Шымкент қаласы, Абай ауданы, Игілік тұрғын алабында құрылысына екі жыл болған электр желілерінің бағандары құлағалы тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar News бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Stan.kz коллажы

Игілік тұрғындары балаларының күн сайын тозған бағандардың жанында жүретіне алаңдайды. 

Игілік тұрғыны Нұрлан Сүлеев бір бағанаға кемінде 5-6 үй қосылғанын айтты.

"Біз бұл туралы былтыр да айттық. Мердігерлер өзгеретінін айтқанымен, еш өзгеріс болмады. Сонымен қатар бағаналарды бетон тіректерге ауыстыруға және оқшауланған сымды созуға уәде берілді. Енді қанша уақыт күтуге болады. Әр отбасында бала саны көп. Мүмкіндігі шектеулі балалар да бар. Тірегі берік емес электр желі бағанының балаларымызға құлап кете ме деп қорқамыз", — деді Нұрлан Сүлеев.

Жергілікті тұрғандар бұл мәселемен депутаттарға айтып жүгінген. Тозығы жеткен бағандардан басқа, тұрғын алабында автобус аялдамалары мәселесі көңіл көншітпейтінін айтқан.

  • "Әкімдікті кінәлайды": Алматы облысында ауыл тұрғындары сусыз қалды

  • Жылу орталықтарындағы апаттардың артында саяси астар бар ма – Қошановтың жауабы

Сонымен қатар шымкенттік Роллан Абдуали Игілік тұрғын алабында бірнеше аялмада бар екенін жеткізді.

"Аялдамалардың бәрі ескірген. Олар Шымкент қаласының орталығынан әкелініп, орнатылды. Аялдамалардың жанындағы жолдар асфальтталмаған. Мен бұл туралы депутаттарға айттым", — деді Роллан Абдуали.

Шенеуніктер өз кезегінде электр бағаналары бар мәселе "Оңтүстік Жарық Транзит" балансында екенін айтады. Мердігер биыл тозған электр желілерін ауыстыруға уәде берсе, жергілікті билік ескі аялдамалар мәселесін шешім беруге уағдаласты.

Құжаттар рәсімделіп, тиісті жұмыстар басталғанға дейін біраз уақыт өтетіні түсінікті. Жергілікті тұрғындар проблемаларды шешуді жеделдетуді сұрап отыр.

Еске салайық, бұрынғы Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов 2021 жылы Абай ауданы Игілік тұрғын алабындағы инженерлік-инфрақұрылым нысандары бойынша атқарылған жұмыстарды пысықтаған еді. Бүгінде құрылысы басталған электр желілерінің жалпы ұзындығы 25,4 шақырымды құрады. Алайда сол кезде уәде берген мердігер мекеме құрылысты биыл төртінші тоқсанда аяқтауды жоспарлап отыр.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.