Дипломдық ЖҰмыс мамандығы: 520630 Аймақтану Ғылыми жетекші: Алматы, 2006 мазмұны кіріспе



жүктеу 0.8 Mb.
бет2/5
Дата09.09.2017
өлшемі0.8 Mb.
түріДиплом
1   2   3   4   5

1.2. Еуропалық Одақ елдеріндегі лаңкестіктің көрініс табуы (Солтүстік Ирландия, Испания және т.б.)
Ғасырлар өткен сайын халықаралық лаңкестік үлкен қауіп төндіріп отыр. Бұл аурудың қатерлі симптомдары, әсіресе, соңғы жылдары адам жанын түршіктірерлік сипатта көрініс тауып отыр. Оның үстіне террорлық әрекеттер салдарынан қасірет шегіп, құрбан болғандардың саны да күн санап арта түсуде. Әр түрлі саладағы лаңкестер өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін үздіксіз ізденіп, өздерінің әдіс-тәсілдерін, қару-жарақтарын және күрес тактикасын да жиі ауыстырып отырды. Олардың бүгінге дейінгі және болашақтағы негізгі нысанасы – планетаның ірі мегаполистерін, стратегиялық маңызды теңіз жолдарын, зайырлы мемлекеттің дамуын қамтамасыз ететін компьютерлік жүйелерді, әлемнің транспорттық, туристік және банктік инфроқұрылымдарын жаулап алу.

Бірақ бұл да лаңкестіктің болашақта шабуыл жасайтын тізімін толықтыра алмайды. Тармақталып кеткен халықаралық лаңкестік ұйымдардың потенциалы мен мүмкіндігі сондай, олар тек жекелеген мемлекеттер мен аймақтарға ғана емес, қазіргі заманға бүкіл әлемдік тәртіпке де қауіп төндіруде.

Лаңкестер жасаған қастандыққа қарсы тұрып, ауқымды мәселені шешу үшін әлемдік қоғамдастыққа бірікті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттердің бірігуімен антилаңкестік коалиция құрылды. Ол өзінің тиімділігін әрі қажеттілігін Ауғанстанда, халықаралық лаңкестікке жасаған соққысы арқылы көрсетті.

Бүгінде лаңкестікке қарсы аймақтық механизмдер де күшейе түсуде. Соның ішінде, Еуропалық Одақ көлемінде, ТМД елдерінде, Шанхай ұйымдарында дамығанын ерекше атау қажет. Әлемдік қоғамдастықтың негізгі міндеті – халықаралық саясаттағы түрлі мәселелер бойынша орын алған келіспеушіліктерге қарамастан, коалиция көлеміндегі әрекеттердің потенциалын тарату, дамыту, ұйымның жаңа формалары мен тәсілдерін жетілдіру.

Әлемдік қоғамдастық халықаралық лаңкестікке ерекше батылдықпен қарсы тұрып, табандылық көрсеткенімен, әлі күнге дейін «халықаралық лаңкестік» феномені нені түсіндіретіндігін нақты айта алмай келеді [35].

Әр түрлі мемлекеттердің жетекшілері арнайы қызметкерлер, халықаралық сарапшылар, саясаткерлер, заңгерлер өз мақалалары мен сөздерінде үнемі лаңкестік және халықаралық лаңкестік мәселесіне тоқталып өтеді. Бұқаралық ақпарат құралдары күн сайын әр жерде болып жатқан әр түрлі лаңкестік әрекеттер туралы айтып жатады. Яғни журналистер мен шолушылардың аузынан «террорлық әрекет», «террор» және «лаңкестік» сөздері түспейді. Бірақ, лаңкестік дегенде тек бір ғана емес, бірнеше әр түрлі зиянды әрі қауіпті әрекеттер түсіндіріледі.Осыған байланысты осы феноменнің анықтамасын табу қажет. Мемлекет пен жекелеген лаңкестік ұйымдардың қарсылығы арнайы сценарий бойынша дамиды. ХХ ғасырдың екінші жартысында белсенді лаңкестік ұйымның пайда болуы мен оның жайылып кетуі, яғни өмір сүру уақыты орта есеппен 3-5 жылды құрайды.

Басқаша айтқанда, лаңкестік ұйым үнемі мемлекеттен жеңіліп отырады. Егер бұл ұйымның артында «азат етілген аудан», үкіметінің бақылауына бағынбайтын немесе үкіметке қарсы ұйымдар басқаратын топтар болмаса басқа мемлекеттер тұрса, онда лаңкестік ұйымның белсенділігі ұзаққа созылуы мүмкін.

Халықаралық лаңкестікті жандандыру үшін бірнеше мемлекеттердің коалициясы ХХ ғасырдың екінші жартысында бола бастады. Социалистік мемлекеттер мен Араб елдерінің авторитарлық режимі.

Қолдаушылардың тактикалық одағы 1960-70 жылдар аралығында лаңкестіктің дамуын күшейтті.

Қазіргі уақытта лаңкестікті қолдаушы – мемлекеттердің тізімі көлемі жағынан азая түсті және өзгерді деп айтуға болады. 2001 жылдың қыркүйегіндегі оқиғадан кейін ауқымды антилаңкестік коалициялар құрыла бастады. Олар егер түрлі лаңкестік әрекеттерді жақтап отырған қолдаушы мемлекеттерді анықтап, дәлел келтірсе, оларға қарсы акция ұйымдастырып, болмаса ондағы билікті ауыстыратындығын жариялады. Оны бекітіп, халықаралық қатынас нормасына енгізді [36].

Мемлекет – лаңкестік мәселесі шешілгенде ғана халықаралық лаңкестік мәселесі жойылды. Мемлекет қолдауынан және ресурсынан айырылған лаңкестер басқа мемлекетке қарсы шыға алмайды. Олардың жалғыз атқарған терактілерін жою қиынға түспейді. Қандай ұйымдасқан лаңкестік болса да, ешқандай қолдаусыз ол тек азаматтық соғыстың бір формасы немесе жеңілген революцияның хабаршысындай ғана болып қалады [37].

1977 жылдың 27 қаңтарында Страсбургте Еуропалық Кеңестің мемлекеттік-мүшелері Еуропалық Конвенцияға қол қойды. Ол 1978 жылдың 4 тамызында 26 елде күшіне енді. Түсінікті себептер бойынша Кеңес Одағы бұл тізімге ілінген жоқ. Ол кезде Кеңес Одағы үшін «лаңкестік» деген сөз «қайта құру», «жариялылық» деген сөздер болатын. Көптеген еуропалық державалар халықаралық және ұлттық лаңкестіктің террорлық әрекеттерін әлі көрмеген болатын. Сондықтан олар үшін де Конвенция өсіп келе жатқан лаңкестік толқындарға қарсы күрес үшін асығыс, ерте жасалған қадам болып көрінді [38].

Енді бүгінгі таңдағы Еуропалық Одақ елдеріндегі бірнеше еуропалық лаңкестік ұйымдарға тоқталайық. Ирландияның республикалық армиясы – ИРА – 1905 жылдан бері өмір сүріп келеді. Ол ешуақытта Ирландияның бөлінуін мойындаған емес. Бұл оның «Шин Фейннен» принципиалды өзгешелігі болып табылады. ИРА әуелі елдің тәуелсіздігі үшін күресті, ал қазір Ольстердің Ирландия республикасына қосылуы үшін соғыс жүргізіп отыр [39]. Ол мақсатқа жету үшін лаңкестікті пайдаланып отыр. Дерек көздер бойынша, Америкадағы ірі ирланд капиталы мен ИРА-ның саяси қанатының лидері Джери Адамспен екеуінің арасында байланыс бар екендігі анықталған. Оған Лондон да назар аударып отыр. Британдық эксперттердің айтуынша, ИРА біраздан бері ирландықтардан тараған америкалық бизнеске плацдарм дайындау үстінде. Мақсат түсінікті: Еуропаға американдық-ирландиялық капитал өтетін жолдан ағылшындықтарды ысырып шығару.

Испанияда ірі лаңкестік ұйым ЭТА бар. Испандықтардың назары бүгінде басктік топ ЭТА-мен бейбітшілік келісімге келуде болып отыр. ЭТА- қырық жылдан бері Испаниядан үш басктік провинцияны бөліп алып, жеке тәуелсіз мемлекет құру үшін соғысып келеді. ЭТА – Эускади та Аскатасуна, испан тілінен аударғанда «Отан және Бостандық» деген мағына береді. Оның өткен жүзжылдықтың 50-жылдары (1950) радикалдық бағыттағы басктің солшыл ұлтшылдар негізін қалады. Олар сол кездегі генерал Франко диктатурасымен соғысып, лаңкестік әрекеттің көмегі арқылы тәуелсіз басктік мемлекет құруды ұйғарған.

1960-70 жылдары мемлекетті диктатор басқарып тұрғанда, ЭТА-ның әрекеттерін испан интеллигенциясы лаңкестік әрекеттерді үнсіз мақұлдап отырды. Солшыл партиялар мен кәсіподақ ұйымдары да жасырын түрде ЭТА-лықтарды жақтап отырды. Олардың әрекеттерін басктарды жәбірлеп, қинаған, тіпті, ана тілін үйренуге тыйым салғандығына испан үкіметіне жасаған қарсылығы деп түсінді.

Осы уақытта радикалдардың көпшілігі қарулы күрестен бас тартып, ЭТА-ның саяси қанаты болып есептелетін Батасун партиясының қатарында саясатпен айналысты. Ал лаңкестік әрекеттер толастырылған жоқ. Олардың негізгі құрбандары идеологиялық қарсыластары – зиялы қауым өкілдері болды. Басктер тек зиялы қауым өкілдерін ғана емес, көшеде кездейсоқ кездескен жазықсыз адамдарды да өлтіре берді. Үкімет басктерге қарсы күресте ештеңені аямады. ЭТА мен Батасунның алдына қойған мақсаты - тәуелсіздік қана емес, бірыңғай идеологияны қалыптастыру болды. Яғни болашақ басктер мемлекетінің социалистік моделін жасау оңайға түскен жоқ. Осы мақсатқа жету үшін басктер Вьетнам, Солтүстік Корея, Қытай, Куба елдерінің тәуелсіз жаңа мемлекет құрудағы тәжірибесін шұқшия зерттегенімен бұл ешқандай нәтиже берген жоқ.

Көп жылғы үздіксіз ізденістен кейін ЭТА-ның жақтаушылары Ходжа үстемдігі кезінде қоғамдық құрылыс моделін ойлап тауып, оған албандық социализм деп ат қойды. Олар бүкіл әлемнен оқшауланып, ешбір елмен байланыс жасамай «бізге ешкім керек емес, себебі біз бәрінен артықпыз»!- деп жар салды. Олардың өздерін идеализациялап, көкке көтергені сонша, тіпті сол жердегі тауық, ешкі, сиыр, иттерге дейін әлемдегі ең артық жаратылған жануарлар деп санады [40]. Ал бүгінде баск радикалдары осы тәжірибені таратпақ түгілі, тыңдағысы да келмейді. Себебі олар баск халқының тарихымен байланыстыра жасалған өзіндік жаңа жоба – социализмнің жаңа моделі. Оның бағдарламасына албан жерінде испан тілін жойып, бүгінде жергілікті халықтың 20 % еркін сөйлейтін баск тілімен алмастыру, басктік емес, өзге мәдениеттің бәрін құрту, капитализмді жойып, конфискацияланған байлықты халыққа бөліп беру көзделген. Онан соң кәсібі мен квалификациясына қарамай, жалпыға ортақ «әлеуметтік жалақы» төлеу қарастырылған. ЭТА-ның жоспарынша, тәуелсіз баск мемлекетінде ешбір елге ұқсамайтын өзіндік «баск демократиясы» билік жүргізеді. ЭТА құрылғаннан бастап 810 адам оның құрбаны болды.

Оның ең қатыгез, қанды лаңкестік әрекеті – 1987 ж. Барселонаның «Иперкор» сауда дүкенінде жасаған жарылысы болды. Онда 21 адам қаза тапты. Осы басктік қылмыстық топқа қарсы күрес үшін Испания мен Францияда 2000 полициядан құралған топ әрқашан дайын тұрады. Испанияда антилаңкестік күштерді дайындауға АҚШ-тың, Германия, Ұлыбритания және Израиль мамандары қатысып отырады [41].

ЭТА-мен Батасунның көптеген мүшелері қазіргі заманда лаңкестіктің тиімсіз екендігін, оның көмегімен ешқандай саяси нәтижелерге қол жеткізе алмайтындығын түсінген. Әрине, олар мұндай қорытындыға адам құқығын сақтауды ойлап немесе істеген әрекеттеріне өкінгеннен келіп отырған жоқ. Олар үшін террор мәселесі өз мақсаттарына жеткізетін жол. Егер ЭТА-ның барлық мүшелері лаңкестікті пайдасыз деп тапса, онда топ мүшелері бірауыздан қару-жарақтарын тастайды [42]. ЭТА-ның барлық іс-әрекеті «Гара» газетінде жүйелі жарияланып отырады.

Бүгінде лаңкестік мәселсесі тек Испания, Ұлыбританияны ғана емес ФРГ-ны да қамтып отыр. ФРГ-да жаңа ұлтшылдардың белсенділігі 1980 жылдардың басында күшейе бастады. Олар халықты көп мөлшерде қыруға тырысады. Соның бір көрінісі – 1980 жылы 26 қыркүйегінде Мюнхендегі Терезиенвезеде өткізіліп жатқан кәсіподақ мерекесі кезінде Гофманның Әскери-Спортттық тобының мүшесі студент Гундольф Кёлердің жасаған жарылысы. Осы диверсияда 12 адам қаза тауып, 200 адам жарақаттанды. 1980 жылдың басында ФРГ-да жаңа ұлтшыл ұйымдардың осы сарындағы 42 лаңкестік әрекеті тіркелген.

Германиядағы Фридхельм Буссе басқарған халықтық-әлеуметтік қозғалыс «неміс жерінде радикалды-демократиялық және антиимпериалистік мемлекет құру мақсатында» жасаған тонау, қару-жарақ ұрлау әрекеттері үшін айыпталды.

1990 жылдары Германияда солшыл экстремизмге қарағанда, оңшыл лаңкестік ерекше қауіп төндірді. Германиядағы саяси партиялардың араздығы, материалдық жағдайдың төмендеуі, эмигранттардың қаптап келуі оңшыл экстремизмнің кең қанат жаюына жағдай жасады. Германияның ішкі істер министрлігінің қорытындысы бойынша, мұнда 75 оңшыл лаңкестік топ бар, оның көпшілігі белсенді түрде қару-жарақ қолданып күш көрсетіп отырады. Соның салдарынан, 1992 жылы 2000 басқыншылық әрекет тіркеліп, 17 адам қаза тапқан. Ал 1991-93 жылдар аралығында оңшыл топтардың әрекетінен 30 адам опат болған. Сонымен қатар, ФРГ-дағы оңшыл (жаңафашистік) топтық лаңкестік ұйымы – Герман жастарының қозғалысын атап өту керек. Бұл топ 1970 жылдың аяғында құрылып, эмигранттар өмір сүріп жатқан жерлерде бірнеше жарылыстар ұйымдастырылып, көптеген шетелдік жұмысшыларды өлтірген. 1980 жылдың басында бұл топты полиция толық талқандаған. Олардың қазіргі жағдайы белгісіз, қашып кеткендері іздестірілу үстінде.

Франциядағы лаңкестікке тоқталатын болсақ, онда 2005 жылы Францияның премьер-министрі Доминик де Вильпен лаңкестік мемлекетке үлкен қауіп төндіріп отырғандығын жариялады. «Француздар лаңкестікке қарсы» атты күн жарияланып, халық алдында сөйлеген сөзінде лаңкестікпен әрдайым сақтанып отыру керектігін, оны француз жерінде тамыр жайған, француз қоғамын, дәстүрін жақсы білетін, сол тілде еркін сөйлейтін, қазіргі заманға сай жаңа технологиялармен қаруланған экстремистік бағыттағы жекелеген тұлғалардың ұйымдастырып отырғандығын ескертті.

Франциядағы лаңкестік топтардың бірі – 1977 жылы құрылған Анархисттік лаңкестік топ. Оның идеясы – «Халықтық автономияны» енгізу (бұл терминнің мағынасы түсініксіз). Қарулы көтеріліс жасаудағы мақсаты – үкімет басындағыларды құрту. Бұл топтың оперативті белсенділігі 1977-1979 жылдар аралығында тіркелген. Қазіргі жағдайы белгісіз, қашып кеткендер іздестірілу үстінде. Бұл топтың жетекшілері де, мүшелері де белгісіз түрінде қалған. Ұйымдасқан құрылымы – «бригада», операциялық зонасы – ірі қалалар (негізінен Париж қаласы) болып табылады. Оперативтік параметрлері – саясаткерлерді өлтіру, үкімет орындары мен полиция бөлімдеріне қарсы шығу.

Тағы бір алжирлік лаңкестік топ – уағыздау мен джихадтың Салафисттік тобы (УДСТ). Олар Франциядағы мұсылмандарды алжирлік жоғары лауазымды шенеуніктерге қысым жасауға шақырды. «Азаматтық ауызбіршілік» атты үкімет жобасына қарсылығын интернет сайтта жариялады. Оның қысқаша мазмұны мынадай: «Олардың соңына түсіндер! Оларды түнгі дискотека, шарап дүкендері алдында күтіндер! Егер олар өз қателерін түсініп, мойындамаса, Алла оларға өз жазасын береді!» Экстремисттер бұл хатты «Франциядағы ислам ұлдарына арналды» деп атап, таратып жіберді.

Мұнан басқа Францияда темір жолдарға қауіп төндірген жаңа лаңкестік ұйым пайда болды. Лаңкестер егер үкімет өздері талап еткен көп мөлшердегі ақшаны бермесе, онда бүкіл Франция темір жолдарының өн бойына қойылған 10 бомбаны жаратындығын айтқан. Дәлел ретінде бір бомбаның қайда жасырылғанын айтқанда, ол рас болып шыққан.

Өздерін АZF атаған, Франция үкіметіне қауіп төндіріп отырған бұл топ 4 млн. доллар және 1 млн. евро талап етіп отыр. Бұл жөнінде Францияның ішкі істер министрі Николя Саркози бұл топ жөнінде ешқандай мәлімет жоқ екендігін, бірақ олар төндіріп отырған қауіпке үкіметтің зор көңіл бөліп отырғандығын мәлімдеді. ТF1 атты француз телеканалының хабарлауынша, өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Францияның ішкі істер министрлігіне бұл лаңкестік ұйымнан алты хат түскен. Бірақ органдар бұл мәліметті халыққа жарияламауды, газет-журнал беттерінде жазбауды өтінген.

2004 жылы 21 ақпанында полиция Лимож маңында Париж-Тулуза темір жолының бойынан жарылғыш заттарды тауып алып, қауіпсіздендірілді. Бомбаның орналасқан жерін лаңкестер өздері хат арқылы хабарлаған. Поезд жақындаған кезде рельс вибрациясының әсерінен қозғалысқа түсетін жарылғыш зат детонаторының күрделі құрылысына қарап, ұлттық полиция мұның өте қауіпті екендігін түсінді.

АFР-тың ақпараты бойынша, полиция қызметкерлері жарылғыш затты қауіпсіз жерге апарып, жару алдында оны зерттеп көрген, сонда бұл жарылғыш заттың толқыны 25 метр жер радиусінде барлық затты жойып жіберетіндігі анықталған.

Лаңкестер Франция президенті мен ішкі істер министріне жолдаған соңғы хатында 10 жарылғыш заттың әр түрлі уақытта жарылуға жоспарланғанын, оны тек ақша төлегенде ғана залалсыздандыратындықтарын айтқан.

Италиядағы лаңкестік топ Партизандық әрекетімен белгілі. Бұл солшыл радикалдық лаңкестік топ 1969 жылы құрылған. Олардың саяси-идеялық концепциясы – жұмысшы таптың мүддесін қорғау, оңшыл және жаңафашистік ұйымдардың таралуына қарсы шығу болды. Бұл топ негізінен Италияның солтүстіктегі өндіруші аймақтарында әрекет жасады (Верона, Милан, Турин, Тренто қалалары). Оперативтік параметрлері, яғни нысанаға алған бағыттары ірі компания мекемелерін, АҚШ-тың дипломатиялық ғимараттарын жару, материалдық құнды заттар мен қаржыны кәмпескелеу, жасырын радиостанцияның көмегі арқылы идеологиялық жұмыстарды тарату болып табылады. Бұл топ 1970 жылдың ортасында жойылған, қалған құрамның жай-күйі белгісіз. Италиядағы тағы бір лаңкестік ұйым – Қызыл бригадалар. Ол қалалық ұяшықтар (Collettivo Politico Metropolitan) және Итальян Коммунистік жастар қозғалысының негізінде 1969 жылы құрылды. Негізін қалаушы – Ренато Курчо. Бағдарламаның негізгі мақсаты - әлеуметтік төңкеріс жасау, капиталистік құрылысты жою, пролетариат диктатурасын бекіту, Италияны НАТО мүшелігінен шығарып алу. Алғашқы операциясы 1978 жылдың 28 қарашасында тіркелген.1984 жылы бұл ұйым екі фракцияға бөлінді. 1982-1989жылдар аралығында Италия мен Францияның арнайы ұйымдарының бірлесуімен басып тасталды. Бірақ 1994 жылдың басында тағы белсенділік танытып, қарсылық әрекеті тіркелген. 1999 жылдың мамыр айындағы НАТО-ның Югославияға қарсы операциясына байланысты бұл топ тағы бір лаңкестік компаниялардың дүниеге келуін жариялайды. Тағы бір лаңкестік – Жаңа қызыл бригадалар деп аталған (2001 жылдың жазында тіркелген). Олардың жетекші құрамы белгісіз, құрамындағы мүшелерінің саны шамамен 50 адам (70 жылдардың ортасында 1200-2000 адамға дейін жеткен), 32 мүшесі қамауға алынған. АК, ағылшындық ПП Sterling, Browning, Beretta пистолеттері, тапаншаларымен, қол-гранаталарымен қаруланған. Ұйымдастырушы құрамы – стратегиялық басқару, Атқарушы басқару, барлау топтары, ақпараттар жүйесі, психологиялық операциялар аймақтық колонналар (Рим, Милан, Турин, Генуя, Венеция, Неаполь қалалары). 1999 жылдың көктемгі мәліметтер бойынша Флоренция, Пиза, Ливорно, Милан қалаларында жаңа ұяшықтардың пайда болғандығы айтылған.

1980 жылдың аяғындағы мәліметтер бойынша, бұл ұйымның оперативтік параметрі – жеке тұлғаларға, ірі өндірістің және қаржы ұйымдарының басшыларына, итальяндық және американдық мемлекеттік әскери қайраткерлерге, оңшыл және солшыл партияның қызметкерлеріне, прокурорларға, соттарға, Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдеріне, оқу орындарына, кәсіподақ ұйымының объектілеріне, карабинер және полиция корпустарына әрекеттер жасалды.

1979 жылдың өзінде бұл топ жалпы саны 2150 лаңкестік әрекеттер ұйымдастырды. Олардың қолынан Италияның бұрынғы премьер-министрі Альдо Моро (1978), АҚШ бригадасының генералдары Джеймс Дозьер (1981) мен Лемон Хант (1984), итальяндық генерал Джорджиери (1987), итальяндық сенатор Руфили (1988) қаза тапты. 1970-1980 жылдар аралығында баскесерлердің қолынан шамамен 150 адам қаза тапқан. 1990 жылдың ортасындағы мәліметтер бойынша ұйымның оперативті параметрі функционерлерді өлтіру (2002 жылы үкімет кеңесшісі өлтірілген), НАТО-ға қарсы лаңкестік әрекеттер жасалған (1994 жылы) Авиано авиабазасында және Римдегі НАТО колледжінде жарылыс болған.

Бұл топтың Италиядағы байланыс жасайтын топтары: қаруланған коммунистік отрядтары, қаруланған революциялық жұмыс күштері, 22 март группасы, 22 октябрь группасы, жұмысшылар үкіметі, халық солдаты, студенттік күрес, Үшінші позиция.

Осыған қарап, жаңа тарихымызды Еуропада лаңкестік мәселесі кең таралғанын байқаймыз. Сондықтан осы қауіпті болдырмаудың, оған қарсы күресудің ЕО елдері үшін өте маңызды және өзекті екені айқын.


1.3. ЕО-дағы лаңкестікпен күрес және адам құқығы мәселесі
2001 жылдың қыркүйегіндегі Брюссельде болған Еуропалық Одақ елдерінің юстиция және ішкі істер министрлер кеңесінде Ұлыбритания лаңкестікпен күресте біріккен Еуропа полициясын құрып, еуропалықтардың мүмкіндіктерін кеңейтуді ұсынды. Британдықтардың ұсынысы – лаңкестікке қатысы бар деп айыпталғандарды қатаң жазалау, банк операцияларына қатаң мемлекеттік бақылау қою, телефон компаниялары мен интернет-провайдерлер мұрағатына кіретін жолдарды жабу болды.

Ұлыбританияның бұл ұсынысы Еуропалық Одақ жоспарларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін Еуропалық Одаққа жедел көмек беретін өзіндік арнайы бөлімдер құру керек деген Еуропарламенттің жасаған баяндамасына жауап іспеттес болды. Бұл баяндама АҚШ Ұлттық агенттігінің «Эшелон» атты электрондық шпионажына байланысты Еуропарламенттің жүргізген зерттеулері мен бақылауларының қорытындысы бойынша жазылды. Сонымен бірге, аталған баяндамасында Еуропарламент Лондонға Ұлыбританияның Еуропадағы интеграциялық үрдістер аясында АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия және Австралиямен қызметі бойынша ешқандай қарым-қатынас, байланыс жасай алмайтындығын ескертті. Ал егер Лондон АҚШ-қа Еуропада электрондық таңдау, жүйелер орнатуға көмек берсе, Еуропалық конвенцияның адам құқығына байланысты 8-ші пунктін бұзатындығын ескертті. Қазір белгілі болғандай, Ұлыбритания лаңкестікті пайдалану үшін «Эшелонмен» өз одақтастығын сақтап қалған. Біріккен Еуропалық арнайы топты құрудың қажеті жоқ және Еуропаның мүмкіндігін кеңейту керек деп ұсыныс жасағандығы Ұлыбританияның көздеген ойы да осы болса керек [43].

Осылайша, Еуропалық полиция – Еуропол құрылды. Оның штаб-пәтері заман талабына сай ұйымның негізгі қызметі - әр түрлі Еуропалық полициялық бөлімшелерімен тығыз байланыста болып, ақпараттар алмасып отыру болды. Оның қызметкерлері жоғары технологиямен, яғни коммуникациялық, электрондық түрімен қамтамасыз етілді, олар бұрынғыдай құжаттарды енгізіп, шығарып, өңдеп отырған жоқ, құжатты электрондық жүйе бойынша жүргізді, ақпарат алу, сақтауда папкалар толған архивті емес, компьютерлік орталық жүйені пайдаланды.

Бұған қарап, Еуропада лаңкестік мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарайтындығын аңғаруға болады. Олар лаңкестік қаупі төнгенде, ол мәселені шешуде американдық күш көрсету позициясын емес, өздері тиімді деп тапқан әр түрлі заңгерлік және дипломатиялық методтарды пайдаланды.

Еуропалық Одақтың жұмысындағы ең маңызды бағыт – адам құқығын қорғау және оны бақылау болды. Адам құқығын қорғаудың, бұзбаудың негізгі талаптары халықаралық құжаттарда жазылып бекітілді. Еуропалық Одақ жариялаған келісім-шарттың принциптеріне сәйкес жаұяның әрбір мүшесінің артықшылығын мойындау - әлемдегі еркіндіктің, әділдіктің негізі болып табылады. Мемлекет әрбір адамның құқығы мен еркіндігін бақылауға және құрметтеуге міндетті [44].

Еуропалық Одақ үнемі лаңкестік контексіндегі адам құқығы мәселесіне ерекше көңіл бөліп отырды. Адам құқығы мен лаңкестікке қатысты, көптеген сұрақтар Еуропалық Одақтың адам құқығына арналған комиссия мәжілісінде жан-жақты талданып келісілген. Бұл мәжілісте адам құқығы мен лаңкестік арасындағы өзара байланыстың мазмұны мен табиғаты, адам құқығының бұзылуына лаңкестіктің тигізетін тура және жанама әсерлері, бостандық пен адам құқығының өмір сүруіне тікелей ықпал жасайтын, саяси және әлеуметтік құндылықтарға қауіп төндіретін лаңкестіктің негізгі облыстары секілді мәселелер талданды.

Адам құқығын терроризм контексінде қарастырғанда, ең алдымен, лаңкестік сөзінің анықтамасын білу керек. Бұл ұғымды түсіндіру үшін бірнеше трактовкалар қолданылады, соның ішінде, соңғы уақытта жиі қолданылып жүргендерін қарастырып көрелік. Келісілген орыс-американдық анықтама бойынша лаңкестік бұл соғыспайтын немесе қарсыласпайтын жаққа көрсететін саяси уәждемесі. Бұл жерде, ең алдымен, қаруланған қақтығыс, соғыс немесе бостандық үшін күрес пен лаңкестіктің анықтамасын, сонымен бірге, «бостандық үшін күресетін» заңды комбаттар мен лаңкестердің арасын ажыратып алу қажет.

Лаңкестік, сонымен қатар, қаруланған қақтығыстардың құқығы деген атпен Халықаралық гуманитарлық заңға байланысты мәселелерді де қамтиды. Халықаралық гуманитарлық заң орын алған қаруланған қақтығыстар мен әскери оккупациялардың заңды заңсыздығына қарамастан, олардың асуын реттеп отыратын халықаралық заңдардың жиынтығы болып табылатындығы баршаға аян. Оған қоса, халықаралық гуманитарлық заңды геноцид және адамзатқа қарсы қылмыстар саласы ретінде де қарастырады. Халықаралық гуманитарлық заң бойынша террорлық практика мен террордың жекелеген түрлерін пайдалануға тыйым салынады. Бірақ «лаңкестікке» немесе «лаңкестік әрекеттерге» жалпы әрі заңды анықтама бермейді [45].

Гуманитарлық заңның өз әрекетін қаруланған қақтығысқа қатысты дамытатындығын, ал қаруланған қақтығыс бола қалған жағдайда ол гуманитарлық заңды пайдаланатындығы жалпыға бірдей түсінікті болуы қажет. Тұтастай алғанда, гуманитарлық заң қаруланған қақтығыстың үш негізгі аспектісін қарастырады: заңды әскери операциялардың заңсыз операциялардан бөлінуін, қаруланған қақтығыс барысында қолданатын қару түрлерін жүйелеу және реттеу мәселесі [46].

Лаңкестіктің адам құқығын таптау мәселесі біржақты қарастырылмайды. Әуелі билеуші режим немесе үкіметке зиянын тигізіп отырған лаңкестік қарастырылмайды. Әуелі билеуші режим немесе үкіметке зиянын тигізіп отырған лаңкестікті қарастырып көрелік.

Ең алдымен, терроризмді халық күресін ажырата білу қажет [47]. Заңсыз субъектілерге келетін болсақ, жекелеген тұлғалар немесе топтар ешқандай себепсіз адам құқығын бұза алмайды. Еуропалық Одақ мен Комиссияның барлық резолюциясында лаңкестікті адам құқығын таптау деп түсіндіреді. Лаңкестік әрекеттердің, тәсілдердің адамзат баласына әкелген зиянды жақтарына қарамастан, лаңкестер немесе заңсыз субъектілердің өз әрекеті үшін жазаланатындығы жөніндегі сұрақтар көпшіліктің талқылауына ұсынылмайды.

Адам құқығын бұзған заңсыз субъектіні жазаламаудың негізгі аргументі бұл сол азамат өмір сүретін мемлекеттің жауапкершілігін мойындамау болып табылады, бұл өз кезегінде мемлекеттер арасындағы жауапкершілік пен міндеттемелері деңгейінің төмендеуіне әкеп соғады. Жалпы стандарттың адам құқығын қорғаудың халықаралық заңдарының нормаларына сәйкес мемлекеттің жауапкершілігін қамтамасыз ету Еуропалық Одақтың негізгі жетістіктерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты Еуропалық Одақтың лауазымды тұлғалары адам құқығын таптаушы лаңкестік топтарды «беделіне» қарай бөлу қауіпті деп тауып, жіктеуге қатаң тыйым салды. Бұл тіпті, «үкімет тарапынан жасалған адам құқығын бұзудың» өзін ақтай алады деп түсіндіреді. Онымен қоймай, «адам құқығын бұзған осындай топтар квалификациясы» мен «олардың әрекеттерінің тигізетін зияндылықтарының» арасындағы айырмашылықтарды ажыратып алуды талап етті [48].

Мұндай баға беру, бір жағынан қаруланған топтар мен жеке тұлғалардың әрекеті халықаралық қоғамдастықтың сынына түсуден сақтандырудың тиімді түрі болып табылады. Адам құқығы және лаңкестік мәселесіне қатысты Комиссия дискуссиясында талданғандай, адам құқығына қатысты барлық қозғалыс үкімет тарапынан мемлекеттік болса, ұзаққа созылатын еді; үкіметке оппозициялық көзқараспен қарайтындарға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейтін еді. Жалпы және аймақтық келісім шарттарда қарастырылған жекелеген тұлғалар адам құқығын бұзғандығы үшін жауапқа тартылады. Адам құқығының жалпы декларациясының 29 бабында жазылғандай, әрбір адамның қоғам алдында міндеті бар. Ал 30 бап жеке адамға немесе топтарға Декларацияда жазылған құқық пен еркіндікті бұзуға бағытталған қандай да бір әрекет жасауға рұқсат бермейді.

Адам құқығы туралы халықаралық пактіде (заңдар жинағы) аналогиялық баптар көптеп кездеседі: Американдық декларацияда адам құқығы әрі міндеттері (29-38 баптар), Еуропалық конвенцияда адам құқығы мен бостандықты қорғау туралы (10 бабының 2- пункті), Американдық конвенцияда адам құқығы туралы (13, 17 және 32 баптар), Африкалық хартияда адам және халықтар құқығы туралы (27-29 баптар) т.б. Бірақ осы міндеттер адамгершілікке байланысты заңдар ретінде бағаланып, қарастырылады. Яғни, мемлекеттің, жекелеген тұлғаның тәртіп қағидасы тұрғысынан түсіндіріледі [49].

Лаңкестік контексіндегі адам құқығы мәселесі әлемнің барлық елдерін – ең кішіден қуатты державаға дейін қамтиды. Олар лаңкестік мәселесін шешуде біраз талпыныстар жасады. Мәселенің мәні көптеген елдердің тек өз елінің мүддесі үшін ғана жұмыс істейтіндігінде жатыр.

АҚШ-та болған лаңкестікпен әрекеттерден кейін Ұлыбританиядағы лаңкестікке қарсы күрес шеңберінде қабылданған заңдық акт Ұлыбритания азаматтарының құқықтарын шектейді. Бұл «лаңкестікке қарсы күрес және қауіпсіздік туралы» заң 2001 жылдың 14 желтоқсанында қабылданған, сонымен қатар, ол Адам құқығын қорғау туралы Еуропалық Конвенцияның 5-тарауының 1-бөліміне қайшы келеді. Британдық азаматтығы жоқ лаңкестік әрекеттерге қатысы бар күдіктілерді сот санкциясының қамауға алған жағдайында, бұл мәселе парламент бекіткен американ-британдық келісімге сүйеніп шешіледі. Бұл құжат 2000 жылы қабылданған негізгі британдық антилаңкестік заңды күшейтті. Сарапшылардың айтуынша, британдық антилаңкестік заң Еуропадағы ең қатал заң болып табылады.

2001 жылы қабылданған заң лаңкестікке қатысы бар деп танылған шетелдік азаматтарды ешқандай айып тақпастан, мерзімсіз, яғни ұзақ уақытқа дейін қамауға алуға мүмкіндік береді. Осы заң күшіне енгеннен бастап Ұлыбританияда қазірге дейін 12 адам тұтқындалған. Әрине, олардың әрқайсының егер британ территориясынан тез кетіп қаласын деген шартқа келіскен жағдайда, түрмеден босанатын құқығы бар. Заңда көрсетілгендей, лаңкестікке қатысы бар болуы мүмкін дегендердің банктегі күдікті есеп-шоты жөнінде құқық қорғау орындарына дер кезінде хабар бермегендігі үшін қатаң жауапқа тартылады. Егер олардың банктегі есебі жөнінде күдіктенуге нақты себептер болып, оны жасырып қалса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Заң британ кедені мен қаржы инспекторларына ұлттық қауіпсіздік мәселесіне келгенде, мәліметтерді құқық қорғау органдарымен бөлісіп тұруына міндет қойды. Бұл заң жолаушылар мен жүк тасымалдайтын транспорт ұйымдар мәліметтерін оңай алуға мүмкіндік жасап қойды. Оған қоса, құқық қорғау органдарын тергеу басталған күннен бастап, күдіктілердің қаржылық есеп шотын тоқтатып тастауға міндеттеді [50].

Осылайша, лаңкестік актілерді жасау кезінде халықты мәжбүрлей қана қоймай, олардың естеріне сақталады да, жасалған істер салдарынан құтылу оңайға түспейді. Бұл лаңкестер өздерінің зұлымдық істерімен адамдарды есінен тандырып қорқыту фактісімен түсіндіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет