Дипломдық жұмысына рецензия студенттің «Айып қорытындысын түзу»



жүктеу 0.79 Mb.
бет1/3
Дата25.10.2017
өлшемі0.79 Mb.
түріДиплом
  1   2   3


________________________тобының студенті ______________________

«Айып қорытындысын түзу» тақырыбындағы дипломдық жұмысына


РЕЦЕНЗИЯ
Студенттің «Айып қорытындысын түзу» дипломдық жұмысы айыптау қорытындысының маңызы, айыптау қорытындысын түзуге дайындалу, айыптау қорытындысының мазмұны, айыптау қорытындысын жоспарлауда теориялық және практикалық бағытта ұстана отырып осыған орай бірқатар мәселелер қойылған, біріншіден жаңа айып деген не? Ол бұрынғы тағылған айыпты қамтиды және өзгертулер мен толықтырулар көрініс таба ма деген сұрақтарған шешім табу жолдарын қарастырылған.

Дипломдық жұмысты орындау барысында нортативтік актілер, қылмыстық істі жүргізу заңдарының баптары, монографиялар және ғылыми еңбектер жиынтығы пайдаланылған.

Айыптау қорытындысының жоспары үш тәсілдің біреуі бойынша тұрғызылған, олар: хронологиялық, жүйелілік және аралас тәсілдер арқылы реттеледі.

Айыпталғандарды бір ортақ ұсынысқа келтіре отырып барлық іс жүргізу мен қосымша материалдарды, өздірін тікелей қажеттілігінен басқа айыптау қорытындысында пайдалануға жарамдылық тұрғысынан қараған.

Өзінін негізгі мақсаты мен қоса бұл дипломдық жұмыс, қылмыстық істің барлық материалдарын жүйелейтін сызба бола алады.

Жалпы дипломдық жұмыс қойылған талаптарға сай, әдебиеттер тізімі толық «жақсы» деп бағаланып, қорғауға жіберілсін.


________________тобының студенті ____________________________ «Айып қорытындысын түзу» тақырыбындағы дипломдық жұмысына

ПІКІР

Студенттің «Айып қорытындысын түзу» дипломдық жұмысы айып қорытындысын жасау тақырыбанда тергеушілердің назарын айыпталушы ретінде тарту туралы қаулына дайындау барысындағы қылмыстың сипатын, жауапкершілік көзделген тармақты, бөлікті және бапты көрсете келе, айыптау қорытындысы сотқа дейінгі іс жүргізу сатысының бірден — бір құжаты ретінде әдістемелік ұсыныстар жаңа қылмыстық іс - жүргізу заңына және бүгінгі тергеу практикасына сәйкес пайдаланылған.

Дипломдық жұмыста — айыптау қорытындысының маңызы, айыптау қорытындысының түзуге дайындау, айыптау қорытындысын тіркеу тараулары қарастырылған.

Сонымен қатар айыптауға тиісті өзгертулер енгізу тәртібін анықтауға жекелеп қараудың негіздерін қылмыстық іс жүргізу заңының өзінен табуға, саралау өзгергенде айыптау ауырырақ жағына да, жеңілірек жағына да өзгеруі мүмкіншіліктері қарастырылған.

Жалпы дипломдық жұмысты қорытындылай келе, көрсетілген талаптарға сай орындалған, әдебиеттер тізімі кең көлемде пайдаланылған, қорғауға жіберуге болады деп есептеймін.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе........................................................................................................... 3

Негізгі бөлім

I ТАРАУ.


1.1 Айыптау қорытындысының маңызы.................................................... 5

1.2 Айыптау қорытындысын түзуге дайындалу........................................ 6

1.3 Айыптау қорытындысының мазмұны.................................................. 28

II ТАРАУ.

2.1 Айыптау қорытындысына тіркеме. Тіркеме....................................... 60

Қорытынды................................................................................................... 64

Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................... 72

Кіріспе
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі (ары қарай -ҚІЖК) алдын ала тергеу орындарының алдына бірқатар күрделі міндеттер қойды.

Оның алғашқысы — ҚІЖК-нің қылмыстық сот істі жүргізудің сотқа дейінгі сатысына қатысты талаптарды мұқият зерттеу. Оны шешу тергеу бөлімдері басшыларының алдағы маңызды міндеттерінің бірі болуға тиіс.

Біріншімен тығыз байланысты екінші міндет - практиканың әдістемелік материалдарға мұқтаждығын қанағаттандыру, онда ҚІЖК-нің ережелері ескеріліп, қылмысты сапалы тергеу және қылмыстық істер бойынша заңды шешімдер қабылдау жөнінде ұсыныстар баяндалуы керек.

Құқық қорғау органдарына жас мамандар көптеп келіп жатыр, соңдықтан бұл өзекті мәселелер шешімін табуы керек.

Дипломдық жұмыста тергеушілер назарын негізгі екі тұсқа аударып отырмын.

Адамды айыпталушы ретінде тарту туралы қаулыны дайындау барысында, олар ҚІЖК-нің 206-бабының талаптарына сәйкес, жасалған қылмыстың сипатын баяндауға және ҚК-де сол іс-әрекет үшін жауапкершілік көзделген тармақты, бөлікті және бапты көрсетуі тиіс.

Сонымен қатар ҚІЖК-нің 207-бабының ережелеріне сүйене отырып, тергеуші айыптауды растайтын дәлелдемелердің тізбесін, сондай-ақ қорғау жағы сілтеме жасайтын дәлелдемелердің тізбесін нанымды да қисынды етіп беруге тиіс.

ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес әрбір дәлелдеме, қылмыстық істі шешу тұрғысынан алғанда, оған қатысты екендігі шындығы, ал барлығы жинақталып — жергілікті екендігі бойынша бағалануы тиіс.

Айыптау қорытындысы — сотқа дейінгі іс жүргізу сатысының бірден-бір құжаты, көрсетілген талаптар онда көрініс табуы қажет.

Айыптау қорытындысы мен айыптау үкімі арасынан қандай да бір ұқсастық табуға болады.

ҚІЖК-нің 379-бабы "Айыптау үкімінің сипаттау — себептік бөлімі" деп аталады.

Бұл баптың нормаларына сәйкес, үкімде қылмыстық іс-әрекетгің сипаттамасы ғана емес, сондай-ақ сот шешімі негізделген дәлелдемелер де, басқа дәлелдемелерді соттың теріске шығарған себептері де болуға тиіс.

Өз кезегінде, тергеушінің айыптау қорытындысында көрсетілген позициясы да дәлелді болуға тиіс.

Айта кететін бір жай — айып тағу және айыптау қорытындысын жасау проблемалары бойынша жұмыстар отыз жылдан аса уақыт басылым көрген жоқ, олар сирек кездесетін библиографиялық құндылыққа айналды.

Бұл дипломдық жұмыста сол жұмыстардағы әдістемелік ұсыныстар, жаңа қылмыстық іс жүргізу заңына және бүгінгі тергеу практикасына сәйкес келетін шамада пайдаланылады.

ҚІЖК-нің 192-бабының 1-бөлігіне сәйкес, алдын ала тергеуді прокуратураның, қауіпсіздік комитеті органдарының, ішкі істер және қаржы полициясы органдарының тергеушілері жүргізеді.

Айыптау қорытындысын құрастыру қабілеттілікті қажет ететін қиын процесс. Соңғы жылдары тергеушілер, әсіресе ішкі істер органдарының тергеушілері бұл іс жүргізу құжатын даярлауда ерекше қиындық көруде. Себебі Қазақстанның ІІМ жүйесіндегі алдын ала тергеу органдарының көптеген қызметкерлері, бұрынғы анықтау органының қызметкерлері, ал олар күрделі де көп сатылы қылмыстық істердің тергеуіне қатысқанымен, оның тек алғашқы кезеңінің ғана жұмысына қатысқандар. Олар өз тәжірбиелеріндегі олқылықты басқалардың тәжірибелерімен толықтыра алмайды, себебі мұндай істер бойынша айыптау қорытындысын жасаудың практикалық мәселелері заң әдебиетінде жан-жақты көрініс таппаған.

IТАРАУ

1.1 Айыптау қорытындысының маңызы
Айыптау қорытындысын жасауға кіріскенде тергеуші алдын ала тергеу сатысында қылмысты ашу және тергеу жөніндегі іс жүргізу қызметінің "арқауы" болып табылатын ең басты құжатты дайындайтынын ұғынуы тиіс.

Онда тергеуші расталмаған болжауларды алып тастап, жасалған қылмыс және оған қатысты адамдар жайында анық түсінік беретін барлық маңызды және расталған дәлелдемелерді бір жүйеге келтіреді. Айыптау формуласы және жасалған әрекетті заңдық сараптау бұл жүйенің 5 өзегі болып табылады.

Іс материалдарын айыптау қорытындысында жүйелі баяндаудың да техникалық маңызы зор: ол прокурор мен соттың іспен танысуын жеңілдетеді, олардың тергеу затын дұрыс түсінуіне көмектеседі.

Айыптау қорытындысын жасауға дайындық, бір жағынан, алдын ала жүргізілген тергеудің толықтығын тексерудің сенімді тәсілі болып табылады. Бұл процесте тергеуші жүргізілген тергеудің барлық олқылықтарын табады, оны уақтылы түзетуге мүмкіндігі болады.

Сонымен қатар, тергеуші, айыптау қорытындысының сот талқылауының шеңберін белгілейтіндігін естен шығармауы тиіс. Бұл — ҚІЖК-нің 302-бабына сәйкес, сотта, айыптау қорытындысында айыпталушы деп аталған адамдардың айыптылығы (айыпты еместігі) туралы және осы құжатта оларға тағылған қылмыстарды ғана жасағандығы туралы мәселе шешіледі деген сөз. Соттың айыптау қорытындысынан айыптың кейбір тармақтарын алып тастауы немесе жеңілірек қылмыс туралы заңды қолдануы мүмкін, бірақ ондай өзгертулерге сотталушының жағдайы нашарламайтын және оның қорғану құқығы бұзылмайтын болса ғана жол беріледі. Басқаша айтқанда, айыптау қорытындысы нақты іс бойынша сот алдына баруға тиісті адамдардың толық тізбесін және қылмыстың сот талқылауы кезіңде зерттелуге жататын барлық эпизодтарын анықтайды.

Айыпталушы айыптау қорытындысымен алдын ала танысқандықтан, ол қорғаушының күшін өзіне кінә ретінде тағылған фактілерге, айыптау қорытындысында баяндалған дәлелдемелерді ғана теріске шығару немесе мойнына алмау үшін жұмсауға нақты мүмкіндік алады.

Сотталушының қорғану құқығының нақты кепілдіктерінің бірі ретіндегі оның маңыздылығы осында.

Жаңа қылмыстық іс жүргізу заңнамасы айыптау қорытындысының бұрынғыға қарағанда жеңілдетілген құрылымын қарастырған.

Қажет болған жерде, нақтылықты сақтай отырып, айыптау қорытындысында айыптаудың мәнісін, қылмыс жасалған жерді және уақытты, оның тәсілдерін, себептерін, мақсатын, зардабын және нақты қылмыстық іс үшін маңыздылығы бар басқа да мән-жайларды көрсетуі, айыпты растайтын дәлелдемелер тізбесін құруы, сондай-ақ қорғау жағы сілтеме жасайтын дәлелдемелерді баяндағанда заңдық және тілдік сауаттылық талаптарын сақтауы тиіс.
1.2 Айыптау қорытындысын түзуге дайындалу

Тергеуші айыптау қорытындысын жазуға мұқият дайындалуға тиіс. Мынаны естен шығармау керек сауатты айыптау қорытындысы асығыс жазылмайды.

Айыптау қорытындысын жазудағы алғашқы қадам — істің барлық материалдарды терең білу.

Кішігірім істер бойынша айыптау қорытындысын жазар алдында тергеуші істегі бар барлық құжаттарды қарап шығады. Мұндай жұмыстың мұқияттығы, әрине, оның жадында қандай да бір дәлелдеменің немесе мәліметтің қаншалықты жақсы сақталғандығына байланысты. Бірақ оның жадында қаншалықты қалғанмен, ол материалдарды толықтай қайта қарап шығуға тиіс. Көлемі жағынан шағын істердің қайталап оқылуы онша қиынға соқпайтын болса, күрделі, көлемі жағынан аумақты, көп эпизодты істерді қарап шығу өзінше процесс, оның негізі алдын ала тергеу барысында қаланады.

Айыптау қорытындысын жазуға дайындықты, бұл жағдайда, алдын ала тергеудің жоспарын оқудан бастау керек. Әрине, тергеуші іс бойынша жұмыстың басынан бастап-ақ жоспарға, басқа жағын қойғанда, тергеуді аяқтау кезіңдегі сүйеніш ретінде қарайды. Сонымен қатар, айыптау қорытындысын жасауға дайындық кезіңде жоспарды мұқият оқып шығу алдын ала тергеудің бағыттылығы, кезендері және көлемі жайында қысқа және сонымен қатар мүмкіңдігінше толық, жалпы түсінік береді, Дәлелдемелердің жиналу реттілігін және өзара байланыстылығын еске түсіреді. Жоспарды оқып шыққанда тергеуші тергеу кезіңде жіберілген қателіктер мен олқылықтарды байқайды, ал оларды бұл кезде оңай түзетуге болады.

Жоспардан кейін қылмыстық байланыстар сызбасын мұқият карап шығу керек. Ол дегеніміз — тергеушінің өзі тандап алған шартты белгілерден тұратын сызба.

Мысалы, қылмысты ұйымдастырушыларды дөңгелек белгімен, орындаушыларды төртбұрышпен, көмектесушілерді — үшбұрышпен, т.б. белгілейді. Айыпталушылардың қылмыстық байланыстарына қарай бұл шартты белгілер өзара түзу сызықпен жалғасады. Қылмыстық байланыстар сызбасының артықшылығы — оның көрнектілігі.

Егер мұндай сызба барлық іс материалдарды ескеріліп жасалған, тергеу барысында анықталып және толықтырылған болса, онда айыптау қорытындысын жазуға дайындалғанда оны қайтадан қарап шығып, тергеуші жасалған қылмыстың көлемі, оған қатысы бар адамдардың саны мен өзара байланысы, олардың әрқайсысының рөлі жайында мүмкіндігінше толық түсінік алады. Сызбаны қарап шығу да алдын ала тергеудің олқылықтарын табудың және түзетудің амалы болып табылады.

Басқа қосымша материалдарды да: іспен алғаш танысқанда жасалған конспектілерді (егер ол істі айыптаушы қорытындының авторы өзі қозғамаған, өзінің жүргізуіне қабылдап алған болса); жауап алу хаттамасынан көшірме үзінділерді; кестелерді де, т.б. қарап шыққан жөн.

Мұндай қайталап зерттеп шығу, әсіресе, тергеуді тергеушілер тобы жүргізген үлкен, көп томдық істерде керек. Практикаға сүйенсек, айыптау қорытындысын жазуға дайындық кезіңде тергеушінің барлық құжаттарды қайта оқып шығуға мүршасы келмейді деп айтуға болады. Мақсат сол — алдын ала тергеу процесі кезіңде-ақ әрбір құжат зерттеліп, оның материалдары, әсіресе, дәлелдемелер, жүргізуге іс қабылданып алынған кезден бастап саралануға және жүйеленуге тиіс.

Әңгіме қосымша карточкалар жасау жайында. Олар біріншіден, қылмыс жасаған адамдарға жүргізіледі ("дербес есеп"); әрбір осындай карточкада нақты айыпталушының кіммен және қылмыстық эпизодтың қаншауына қатысқандығы; оның қатысу дәрежесі және қылмыстық жолмен тапқан "олжадағы" үлесі; мұның бәрінің немен дәлелденетіндігі туралы мәліметтер жинақтала береді; "Дербес есепте" айыпталушының әр эпизод бойынша тағылған айыпқа берген түсініктемесі де көрініс табады. Екіншіден, карточканы қылмыстың эпизодтары бойынша, олардың әрқайсысының фабуласып анық баяндап, заңсыз іс-әрекеттің жасалған уақытын, орнып, оны жасаудағы тәсілін, мақсатын және себептерін атай отырып жүргізу керек. Оларда осы қылмыстық эпизодқа қатысқан адам саны, олардың әрқайсысының рөлі көрініс табады. "Дербес есептер" мен карточкалар эпизодтар бойынша үдайы толықтырылып тұруға тиіс.

Тергеу процесі кезіңде түсінікті жасалған, барлық дәлелдемелер мұқият жасалған және де ол дәлелдемелер нақты адамдармен, белгілі бір эпизодтармен "байланыстырылған" қосымша картотека (адамдар және эпизодтар бойынша) тергеушіге көп эпизодты істерде барлық қылмыстарды ашуда, ал тергеу біткеннен кейін айыптау қорытындысының ірге тасын қалауда көп көмегі тиеді.

Мысал ретінде, еліміздің әр түрлі қалаларында әсері күшті ұйықтататын дәріні пайдаланып азаматтарды тонағандық туралы қылмыстық істі алуға болады. Қылмыскер ірі сомалы ақшасы бар адамдарды анықтап, олармен таныстық орнатқан, ұйықтататын дәрі қосылған шараппен сыйлаған, қарсыласуға мұршасы болмайды, қалғып-мүлгіп отырғанда, оның барлық құжаттарын, ақшасын, құнды заттарын алып тайып тұрған.

Ұйқы дәрісінің дозасын көп бергендіктен жәбірленушілердің үшеуі қайтыс болған. Қылмыскерлер 60-тан аса осындай қылмыс жасаған, өте үлкен мөлшерде ақша және құнды заттар ұрлаған.

Тергеу барысында Қарағанды қаласына жақын жерде төрт қылмыскер ұсталған. Олар Астана - Алматы поезындағы жолаушыларға қарақшылық шабуыл жасаған. Ұсталған кезде ол қарақшылардан сомасы едәуір ақша және ұйықтататын зат-хлоралгидрат құйылған шөлмек алынған.

Ол уақытқа дейін мұндай қылмыстар жайындағы қылмыстық істер бір іс жүргізуге біріктірілген. Тергеуші әрбір қылмыстық эпизод жайында карточка және "дербес есеп" жүргізген. Оларда фамилиялар болмаған, бірақ қылмысқа қатысушылардың сырт пошымы жазылып отырған.

Астана — Алматы поезындағы эпизод бойынша жаңа карточка жасалған; ұсталған үш адамға дербес есеп ашылған, себебі олардың сырт көрінісі карточкада тіркелген белгісіз адамдардың сырт көрінісімен сәйкес келмеген. Ал төртіншінің — Қодаровтың сырт пошымы бұрын ашылған "дербес есептегі" осындай төрт қарақшылық шабуыл жасаған белгісіз қылмыскерге ұқсас келген. Содан бұл "дербес есепте" Қодаровтың фамилиясы пайда болады. Оған тағы да, бесінші эпизодтың сипаттамасы мен дәлелдемелер туралы жазулар кіргізілді: жәбірленушілер мен куәлердің жауаптарын, тану үшін Қодаровты көрсету хаттамасы, заттай дәлелдемелер, ақша және де сезіктінің өз серіктестерінің бірі — Борақовтың атын атап мойындағаны.

Кейін Борақовтың он бір, ал оның серіктестері Спанов пен Көпесовтың он сегіз және жиырма бес қылмыс жасағандығының беті ашылады.

Алдын ала тергеу процесі барысында әрбір айыпталушыға ашылған "дербес есеп" пен әрбір эпизод бойынша карточкалар ұдайы жаңа мәліметтермен толықтырылып отырды, оларға табылған дәлелдемелер мен айыпталушылардың түсініктемелері жазылды.

Айыптау қорытындыеын жазуға кірісер алдында тергеуші қосымша карточкаларды қайта оқып шықгы, содан кейін ол нені және қандай реттілікпен жазу керек екендігі жайында толық және айқын түсінік алды. Бұл айтылғандардан мынадай тұжырым жасауға болады: тергеуші алдын ала тергеудің ең басынан бастап, қосалқы материалдарды (сызба жоспар, дербес есеп, карточка, т.б.) жасауға кіріскенде, олардың айыптау қорытындысын жасауға қаншалықты уақыт керекекендігін (өздерінің негізгі міндеттерімен қатар) ойластыруы керек. Тәжірибелі тергеуші егер ол күрделі, көп томдық істерді тергеген болса, кандай да бір түрте салған жазудың бүгінгі күннің қажеттілігіне айналғаны былай тұрсын, айыптау қорытындысын жасағанда үлкен септігі тиетіндігін растайды.

Соңғы жылдары айыптау қорытындысын жасағанда компьютерлік техника мен информатиканы пайдалану кең өріс алуда.

Мысалы, көп эпизодты күрделі істерді зерттегенде тергеушілер рубрикалар (папкалар) және түйінді сөздер арқылы мәліметтердің электрондық базасын құрастырады. Бұл ретте олар жүйенің параметрлерін өзінше белгілеуге, жаңа рубрикалар ашуға, түйінді сөздер енгізуге мүмкіндік алады.

Рубрикаларды папкалар деп түсіну керек, оларға тектік белгілері бойынша біріктірілген мәтіндік құжаттар: жауап алу, тінту, алу хаттамалары, айыпталушы ретінде тарту туралы, сараптама тағайындау туралы қаулылар, анықтамалар, сұранымдар, т.б. енгізіледі.

Осы құжаттардың әрқайсысына қолда бар сөздіктен бір немесе бірнеше түйінді сөз тағылады. Олар құжат нақты эпизодқа немесе қылмыстық істің тарауына жататын атқа ие болады, мысалы, "ЖАҚ-да 2 млрд. теңге ұрлау" "Аффилирленген компаниялар", "Жасанды фирмалар", "Жалған төлқұжаттар", "Адамның жеке басын сипаттайтын мәліметтер", "Айыпталушылардың қорғану болжауы", т.б.

Осындай түрде өнделген іс жүргізу құжаттары, бір қылмыстық іс шегінде реттелген жағдайда, айыптау қорытындысын жасау мерзімін едәуір қысқартады.

Сонымен, тергеу процесі кезіңде түсінікті жасалған, барлық дәлелдемелер мұқият жннақталған және де ол дәлелдемелер нақты адамдармен, белгілі бір эпизодтармен "байланыстырылған" қосымша құжаттама — айыптау қорытындысын жасағанда елеулі көмек көрсете алады. Мұндай пікір қосымша материалдарға қатысты айтылғанмен, іс жүргізу құжаттары үшін оның маңызы ерекше, себебі айыптау қорытындысында, сілтеме қосымша материалдарға, конспектілерге жасалмайды, жауап алу, жеке беттестіру және басқа да тергеу әрекеттерінің хаттамаларына жасалады.

Кейбір тергеушілер іс жүргізу құжаттарының қисындылығына және нақтылығыпа баса назар аудара бермейді, сондықтан айыптау қорытындысын жасау кезіңде бір қатар қиындықтар туындайды.

Мысалы, алтын ұрлау туралы іс бойынша тергеуші жауап алу хаттамасында өз сұрағы мен айыпталушының жауабын былай жазған:

Сүрақ: Ерік Оразұлы, біз екеуміз көп сөйлестік, жасаған қылмысты мойындау жеңілдететін мән-жай екенін сізге түсіндірдім. Сіз өзіңіз айттыңыз, Әлім Қанатов діни сенімі күшті болғандықтан өзінде бар құндылықтарды өкімет өкіліне қайтарып дұрыс жасады деп. Өз тарапымнан шындықты айтамын деп уәде бердіңіз де, кейін одан бас тарттыңыз. Шындықты айтуға қандай кедергі бар? Барлық фактілерді сырып тастап, сіз өзіңіздің кінәңізді мойындаудан бас тартып отырсыз, неге?

Жауап: Білмеймін, менің басым ауырып отыр. Бірдемені айта салуға болады бірақ ұрланған алтын - ол жерде жоқ шығар. Білмеймін, не айтарымды. Көрдің бе, іс қалай бұрылып барады. Менің бірінші сұраққа қайтарған жауабымды қалай жаздың, бірдеме айтсам болды жазып аласың. Білмеймін, не істерімді, білмеймін. Мен саған жолдастықпен айтып отырмын, ал сен оның бәрін жаза бересің. Артық сөйлеп қойған сияқтымын.

Айыпталушының өзінің алтынды қай жерге тыққандығын айтудан бас тартқандығын растайтын жауап ретінде осы сөздерге жүгінуге қажеттілік туындағанмен, тергеуші олай істеуге ұялды. Шындығында, істің мұндай жауап жазылған парағына сілтеме жасау дұрыс емес, себебі тек ерекше қиялдағанда ғана "айта салуға болады, бірақ ол жерде жоқ шығар" дегенді құпия жерді айтудан бас тарту деп қабылдауға болады.

Айыпталушының немесе куәлердің жауаптарын жаза отырып немесе басқа да тергеу әрекеттерін орындау кезіңде тергеуші олардың бәрін түгелдей көз алдына елестетуге тырысады. Оның міндетіне сонымен қатар, маңызды еместерді сырып тастап, істің мән-жайын зерттеуге қатысы бар ең маңыздыларын ғана жазып алу жатады. Көптеген тергеушілер жауап алу хаттамасында айыпталушының және куәлердің сөйлем құрастыру ерекшеліктерін көрсетуге тырысады, ол дұрыс та. Іс жүргізу құжаттарын ресімдеуге қойылатын бұл және басқа да маңызды талаптарды мұндай ұсыныстармен толықтырғымыз келеді: айыптау қорытындысында оңай сілтеме жасауға болатын жазулар ғана хаттамаға түсуі керек.

Айтылғандарды бір ортақ ұсынысқа келтіруге болады: айыптау қорытындысын дайындау алдын ала тергеудің өне бойында жүргізілуі тиіс. Барлық іс жүргізу мен қосымша материалдарды, өздерін тікелей кажеттілігінен басқа, айыптау қорытындысында пайдалануға жарамдылығы тұрғысынан қарау керек. Аддын ала тергеу барысында қорытынды құжаттан үзінді, кейде фрагменттер жазып алу керек.

Бұл ретте айыптау қорытындысын жасау алдындағы істің барлық материалдарымен танысу — істердің барлық санаттары үшін ортақ ереже. Олардың күрделі дәрежесі танысудың тек формасы мен әдісін анықтайды. Шағын істер бойынша тергеуші мұны тікелей айыптау қорытындысын жасау алдында істеп үлгереді; күрделі істерде ол іс материалдармен біртіндеп танысады, бұл жұмысты алдын ала тергеудің бітуінен көп бұрын бастайды, қайта оқымас үшін материалдарды жүйелеп, конспектіге түсіреді.

Айыптау қорытындысының жоспарын жасау да жалпы ереже болып табылады, онда осы істің мән-жайы үшін маңызы бар айыптаудың мәнісін баяндау тәртібі, айыптауды расқа шығаратын дәлелдемелердің және айыпталушы мен оның қорғаушысы сілтеме жасайтын дәлелдемелердің, қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген басқа да мән-жайлар мен мәліметтердің тізбесін жасау қарастырылған (ҚІЖК-нің 207-бабының 1-бөлігі).

Айыптау қорытындысын, әсіресе күрделі және көп эпизодты істер бойынша қорытындыларды жоспарлауды әдетке айналдырған тергеуші, көп ұзамай мынадай тұжырым жасайды. Біріншіден, жоспар жасауға жұмсалған уақыт қорытыңдыны жазу кезіңде неше кайтара ақталады: қандай да бір қайта жасау азаяды, құрылымды түгелдей және оның жеке элементтерін ойластыруға жұмыс барысында тежелу болмайды. Екіншіден, әрбір жаңа айыптау қорытындысы неғұрлым жүйелі, қисынды, нанымды болады. Күрделі емес істер бойынша айыптау қорытындыларын жоспарлауға дағдыланған тергеуші қажет болған жағдайда, онша күрделі емес істер бойынша жоспар жасауға дайын тұрады.

Өзінің негізгі мақсатымен қоса, бұл жоспар, қылмыстық істің барлық материалдарын жүйелейтін сызба да бола алады.

Айыптау қорытындысының жоспары практикада қалыптасқан және криминалистикалық әдебиет ұсынып отырған үш тәсілдің біреуі бойынша тұрғызылуы мүмкін, олар: хронологиялық, жүйелілік және аралас тәсілдер.

Хронологиялық тәсілде, тергеу қандай реттілікпен жүргізілсе, оны сол қалпында баяндау жоспарланады. Бұл тәсіл айыпталушы өзін айыпты деп мойындамаған жағдайда тиімділік береді. Бұл тәсіл алдын ала тергеу процесі кезіңде айыпталушы әр түрлі болжау айтқанда да артықшылық көрсетеді. Ал әрбір жаңа болжау жинақталған дәлелдемелермен алдыңғыны теріске шығарғаннан кейін туындап отырған.

Жүйелі баяндауда істің мән-жайы және ол бойынша жинақталған дәлелдемелер қылмыстық ниет пісіп жетілген және айыпталушыға таңылған іс-әрекет жасалған ретімен келтіріледі. Бұл ретте тергеуші, қылмысқа дайындалу және оны жасау процесін іс материалымен танысушылар көз алдына елестете алатындай етіп баяндайды.

Іс жүзінде айыптау қорытындысын осы екі тәсіл бойынша дайындау, былайша айтқанда, таза күйінде дайындау, тек күрделі емес істер бойынша ғана мүмкін. Айыпталушылар саны және қылмыстық эпизодтары көп істер бойынша аралас төсілді қолданған дұрыс. Бұл істер бойынша дәлелдемелерді келтіру формасын істің өзінің құрылымы анықтайды.

Оған біздің ойымызша, көп эпизодты қылмыстық іс бойынша айыптау қорытындысының жоспарын мысал ретінде алуға болады, ол істі біз шартты түрде Казақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі сыбайлас жемқорлық туралы іс деп атайық, оны Қазақстан ІІМ-нің тергеу бөлімі тергеген.

Істің мәнісі мынадай: Қазақстан Банкінің орталық аппаратының бас басқармасы деңгейіндегі Орталық операциялық басқарманың (ООБ) бастығы Ситдиков, оның орынбасарлары Турова, Попруга және Мартынов үш жыл бойы әр түрлі коммерциялық ұйымдардың өкілдерінен, қолма-қол ақшаның тапшылығы жағдайында (ол кезде берілетін сомаға лимит болған) клиенттер есебінен қолма-қол ақша және несие бергендері үшін пара алып келген, бас пайдасы және басқадай жеке мүдделері үшін клиенттерге есептік-кассалық қызмет көрсетуді негізсіз жүзеге асырған, күшіндегі заңнаманы бұзып Қазақстан Банкінің орталық офисінде майда коммерциялық фирмаларға есепшот ашқан, орталықтандырылған несиелік ресурстарды дәлелсіз берген, қайта қаржыландырудың күшіндегі ставкасын жиі төмендеткен, сонымен мемлекетке және Қазақстан Банкісіне ақша қаражатын дәлелсіз жұмсау және несиелік ресурстарды пайдаланғандық үшін міндетті төлемдерді толық алмау түрінде зиян келтірген. Пара беруді ұйымдастырушы Қазақстан Банкінің клиенті — "Союзпрофбанк" акционерлік кәсіподақ банкі басқармасының төрағасы Летунов болған. Өз кезегінде Летунов коммерциялық сатып алуға (подкуп) беріліп, күшіндегі ережелерді бұзған, өзі басқарып отырған банктің кассасынан қолма-қол ақша, сондай-ақ несие беруге өкім жасаған, өз өкілеттігін теріс пайдаланған, ол сонымен қатар, "жалпы сипаттағы қылмыс" жасаған.

Айта кететін бір жағдай, айыптау қорытындысы, артық қайталану болмас үшін, хабарлау стилінде жасалған, яғни айыпталушылардың қылмыстық іс-әрекетгерінің эпизодтарын сипаттау іс материалдарына және ондағы бар дәлелдемелерге сілтеме жасаумен, оларды талдаумен және бағалаумен жалғасын отырған. Міне сол, біршама қысқартылған түрдегі жоспар:

Кіріспе бөлім.

1. Ауыр зардаптарға алып келген, құқыққа қарсы әрекеттерді орындағаны үшін аса ірі мөлшерде пара алу және беру (қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау);

1.1. ООБ Қазақстан Банкі жүйесінде басшылардың лауазымдық жағдайы. Пара алушылардың қылмыстық тобын ұйымдастыру.

1.2. 4010 млн., теңге қолма-қол ақша бергені үшін ООБ басшыларының 7 млн 885 мың теңге пара алуы.

1.2.1. ООБ басшыларының 475 млн. теңге қолма-қол ақшаны дәлелсіз беру түрінде қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауы.

1.2.2. ООБ басшыларына 1 млн. 2885 мың теңге мөлшерінде пара беруді Летуновтың ұйымдастыруы.

1.2.3.Летуновтың қызметтік жағдайы. Қызмет бабын пайдалана отырып пара ұйымдастырғаны үшін Летуновтың құны 2150 мың теңге тұратын екі кілемді параға алуы.

1.2.4.400 млн. теңге қолма-қол ақша беру түрінде Летуновтың қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауы.

1.3. ООБ басшыларының есепшот ашқандары, 2025 млн. теңге несие бөлгендері және кассадан 1077,5 млн. теңге қолма-қол ақша бергендері үшін 28 833 748 теңге пара алуы.

1.3.1. ООБ басшыларының есеп шоттарын заңсыз ашу, 2025 млн. теңге несие бөлу, "Союзпрофбанктен" 25 734 735 теңге ақшаны аяғына дейін толықтай өндіріп алмау, кассадан 1077,5 млн. теңге қолма-қол ақша беру түрінде қызмет бабын пайдаланып қиянат жасаулары.

1.3.2. 28 833 748 теңге мөлшерінде пара беруді Летуновтың ұйымдастыруы.

1.3.3. Летуновтың пара беруді ұйымдастырғаны үшін 15 мың АҚШ доллары және 7 млн. теңге түрінде пара алуы.

1.3.4.50 млн. қолма-қол ақша беру түрінде Летуновтың қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауы.

1.3.5. "Славянский торговый дом" АҚ-ның несиелері бойынша 2025 млн. теңгеге банк кепілдігін дәлелсіз беру түрінде (ООБ-дан несие алу мақсатында) Летуновтың қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауы.

1.4. "Союзпрофбанк"-тен несиелер және қолма-қол ақша бергені үшін Летуновтың қызмет бабын пайдаланып қиянат жасаумен байланысты өзінің жеке пара алуының эпизодтары.

1.4.1. Несиелер бөлгендік үшін Летуновтың пара алуы және соған байланысты оның қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауы.

1.4.1.1. "Асель" фирмасына 131 млн. 405 мың теңге несие бөлгені үшін Летуновтың құны 1865 мың теңге тұратын "Волво-740 ОБ" автомобилін пара түрінде алуы.

1.4.1.2. "СТД" АҚ-ға 725 млн теңге несие бөлгені үшін Летуновтың құны 14,5 млн. теңге тұратын "Волво-740" автомашинасын пара түрінде алуы.

1.4.1.3. "Славянский торговый дом"-ды 565 млн. теңгеге зиян шектірген 1105 млн. теңгені дәлелсіз босату түрінде Летуновтың өз қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауы.

1.4.1 А.Летуновтың 3750 мың теңге пара алуы.

1.4.2. "Союзпрофбанк" кассасынан лимиттен тысқары қолма-қол ақша бергені үшін Летуновтың пара алуы.

1.4.2.1.Банк кассасынан 175 млн. теңге бергені үшін Летуновтың 28,6 доллар пара алуы.

1.4.2.2.Банк кассасынан 35 млн. және 72 500 000 теңге қолма-қол ақша беру түрінде ("Павада" ЖТТТК-ге) Летуновтың қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауы.

1.4.2.3. Банк кассасынан 125 млн. теңге бергені үшін Летуновтың 25 882 АҚШ долларын параға алғаны.

1.4.2.4. Банк кассасынан 125 млн. теңге беру ("Валентино" ЖШК-ге) түрінде Летуновтың өз қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауы.

1.5. ООБ кассасынан 1 млрд. 200 млн. теңге қолма-қол ақша бергені үшін құны 1 550 000 теңге тұратын "ВАЗ-21063" автомашинасы түріндегі параны Мартыновтың өзінің алуы.

1.5.1. ООБ кассасынан 1 млрд. 200 млн. теңгені дәлелсіз бөлу түрінде Мартыновтың өз қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауы.

1.6. Айыпталушылар әрекеттеріндегі пайдакүнемдік бағыттылықты көрсететін басқа да дәлелдемелер.

1.6.1. Р.Ф.Турованың есебіндегі ақша қаражатының түсімін және қозғалысын талдау.

1.6.2. В.И.Попруга отбасының есебіндегі ақша қаражатының түсімін және қозғалысын талдау.

1.6.3. Ситдиковтың табысын және материалдық жағдайын талдау.

1.6.4. Мартыновтың табысын және материалдық жағдайын талдау.

1.6.5. Летуновтың жеке басы жайында қосымша мәліметтер. 2. Коммерциялық банктерге, кәсіпорындарға және ұйымдарға несиелік-есептік қызмет көрсету өрісіндегі қиянат жасаушылық.

2.1. ООБ-ның лауазымды адамдарының акционерлік банктерге несие беру жөніндегі қызметі.

2.1.1. ООБ-ның лауазымды адамдарының несие беруге және оның мерзімін ұзартуға қатысуы және ондағы рөлі.

2.2. ООБ қызмет көрсететін коммерциялық банктер.

2.2.1. "Союзпрофбанк" акционерлік кәсіподақ банкі.

2.2.1..1. 11.04.1991 ж. несие шарты бойынша 2 млрд. 640 млн. теңге мөлшерінде қарызды Ситдиковтың дәлелсіз беруі.

2.2.1.2. Ситдиковтың 22.08.91 ж. шарт бойынша 2 млрд. 640 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі және Попруганың қатысуымен төменгі есептік ставканы қолдана отырып оның несие мерзімін неше қайтара ұзартуы.

2.2.1.3.Ситдиковтың 09.11.1991 ж. шарт бойынша 2 млрд. 475 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі және Попруганың қатысумен төменгі есептік ставканы қолдана отырып несие мерзімін неше қайтара ұзартуы.

2.2.1.4.Ситдиков пен Попруганың 22.05.1992 ж. несие шарты бойынша 750 млн. теңгені қарызға дәлелсіз беруі және төменгі есептік ставканы қолдануы.

2.2.1.5.Ситдиков пен Попруганың 12.11.1992 ж. несие шарты бойынша 1 млрд. 500 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі және оның мерзімін ұзартуы.

2.2.1.6.Ситдиковтың Попруганы қатыстыра отырып, 06.01.1993 ж. несие шарты бойынша 1 млрд. Теңгені қарызға дәлелсіз беруі және оның мерзімін ұзартуы.

2.2.2. Кәсіпкерлік дамытудың "Рострабанк" акционерлік коммерциялық банкі;

2.2.2.1.Ситдиков пен Попруганың 17.06.1992 ж. несие шарты бойынша 250 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі, алдымен Турованың, сонан соң Ситдиков пен Попруганың төменгі есептік ставканы қолдана отырып оның мерзімін ұзартуы.

2.2.2.2.Ситдиков пен Попруганың 23.12.1992 ж. несие шарты бойынша 1 млрд. 250 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі.

2.2.2.3.Ситдиков пен Попруганың 09.10.1992 ж. несие шарты бойынша 250 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі.

2.2.2.4.Ситдиков пен Попруганың 01.04.1993 ж. несие шарты бойынша 1 млрд. 250 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі.

2.2.3. Автомобиль өнеркәсібін дамытудың "Автобанк" акционерлік коммерциялық банкі:

2.2.3.1.Ситдиковтың 18.04.1991 ж. шарт бойынша 245 млн. теңге несие беруі және оның мерзімін дәлелсіз ұзартуы.

2.2.3.2.Ситдиковтың 04.12.1991 ж. шарт бойынша 2 млрд. 750 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі, Ситдиков пен Попруганың оның мерзімін дәлелсіз ұзартуы.

2.2.3.3.Ситдиков пен Попруганың 13.03.1992 ж. шарт бойынша 245 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі және Ситдиковтың оның мерзімін ұзартуы.

2.2.3.4.Ситдиков пен Попруганың 29.03.1993 ж. шарт бойынша 245 млн. теңге несиені беруі.

2.2.4. "Аэрофлот" акционерлік коммерциялық банкі;

2.2.4.1. Ситдиковтың төменгі есептік ставкаларды қолдана отырып 1992 жылғы 20 және 27 қарашадағы несие шарттарының мерзімін дәлелсіз ұзартуы.

2.2.4.2.Ситдиков пен Турованың төменгі есептік ставкаларды қолдана отырып 29.03.93 ж. шарт бойынша 2 млрд. теңге несиені дәлелсіз бөлуі.

2.2.4.3. Ситдиков пен Турованың төменгі есептік ставкаларды қолдана отырып 28.05.93 ж. шарт бойынша 3 млрд. 500 млн. теңге несиені дәлелсіз бөлуі.

2.2.5. "Автроконбанк" акционерлік коммерциялық банкі; 2.2.5.1.Ситдиков пен Попруганың 27.04.92 ж. несие шарты бойынша 600 млн. теңге несиені дәлелсіз бөлуі және оның мерзімін ұзартуы.

2.2.5.2.Ситдиковтың, Попруганың және Турованың "Автоконбанкке"7 млрд. 800 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі.

2.2.5.2.1. Ситдиковтың, Турова мен Попруганың қатысуымен, 30.06.92ж. шарт бойынша 1 млрд. 500 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі.

2.2.5.2.2. Ситдикова мен Попруганың 27.06.92 ж. шарт бойынша 1 млрд. 800 млн. теңге несиені дәлелсіз бөлуі.

2.2.5.2.3. Ситдиков пен Попруганың 12.10.92 ж. шарт бойынша 1 млрд. 750 млн. теңге несиені дәлелсіз бөлуі.

2.2.5.2.4. Ситдиков пен Попруганың 19.10.92 ж. шарт бойынша 1 млрд. 750 млн. теңге несиені дәлелсіз бөлуі.

2.2.5.2.5. Ситдиков пен Попруганың 23.11.92 ж. шарт бойынша 1 млрд. теңге несиені дәлелсіз бөлуі.

2.2.5.3.5. Несиелерді пайдаланғандығы үшін тоқсан сайынғы міндетті төлемдерді Ситдиковтың дәлелсіз кейінге қалдыруы.

2.2.6. "Ялосбанк" коммерциялық банкі:

2.2.6.1.Ситдиков пен Турованың 29.03.93 ж. шарт бойынша "Сретенка-банк"-ке 2 млрд. 500 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі.

2.2.6.2.Ситдиковтың, Турованың қатысуымен, 29.03.93 ж. шарт бойынша 1 млрд. 500 млн. теңге қарызды дәлелсіз беруі.

2.2.7. Саланы дамытудың Теология и разветка недр" ("Геолбанк") акционерлік коммерциялық банкі:

2.2.7.1. Ситдиковтың, Попруганың қатысуымен 1991 жылғы 16 және 18 желтоқсандағы несие шартының мерзімін ұзартқанда төменгі есептік ставкаларды қолдануы.

2.2.7.2.Ситдиковтың, Турова мен Попруганың қатысуымен 1992 жылғы 10 және 13-наурыздағы несие шарттары бойынша орталықтандырылған несие қаражатын дәлелсіз беруі.

2.2.7.3.Ситдиковтың 1992 жылғы 10 және 13 наурыздағы несие шарттарға төменгі есептік ставкаларды қолданып, дәлелсіз мерзімін ұзартуы.

2.2.7.4.Ситдиковтың 03.04.92 ж. шартқа төменгі есептік ставкаларды қолданып, дәлелсіз мерзімін ұзартуы.

2.2.7.5.Ситдиков пен Турованың 05.03.93 ж. несие шарты бойынша 2 млрд. 500 млн. теңге төменгі есептік ставкамен дәлелсіз қарызға беруі.

2.3. ООБ қызмет көрсететін кәсіпорындар:

2.3.1. Коммерциялық кәсіпорындардың есеп шартын ашу және оларға несие беру.

2.3.2. Кәсіпорындарға несие беру жағдайы және тәртібі.

2.3.3. Лауазымды адамдардың коммерциялық кәсіпорындардың есеп шотын ашудағы рөлі және оған қатысуы.

2.3.4 "Содействие-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

2.3.4.1. Ситдиковтың, Попруганың қатысуымен, 13.03.92 ж. шарт бойынша 50 млн. теңге қарызды дәлелсіз беруі және Ситдиковтың келісімімен Турованың оның мерзімін ұзартуы.

2.3.4.2. Ситдиковтың, Попруганың қатысуымен, 16.02.93 ж. шарт бойынша 750 млн. теңге еш нәрсемен камтамасыз етілмеген қарызды дәлелсіз беруі.

2.3.5. "Универсал" шағын жөндеу-құрылыс кәсіпорны: 2.3.5.1.28.12.91 ж. несие шарты бойынша 250 млн. теңге қарызды Ситдиковтың дәлелсіз беруі және Попруганың қатысуымен неше қайтара оның мерзімін ұзартуы.

2.3.5.2.Ситдиковтың, Турованың қатысуымен, 29.03.93 ж. несие шарты бойыпша 1 млрд. 500 млн. теңге қарызды дәлелсіз беруі.

2.3.6. "Иксит" жобалау-құрылыс кәсіпорыны ЖШС:

2.3.6.1. Ситдиковтың, Попруга мен Турованың қатысуымен, 11.01.93 ж. шарт бойынша 250 млн. теңге несие негізсіз беруі.Ситдиковтың, Попруга мен Турованың қатысуымен, 19.05.93 ж. шарт бойынша 1 млрд. 500 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі.

2.3.7. "Интер-Интеллект" бірлескен кәсіпорыны: 2.3.7.1.Ситдиковтың 18.05.92 ж. шарт бойынша 90 млн. теңгені төменгі есептік ставкамен беруі.

2.3.7.2.Ситдиков пен Попруганың 04.11.92 ж. шарт бойынша 250 млн. теңгені төменгі есептік ставкамен беруі.

2.3.8. "Ком-Би" акционерлік жабық қоғамы:

2.3.8.1. Ситдиков пен Попруганың 26.02.92 ж. шарт бойынша 25 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі және оның мерзімін ұзартуы.

2.3.9. "Финэкс" акционерлік қоғамы:

2.3.9.1. Ситдиковтың 29.10.91 ж. шарт бойынша 750 млн. теңге несиені дәлелсіз беруі және Попруганың қатысумен оның мерзімін неше рет ұзартуы.

3. Лауазымдық жалғандық

3.1.Ситдиковтың "Интер-Интеллект" БК-нің несие құжаттарын қолдан жасауы.

3.2.Ситдиков пен Попруганың "Союзпрофбанк" АКБ-ның несие құжаттарын қолдан жасауы.

3.3. Ситдиков пен Турованың "Аэрофлот" акционерлік коммерциялық банктің несие құжаттарын қолдан жасауы.

4. Летуновтың атылатын қару мен оның оқ-дәрілерін иемденуі және сақтауы.

5.Айыпталушылар:

5.1. Ситдиковтың

5.2. Турованың

5.3.Попруганың

5.4.Мартыновтың

5.5.Летуновтың жасаған қылмыстарын саралау.

6. Айыпталушылар мен қорғаудың алдын ала тергеу кезіңде ұстаған позициясы, тағылған айыптың мәні бойынша берген жауаптары. Жеке басты сипаттайтын мәліметтер. Жазаңы ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар.

6.1. Қорғаушылардың позициясы.

6.2. Ситдиковтың позициясы, жеке басының мінездемесі.

6.3. Турованың позициясы, жеке басының мінездемесі.

6.4. Попруганың позициясы, жеке басының мінездемесі.

6.5. Мартыновтың позициясы, жеке басының мінездемесі.

6.6. Летуновтың позициясы, жеке басының мінездемесі.

7. Айыптау:

7.1.Ситдиковты айыптау.

7.2.Туровты айыптау.

7.3.Попруганы айыптау.

7.4.Мартыповты айыптау.

7.5.Летуновты айыптау.

Қорытынды.

Тіркеме.

Айыптау қорытындысының мұндай егжей-тегжейлі жоспары былай қарағанда, қажетсіз сияқты. Бірақ оны мұқият оқып шықсақ, тергеушінің бұл іс жүргізу актісін жасауға, эпизодтардың қисынды реттілігін алдын ала ойластыруға әбден дайындық жасағанын көруге болады, одан ол баяндағанда ешнәрсені тастап кетпеуге және айыптау қорытындысын жасау мерзімін және оның көлемін едәуір қысқартуға мүмкіндік алған (4 том). Сонымен қатар, жоспардан мынаны анық байқауға болады (әсіресе, несие беру және мерзімін ұзарту бөлімінде): егер тергеуші қосымша материалдарды — есеп шоттарды және карточкаларды пайдаланбаған болса, ол соншалықты көп эпизодтарда Ситдиков пен оның орынбасарларының қылмысқа қатысу дәрежесін айқындай алмаған болар еді.

Толық жоспар жасап тергеу тобының басшысы айыптау қорытындысын жасаудағы өз жұмысын ғана емес сонымен қатар іс материалдарын зерттеудегі соттың да, мемлекеттік айыптаушының да жұмысын жеңілдеткен. Айыптау қорытындысында жүзеге асырылған жоспар кейін оның мазмұнына айналған, оның көмегімен сот тергеуінің кез келген сатысында керекті материалдарды, мәліметтерді табуға мүмкіндік туған. Тіптен, айыптау қорытындысының өзінде бұл жоспар таңдама жасалынып қойған дәлелдемелерге қайта соқпастан сілтеме жасауға мүмкіндік берген.

Жоспардың өзінше кіріспесі ретінде үсынылып отырған цитаты айыптау қорытындысының мазмұнының 1-тармағына қатысты және оның бірінші бөліміне жатады.

Бұл цитатты сөзбе-сөз келтірейік: "Айыптау қорытындысының N1 томында баяндалған осы тарауда, 1.1—1.5.1 тармақтарда Қазақстан Орталық банкінің жанындағы ООБ басшыларының 1 577 000 рубль сомаға халық тұтынатын тауарлар түрінде және 5 766 749,6 рубль сомаға автомашиналар, зергерлік бұйымдар, ақша (рубльмен және шетел валютасында) түрінде екі параны бірлесіп алған эпизодтары, сондай-ақ тікелей байланысты және сол себепті де олардан бөлінбейтін қылмыстардың идеалдық жиынтығын — қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауды құрайтын қылмыстардың аралас құралдары талданады (Айыптау қорытындысының 1.2.1, 1.3.1, 1.3.2 тармақтары).

Летунов, Пилюгин және оның төңірегіндегілер жасаған, пара алумен байланысты пара беру (беруді ұйымдастыру) эпизодтары осы тарауға кірген (1.2.2, 1.3.3 тармақтар).

Сонымен қатар, Летуновтың қызметтік жағдайының арқасында мүмкін болған, ООБ-нің қатысуымен банк операцияларын ұйымдастырғаны үшін "Союзпрофбанк" басқарма төрағасы Летуновтың пара алу эпизодтары (1.2.3, 1.3.4 тармақтар).

Олардың қызмет бабында жасаған қиянаттарының осы эпизодтарымен тікелей байланысты фактілері де осыған кірді (1.2.4, 1.3.5, 1.3.6, 1.3.7 тармақтар).

Айыптау қорытындысының 1.4— 1.4.2.6 тармақтарында Летуновтың өзінше жасаған лауазымдық қылмыстарды — қолма-қол ақша, несиелер бергендік үшін пара алғандығын, ол параларды алумен байланысты қызмет бабын пайдаланып қиянат жасағандығын растайтын дәлелдемелер мен олардың сипаттамасы бар.

1.5 тарауда ООБ бастығының орынбасары Мартыновтың өзінше пара алу эпизоды қаралады, сондай-ақ соған байланысты қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауы — 1.5.1 тарауда.

1.6-1.6.5 тармақтарда айыпталушылар әрекеттерінің пайдақорлықты көздейтіндігін растайтын қосымша дәлелдемелер келтірілген, олардың ресми табыстарына сай келмейтін материалдық жағдайлары талданады.

Пара алған кінәсін (басқа да қылмыстарды) Ситдиков та, оның орынбасарлары да, Летунов та мойындаған жоқ. Тергеудің алғашқы күндерінде берген жауаптарында айыпталушы ООБ басшылары өздерінен алынған құндылықтарды, оның ішінде пара заттарын өте төмендетілген бағамен Қазақстан Банкінде жүргізілген сауда-саттықта алғандығын айтқан. Кейін олар, пара беруді ұйымдастырушы Летунов та жауап беруден бас тартқан.

Айыпталушылар мен қорғаушылардың алдын ала тергеудегі позициясын айыптау қорытындысының 6-тарауында (N3 томның 6-6.6 тармақтары) жан-жақты және өрбітіліп зерттелген. Тергеудің тұжырымы бойынша, айыпталушылардың алғашқы және кейінгі дәйексіз жауаптары, артынан жауап беруден бас тартып тергеумен айқасуы — олардың жұмысына кедергі жасап бақты.

Төменде айыпталушылардың алдын ала тергеуде берген жауаптары айыптау қорытындысының тиісті тараулары мен тармақтарында, басқа дәлелдемелердің контексінде ұдайы келтіріледі және бағаланады.

Басқа бір мысал келтірейік. Ақтөбеде 14 қылмыскерден тұратып топ әшкереленген, олар зауыттан радио бөлшектерін ұрлап, сауда қызметкерлерімен ымыраға келіп ұрлағандарын Орал, Қызылорда, Шымкент, Тараз және Алматы қалаларында сатқан.

Айыптау қорытындысының жоспарында эпизодтарды сипаттау мына сызба бойынша жүргізілген:

1. Топты ұйымдастыру.

2. Ұрлау көздері.

3. Сауда қызметкерлерімен қылмыстық байланыс орнату және ұрлағандарды тасымалдау.

4. Сату: Орадца, Қызылордада, Шымкентте, Таразда,Алматыда.

5. Қылмыскерлердің өзара есеп айырысуы.

Тергеу кезіңде осындай тәртіппен жинақталған материалдар 23 томдық қылмыстық іске топтастырылған. Сонымен қатар көлемді қылмыстық істер бойыпша айыптау қорытындысының жалпы жоспарын тарауларға, тармақтарға бөліп тастаған дұрыс, себебі жоспар неғұрлым егжей-тегжейлі болған сайын, айыптау қорытындысын жасау да оңай және тез болады. Мысалы, Теміртау қаласының қоймасынан жұқа болат каңылтырларды ұрлау және оларды Орал облысында сату туралы қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер айыптау қорытындысында былайша келтірілген.

1. Қылмыстық жалпы сипаттау: —бірінші кезең — ұрлау —екінші — ұрлағанды сату

2. Қатысқандар. Әрқайсысының рөлі.

а) қылмыстық топты ұйымдастыру: Т. Кемеловтың Төребековпен сөз байласуы,- Төребековтың Мақсатовпен сөз байласуы, И.Кемеловтың Қожаевпен сөз байласуы:

—қатысушылардың жауаптары.

ә) жалпы сипаттама: 7 эпизодқа (әрқайсысы қысқаша).

б) Төребековтың болжауы. Теріске шығару: сандырақ (еш себепсіз біреуінен бас тартып, басқасына көшу;

— машинадан машинаға крансыз салу мүмкін емес);

— жалпы сипаттағы дәлелдемелер: Сарымсақованың, Сайлауованың, Пернебаевтың жауаптары.

в) шатырды жабатын қара қаңылтырды ұрлау:

— құжаттар: Мақсатовтың атына берілген тауар-көлік накладнойы, Төребековтың атына берілген бір реттік рұқсат (оның автомашинасының нөмірі).

—қойма қызметкерлерінің жауабы;

—Мақсатовтың жауабы және оқиға орнында оны тексеру хаттамасы;

—Кемелов пен Саматовтардың жауаптары; беттестірулер;

— сарапшы-тауартанушының қорытындысы.

г) электротехникалық болаттың жұқа каңылтырларын қораппен ұрлау:

—Кемелов пен Саматовтардың жауаптары.

—заттай дәлелдемелер (қораптың қабы, дайындаған зауыттың реквизиттері);

—зауыт директорының хабары: 8 қорап Теміртау қоймасына жіберілген;

—қоймадан 7 қорап жіберіліп қойған: кестемен беру, дәлелдемелермен түсіндіру (құжаттар, материалдық жауапты адамдардың жауаптары, заттай дәлелдемелер);

—кеңседе жалғыз қалды — Саматовтар ауласындағы: кестеден түсінікті.

4. Ұрлауға мүмкіндік берген мән-жайлар:

—есепке алынбаған артықтары: металды таразыға тартпастан (машиналардың 80%-ын), буып-түйгенге шегерместен теориялық салмағы бойынша жіберу;

— кескенді есептен шығаруды (списание) есепке алмау;

— кіргізіп-шығару жүйесіндегі кемшілік;

—жетіспегеннің орнын басқа атаудағы және номенклатуралық топтардағы артық металмен жабу;

Дәлелдемелер: ревизия актілері, сарапшы-бухгалтердің қорытындысы, басшылардың қоймашылардың, вахтерлердің жауаптары.

5. Орал облысына апарып сату. Шалбаевтің рөлі:

—Өксекбаевтың, Коновтың, Потаповтың, Құлбаевтың, Деминнің, Голотаяның, Сыздықовтың; Сотниковтың, Катованың, Дәуеновтың, Жолдасовтың, Шейннің (сатып алушылардың) жауаптары;

—Кемеловтарды тану үшін ұсыну хаттамалары;

— Т. және И. Кемеловтардың, Шалбаевтың жауаптары; —иемденген болатты қарау хаттамалары;

—сарапшы-тауар танушының қорытындысы. Сатуға сонымен қатар ұрлауға да қатысқандар Саматовтар және Шалбаев. Ұрланған болаттың мөлшері, қораптардың зауытта буып-түйілуі (тек ұрлау), Саматовтардың ауласына мұқият жасыру. Жасырын алып шығу: (жиһаз сияқты етіп). Тапқаңды бөлу:

— айыпталушылардың жауаптары;

— жүк таксиін жүргізушілердің жауаптары, бұл жауаптарды оқиға орнында тексеру хаттамалары, Кемеловтарды тану үшін ұсыну хаттамалары;

— сатып алушылардың жауаптары;

— сатып алынған болатты қарау хаттамалары;

—сарапшы-тауартанушы мен сарапшы-бухгалтердің қорытындысы; —Кемеловтарды тінту (құпия қуысын) хаттамасы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет