Әлеуметтік желіде Мәскеудегі "Крокус сити холда" теракт ұйымдастырған күдіктіден жауап алу сәтінен видео жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан алынған

Күдікті Брянск облысында жасырынбақ болған жерінен ұсталды.

Желіде тараған видеода қансыраған күдікті тастанды автоматқа қатысты сауалға жауап берген. Қылмыскер орманда ұсталған.

"Renault" маркалы көліктен автоматты қайда тастадыңдар деген сұраққа  күдікті "менің достарым тастады, солардан сұра" деп жауап берген.

Еске сала кетсек, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Террористер ғимаратта 18 минут болған. 

  • Сағат 19.55-те "Крокус" ғимаратының алдына "Рено Симбол" тоқтап, ішінен автомат асынған террористер шығып, ғимаратқа қарай жүгіріп, адамдарға оқ жаудырып, күхетшілерді атып тастаған. 
  • 20:03-ке таман террористер концерт залының көрермендер отырған залына кіріп, алдынан шыққан адамдарды атып, креслоларды өртей бастайды. Шабуыл жасаған адамдарда бензин болған. 
  • Террористерден қашып құтылған адамдар терезелерді сындырып, ғимараттан қаша бастаған. 
  • 20:13-те ақ "Рено Симбол" мінген төрт қаскөй "Крокустың" көлік тұрағынан кете бастаған. 

Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.