Желіде Орал қаласының көшелерінде жүрген түлкінің видеосы пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан түлкіге ұқсас жануардың жол бойымен жүгіріп бара жатқанын көруге болады.
Видеоның астында әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді, кейбірі "жануардан сақ болу керек" деп ескерту жасаса, енді біреулері түлкінің жабайы табиғатқа оралуына көмектесу қажет екенін айтқан.
“Оның шағуы адамға зиян тигізуі мүмкін. Оны керекті органдарға хабарлап, ұстату керек", "Байғұс түлкі адасып, қорқып қалған, көлік көп, шу, адамдар", "Байғұс түлкі, қалаға қалай келген" дейді әлеуметтік желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.