Тұрақты даму концепциясы не жөнінде?

2. ҚР Экологиялық Кодексінің мәні неде?

3. ҚР Қоршаған ортаны қорғау бойынша қандай іс-шаралар жүргізілуде?

5

1.Тақырыбы: Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының

өзекті экологиялық проблемалары.



2.Мақсаты: әртүрлі мемлекеттердегі және Қазақстан Республиқасындағы тұрақты дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы және практикалық міндеттері туралы заманауй түсініктерді қалыптастыру;

табиғаттың және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы, біртұтас түсінік қалыптастыру.




3.Дәріс тезисі

Тұрақты даму факторлары: экологиялық фактор (өркениет дами алатын дәліз шекаралары), экономикалық фактор (нарық жүйесін қайта құру), әлеуметтік фактор (ауылшаруашылық өндірісі, адам құқықтары, демография). Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Тұрақты даму деңгейлері - жергілікті, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, әлемдік деңгейлер. Әр деңгейдегі тұрақты даму мүмкіншіліктерін анықтаушы факторлар. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету жолындағы халықаралық ынтымақтастық. Тұрақты дамудың ғылыми теориясын жасау жолындағы халықаралық ұйымдардың қызметі.

Қазақстан Республикасының табиғи ортасын тұрақсыздандыру процестері, себептері мен салдарлары. Арал экожүйесінің бұзылуы, Арал аймағының әлеуметтік- экологиялық проблемалары. Каспий маңында және Шығыс Қазақстандағы қолайсыз экологиялық жағдай. Ядролық сынақтардың адамзатқа тигізген зардаптары. ҚР территоориясындағы Семей ядролық сынақ алаңы және өзге де полигондар. Ядролық қаруға қарсы Невада-Семей қозғалысы. Семей сынақ алаңына іргелес жатқан территориялар, топырақтың құнарсыздануы және т.т. Семей сынақ алаңына іргелес жатқан территориялар және т.т.

Бірақ қазіргі кезде антропогендік өзгерістер планетаның барлық дерлік экожүйелерінен байқалады, атмосфераның газдық құрамы, Жерді энергетикалық балансы өзгерді. Бұл адамның әрекеті табиғатпен қарама - қайшылыққа түсіп, "биосфера -адамзат" жүйесі барған сайын тепе - теңдік күйден' ауытқып бара жатыр деген сөз, нәтижесінде әлемнің көптеген аймақтарында табиғаттың динамикалық тепе - теңдігі бұзылды.

Қоршаған ортаның кейін бағалаудың әдістері мен критерийлері. Экологиялық мониторинг, ұйымдастырылу принциптері. Химиялық, физикалық, биологиялық мониторинг. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдары. Қазақстан Республикасындагы халыққа экологиялық білім жэне экологиялық тәрбие беру. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету: Тұрақты даму тұжырымдамасы. Тұрақты даму стратегиясы және Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету механизмдері.

«Биологиялық алуантүрлілік концвециясы». Тұрақты дамуға өту бағыты мен механизмдері

Механизмдердің даму интеграциясы.

Тұрақты дамудың саяси базасы.

Қоғамның тұрақты дамуы.

Тұрақты экономикалық үрдіс.

Экология лық тұрақтылық.

Аймақтардың тұрақты дамуы.

Институциональды қамтамасыз ету.
4. Иллюстрациялы материалдар : слайдтар

5. Әдебиет:

І.Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. -Алматы, 2002.

Бейсенбаева Ә.С., Шілдебаева Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология - Алматы,

Асқарова Ґ.Б Экология және қоршаған ортаны қорғау - Алматы 2007

Охрана окружающей среды Учебник А.С. Степановских М.2000-559 бет

Экологиялық кодекс ҚР Астана 2007 г.

6. Қорытынды сұрақтары:

Бақылау - сұрақтар:

Тұрақты даму дегеніміз не?

«Тұрақты даму» концепциясын қай жылы ұсынылды?

1992 жылы БҰҰ-ның конференциясында қабылданған бағдарлама?



«ҚР экологиялық қауіпсіздік» концепциясы қай жылы қабылданды?

ҚР экология л ық қауіпсіздігінің стратегиялық мақсаты мен міндетіне не жатады?

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет