Депутат Алматыдағы сейсмология институтының аянышты жағдайы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Мәжіліс отырысында депутат Базарбек ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке сауал жолдады. 

"Дүйсенбі күні Алматыда жер сілкінісі болды. Мен Алматы сейсмология институтының өкілдерімен кездестім. Сіз жоспарлар, іс-шаралар туралы айтып отырсыз, бірақ іс жүзінде сейсмикалық институт ғалымдары аянышты жағдайда. Олардың министрлікке жіберген ғылыми жобалары қабылданбай кері қайтарылады, қаржыландырудан айырылған. Кейде тіпті жалақы да ала алмай екен", – деді депутат.

Сондай-ақ депутат институтты төтенше жағдайлар министрлігінің орнына ғылым және жоғары білім министрлігінің қарамағына беруді ұсынды. 

"Біздің оларға қандай да бір жолмен көмектесетін немесе қызметіне араласатын құралдарымыз жоқ. Институт бізге оралса, қуанар едік. Биыл сейсмикалық институтқа арнайы 3,5 миллиард теңге грант бөлінді. Грантты министрлікпен бірлесе отырып бекіткіміз келеді. Бұл мәселені жоғары ғылыми-технологиялық кеңестің қарауына бергіміз келеді. Қаржыландыру қажет деп ойлаймын", – деді Саясат Нұрбек.

Еске салсақ, бұған дейін жапон ғалымының Алматыдағы Көктөбе телемұнарасы жер сілкінісіне дайын емес екенін айтқаны туралы жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.