Жиналыс кезінде сөз арасында боқтап жіберген Алматы мәслихатының депутаты Тимур Елеусізовке айыппұл салынды. Сонымен қоса оған мәслихат тарапынан сөгіс берілгені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото жеке парақшасынан

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Тимур Елеусізовке боқауыз сөз айтқаны “Ұсақ бұзақылық” бабы бойынша айыппұл салынған. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеосында мәлімдеді.

Өзінің Instagram парақшасында ол қателіктер үшін "барлығы жауапкершілікті өз мойнына алу керек және бұл заң алдында бәрі бірдей екендігінің жақсы үлгісі" деп жазған.

Сонымен ол алдағы уақытта экологиялық мәселелерге қатысты жұмыстарын жалғастыратынын айтады.

  • "Балағаттау насихатқа айналды": Депутат қазақстандық фильмді прокатқа шығарғандарға шүйлікті
  • "Әйелдерінен қысым көретін еркектер де бар": Депутат Аманжол Әлтай әйелдер туралы заң жобасында еркектердің сөзін сөйлеп шықты

Бұған дейін Алматы мәслихаты Елеусізовтің балағат сөз айтуына қатысты оқиғаға қатысты пікір білдіріп, оған сөгіс берілгенін жеткізген.

“Алматы қалалық мәслихатында бірден барлық депутаттардың қатысуымен әңгіме өтіп, оның барысында Тимур Елеусізовке депутаттық этиканы қатаң сақтау қажеттігі айтылып, әріптестері тарапынан сөгіс берілді”, – делінген пікірде.

Еске салайық, мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясында Тимур Елеусізов баяндама оқып жатып, қиын сын есімді бірден оқи алмай, аузынан боғауыз сөз шығып кеткен.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Тимур Елеусизов (@timur_yeleussizov)


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.