Танымал блогер, қайырымдылық іс-шараларының ұйымдастырушысы Ырысбала Икрамбай салық комитетін сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/irisbala__ikrambai_official/

Блогер ерікті жандармен бірігіп, халықтан ақша жинап мұқтаж жандарға баспана сыйлап жүр. 

“Заңды жеке кәсіпкер болып тіркелдім. Дәл қазір ауа жұтқанымыз бен табиғи әжетімізге ғана салық төлемейміз. Қалғандарының бәріне салық төлеп келеміз. Төлеуден жалтарып отырған жоқпын, заңды тұлға болғаннан кейін төлейсің. Енді адам сияқты жұмыс істеуге мүмкіндік берсеңіздерші. Әбден халықты басынды”, – деп ашуланды блогер. 

  • "Жасаған өнімдерім үшін ұялғым келмейді": Алматылық кәсіпкер баспахана мен брендтелген өндірісінің ерекшеліктерін айтып берді

  • 5 миллион талап еткен: Әлеуметтік желіде "салық қызметкерінің" видеосы талқыға түсті

Сонымен қатар, блогер оқырман қауымға отбасылық қандай кәсіптері барын да жариялады. Ай сайын төлейтін салығын да көрсетті. 

“Өткен айда 5 миллион теңге салық төледік. Одан кейін 6 миллион теңге төледік. Төлеген ақшаларымды міндетсінбеймін. Осы елдің азаматы ретінде жауапкершілікті сезінеміз. Бірақ соған сай жұмыс істесін. Күйеуімнің атына ЖШС-ні тіркедім. Өзім кеше ғана жеке кәсіпкер болып тіркелдім. Тұзы жеңіл қатын болдым”, – деді блогер. 

Фото: https://www.instagram.com/irisbala__ikrambai_official/

Еске салайық, блогер өнер жұлдыздарын Қайрат Нұртастан үлгі алуға шақырғанын жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.