Дәріс сабақтарына арналған әдістемелік ұсыныстар



жүктеу 82.21 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі82.21 Kb.
түріСабақ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


«Философия және мәдениеттану» кафедрасы

«Қазақстан халықтарының тарихы және мәдениеті» пәні бойынша

050204 Мәдениеттану мамандығының студенттеріне арналған

ДӘРІС САБАҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Құрастырушы:

ФжМ кафедрасының доценті, т.ғ.к.

Жапекова Г.К.

Павлодар


Дәріс сабақтары студенттердің ғылыми білімін арттыратын маңызды бµлім. Жүйелі, толық аргументтері келтірілген кешенді дәріс сабақтары мамандарды дайындаудыің басты көзі. Дәрістің әдістемелік, ғылыми – тәжірибелік, қоғамдық-саяси және кәсіби маңызы бар.

Дәрістерді тыңдау және қабылдау: Студенттердің оқытушының дәрісіне дайындығына енетіндер:

Біріншіден, психологиялық жағынан дайын болу, оның жүйелі орындалуын қадағалау; екіншіден, дәріс алдындағы мақсатты танымдық – тәжірибелік қызмет, соның ішінде:

А) алдынғы өткен материалдарды, жазғандарын еске тұсіру мақсатында қарастыру;

Ә) Алдыњғы сабақпен байланысын анықтау мақсатында берілетін дәрістің материалдарымен бағдарлама және оқулықтар бойынша танысу. Оқулық бірнеше жылда бір рет шығарылатындықтан, бағдарламадағы кейбір сұрақтар оқулықта қарастырылмауы мұмкін. Осындай сәйкессіздіктен кейін студент дәріс барысында осы мәселелерге көңіл аударуы керек.

Б) Дәріс барысында істелінетін негізгі жұмыстардың тұрлерін анықтау (жазу, сызбалар, суреттер және т.б);

Г) Бағдарлама мен оқулықтар да енгізілген өздік жұмысына арналған тапсырмалармен танысу, білімді тереңдетіп, тапсырмаларды орындауға қажетті әдебиеттерді таңдау;

Дәріске алдын–ала дайындықстудентті шығрмашылық жұмысқа және ең бастысы дәрісті тыңдап, оның мазмұнын қабылдай білуге ұйретеді.

Дәріс беруде материалды баяндау, талдау, фактологииялық мазмұндау, мәселе қою әдістері басым. Мұның бәрі студенттердің шығармашылық белсенділіктерін арттыра тұседі.

Студент дәріс мазмұнын толық тұсіну ұшін оның мақсаты мен міндеттерімен таныс болуы қажет. Сонымен қатар, дәрістің мақсаты мен міндеттерін тұсіну студентке баяндалып отырған материалды терең тұсініп, оған сын көзқараспен қарауына мұмкіндік береді.

Сонымен қатар дәріс оқытушы мен студент арасындағы байланыс ретінде психологиялық-педогогикалық талаптарға да сәйкес болу керек. Оның орындалуы студентке ғана қатысты емес, оқытушының баяндауына студенттер беделін арттыра білуіне де байланысты.

Жазу – оқытушының студенттердің материалдарды қаншалықты меңгергендігін бақылауға мұмкіндік береді. Егер дәріс барысында студенттер тыңдап қана қоймай жазып отырса, оқытушы дәрісті оқу кезінде оған көмек көрсетеді (қайталау, баяулау, басты мәселелерге акцент жасау арқылы және т.б.)

Дәрісті жазуға қалай ұйрену керек? Бәрінен бүрын нені және қалай жазу керектігін білу керек. Сабақтыњ кұні, тақырып, мақсаты, сабақтыњ жоспары жазылады. Жоспар тақырыпты игеруге жєне берілген материалмен өздігінше жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Жоспарды жазғаннан кейін оның дәріс барысында оның мағынасы қалай ашылғандығына баса назар аудару керек.

Жазу барысында тақырыптар, тақырыпшалар және сұрақтар арқылы, абзацтарды, нөмірлеп көрсетуді пайдаланып жүйелілікті сақтауға болады.

Дәріс жазудың тұрлері әртұрлі болуы мұмкін. Оны таңдау пәннің ерекшелігіне байланысты. Мысалы: кейбір сабақтарда суреттер, сызбалар жєне т.б. қолданады. Гуманитарлық ғылымдар бойынша жазудың әртүрлісі қолданады. Кең тараған түрі:


Дәрістің негізгі сұрақтары


Негізгі тезистермен, дәлелдер, қортындылар. Негізгі сұрақтар бойынша өз ойлары.








Дәріс материалының мазмұнын келесідегідей тұрде де жазуға болады:



Дәрістің негізгі сұрақтары



Негізгі ережелер, негізгі фактілер, жалпылау, дәріс мазмұнын қорытындылау


Студенттің ескертпесі және оның оқытушыға сұраѓы.











Дәрісті жазғанда онымен әрі қарай жұмыс істеу үшін және өз ойларын жазуға шетінен орын қалдыру қажет. Немесе дәптердіњ келесі беттерін бос қалдыру керек.

Студенттің жан-жақты тұлға болып қалыптасуына, білікті маман болуына, кәсіби және т.б. қызмет тұрлеріне дайындығын арттыруға дәріспен бірге тәжірибе сабақтары да маңызды рөл атқарады.

Дәріс басты ғылыми білімнің негізін салады, студентке оны жалпылама тұрде меңгеруге мұмкіндік береді. Ал, семинар мен тәжірибе сабақтары білімді кеңейтіп, нақтыландыра тұседі, оны толықтай меңгеруіне көмектеседі. Сонымен бірге оқу үрдісінің мұндай түрлері өздік жұмыстарды орындауға үйретеді

Студентің жан-жақты дамыған тұлға, маман ретінде дамуына және оны кәсіби және басқа қызметтерге дайындауда семинар сабақтарының маңызды зор, олар дәрісте басталған сабақтардың логикалық жалғасы. Дәріс ғылыми білімнің негізін қалыптастырады, олар студентке оларды жалпы түрде меңгеруге мүмкіндік береді, семинар және тәжірибе сабақтары бұл білімдерді тереңдетеді, нақтылайды және кеңейтеді, жоғары репродукция және трансформация деңгейінде меңгеруді көмектеседі. Оған қоса, осы оқу процессінің формалары жеке жұмыс жасау және өзін-өзі оқытуды үйретеді. Семинар және тәжірибе сабақтарында жеке жұмыстың өзіндік ерекшелектері бар болғандықтан, оларға тереңірек тоқталайық.



Пән тақырыптарының мазмұны

Дәріс I. Кіріспе

Зерттеудің обьектісі болып мәдениет әлемдегі адамның болмысы ретінде. Зерттеудің пәні болып мәдениеттің қызметінің заңдылықтары мен пайда болуы болып табылады.Пәннің әдісі болып диахрондық, синхрондық талдау, типология, герменевтика т.б. Мәдениет және натура. Адам мәдениет әлемінде. Мәдениеттің негізгі анықтамасы. Мәдениет құндылық әлемі ретінде. Мәдениет жеке тұлғаның әлеуметтену мен жеке тұлға болып қалыптасуының бірлігі ретінде. Мәдениет адамның жануардан ерекшелігін білдіретін құбылыс. Мәдениет – адамның еркіндік саласы. Мәдениет диалог ретінде. Мәдени коммуникация. Мәдениет және өркениет.



Дәріс II. Мәдениет социлогиясы: методологиялық аспектілері.

Әлеуметтік мәдениет. Материалдық және рухани мәдениеттегі дихотомия.. Техника әлемді мәдениет жасаушы ретінде. Мәдениет және рухани мәдениет азығын пайдалану. Рухани мәдениет адамның өзіндік санасы ретінде. Мәдениет және менталитет.

Мәдениеттегі көркемөнердің рөлі. Мәдениет және адамгершілік. Мәдениеттің негізгі функциялары.

Дәріс III.. Адам және мәдениет.

Адам мәдениеттанудың оқып білудің негізгі обьектісі. Адам туралы философиялық ойлар. Адам, индивид және жеке тұлға. Мәдениеттегі биологиялы пен әлеуметтіктің арақатынасы. Гуманизм және мәдениет. Қазіргі күнгі ҒТП. Өркениеттің қазіргі күнгі ҒТП концепциясына көшу. Индустриальды, постиндустриальды, ақпараттық қоғам.



Дәріс IV. Қазіргі күнгі мәдениеттің моделі.

Қазіргі адамның бірлігі мен айрықшылығы. Қазіргі адамның. Шығыс - Батыс, Солтүстік – Оңтүстік дихотомиясы. Хантингтон суперөркениеттер туралы ( батыстық, конфуциандық, жапондық, исламдық, иудаистік, славян-православиялық, латынамерикандық, африкандық). Мәдениеттің негізі моделдері: діни, батыстық, азиаттық-тынықмұхиттық, постсоциалистік, вестернизиацияланған, оңтүстік-азиаттық, дәстүрлі. Әлемдік өркениеттегі түркі мәдениетінің рөлі.



ДәрісV. Мәдениет және табиғат

«Мәдениет- табиғат» антитезінен экологиялық мәдениет. Биосфера - биотехника - ноосфера. Мәдениетке органистік көзқарас. Мәдениет қайнар көздерінің натуралдануы және табиғаттың гумандануы. Коэволюционность генетической и культурной эволюции. Культура как


Дәріс VI. Мәдениет типологиясы

Мәдениеттанудағы «тип» және «типология» категорияларының мәні. Әлемдік тарихтағы мәдениет типтерінің бірлігі мен әр алуандығы.Әлемдік тарих пен жалпыадамзаттық өркениеттің бірлік теориясы. Өркениеттің формациялық және социомәдениеттік типологиясы. Мәдениеттің циклдық қатынасы. (О. Шпенглер, Н. Данилевский, А. Тойнби). Ясперстің остік теориясы. Евроцентризм және мәдениет типологиясы.


Дәріс VII Мәдениет және оның қазіргі күнгі өркениеттегі рөлі.
Мәдениеттің космологиялық концепциясы, мәдениет экологиясы және оның қазіргі күнгі өркениеттегі рөлі. Жалпы бұқаралық құралы және адамның мәдениетпен манипулияциялануы. Адам — барлық заттың шегі. Руханилық және мәдениеттелік – ХХІ ғ өркениетінің перспективасы мен жолы.

Әдебиеттер



НЕгізгі

  1. Генон Р. Кризис современного мира. - М., 1991.

  2. Гердер И. Идеи к философии истории человечества. - М., 1977.

  3. Гумилев Л. Древние тюрки. -Л., 1963.

  4. Гумилев Л. Этногенез и биосфера земли. -Л., 1989.

  5. Гуревич А. Категории средневековой культуры. - М., 1984.

  6. Данилевский Н. Россия и Европа. - М., 1991.

  7. Есим Г. Хаким Абай. - Алматы, 1995.

  8. Касымжанов А.Х., Касымжанова С.А. Духовное наследие казахского народа.-Алматы, 1991.

  9. Габитов Т., Муталипов Ж., Кулсариева А. Культурология (на каз. и рус. яз.). - Алматы, 2003.

  10. Культурологический словарь (на каз. яз.). -Алматы, 2001.

  11. Культурные контексты Казахстана: история и современность. - Алматы: Ниса, 1998.




  1. Моль А. Социодинамика культуры. - М., 1973.

  2. На пути к культуре мира. - Алматы, 2000.

  3. Ницше Ф. Избранные произведения. - М., 1994.

  4. Нуржанов Б. Культурология.-Алматы, 1994.

  5. Нурланова К. Человек и мир. - Алматы, 1994.

  6. Орынбеков М. Верования Древнего Казахстана. - Алматы, 1997.

Қосымша:


  1. Руднев В. Энциклопедический словарь культуры XX века. -М., 2001.

  2. Самосознание европейской культуры XX века. - М., 1991.

  3. Сорокин П. Человек, цивилизация, общество. - М., 1992.

  4. Фрезер Д. Фольклор в Ветхом Завете. - М., 1995.

  5. Бахтин М. Эстетика словесного творчества. - М., 1979.

  6. Бергсон А. Два источника религии и морали. -М, 1994.

  7. Бердяев Н.А. Царство духа и царство Кесаря. - М., 1995.

  8. Библер В. От наукоучения к логике культуры. - М., 1990.

  9. Кунанбаев А. Избранное. - Алматы, 1996.

  10. Леви-Стросс К. Первобытное мышление. - М, 1994.

  11. Маргулан А. Древняя культура Центрального Казахстана. - Алматы, 1960.

  12. Маркарян Э. Теория культуры и современная наука. - М, 1983.

  13. Маркузе Г. Одномерный человек: Исследование идеологии развитого индустриального общества. - М, 1994.

  14. Сумерки богов. - М, 1989.

  15. Тайлор Э. Первобытная культура. -М, 1989.

  16. Тойнби А. Постижение истории. -М., 1991.

  17. Турсунов Е. Возникновение баксы, акынов, сэри и жырау. - Астана, 1999.

  18. Тэрнер В. Символ и ритуал. - М, 1983.

  19. Философия и культурология (на каз. яз). - Алматы, 2001.

  20. Франк С. Духовные основы общества. - М., 1992.

  21. Хасанов М.Ш., Каракузова Ж. Космос казахской культуры. - Алматы, 1993.

  22. Хейзинга И. Человек играющий. - М, 1992.

  23. Шахар. Журнал культуры и экологии. - Алматы, 1993, 1994.

  24. Лосев А.Ф. Философия. Мифология. Культура. - М., 1991.

  25. Мид М. Культура и мир детства. - М., 1988.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет