Диктант 5 сынып



жүктеу 52.47 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі52.47 Kb.

Диктант 5 сынып. 3 тоқсан

Аю-орман қожасы.

Дүне жүзінде оның жеті түрі бар. Соның бірі –қоңыр аю. Қоңыр аю Қазақстанда көп тараған. Ол тау арасында мекендейді. Негізгі азығы өсімдіктер. Ағаштардың жаңғағын теріп жейді. Құрт-құмырсқаларды да теріп жейді. Аю үлкен –үлкен тастарды көтереді. Құрт-құмырсқаларды да аулайды. Аю үлкен тастарды көтереді. Астынан өзіне жем іздейді. Алғашқы қар жауғанда апанына кіреді. Қыс бойы ұйықтап шығады.

(52 сөз)

Тапсырмалар: 1.Етістік сын есім есімдік етістік шақтары үстеу.

Сөйлемге мофологиялық талдау жасаңыз

Соның бірі –қоңыр аю. Аю үлкен –үлкен тастарды көтереді. Қыс бойы ұйықтап шығады.

2.»Аю» сөзін септе.

Диктант 6 сынып 3 тоқсан.

Әдептілік-әдемілік.

Таңертең белгілі бір уақытта сағаттың қоңырауынсыз-ақ өзің оянуға дағдылан. Ертемен тұрғанда, тқсек-орныңды жинап әдеттен. Ойыншықтарыңды, басқа да заттарды белгілі бір бір орынға қоятын бол. Сонда керек нәрсеңді оп-оңай тауып аласың. Үйден әрқашан ертерек шық. Қайда барсаң да кешіккеннен гөрі екі-үш минут ерте келген дұрыс. Жолдасыңнан бір нәрсені алсаң, оның ескертуінсіз-ақ дәл уақытта қайтарып беретін бол. Уәде берсең, сөзіңде тұр.

(62 сөз)

Диктант

7 сынып.

3 тоқсан.

Қостанай перзенті.

1841 жылы торғай облысының Қостанай уезіндегі Ара-қарағай болысында, қазіргі Зотобол ауданында қазақ халқының көрнекті ағартушы, жаңашыл педогог, жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсарин туды. Атасы Балқожа белгілі би болған, ыбырай осы кісінің тәрбиесінде болған.Ыбырайдың білім алуына Шығыстың зерттеуші, ғалымы В.В. Григорьевтің үлкен әсері болды. Ол орыс әдебиетін көп оқыды. Ол орыс-қазақ мектебін ашып, халыққа білім беруді армандады. 1879 жылы «қазақ хрестоматиясы» деген кітап пен қазақ балаларына арнап, бастауыш сыныптарға орыс тілі оқулығын жазды. Орыс графикасын негізге алып, қазақ алфавитін жасады. Ы.Алтынсартин өмірі –біз үшін үлгі.

70 сөз


Диктант 8 сынып. 3 тоқсан.

Табиғат – алтын бесік.

Көкшетау өңірі асқақ, тауларымен, қалың орман – тоғай, ондаған үлкен-кішілі көлдерімен, түрлі жабайы хайуанаттарымен белгілі.

Көкше ормандарында негізінен қайың мен терек өседі. Көлдері қашанда мөп-мөлдір.

Көкшетау ормандарында жабайы бұғы , елік мекендесе, тау сілемдерінде арқар жортады. Көлдері балық пен жабайы құстарға толы.

Әсіресе соіғы жылдары облыста табиғат байлықтарын сақтауға бұрынғыдан да зор мін берілуде. Мұнда табиғат байлығын қорғайтын қоғамдық орындарының жемісті орасан. Бурабайдың көркем табиғатын қорғайтын арнайы орман шаруашылық мекемесі құрылған. Ол тек орман күзетіп қоймай, басқа жерлерден әкелінген хайуанаттарды Көкше табиғатына үйретеді.

(85 сөз)

Тапсырмалар: 1.Сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.



  1. Көлдері балық пен жабайы құстарға толы.

  2. Көкше ормандарында негізінен қайың мен терек өседі.

  3. Бурабайдың көркем табиғатын қорғайтын арнайы орман шаруашылық мекемесі құрылған.

2. «Табиғат» тақырыбына мысал келтір.

1.Хабарлы сөйлем

2.Сұраулы сөйлем

3.Лепті сөйлем.

Диктант 9 сынып. 3 тоқсан

Абай


Абай - қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі. Алдымен ол қазақ халқын өнерге, білімге, еңбекке шақырады. Орыс елінің мәдениетімен таныстырады. Ұлы ақын өтірікке, өсекке, надандыққа қарсы күресті. Абай қазақтың ән-күй шығармашылығын жете білген. Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет, Жаяу Мұса сынды халық композиторларын ерекше бағалаған.

Өзі «Айттым сәлем, Қаламқас», «Сұрғылт тұман», «Қараңғы түнде тау қалқып» тағы басқа әндерін шығарды.

Абай өз шығармаларында қараңғылық, кертартпалықпен күрескен.Халық қамын ойлаған.

Абай «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деп, жалпы азаматты түгел сүйетін гуманизм биігіне шақырады.

(90 сөз)

Тапсырмалар: 1. Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

Абай «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деп, жалпы азаматты түгел сүйетін гуманизм биігіне шақырады.

2. Жай сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлем жасап, сөйлем мүшесіне талдаңыз .

Абай өз шығармаларында қараңғылық, кертартпалықпен күрескен.Халық қамын ойлаған.



3.Сөздерге толық морфологиялық талдау жасаңыз.

Надандық, мәдениетімен, әндерін, бағалаған, шақырады.

Диктант 10 сынып 3 тоқсан .

10 сынып

Отбасы

Бідіңи отбасымыз онша үлкен емес. Отбасымызда бес адам бар. Олар: әкем, шешем, ағам, апам және мен. Сіңілім, інім жоқ.



Менің әкем дәрігер. Ол егде адам. Шешем мектепте мұғалім. Ол егде адам емес, жас. Апам техникумда мұғалім. Ол әлі тұрмыста емес. Ағам зауытта жұмысшы. Мен оқушымын. Мен оның қарындасымын. Біздің отбасымыз өте тату. Үйіміз қаланың орталығында. Ол-бес қабатты үй. Біздің пәтеріміз бесінші қабатта. Пәтерімізде төрт бөлме бар. Үйіміз жарық және кең. Терезелері үлкен, оңтүстік бетте.

Бүгін демалыс күні. Әкем диванда газат оқып отыр. Шешем ас үйде жүр. Апам қонақта, ағам далада футбол ойнап жүр. Мен кітап оқып отырмын. Бәрі өз жұмысында .

103 сөз.

Тапсырмалар: 1.Мәтіннен мамандық иелерін теріп жазып, жіктеңіз.

2. Морфологиялық талдау жасаңыз.

Үлкен, отбасымызда, жұмысшы,тату, оқып отыр, бәрі



3.Ситаксистік талдау жаса.

Апам қонақта, ағам далада футбол ойнап жүр.

Диктант 11 сынып. 3тоқсан.

Қайың.


Қайың туралы ән мен жыр да, суретте көп.

Қайың сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік болады.

Ағаш жерлерде қайың кейде жеке-дара да өседі, дегенмен көп ретте орман болып тұрады. Жазғы жап-жасыл шөп пен жайнаған гүлдің ортасында тұрған ақ балтыр қайың тоғайы – ғажап сурет.

Қайың сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында, жаңғақ ағашы мен талдан кейін гүлдейді. Оның гүлдері сырға тәріздес болып келеді. Қайыңның жапырағы сарғая бастаған кезде, қыркүйек туады.

Қайың тез өседі. Одан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі-дәрмектер әзірлейді. Бұтақтарынан сыпырғыш, қабығынан саңырауқұлақ пен жеміс-жидектер теретін себет тоқиды. Қайыңнан фанер дайындап, үй жиһазын жасайды.

(105 сөз)



Тапсырмалар: 1.Сөздердің антонимін тауып жазыңыз.

Көп –


Биік –

Аяғы-


Тез –

1 нұсқа 2 нұсқа

2. «Ағаш» сөзін тәуелде 2. «Өсір» өткен шақта жікте.

3. Ситаксистік талдау жасаңыз.

1 нұсқа

Оның бүршіктерінен дәрі-дәрмектер әзірлейді.



2 нұсқа

Одан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет