“Қорғас" шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орны аумағының Қазақстан жағында 6 заңсыз ойын бизнесін және жезөкшелер ошағын ұйымдастырған Қытай азаматтары ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: кадрдан скриншот

Бұл орындарды қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурасы, Ұлттық қауіпсіздік департаменті, облыстық полиция және шекара қызметімен бірлесе отырып жойды.

Анықталғандай, астыртын ойын мекемелері түнгі уақытта шектеулі адамдар үшін, атап айтқанда Қытай азаматтары үшін ғана жұмыс істеп тұрған.

“Тінту нәтижесінде 4 коммерциялық ғимаратта 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық құрал-жабдықтар, сондай-ақ 60 мың юаньнан астам ақшалай қаражат тәркіленді”, – деп мәлімдеді қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі. 

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер таратуға жатпайды.

Айта кетейік, 2023 жылдың 15 желтоқсанында атышулы "Қорғас ісі" бойынша тергеудің қайта басталғаны ресми түрде расталды.

Жыл басында "Қорғас ісі” бойынша бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың тағы бір бұрынғы қол астындағы қызметкері Кенжебек Жұмабеков қамауға алынды.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.