Діни секталардың еліміздің конституциясына және дәСТҮрлеріне қайшы әрекеттері тоқтасынов Н., Спанов М. Ж



жүктеу 26.14 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі26.14 Kb.

ӘОЖ 211.2: 323
ДІНИ СЕКТАЛАРДЫҢ ЕЛІМІЗДІҢ КОНСТИТУЦИЯСЫНА ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛЕРІНЕ ҚАЙШЫ ӘРЕКЕТТЕРІ
Тоқтасынов Н., Спанов М.Ж.
Бүгінде, экстремизм және терроризм мәселесі жаһандық қатерге айналып отыр. Сонымен қатар Ирактағы, Таяу Шығыстағы, әлемде болып жатқан қантөгістер, жарлыстар, қорқынышты террактілердің салдары мен себептері.

Радикалдар – мақсаты халифат немесе шариғат заңдарына негізделген мемлекет орнатуды көздейтін және өз жамағатындағы адамдардан басқаларды «адасқандар» ретінде санайтын ағымдардың осы топқа кіргізілгені айтпаса да түсінікті. Бүгінгі күні радикалдық топтар күн санап көбеюде және сол топқа қосылып жатқан азаматтар саны бәрін үрейге түсіреді. Қазақстан өз тәуелсіздігін алды, өз дінімізді, салт – дәстүрімізді еркін ұстанып, ақ жолға айқындай түстік дегеніміз рас. Бірақ қазіргі кездегі қандастарымыздың сондай топтардың құрбаны болып жатқандарын естіп жүрегіңе өте ауыр тиеді. Бұл діни секталарға кіріп жатқан азаматтарды статистикаға енгізетін болсақ, онда бізге басым бөлігі жастар қоғамы анық көрінеді. Жастардың санасын улап, мемлекетті бұзып, өздеріне жайлы орын табамыз дейтін секталық ұйымның бастаушылары үлкен қателікке тап болып отыр. Діни секталар Конституция тармақтарына, қазақ халқының салт – дәстүрлеріне қайшы әрекеттеріне қарамастан қоғам арасында өз адами қасиетке тән емес істерін жалғастыруда. Кейбір радикалды топтардың мүшелері өздерін құрбандыққа шалып, жазықсыз жандарды жарып жіберу әрекеті немесе оқ жаудырудың астында үлкен саясаттың жатқанын түсіне бермейді. Осы әрекеттерге кейбіреулері психологиялық тұрғыда әрекет жасап қорқытып, айдап салу салдарынан қадам басуыда мүмкін. Ал кейбіреулері шынында дінге деген қызығушылығынан, өздері жасап отырған қадамдарын дұрыс еместігіне қарамай сол қатарға қосылып кетуі құпия емес. Қандайда бір осы әрекеттке сәйкес жасалған қадам, адам баласы діннен еш хабары жоқ және білімсіздігінен болып жатқан салдар. Бүгінгі таңда жастарымыз дінге қызығушылығы артып, мешіттерге көбірек баруда. Дегенменде сол жастарымыздың ұстанған діни бағыты қандай деген сауал бізді қатты мазалайды. Сондықтан бұл проблемманың шешу механизмі адамның өзінің рухани байлығында болып саналады. Мемлекеттік органдар бұл теріс бағытқа қарсы күрес жариялап, жұмыстар жасауда. Бұл мәселеге қоғам болып ат салысқанда ғана шешімін табады. Ол үшін отбасы тәрбиесінен бастап отан сүйгіштікке, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды, ұлттық және мәдени құн-дылықтарды жастар санасына дұрыс қалыптастыру бүгінгі таңда басты мәселе болып отыр. Мұндай әрекеттерге жол бермес үшін мектеп, колледж, жоғарғы оқу орндарында дәстүрлі діндердің принциптерін насихаттау үшін семинар мен лекцияларды жиі өткізіп тұруды қажет етеді. Бұл шара жастардың діни иммунитетін көтеріп, басқа діндердің құндылықтары мен кемшіліктерінің ара жігін түсінуге, сондай-ақ ажырата білуге мүмкіндік береді. Осындай қарапайым механизмді әдетке айналдыру қажет. Діни секталардың еліміздің Конституциясына қайшы әрекеттерін жалпы қоғамға түсіндіру үшін лекторлық топтар құрылу қажет. Мәселен, қазіргі таңда Таблиғи жамағат ұйымының іс-әрекеттері радикалды топтардың ұстанымына сәйкес келуде. Осындай ақпараттармен қарапайым бұқара халықты құлақдар етіп отыру қажет. Ойлап қарайтын болсақ қазіргі жастарды қоғамдық жұмыстарға еліктірудің өзі қиын, бірақ сол жастарымызды діни секталар мен радикалды топтардың өкілдері ұршықша иіріп алып кетуде. Жалпы қоғам мен ата – аналардың діни сауаттылығының жоқтығынан жастарымыз көлденең көк аттыға жем болуда. Сондықтан бұл тұрғыда отбасы ошақ қасындағы тәрбиені қолға ала отырып, ата-аналар өзідерінің діни біліміндерін арттыруға талпыну қажет. Мәдениетсіз ел болмайтындығы баршамызға белгілі. Елбасының 2050 стратегиясында айтқандай «Мәдениет ұлттың коды» – деп келтірді. Бүгінгі таңда мәдени және ұлттық құндылықтарды жастар санасына дұрыс қалыптастырсақ діни секталар мен радикалды топтардың Конституциямызға қайшы іс- әрекеттері мен құйтырғы саясатына бой алдырмай, жастарымыз патриот болып өсіп, елімізге пайдасын тигізетін саналы тұлға болып өсер еді.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf st 2013
konf st 2013 -> Әож-024. 6: 004. 652 Кітапхана: абонент бөлімінің ОҚырмандарғА Қызмет көрсету жұмысын автоматтандыру
konf st 2013 -> Әож 17. Дифференциалдық теңдеулер жүйесін гармоникалық баланс әдісімен шешу
konf st 2013 -> Денелердің еркін түсу үдеуін зерттеу еркін түсу үдеуін әРТҮрлі әдіспен өлшеу абдувалов А., Кадиримбетова А. К
konf st 2013 -> Әож 524. 28. Ауыл шаруашылық мақсатында жер беті және жер асты суларын пайдалану ерекшеліктері
konf st 2013 -> Әож 338. 482. 22(574) жамбыл облысында туризмнің дамуы мен болашағЫ
konf st 2013 -> Жетістік философиясының МӘні дастанбекқызы Т., Омаров С. А
konf st 2013 -> ӘОЖ: 583. (257) Қарусыздандыру мен ядролық Қаруды таратпау басты міндет
konf st 2013 -> Әож 627. 886. 626/627 (075. 8) Жасанды арналардағы судың бұралып қозғалуына негiзделген құмқиыршықтас тұтқыштар
konf st 2013 -> Әож 7. 037. Тыныс жолы ауруларына арналған емдік дене шынықтыру
konf st 2013 -> Алатаудың ЖӘне қаратау жоталарының топырақтары және олардың ауылшаруашылығында пайдаланылуы қалиева Ж., Мұсабеков Қ.Қ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет