Дәріс Тақырыбы: Кернеуі кВ-тан жоғары электр энергияні тарату. Сымдар мен кабельдерді жүргізу әдістері



жүктеу 50.97 Kb.
Дата26.08.2018
өлшемі50.97 Kb.


1 дәріс

Тақырыбы: Кернеуі 1 кВ-тан жоғары электр энергияні тарату. Сымдар мен кабельдерді жүргізу әдістері
Электрмен жабдықтау тораптарын келесідей түрге бөледі:

а) сыртқы электрмен жабдықтау тораптары – ол энерго жүйесіне қосылған орыннан (аудандық қосалқы станция) кәсіпорындардың қабылдау пунктеріне дейін (БТҚС, ОТП, ТП);

б) ішкі электрмен жабдықтау тораптары завод ішіндегі, цехтар арасындағы және цех ішіндегі ауа және кабель желілері немесе шинасымнан (тоқсымнан) жасалуы мүмкін.

Әуе желілері (ВЛ)

Әуе желісі –тірекке оқшаулама мен арматуралар көмегімен бекітілген сымдар арқылы электрэнергиясын жеткізу және тарату құрылғыны атайды.

Әуе желісі үшін болаталюминді, алюминді, мысты, болатты, қолалы, болат қолалы сымдар және алюминийндін балқымалыларынан жасалған сымдар қолданады.

Егер сымның бетіндегі электр өрісінің кернеулігі ауаның электр беріктігінен үлкен болса, бұл сымның айналасындағы ауаның ионизациялануы «тәж» («корона») құбылысын түсіндіреді. Желідегі кернеу жоғарлаған кезде, сымдардың беткі жағының біргелкі болмауынан, ластануынан жергілікті тәж сымның барлық ұзындығы жалпы тәжге айналады.

Жалпы тәждің пайда болуына сәйкес келетін сым бетіндегі ең үлкен кернеулік
, кВ/см
мұндағы m – желінің көпсымды сымының біртегістіг емес тегін білдіретін коэффициент, 0,82-ге тең;

r0 – сымдар радиусы, см;

δ – ауаның салыстырмалы тығыздығы, ол ≈1,04-1,05-ке тең.
Электр қондырғылардың ережелері бойынша (ПУЭ) Е0=28кВ/см.

330-500кВ желілеріндегі индуктивті кедергіні және тәжғе кететін шығынды азайту үшін тарамдалған сымдар қолданады.



Кабель желілері (КЖ)

Кабель желілері әдетте олар ауа желілерін салуға қиын жерлерде төселеді (қалаларда, тұрғын жерлерде, өнеркәсіптік өндіріс аймағында). Олар ауа желілеріне қарағанда келесідей артықшылықтарыға ие:, ауаның әсер етуінен сақтайтын жабық төселуі, пайдалану кезіндегі өте жоғарғы сенімділік және қауіпсіздік. КЖ ішкі және сыртқы электрмен жабдықтау тораптарында кең қолданылады.

Кабель тоқ өткізетін талсымдардан (мыс немесе алюминьді), оқшауламадан (1000кВ-қа дейін - резеңке, 1000В-тан жоғары - көп қабатты сіңдірілген қағаз және әр түрлі пластикаттар), және де қорғаныс қабаттардан (алюминий, хлорвинил, қорғасыннан) тұрады. Механикалық қорғаныс үшін болаттан жасалған лента және сым қорғанысы (броня) қапталады.

Ылғалдан қорғау үшін сіңдірілген тоқымадан жасалған джутты қаптамамен қапталады.



Кернеуі 6-35кВ-тық тоқ өткізгіштері

Олар үлкен токтар кезінде пайдаланылады (1,5-6 кА). Құрылысы бойынша тоқ өткізгіштер қатты және майысқақ; ашық және жабық болып бөлінеді.

Оларға 6-35кВ-тық электрэнергиясын тарату тораптары жатады. Электрэнергиясын зауыт ішіне тарату магистральді, радиалды немесе аралас сұлбалар арқылы орындалады, олар және жүктеменің территория бойынша орналасуына, олардың шамасына, қоректендіру сенімділігінің қажет ететін дәрежесіне тәуелді болады.

Шарттар бірдей болған кезде көбінесе магистральді немесе аралас сұлбалар қолданады, өйткені мұндай сұлбаларды қолдану үнемдірек.

Электрэнергияны радиалды сұлба арқылы тарату, жүктемелер орталық қорек көзінен әр түрлі бағытта орналасқан жағдайда қолданады.

Олар екі немесе бір сатылы болуы мүмкін. Бір сатылы, әдетте кіші, а екі сатылы - үлкен өндірістерде қолданылады.

Радиалды сұлбаның артықшылығы – пайдалануы сенімді және орындалуы қарапайым және сенімді қорғаныс пен автоматизацияны қолдану. Мұндай сұлбалардың кемшілігі - апаттық сөндірулер кезінде радиалды желіден қоректеніп тұрған цехтық РПЗ бірнеше цехтың ТП (3,4,5) электрмен бұзылады.

Бұл кемшілік жою үшін (РП1 және РП2) қоректендіретін радиалды сұлбасын екі тәуелсіз қорек көзінен қоректендіреді (ГПП-ның әр түрлі шиналары) және сенімділігін жоғарлату үшін АВР қолданады.

Электрмен жабдықтаудың радиалды сұлбаларын қолдану жоғары вольтті аппараттар санын көбейтеді, бұл капиталды шығындарды көбейтеді.



6 Сурет - Электрмен жабдықтаудың радиалды сұлбасы

ТП1, ТП2 – бірсатылы радиалды қоректену

РП1, РП2 және РП3 – екісатылы радиалды қоректену.


Кернеуі 1кВ-тан жоғары магистральді сұлбалар

Магистральді сұлбаларды электрмен жабдықтаудың ішкі жүйесінде қолданады, егер де тұтынушылар айтарлықтай көп болса және радиалды сұлбаларды қолдану тиімді болмаса.

Әдетте магистральді сұлбалар тұтынушылардың ортақ қуаты 5000-6000кВА-дан көп емес бес-алты ҚС-ды қорекпен қамтамасыз етеді.

Бұл сұлба қоректенудің төмен сенімділігімен сипатталады, бірақ ағытатын аппараттар санын азайтуға және тұтынушыларды қорек үшін сәтті жинақтауға мүмкіндік береді.




7Сурет - Өндірістік өнеркәсіптің электржабдықтауының ішкі жүйесіндегі бір жақтан қоректенулі бар сипаттық магистральды сұлбасы



Магистральді сұлбалардың артықшылықтарын сақтау қажет болғанда және қоректендірудің жоғары сендімділігін қамтамасыу ету үшін транзитті магистральдар жүйесін қолданады. Мұндай жүйеде кез-келген қоректендіруші жоғары кернеулі магистраль зақымдалса, тұтынушыларды автоматты түрде істе қалған трансформатордың төменгі кернеулі шиналар секциясына ауыстыру арқылы қоректендіруді екінші магистраль арқылы сенімді қамтамасыз етеді. Бұл қосылыс 0,1-0,2 с аралығында болады, яғни тұтынушыларды электрмен жабдықтауда зиян тигізбейді.

Тәжірибе жүзінде өндірістік кәсіпорындардың ЭЖЖ-ін жобалау және қолдану кезінде, тек қана магистральді немесе ралиалды сұлбаларды қолдану аз кездеседі. Әдетте, үлкен және жауапкершілігі жоғары тұтынушылар немесе қабылдағыштарды радиалды сұлбалар бойынша қоректендіреді.

Орта және кіші тұтынушыларды топтастырып олардың қоректенуін магистральді принцип бойынша қоректендіреді. Бұл шешім техника-экономикалық көрсеткіштері ең жақсы ішкі электрмен жабдықтау сұлбасың құруға мүмкіндік береді.




Бақылау сұрақтары:

1. Радиалды сұлбалардың арналуы және қолдану аймақтары.

2. Магистральді сұлбалардың арналуы және қолдану аймақтары.

3. ЭЖЖ классификациясы.

4. 6-35 кВ.тоқөткізгіштердің арналуы және қолдану аймақтары.

5. Бір жақтан қоректенетін тұтынушылардың магистралды сұлбасын келтіріңіз.

6. Тұтынушылардың аралас қоректену сұлбасын келтіріңіз

8. Тұтынушылардың радиалды қоректену сұлбасын келтіріңіз.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет