Диплом табыс етіледі



жүктеу 32.99 Kb.
Дата16.04.2018
өлшемі32.99 Kb.



«ҮЗДІК ДИРЕКТОР - 2018»

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ!
ЖАЛПЫ ПЕДАГОГТАР ҚАУЫМЫНА!
«Қазақстан педагогтар қауымдастығы» республикадағы барлық білім беру мекемелерінде (балабақша, мектеп, колледж, институт, университет, т.б.) басшылық ететін директорлар қауымын ынталандырып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігінің артуына өз үлесін қосу және үздік білім беру ордалары мен озат мамандарын анықтау мақсатында қашықтықтан ұйымдастырылатын республикалық «ҮЗДІК ДИРЕКТОР - 2018» байқауына құжаттар қабылдау басталғандығын хабарлайды!

Байқауға білім саласында кемінде 1 жыл басшылық қызмет атқарған директорлар қатыса алады.

Конкурстың нәтижесін арнайы жасақталған комиссия құрамы анықтап, үздік деп танылған басшыларға «ҮЗДІК ДИРЕКТОР» төсбелгісі және арнайы диплом табыс етіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әр қатысушы ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылған және қажет деп табылған құжаттар тізімін толықтырып, түгендеп, 2018 жылы ақпан айының 22 жұлдызына дейін Қауымдастықтың kaz_pedagogika@mail.ru электронды поштасына жолдауы тиіс (конкурсқа қатысу үшін жіберілетін құжаттардың үлгілері қосымша парақта). Ұсыныс құжаттарын арнайы құрылған сараптау комиссиясы тексеріп, бағалайды. Сараптау комиссиясының шешімімен үздік деп танылған қатысушылар аталмыш төсбелгілерге лайық деп танылып, қатысушы марапат иегері атанады.



ЕСКЕРТУ: қатысуға ниет білдірген қатысушылар құжаттарын (өтініш, портфолио) 2018 жылдың ақпан айының 22 жұлдызына дейін Қауымдастықтың kaz_pedagogika@mail.ru электронды поштасына жолдауы тиіс және төсбелгі иегері атанған жеңімпаздар 1 реттік жарнапұл төлеуге міндеттеледі.

«Үздік директор» төсбелгісінің иегері атанған жеңімпазға арналған бір реттік жарнапұл көлемі: 40 000 (қырық мың) теңге.

Байқау қорытындысы бойынша марапаттар 1 наурызда жолданады!

Қосымша ақпараттар үшін байланыс телефоны: +7 776 865 54 08.

Сайт: www.kaz-pedagogika.kz

Электронды пошта: kaz_pedagogika@mail.ru

Өтініш үлгісі.

Өтініш (Толтырылуы міндетті)

«Үздік директор - 2018»

Республикалық байқауының ұйымдастыру комитетіне


Өтініш
Мен, _______________, ________ қаласы, №__ мектептің (балабақша, колледж, институт, университет) директоры, «Қазақстан педагогтар қауымдастығының» білім беру мекемелерінде басшылық ететін директорлар қауымын ынталандырып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігінің артуына өз үлесін қосу және үздік білім беру ордалары мен озат мамандарын анықтау мақсатында қашықтықтан ұйымдастырылатын республикалық «ҮЗДІК ДИРЕКТОР - 2018» байқауына қатысуыма және арнайы құрылған комиссияның назарына мен жіберген құжаттардың ұсынылуына ықпал жасауыңызды сұраймын!
Өтініш иесі: _______________

Күні: __.__._____ жыл.



(Өтініш қатысушының өз қолымен толтырылып, сканерлерген нұсқасы жолдануы тиіс)
ТОЛТЫРУҒА МІНДЕТТІ АҚПАРАТТАР:

Кесте көлемінің сақталуы міндетті емес! (портфолио, презентация ретінде жіберуге болады).


Қатысушының толық аты-жөні (төлқұжат бойынша)




Мекеменің толық атауы, қысқаша тарихы, мекен-жайы, байланыс нөмірлері




Қатысушының педагогика саласындағы жалпы еңбек өтілі:




Қатысушының басшылық қызметтегі еңбек өтілі:




Мекеме қызметкерлерінің саны:




Жоғарғы санатты мұғалімдер саны:




1-ші санатты мұғалімдер саны:




2-ші санатты мұғалімдер саны:




Жас педагогтар саны:




Оқушылар жетістіктері(соңғы 3 жылдағы):




Мұғалімдердің жетістіктері(соңғы 3 жылдағы):




Өзге де жетістіктер:




Қатысушының жеке және ұжыммен түскен суреті






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет