«Дипломатиялық өкілдіктерді, халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар және/немесе олардың өкілдіктерінің басшылары мен персонал мүшелерін



жүктеу 44.36 Kb.
Дата12.09.2017
өлшемі44.36 Kb.
түріДиплом

«Дипломатиялық өкілдіктерді, халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар және/немесе олардың өкілдіктерінің басшылары мен персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін Қазақстан Республикасында аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы «___» _________ № ____бұйрығына анықтама – негіздеме


№№

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

2.


Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiгiнiң негiздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтiк құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме)

  1. 2002 жылғы 7 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі туралы» ҚР Заңының 27-8) және 27-9) тармақтарына сәйкес.

Дипломатиялық өкілдіктерді, халықаралық ұйымдарды және/немесе олардың өкілдіктері, консулдық бөлімшелерді тіркеу мен Қазақстан Республикасында өкілдіктерінің басшыларын, персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін, әскери, теңіз және әуе атташелерін тіркеу тәртібін реттеу мақсатында

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актiлердiң деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтiк құқықтық актiлер туралы мәлiметтер

  1. Дипломатиялық өкілдіктерді, халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар және/немесе олардың өкілдіктерінің басшылары мен персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін, әскери, теңіз және әуе атташелерін Қазақстан Республикасында аккредиттеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»» Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң 2009 жылғы 3 тамыздағы № 08-1-1-1/236 бұйрық (2009 ж. 9 қыркүйек № 5775 ҚР Әділет Министрлігінде тіркелген);

«Дипломатиялық миссиялардың, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар өкiлдiктерi мен шетелдік инвесторлардың басшыларын, қызметкерлерін, әскери атташелері мен әкiмшілік-техникалық персоналдарын Қазақстан Республикасында тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 18 тамыздағы №115 бұйрығының күші жойылды деп танылады

4.

Осы нормативтiк құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджеттер шығыстарының көбеюiн немесе түсiмдерiнің қысқаруын көздей ме

Көздемейді

5.

Нормативтiк құқықтық актiнi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу туралы мәлiметтер

  1. Әділет министрлігі

  2. Қаржы министрлігі

6.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының жариялануы туралы мәлiметтер

Жоба (599 кбайт) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің www.mfa.gov.kz интернет ресурсында 2017 жылғы 16 тамызда орналастырылды

7.

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актiлер жобаларының орналастырылуы туралы мәлiметтер

Жоқ

8.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (болған кезде) мүдделерiн қозғайтын

Талап етілмейді

9.

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң нормативтік құқықтық актiнің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер

Талап етілмейді

10.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлік палатасының жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтік құқықтық актiнің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы

Талап етілмейді

11.

Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актiнің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

Қоғамдық кеңестің 2017 жылғы ___ тамыздағы ұсынысы.


12

Ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актiлердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер

Жоба (599 кбайт) «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында 2017 жылғы 16 тамызда орналастырылды.





Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

Әкімшілік және бақылау

департаментінің орынбасары


Ж.Шакеев




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет