Діндегі бидғат



жүктеу 1.32 Mb.
бет1/16
Дата17.04.2018
өлшемі1.32 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

group 6group 18

Діндегі бидғат (әл-бид’а)

және оның түрлері туралы,

сондай-ақ

Исламда жақсы бидғат

(бид’а хасана) бар ма?



كتاب البدعة
>Қазақ тілі – Kazakh –< كازاخي


Дайындаған

сайтының редакциясы

қазақ тіліне орыс тілінен аударған

www.al-hanifiya.kz сайтының редакциясы

түпнұсқамен салыстырып редакциялаған www.abuhanifa.kz сайты
toislam.com إعداد: موقع



www.al-hanifiya.kz ترجمة: من اللغة الروسية إلى اللغة الكازاخية موقع



وفريق اللغة الكازاخية بموقع دار الإسلام www.abuhanifa.kz مراجعة: موقع

«Әд-дә’уату-ссәләфия»

сериясы

21-бөлім
Діндегі бидғат (әл-бид’а)

және оның түрлері туралы,

сондай-ақ

Исламда жақсы бидғат

(бид’а хасана) бар ма?

Бірінші басылым

Дайындаған



сайтының редакциясы

қазақ тіліне орыс тілінен аударған www.al-hanifiya.kz сайтының редакциясы

түпнұсқамен салыстырып редакциялаған www.abuhanifa.kz сайты


Мазмұны


Мазмұны 3

«Әл-бид‘а» терминінің шариғи анықтамасы 6

Бидғат – күпірлікке, ширкке алып баратын жол 12

Дінге жаңалық енгізген адам өзін заң шығарушының орнына қойған болып есептеледі, ал негізінде заң шығарушы тек Жалғыз Аллаһ қана 12

Бидғат күпірлік пен ширктен кейін ең үлкен күнә болып табылады 13

Аллаһ Тағала бидғатты теріске шығарып, оны қабылдамайды 13

Бидғат Сүннеттің жойылуына себепші болады 13

Бидғат – бұл Тозаққа алып баратын адасушылық 14

Бидғат – бұл тура жолдан адастыратын себеп 14

Бидғат кішкентайдан басталып, кейін үлкен және қасіретке ұшырататынға айналады 14

Бидғатшылар – күнәһарлардың ішіндегі ең жамандары 16

Бидғатшылар өз күнәларының ауыртпалығын да, олардың бидғаттарына ергендердің де күнәсін арқалайды 16

Бидғатшылар бидғаттарын тастамайынша Аллаһ олардың тәубелерін қабыл етпейді 17

Бидғатшылар Ислам мен мұсылмандар үшін кәпірлерден болған жаулардан да жаман 17

Бидғатшылар Аллаһтың, періштелердің және бүкіл адамзаттың лағынетіне лайық 17

Бидғатшылар ақиқатқа оралып, өз бидғаттарын тастамайынша шеттетілуге (бойкотталуға) лайық 18

Егер бидғаттан сақтандырмаса, онда білімсіз адамдар оны ақиқат деп қабылдап қалады 28

Адасқандарды теріске шығарып, олардаң сақтандыру тыйым салынған ғайбатқа жатпайды 28

Кісі бидғатшыға айналатын шарттар 30

1. «Кім Исламда қандай да бір жақсы әдет бастаса, сол өзінің сауабына және одан кейін осыны істейтіндердің сауабына ие болады, ал бұл олардың сауабын еш кемітпейді» деген хадис. 37

2. “Мұсылмандар жақсы деп есептейтін нәрсе Аллаһтың алдында да жақсы. Ал мұсылмандар жаман деп есептейтін нәрсе Аллаһтың алдында да жаман!”, - деп айтылатын хадис 39

3. ‘Умар ибн әл-Хаттабтың “Мынау неткен керемет бидғат” деген сөзі 41

4. Әбу Бәкрдің кезінде сахабалар Құранды (тұтас кітапқа) жинағандығы 44

5. Сахабалардың оған дейін ешқандай нұсқауы болмаған, бірақ кейіннен (шариғатта) заңдастырылған іске айналған белгілі бір құлшылық рәсімін жасауы 45

6. Кейбір имамдардың Исламда жақсы бидғат бар деген сыңайлы сөздері 46

7. Ізгі ниет және жақсылықты қалау 49

Түйін: 49

1. Сүннетті тастау 50

2. Білімсіздік 51

3. Адасушылыққа бастайтын көсемдер және соқыр еліктеу (тақлид) 51

4. Бидғатшылармен дос болу, араласу және тартысу 52

5. Дін мәселелеріндегі шектен шығушылық және насапсыздық (артық кетушілік) 53

6. Әуес-қалаулар мен өз құмарлықтарына (әуестеріне) еру 54

7. Күмәнді дәйектердің соңынан еру 55

8. Білмеген жағдайда білім иелеріне жүгінуден бас тарту 57

9. Әлсіз және ойдан шығарылған хадистерді қолдану 59




Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!
Кіріспе
Расында, барша мақтау-мадақтар Аллаһқа тән! Біз Оны ғана дәріптейміз, әрі Одан ғана жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынамыз. Нәпсіміздің жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздың кесірінен Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімді Аллаһ тура жолға бастаса, оны ешкім адастыра алмайды. Ал Ол адастырғанды тура жолға салар ешкім жоқ. Ешбір серігі болмаған Жалғыз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, сондай-ақ Мұхаммед – Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етемін.

Одан кейін:

Мұхаммед пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Саф Сүннетінен азғантай болса да хабары бар әрбір мұсылман адам үшін оның таухид пен Жалғыз Аллаһқа құлшылық етуге шақырудан кейін, адамдарға өзінің Сүннетіне тура ілесуді насихаттауға және бидғаттармен күресуге ерекше көңіл бөлгендігі өте жақсы белгілі. Жәбирден жеткен хадис осыған дәлел болады. Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әр жұма сайын өз құтпасында: «Шын мәнінде, ең жақсы сөз – бұл Аллаһтың Кітабы, ал ең жақсы жол – бұл Мұхаммедтің жолы. Ең жаман амалдар – бұл дінге енгізілген жаңалықтар, ал әрбір дінге енгізілген жаңалық – бұл бидғат, ал әрбір бидғат – бұл адасушылық, ал әрбір адасушылық Тозақта!», - деп, Құран және Сүннетпен жүруді бұйырып, бидғаттан аулақ болуды әрдайым қатал ескертіп отырған. Муслим 2/592, Нәсаи 3/188.

Сол себептен алғашқы және кейінгі буын имамдары Сүннетпен жүрудің маңыздылығына және діндегі бидғаттың қауіптілігіне үнемі аса мән беріп, бұл жайында жеке-жеке еңбектер жазып, хадис жинақтарында бұл тақырыпқа қатысты бүтіндей тараулар арнап отырған. Өйтпеске амал жоқ, себебі Ислам үмметіне діни жаңалықтар таралмас бұрын Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бидғаттан қатал түрде алдын-ала сақтандырып, бұл тақырыпқа зор мән берген!

Көптеген мұсылмандар діни жаңалық күпірлікке апаратын ең үлкен себептердің бірі екенін, оның аса қауіпті екенін жете түсіне бермейді. Кейде кейбір мұсылмандар сауатсыздықтың кесірінен тіпті дінде жақсы бидғат (бид’а хасана) бар деп те ойлайды.

Исламда «бидғат» тақырыбын оқып-білу маңызды. Өйткені осы біліммен адамның бұл дүниеде адасушылықтан, ал о дүниеде азаптан аман қалуы байланысты. Хузайфа (Аллаһ оған разы болсын) былай деп айтатын: «Әдетте адамдар Аллаһ Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсылық жайында сұрайтын, ал мен болсам одан жамандық жайында сұрайтынмын. Өйткені жамандықтың басыма төнуінен қорқушы едім». Бухари 3606, Муслим 5/20.

Яхья ибн Му’аз былай деген: «Адамдардың бүкіл талас-тартысы үш негізге келіп тіреледі, ал осы негіздердің әрқайсысының қарама-қарсысы бар. Сонда адам осы негіздердің қайсыбірінен шығатын болса, міндетті түрде сол негіздің қарама-қарсысына кіреді. Бұл үш негіз келесілер: Таухид (бірқұдайшылық), оның қарама-қарсысы – ширк (көпқұдайшылық); Сүннет, оның қарама-қарсысы – бидғат; және Аллаһқа бойұсыну, оның қарама-қарсысы – күнәлар!» Қараңыз: “әл-И’тисам” 1/91.

Бидғаттың мән-жайын оқып білу, әсіресе, қазіргі уақытта өте өзекті болып тұр. Өйткені бидғат, өкінішке орай, Ислам үмметінде тарап кетті. Оның тамыр жайғаны тіпті соншалық – кейбір бейхабар мұсылмандар кейбір бидғаттарды Сүннет деп санай бастады! Субхан-Аллаһ, даңқты сахаба Хузайфаның: «Аллаһпен ант етемін, бидғаттардың жайылатыны соншалық – егер біреу бидғаттардың қайсыбірін тастаса, оған: «Сүннетті тастап қойды!», - дейтін болады!», - деп айтып кеткендерін өз көзімізбен көріп тұрғандаймыз! Ибн Уәддах «әл-Бида’» 162.

Аллаһ Тағаланың қалауымен, осы еңбекте «Бидғат деген не?», «Ол қандай түрлерге бөлінеді?», «Діни бидғаттың кез келген түріне шариғат қаншалықты қатал түрде тыйым салады?» және «Исламда жақсы бидғат бар ма?» деген сауалдардың айналасында сөз өрбітеміз.

Ұлы Аллаһ Тағаладан осы бір шағын еңбекті берекелі әрі оны оқып шыққан әрбір мұсылман үшін пайдалы етуін сұраймыз!


«Бидғат» (әл-бид‘а) терминінің тілдік және шариғи анықтамалары
«Әл-бид‘а» терминінің тілдік анықтамасы
Ибн Фәрис былай деген: “Егер мен сөзбен немесе іспен менен бұрын ондайды ешкім жасамаған бір нәрсе жасаған болсам, онда: «Мен бид’а жасадым», - деп айтылады”. Қараңыз: “Му’жам әл-мәқаиис” 119.

Имам әт-Туртуши: “«Әл-бид’а» сөзі – бұл оған дейін болмаған, ойлап табылған нәрсе”, - деп айтқан. Қараңыз: «әл-Хауадис уәл-бида’» 40.

Хафиз Ибн Хәжар былай деп айтқан: «Әл-бид’а» сөзінің көпше түрі болып табылатын «әл-бида’» (енгізілген жаңалықтар) туралы айтар болсақ, бұл (сөз) – оған дейін ешбір нұсқасы болмаған барлық нәрселерді қамтиды. Әрі тілдік мағынада бұл сөз өзіне мақтаулы нәрсені де, айыпталатын нәрсені де қамтиды. Қараңыз: “Фәтхул-Бәри” 13/340.

«Бид’а» сөзі тілдік мағынасында Құранда да келеді. Мысалы, мына аятта: «Ол көктер мен жерді жоқтан бар етуші» («әл-Бақара» сүресі, 117-аят).

Яғни Аллаһ Тағала аспан мен жерді оған дейін болмаған күйде жаратты.

Сондай-ақ Аллаһ Тағала былай дейді: «(Мұхаммед, оларға) айт: “Мен елшілердің тұңғышы емеспін. Сондай-ақ маған әрі сендерге не істелетінін де білмеймін”» («әл-Ахқаф» сүресі, 9-аят).

Яғни: «Мен адамдарға жіберілген алғашқы пайғамбар емеспін», - де.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет